Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет204/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«...1953 жылдың жазында Қаныш Иман 
тайұлы Жезқазғанға келді: 
елсіз далаға са я хатқа шықпақ, сол үшін қорабы брезентпен қапталған 
мықты жүк машинасы да йындалды. Кімді ертеді деп күптеніп жүргенімде 
экспедиция бастығы В.И. Шти фа нов шақырды. «Менімен бірге саяхатқа 
шы ғуға қалайсың, Федюша? Тек ескертемін, екі айдай мерзім елсіз далада 
боламыз. Ал ғашқы сапар терістікке, Атбасардан арғы жерлерге, екінші 
бағыт  оңтүстікке, Қарақұмға бойлай кіреміз. Екеуі де жолсыз, елсіз өңір. 
Жауабыңды осы қазір айт!»  деп Қа ныш Имантайұлы маған қарады. Мен 
бірден-ақ: «Сіз бен бірге жер дің түбіне баруға әзірмін, қанша уа қытқа болса 
да!»  деп едім, ғалым күлді де, «Жолға дайындықты қадағала»,  деді.
...Алғашқы күні Ұлытау ауданының орталығына қондық. Үш-төрт 
тәулік бойы өңкей елді мекендермен жүріп, барлығында аста-төк әзірленген 
қонақасы ішіп, жол өндірте алмадық. Ақырында аудан орталығынан сек-
сен шақырымдай теріс тікке ұзаған соң, шөбі бойлап өскен бір сүр леуге 
түсіп... шиырлап ұзақ жүрдік те, ымырт үйіріле тау қойнауына сұғына 
кір ген ескі қазындыға жеттік. Қаныш ағай: «Палатканы тігіңдер, бұл 
жерді ұзақ қа раймыз»,  деді. «Палатканы әлгінде ке шіп өткен өзеннің 
жағасына тігейік, құс атып, балық аулауға қолайлы. Ал мына жер ге ма-
шинамен келіп тұрамыз» деп едім, жолбасшымыз: «Жоқ, Федюша. Той 
тарқады, қонақ болып төрде шалжиып оты ру да аяқталды. Таңнан жұ-
мысқа кірісеміз» – деп, бұл сапардағы мін де ті мнің не екенін ескерткендей 
болды... Амал қан ша, жас жүргізушіміз Володя Панин ас әзірлейді, Қаныш 
Имантайұлы екеуіміз таң нан тұрып, тау-тас кеземіз, ескі қа зындының 
түбін ақтарамыз, соларға мен съемка жасаймын. Осылайша бірнеше тә у -
лік тынбай жұмыс істедік...
Бір күні қатты шаршап келіп, көбірек ұйықтап қалсақ керек, ке-
нет жақын жерден тарс еткен мылтық даусынан шошып ояндық. 
Сөйтсек, ерте тұрып кеткен жүр гізушіміз аңдып отырып, төбесінен 
өтіп бара жатқан үйрек тобынан бір-екеуін алып қалыпты. Қаныш 
Имантайұлы балаша қуанды, бізді тезек теруге жұм сап, өзі үйректердің 
жүнін сыпыра бастады. Соларды әскездеп пісіріп алдымызға қойған кез-
де ғалым: «Мыналарың, жі гіттер, көптен ішпеген таңсық ас! Бірақ 
бір нәрсе жетпейтін тәрізді...»  деп жымиды. Өз бетіміз бен ұсынуға 
ұялып отырғамыз, Володя Панин атып тұрып, жасырын «қоймамыздан» 
жартылық арақ әкелді...


541
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ұмытпасам, сол күні кешке таман жұрт ауыстырып, жиырма 
шақырымдай теріс 
тікке бойлап, тағы бір ескі қазындыны тексеруге 
кірістік. Осылайша он шақты кен орнын айдан аса уақыт сыпыра шолып 
шығып, ақырында Ақан тауларын бойлай жүріп, Атбасарға жетіп, екі күн-
дей тынығып, Есіл бойын сүзіп өтіп, Жезқазғанға екінші жағынан қайтып 
оралдық.
Келесі күні кеңсеге келіп, Володя екеуміз аулада жатқан бөрененің 
үстінде әңгімелесіп отыр едік, Қаныш Имантайұлы экс 
педицияның 
бастығымен бірге келе жатып бізге бұрылды. Қасымызға жайғасқан соң: 
«Қалай, жігіттер, жол азабынан шар ша ған жоқсыңдар ма?» – деп сұрады
біз шаршасақ та: «Жоқ, сізден екі есе кіші бола тұрып олай деуге хақымыз 
жоқ!»  деп едік, Қа ныш Имантайұлы мәз болып: «Міне, есті дің бе, Василий 
Иванович, сен маған Қара құмның атжалды әлей құмынан өте алмайсыз, ол 
жаққа бару қауіпті деп қорқытасың. Мұндай пысық та алғыр жастармен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет