Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет212/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Қаныш Имантайұлы академия кеше 
нін ә дегенде Үлкен 
Алматы өзені бойына (келімсектер «Весновка» атандырған – 
М.С.), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт 
тық университет қа-
лашығының қазіргі орнына тұрғызбақ болған-ды. Тауға дейін 
қаулап өскен шалғынды кең дала сезімтал сәулетшінің асқақ 


559
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қиялын мейлінше шалықтатты. Шұғылалы күн, та за ауа, ту 
желкеде ақ басты Алатау. Солардың ортасында айдында жүзген 
ақ кемедей қа лықтаған ғылым ғимараты, ал өзен жағасында 
академиктер тұратын екі қа бат ты әдемі коттедждер... Алайда 
сол кездегі үкі мет басшылары орталықта оңды бір үй жоқ десіп, 
тамаша жобаны қаланың ішіне қарай көшіртті...
Щусевтің шеберханасы әзірлеген екінші жоба бойынша, ғи-
мараттар шоғыры төменде – Красин (қазіргі Уәлиханов) кө ше-
сін қуалап, 28 гвардияшы-панфиловшылар бауына дейін, жоғарғы 
жағы Абай даңғылына дейін созылуы керек-ті, Артиллерия 
(Құрманғазы атындағы) көше сінің бо йында Ғалымдар үйі орна-
ласуға тиіс-тұғын. Алайда, сол күндегі сұрықсыз Алматы үшін 
бұл жоба да тым сәнді, салтанаты тым асқақ көрініп, құйрық-
жалы тағы да кү зе ліп, ақыры 48-жылы құрылысқа кірісу тура-
лы үкімет қаулысы қабылданды. Жұ мыс бірақ өгіз аяңмен жүрді. 
Босатылған қар 
жы мен материал жиі-жиі басқа жақ 
қа жө-
нелтіліп, жұмысшылар да құрылыс ала ңы нан өзге мақсаттарға 
жиі жегілетін-ді...»
«Қаныш Имантайұлының Мәскеуге өтім 
ділігі, КСРО ҒА, 
Жоспарлау комитеті мен Қаржы министірлігіне беделі Алма-
тыдағы академия ғимараты мен өзге құрылыстарды бастап, 
солардың материалдық-техникалық жабдықтарын қамтама-
сыз етуге қажет жағдай туғызды,  депті Г.В. Нечитайло 
естелігінде. – Осы мәселелер үшін президентке де, маған да жылы-
на төрт-бес рет Мәскеуге баруға тура келетін-ді. Ол жақта мен 
кейбір кабинеттерге тезірек кіру үшін «Сәтбаевтің өкілімін» 
деуші едім...»
Арнайы құрылған «Академқұрылыс» бас 
қармасы жұмысты 
мандыта алмады. Сірә, соғыстан кейінгі жылдардағы жаппай 
жетім сіздік, одан да гөрі республика мен қала басшыларының 
ғылым қажетіне жет кілікті мән бермеуі, бәлкім, соны жете тү-
сінбеуі, оған академия жүйесінде тынымсыз жүрген 1951-1953 
жылдардағы қу 
ғын-сүргін қосылып, қысқасы, алып ғимарат-
тың қабырғасы жер жалдаған қалпында қала берген. Шапық 
Шөкіұлы 
ның куәлігінше, құрылыс алаңының жүр 
дім-бардым 
тір лі гі Қаныш Имантайұлы ғылым ордасына қай тып оралған соң 
қайтадан жанданған. Ақы рында ҒА бас ғимараты 1958 жылы аяқ-
талыпты. Ал институттар үйі сәл кейінірек...


560
Медеу СӘРСЕКЕ
Құрылысты жүргізуші сәулетші Н.А. ПРОСТАКОВТЫҢ есте-
лігінен:
«Қаныш Имантайұлы мені кешкі мез гілде, жұрттың бәрі 
үйіне қайтқан бейуақта шақыратын. Мен кабинетке кіргенде, 
ол қаптаған қағаздың қоршауында, шойын табанды көнетоз 
шамның жарығымен жұ 
мыс істеп отырады. Жұмыстан өзге 
дүние ні ұмытып, алдындағы қағазға шұқшиған қалпын бұзуға 
дәтім бармай, есік жақта кідіріп қаламын. Әлден соң ол мені 
көріп:
 Ә, Николай Александрович, қашан кіргенсіз?  деп қуана үн 
қатады да, орнынан тұрып қолымды қысады.
...Әкелген қағаздарды жайып, бас корпус 
тың тағы бір қа-
натының ішкі безенуін, оған қолданатын бояу, сылақ пен мәрмәр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет