Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын



Дата08.07.2016
өлшемі29.24 Kb.
#185813


Сертификаттау және азаматтық әуе 
кемелерін пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына          
9-қосымша
Нысан
Уәкілетті органның лауазымдық тұлғаға
Пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер мен
толықтырулар (дәлелді құжаттамасына өзгерістер және (немесе)
толықтырулар) енгізуге
Өтінім

___________________________________________________________________


                    (өтініш берушінің толық атауы)

___________________________________________________________________


(пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер мен толықтырулар (дәлелді құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар)

енгізуді сұраймын.

Ұшуды бастаудың жоспарланған күні: ____________________________

___________________________________________________________________

(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзімі, сондай-ақ жаңа пайдалану жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні көрсетіледі)
      Басшы _________________________________________________________
                            (қызметі/қолы/күні)

      М.О.



Пайдаланушы сертификатына өзгерістерді енгізуге арналған
құжаттардың тізбесі

1. Әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізген кезде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім;

2) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) ұшуға жарамдылық сертификатының көшірмесі, радиостанцияға арналған рұқсат (лицензия), әуе кемесі тұрған жердегі шу бойынша сертификат көшірмесі;

4) ұшуға жарамдылықта ұстау туралы мәліметтер;

5) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;

6) ұшу және техникалық құрам туралы мәліметтер;

7) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес пайдаланушыны міндетті сақтандырудың оңын қызметкерлерің алдында сақтандыру полистерінің көшірмелері;

8) ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.

2. Экипажсыз жалға алынған әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізуге арналған құжаттардың тізбесі.

Пайдаланушы әуе кемесін экипажсыз жалға алған жағдайда, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) әуе кемесінің түрі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;

2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;

3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;

4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешімнің көшірмесі (өзге мемлекетте тіркелген әуе кемесін жалға алған жағдайда);

5) әуе кемесінің пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сонымен қатар жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі;

6) ұшу орындалатын аудандар.

3. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.



4. Әуе кемелерін пайдалануды тоқтатқан жағдайда, пайдаланушы бұл туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хабарлайды, бұл аталған әуе кемелерін пайдаланушы сертификатынан алып тастау үшін негіздеме болып табылады.
____ ________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет