Болат газ құбырын нүктелік толлассыз емес коррозиялық зақымдалуынан пісіру (металл балқытуы) арқылы жою
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Нүктелік коррозиялық зақымдалу аймағындағы құбырды бояуынан тазалау. Құбырды коррозиядан металды жылтырағанша тазалау. Ақау аймағынан тыс құбырлардың нақты қалыңдығын өлшеу. Коррозиялық зақымдалу түбінің өлшемін және тереңдігін өлшеу. Ақауды белгілеу жүргізу. Әрбір ақауды этап бойынша
пісіруді жүргізу: бірінші қабат – балқыту, екінші – толтыру, үшінші – контурлы, төртінші - қаптау. Балқытудың сыртқы бетін тегіс бет болғанша түрпiлi тазалап өңдеу. Ақауды жою орнының тығыз бекітілгендігіне тексеру. Газ құбырының боялмаған аймағын екі қатар бояу.
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Оржолдағы болат құбырдың бетін тазалау. Құбырдың нүктелік коррозиялы зақымдалған жер аймағын оқшаулаудан тазалау. Құбырды коррозиядан металды жылтырағанша тазалау. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Ақау аймағынан тыс құбырлардың нақты қалыңдығын өлшеу. Коррозиялық зақымдалу түбінің өлшемін және тереңдігін өлшеу. Ақауды белгілеу жүргізу. Әрбір ақауды этап бойынша пісіруді жүргізу: бірінші қабат – балқыту, екінші – толтыру, үшінші – контурлы, төртінші - қаптау. Балқытудың сыртқы бетін тегіс бет болғанша түрпiлi тазалап өңдеу. Ақауды жою орнының тығыз бекітілгендігіне тексеру. Газ құбырының боялмаған аймағын екі қатар бояу. Шунтталатын ұстатқышты алу. Түрпілі тазалаудан кейін газ құбырының аймағын оқшаулау. Оқшаулаудың тегістігін тексеру. Оржолды құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны қою. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Кесте 4.28 – Газ құбырының 1 м2 бетіне кетеін материалдар шығыны нормасы
Материал
|
өлшем
|
газ құбырының 1 м2 бетіне кетеін шығын нормасы
|
атауы
|
бірлігі
|
жербеті
|
жерасты
|
Электродтар
|
кг
|
2,50
|
2,50
|
Праймер
|
кг
|
-
|
0,64
|
Полимерлі-битумді лента
|
кг
|
-
|
4,50
|
Бояу
|
кг
|
0,21
|
-
|
Еріткіш
|
л
|
0,10
|
-
|
Сабын эмулсиясы
|
л
|
0,12
|
0,12
|
Темір қырғыш
|
кг
|
0,30
|
0,20
|
-
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газтарату желілерінде газ қысымының төмендетілуі туралы хабарлау. Жөндеу аймағына дейінгі ажырату құрылғысын жабу. Шар тәрізді кранның ойығына бұрау арқылы жөндеу жұмыстары аяқталған аймақта газ құбырына штуцер орнату немесе ГРП, ШРП болмаса, қажет жағдайда штуцерді газ құбырына балқытып бекіту. Штуцерге «тарақша» жалғастыру. «Тарақша» манометрді және үрлегіш шырақты (ГРП, ШРП болмаған жағдайда) жалғау. Жөндеу жұмыстары аяқталған аймақта тастау шырағында кранды ашу. Жөндеу аймағында «шырақ» арқылы берілген мөлшерде газ тастау, газ қысымын азайту. Газ құбырындағы газ қысымының азаюын манометр бойынша бақылау. Барлық жөндеу жұмыстарының өту уақыты кезінде манометр бойынша газ қысымын бақылау жүзеге асырылады. Қысымның көтерілуі не азаюы кезінде жөндеу жұмыстарын тоқтату қажет.
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газтарату желілерінде газ қысымының төмендетілуі туралы хабарлау. Жөндеуге дейінгі аймақта орналасқан құдық қақпағын қоқыстан және ластанудан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтың қақпағын ашу және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Ажырату құралғысын жабу. Ажырату құрылғысының фландығына тығын орнату. Шар тәрізді кранның, конденсат жинағыштың ойығына бұрау арқылы жөндеу жұмыстары аяқталған аймақта газ құбырына штуцер орнату немесе ГРП, ШРП болмаса, (жер қазу жұмыстарының өндiрiстерiнен кейiн) қажет жағдайда штуцерді газ құбырына балқытып бекіту. Штуцерге «тарақша» жалғастыру. «Тарақша» манометрді және үрлегіш шырақты (ГРП, ШРП болмаған жағдайда) жалғау. Жөндеу аймағында «шырақ» арқылы берілген мөлшерде газ тастау, газ қысымын азайту. Газ құбырындағы газ қысымының азаюын манометр бойынша бақылау. Барлық жөндеу жұмыстарының өту уақыты кезінде манометр бойынша газ қысымын бақылау жүзеге асырылады. Қысымның көтерілуі не азаюы кезінде жөндеу жұмыстарын тоқтату қажет.
Газ құбырын жөндеу аймағында газ берудi тоқтату
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газ беру тоқтатылатыны туралы хабарлау. Газ құбырын жөндеуге дейінгі және кейінгі аймағыда ажырату құрылғысын жабу. Шар тәрізді кранның ойығына бұрау арқылы жапқыш құрылғылар арасындағы жөндеуге дейінгі және кейінгі аймақтағы газ құбырына штуцер орнату немесе ГРП, ШРП болмаса, қажет жағдайда штуцерді газ құбырына балқытып бекіту. Штуцерге «тарақша» жалғастыру. Жөндеу жұмыстарына дейінгі аймақтағы «Тарақшаға» манометрді және компресорды жалғау. Жөндеу жұмыстарынан кейінгі аймақтағы «Тарақшаға» манометрді және үрлегіш шырақты (ГРП, ШРП болмаған жағдайда) жалғау. Жөндеу жұмыстары аяқталған аймақта тастау шырағында кранды ашу. Компрессорды қосу және газ құбырын ауа немесе инертті газбен ауа толығымен шыққанша үрлеу жүргізу. Өңделген газ ауа қоспасы сынағын өртеу арқылы үрлеудiң аяқталғанын анықтау. Ауадағы газдың үлесін жалынның тарау контрациялық төменгі шегі 20% аспайтын шырағдан арқылы тексеру.
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газ беру тоқтатылатыны туралы хабарлау. Жөндеуге дейінгі аймақта орналасқан құдық қақпағын қоқыстан және ластанудан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтың қақпағын ашу және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Ажырату құралғысын жабу. Ажырату құрылғысының фландығына тығын орнату. Мүмкіндігінше құдыққа (тығынға, шарға) штуцер орнату. Жөндеу жұмыстарынан кейінгі аймақтағы құдыққа да соны қайталау. Құдыққа штуцер орнату мүмкіндігі болмағанда шар тәрізді кранға немесе конденсат жинағыш тірегіне жалғап, штуцерді алашада орнату. Штуцерге «Тарақшаға» жалғастыру. Жөндеу жұмыстарына дейінгі аймақтағы «Тарақшаға» манометрді және компресорды жалғау. Жөндеу жұмыстарынан кейінгі аймақтағы «Тарақшаға» манометрді және үрлегіш шырақты жалғау. Жөндеу жұмыстарынан кейінгі аймақта ГРП, ШРП болған жағдайда газ құбырында штруцерді «Тарақшаға» орнату қажет болмайды. Жөндеу жұмыстарынан кейінгі аймақта тастау шырағында кранды ашу. Компрессорды қосу және газ құбырын ауа немесе инертті газбен ауа толығымен шыққанша үрлеу жүргізу. Өңделген газ ауа қоспасы сынағын өртеу арқылы немесе приборлық әдіспен үрлеудiң аяқталғанын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |