Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет238/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 31 қаңтар 1964 жы-
лы ұзаққа созылған ауыр науқастан алпыс бес жасқа қараған 
шағында көрнекті кеңес ғалымы, Қазақ КСР Ғылым акаде-
миясының президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлық-
тардың иегері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО 
Жоғарғы Кеңесінің Одақ советі төрағасының орынбасары, ака-
демик ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВТЫҢ қайтыс болға-
нын қамыға қайғырып, кеңес халқына хабарлайды».
ІV
Туған елі сүйікті перзентімен 3 ақпан күні қоштасты. 
Ғалымның мүрдесі салынған табыт Абай атындағы мемлекеттік 
опера және балет театрына қойылған-ды. Асыл перзентімен ақыр-
ғы рет жүздесіп, ақырғы рет қош деуге келген халық нөпірі то-
лассыз ағылуда. Қа рағандының кеншісі, Жезқазғанның бар лау-
шысы, Кенді Алтайдың, Алматының жұмыскері, Баянауылдың 
малшысы... Қолдарына гүл шоғын ұстаған, жүздері қайғыдан 
түнерген орыс пен қазақ, украин мен неміс, өзбек пен қырғыз, 
тәжік пен түрікмен, ұй 
ғыр мен корей... Ғалым мен жазушы, 
мемлекет қайраткерлері мен геологтар, шәкірт тері мен заман-
дастары, өнер адамдары мен академия институттарының ғы-
лыми қызметкерлері... Бәрі де қызыл мауы 
тпен көмкерілген 
табытта ұйықтап кеткендей маңғаз келбетте маужырап жатқан 
таныс бейнеге, ғұлама жүзіне қамыға қарап, ілби өтіп жатыр. 
Құрметті қарауылда – ежелгі достары, Мәс 
кеу мен одақтас 
республикалардың ресми өкілдері – академиктер мен минис-
трлер, облыстардан келген кенші лер делегациясы, партия, кеңес 
қызметкерлері...
«Таңертеңгі мезгіл еді. Шай ішіп отыр 
ғам. Қабырғадағы 
радиотабақ кенет өзге сөз құрығандай: «Қаныш Сәтбаев 


621
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дүниеден қайтты» дегені. Біреу желкемнен түйіп қалғандай бол-
ды. Есімнен айрылып қа лып пын,  деп егіле есіне алған-ды сол бір 
қаралы күнді байырғы барлаушы Халық ТЕМІРБАЕВ ақсақал. – 
Бала-шағам дәрігерге жү гіреді. Есімді жиған соң ай-шайға қарағам 
жоқ, белімді буып, аэропортқа жеттім. «Қан-ағаңдай асыл жан 
дүниеден кетіп бара жатқанда мен кіммін, зейнеткер шалдың 
саулығы, ғұ мы ры кімге дәрі деген кеуде ғой баяғы. Қан-ағаның 
ақ жүзін көріп, топырақ салайын...» Өзара келіскендей-ақ, ескі 
бұрғылаушылардың бірталайы аэропортта жүр, ал Алматыға 
билет жоқ. Штифановты ұстап алып: «Біз бармасақ сен де 
кетпей сің, само лет жалда!» деп қыспақ қа алдық. Сөй тіп, со-
нау жылдарда бурабай басында тірлік еткен, жаңа өнер ге үйре-
ніп, жұрт қатарына қосылған ескі жұмыскерден он шақты адам 
Қан-ағаңды ақ тық сапарға шығарып салуға аттандық...»
Шартараптан келіп жатқан азалы жеделхаттар тасқынында 
есеп жоқ. Бәрі-бәрі соның қазақ халқының ұлы перзентінің дүйім 
жұртты сүйсінткен қадір-қасиетін сан мәрте қайталап, ауыр қазаға 
ортақтаса көңіл біл 
діріп: «Қаныш Имантайұлының ардақты 
есімі Кеңес халқының жадында мәңгі сақталады. Оның есімі 
Кеңестік Қазақстан тарихында, кеңестік ғылым шежіресінде 
өш пейтін алтын әріптермен жазылған...» – деген сөздер де сол 
көптің ортақ ойын біл дірген жаппай қамығу нышаны. КСРО ҒА-
ның төралқасы: «...академик Қ.И. Сәтбаевтың қазасы – бүкіл 
еліміз бен кеңес ғылымы үшін өте ауыр қайғы...» – деп қамығу 
жолдаса, ба уыр етіндей қырғыз жұрты: «Бүгінгі қайғыны дәл бей-
нелер сөз жоқ. Өзінің жарқын да шабытты еңбек жолын, күллі 
ғұмырын сүйікті еліне, партияға, туған халқына қалтқысыз 
арнаумен өткізген асыл арысынан айырылған қазақ туыстары-
мыз қайғысына ортақ екені мізді біл діргіміз келеді»,– депті. Сонау 
шалғай қиырдағы көгілдір Дунай жағасынан бұлғардың геолог-
ғалымы, ҒА-ның президенті И. Иовчев: «Қаныш Сәтбаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет