Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет4/7
Дата03.07.2016
өлшемі321.5 Kb.
#173984
1   2   3   4   5   6   7


5.2.1 Жобалық құжаттамамен жұмыс барысындағы сарапшының әрекеті:


- желдетілетін терезелерді пайдалану тиімділігін бағалау;

- үш қабатты әйнектеу қондырғысының тиімділігін бағалау;

- жылу жұтатын және жылу беретін әйнектеуді қолдану тиімділігін бағалау.

- жарық ойықтарын толтырудың жылу сақтау тиімділігін қажетті жылу өткізуге кедергісінің негізінде бағалау.

5.2.2 Сарапшының терезелерге қатысты қолданылатын жобаға енгізетін энергияны үнемдеу шаралары.

5.2.2.1. Желдетілетін терезелердің құрылысы.

Іс-шаралар келесілерге бағытталған:

- ауа өткізгіштікті азайтуға;

- терезе блоктарының жылу беру кедергісін арттыруға.

Жылудың жоғалуы үш қабатты желдету терезелері пайдаланылған уақытта азаяды.

Мұндай терезелердің екі нұсқасы бола алады:

- терезелер арқылы өткен ауаның кәдімгі тарту желдеткішінің ауа арналарына күштеп шығарылуы;

- қызған ауаның атмосфераға жіберілуі.

жылдың жылы мезгілінде қозғалған ауа сырттан ішке келетін жылуды азайтып, қызған әйнектер мен жақтауларды суытады.

жылдың суық мезгілінде желдету терезесі арқылы ауа сыртқа шығады, ал терезе сырттағы ауадан қорғайтын жылу оқшаулағыш қызметін атқарады.

Энергия қуаты келесілердің есебінен үнемделді:

- желдету терезесі арқылы өтетін ауаның меншікті шығымына тура тепе тең тәуелді болатын жылу беру кедергісінің артуы.

5.2.2.2 Қосымша (үш қабатты) әйнектеуді орнату.

Іс-шара келесілерге арналған:

- ауа өткізгіштікті азайтуға

- терезе блоктарының жылу беру кедергісін арттыруға.

Ғимараттар қалпына келтірілген уақытта мұндай терезелер:

- үш қабаттыға ауыстырыла,

- бекітпелермен бекітілетін алынбалы қосымша үшінші жақтау орнатыла алады:

Қосарланған жақтауларда:

- үшіншісі жай жағынан орнатылады.

Бөлек жақтауларда:

- үшіншісі жиіктемелер мен ішкі жақтаудың ортасына орнатылады.

5.2.2.3 Жылу жұтатын және жылу шығаратын әйнектеудің қолданылуы.

Іс-шара келесілерге арналған:

- жайға күн радиациясынан келетін жылуды азайтуға .

Іс-шара алгоритмі келесідей:

- жылу жұтатын әйнекті терезе блогының сыртынан орнату қажет;

- жылу өткізетін әйнектердің бетіне металл негіздегі таңдағыш немесе полимерлі үлдірмен қапталады;

- әйнек түссіз үлдір пакеттің ішінде болатындай жай әйнекпен бірге бір пакетте монтаждалады;

- жылу өткізетін әйнек сырттан орнатылады (мұндайда пленкасы жоқ ішкі жай әйнек азырақ жылиды).



5.3 Іргетас пен жертөле


5.3.1 Жобалық құжаттамамен жұмыс барысындағы сарапшының әрекеті:


- орындалған жылу техникалық есептеулерді қр қнжәнее 2.04-03-2002 сәйкес тексеру;

- жертөле қабатының жылытылу тиімділігін бағалау

- жертөле мен іргетас қабырғаларының жылытылу тиімділігін бағалау.

5.3.2 Сарапшының жертөле мен іргетасқа қатысты қолданылатын жобаға енгізетін энергияны үнемдеу шаралары:

5.3.2.1 Жертөле қабатын жылыту.

- ылғалдың капиллярлы көтерілуіне қарсы тұратын көлденең гидрооқшаулауды құру;

- жертөле қабатын жылыту;

- жылытқышты атмосфера әсерінен торлы сылақ қабатымен қорғау.

5.3.2.2 Жертөле қабырғалары мен іргетастың жылытылуы

- көлденең гидрооқшаулауды құру;

- жертөле мен іргетас қабырғаларының жылытылуы;

- су кететін дренаж тақталарын орнату

Энергия қуаты келесілердің есебінен үнемделеді:

- іргетастың қоршау құрылымы арқылы жылудың жоғалуы азайтылуы;

- гидрооқшаулаудың дұрыс орнатылуы;

- іргетастың құрылымына тигізілетін атмосфера әсерінің азайтылуы

- энерготиімді жылытқыштың пайдаланылуы.


5.4 Шатыр



5.4.1 Жобалық құжаттамамен жұмыс барысындағы сарапшының әрекеті:

- жылытқыштың тиімділігін бағалау;

- гидрооқшаулаудың тиімділігін бағалау;

- буоқшаулаудың тиімділігін бағалау.

- орындалған жылу техникалық есептеулерді ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 сәйкес тексеру.

5.4.2 Сарапшының шатырға қатысты қолданылатын жобаға енгізетін энергияны үнемдеу шаралары:


5.4.2.1 Жылытқышты құру

- шатырдың жылытылуы;

- төбе асты аражабынның жылытылуы;

- шатырды жылы үшін малтатас төгу (қалыңдығы 5 см аспайтын) немесе бояу;

- пенополиуретан пайдаланылған уақытта бу оқшаулау қажет емес.

5.4.2.2 Гидро оқшаулауды құру

- бүрку әдісімен поликарбомидпен немесе эластомермен гидро оқшаулауды құру.

Шаралар толығырақ осы әдістеменің 6-т. сипатталған



5.5 Лоджиялар мен балкондар


5.5.1 Жобалық құжаттамамен жұмыс барысындағы сарапшының әрекеті:


- лоджиялардың әйнектелуі мен жылытылу тиімділігін бағалау.

5.5.2 Сарапшының лоджиялар мен балкондарға қатысты қолданылатын жобаға енгізетін энергияны үнемдеу шаралары:

5.5.2.1 Әйнектелген лоджияларды құру.

Іс-шара келесілерге арналған:

- қыс мезгілінде жайға кіретін суық ауаның шығымдалуын азайтуға;

- лоджиядағы температураны (жайдың сыртқы қабырғасынан) көтеруге .

Іс-шаралар алгоритмі келесідей:

- лоджияның төменгі жағын тақтайлар немесе тақталар қабатымен жылыту керек;

- табиғи жарықты азайту үшін әйнектеу жиектемелері мен бекітпелері аз орын алу қажет, күн бүйір жақтан түскен уақытта көлеңке түспеу үшін шығыңқы жерлері болмау қажет;

- әйнектеу мерзімді түрде тазалана алатын мүмкіншілік қамтамасыз етілу тиіс.

Энергия қуаты келесілердің есебінен үнемделеді:

- терезелердің ауа өткізгіштігі азайтылуы;

- ауа жылыған уақытта жылу тапшылығының азайтылуы;

- инфильтрация (кіріс ағын);

- ғимараттардың сыртқы қоршауларынан жылу жоғалуының азаюына әкелетін сыртқы қабырғаның сыртындағы температураның көтерілуі.


5.6 Жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу



5.6.1 Жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу жүйелерінің энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыру барысында сарапшымен қабылданған шешімдердің сапасы мен тиімділігі бағаланады, бұл жағдайда бағаланатын жайттар:

- жылыту жүйесін таңдау, жүйелердің гидравликалық және жылу техникалық есептеулері, жылыту құрылғыларының түрін таңдау және орналастыру, жылыту орындарын жабдықтау, құбырларды тарту және оқшаулау, құрал-жабдықтарды орнату ұстанымдары. орталықтандырылған немесе дербес жылыту көзінің тиімділігі;

- жоба бойынша жылу көздері (қазандардың маркалары мен саны, олардың күйі, температуралық кесте және жылу арқауы шығындарының кестесі, пайдалану режимдері, жылыту жүйелерін қоршаған орта температурасына орай реттеу әдісі;

- жоба бойынша жылулық күш түсіру;

- жылыту орындары мен сорғы станцияларын орналастыру, сипаттамалары, бақылау-басқару аспаптарымен, қуат қорларының шығынын есептеу құралдарымен жабдықталуы, автоматты реттеу жүйелерінің болуы;

- жылу тұтынудың жалпы сипаттамалары;

- жалпы алмасы желдету жүйелері бойынша шешімдер, табиғи және механикалық қоздыруы бар жүйелерді есептеу нәтижелері, сыртқы ауаны қабылдау құрылғысы, жай ішіндегі ауаның таратылуы, ауаның шығарылуы, желдету құрылғыларының шуылын басу құрылғылары;

- ауаны кондиционерлеу жүйелерін құруды негіздеу және сол жүйелер қызметі көрсетілетін панажайлар тізімі, ауаны өңдеу бойынша шешімдер;

- желдету камераларының жайларын орналастыру;

- желдету жүйелерін жабдықтау;

- ауа арналарын бағыттау және өлшемдері бойынша шешімдер, оларды жасау материалдары;

- желдеткіштердің қамтамасыз ететін жобалық өнімділігі және қысым;

- жүйе тармақталуының жобалық өнімділігі;

- жергілікті сорғылардың жобалық өнімділігі;

- табиғи желдетудің сору құрылғыларының жобалық өнімділігі;

- жүйелердегі энергияны үнемдеу бойынша шаралар (өздерінде нормаланған температура мен ылғалдылықты қамтамасыз етіп отыру қажет етілетін ғимараттардың жылу қорғауы бойынша нормативтік талаптарды қамтамасыз ету, екінші кезекті энергия қорларын пайдалану, жылыту жүйелерінің жылуын есептеуді автоматтандыру құрал-жабдықтарының кешені);

- құрал-жабдықтарды пайдалану тиімділігі және құрал-жабдықтардың энергия қорлары тұрғысынан үлестік пайдалану шығындары;

Сараптамалық бағалау келесілерді ескере отырып қалыптастырылады:

- жоба шешімдерінің нормативтік құжаттарға және жобалау тапсырмасына сәйкестігі;

- техникалық шешімдерді жетілдіру: тұтынылатын отындық-энергетикалық қорлар шығыны мен жылу шығындарын азайту есебінен энергиялық тиімділігін, пайдалану сенімділігін, жайлылық деңгейін арттыру бойынша ескертулер мен ұсыныстар.

5.6.2 Жылыту жүйелеріндегі энергияны үнемдеу шараларының қатарына жатады:

- жылудың сырттан келген ауамен жоғалуын терезе және есіктерді тығыздау, терезе блоктарын ойықтарға қондыру сапасын арттыру жолымен азайту;

- екі немесе үш әйнекті терезелердің рама аралық кеңістікте пвх үлдірінен перде орнату есебінен терезе ойықтары арқылы жылудың трансмиссиялық шығындарын азайту;

- жылыту жүйелерін автоматтандыру есебінен жылу шығындарын азайту. шара ғимараттың жылу енгізу орындарында температураның термостатикалық реттегіштерінің пункттерін орнатып, барлық жылыту радиаторларын солармен жабдықтау және жылуды әр қасбет бойынша реттеу және бағдарламаланған жіберу;

- жылу желісінің теңгерімдік қарамақ шекараларында жылу энергиясы шығындарының коммерциялық есеп тораптарын орнату жолымен жылу энергиясының аспаптық есебін ұйымдастыру.

5.6.3 Жылыту жүйелеріндегі энергияны үнемдеу шараларының қатарына жатады:

- жылудың сырттан келген ауамен жоғалуын терезе және есіктерді тығыздау, терезе блоктарын ойықтарға қондыру сапасын арттыру жолымен азайту;

- екі немесе үш әйнекті терезелердің рама аралық кеңістікте ПВХ үлгірінен перде орнату есебінен терезе ойықтары арқылы жылудың трансмиссиялық шығындарын азайту;

- жылыту жүйелерін автоматтандыру есебінен жылу шығындарын азайту. шара ғимараттың жылу енгізу орындарында температураның термостатикалық реттегіштерінің пункттерін орнатып, барлық жылыту радиаторларын солармен жабдықтау және жылуды әр қасбет бойынша реттеу және бағдарламаланған жіберу;

- жылу желісінің теңгерімдік қарамақ шекараларында жылу энергиясы шығындарының коммерциялық есеп тораптарын орнату жолымен жылу энергиясының аспаптық есебін ұйымдастыру.

5.6.4 Кондиционерлеу жүйелеріндегі энергия үнемдеу шараларының қатарына жатады:

- панажай ішіндегі ауаның тым суып және тым ысып кетуін болдырмау шараларын қолдану;

- жобада ауаны суыту және жылыту мәндерін барынша азайту;

- панажайлардағы таза және пайдаланған ауаны азайту бойынша шаралар қолдану;

- реттегіштердің, жылу алмастырғыштардың және құрал-жабдықтардың беттерінің жұмыс күйде күтілу шараларын әзірлеу;

- ауасы кондиционерленбейтін жайлардан ауаның келуін болыдрмау шараларын ұсыну;

- таза және пайдаланған ауа арасындағы айырмашылық энергиясын қайта пайдалану шаралары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет