Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет2/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#128442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1 Қолдану саласы

1.1 Осы әдістеме қоршаған орта мен адам денсаулығын тұрғын үй және коммуналды шаруашылық объектілерінен қорғауды қамтамасыз етуге арналған, қоршаған ортаға қазандық қондырғылардан, атмосфераға тұрғын үй және коммуналды шаруашылық объектілерден бөлініп шығатын эмиссиялардың төмендеуін анықтау әдістерін қарастырады және тастандылардың мөлшерін анықтау әдістерін келтіреді.

1.2 Әдістеме тұрғын үй және коммуналды шаруашылық кәсіпорындарына қолданылады.

2 Нормативті сілтемелер

Осы НТҚ-ты қолдану үшін келесі сілтемелі нормативті құжаттар қажет:



  • Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

- «Жылу электр станцияларының қазандарында түрлі отындарды жағу кезінде қоршаған ортаға бөлінетін эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламенті. ҚР Үкіметінің 14 желтоқсан 2007 жылғы №1232 Қаулысы және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 желтоқсан 2007 жылғы № 1232 Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы». Қазақстан Республикасының 21 шілде 2010 жылғы № 747 Қаулысы;

- Мемлекетаралық стандарт МСТ 30735-2001 Жылу өнімділігі 0,1 МВт-ттан 4,0 МВт-қа дейін су жылытатын жылу беретін қазандар. Жалпы техникалық шарттары;

- МСТ Р ИСО 10849-2006 Стационарлы көздердің шығарындылары. Азот оксидтерінің жаппай концентрациясын анықтау;

- ҚР СТ1516-2006 Табиғат қорғау. Атмосфера. Ластанудың стационарлы көздерінен азот оксидтерінің шығарындылары мөлшерін анықтаудың фотометриялық әдісі;

- ҚР СТ 170.0.040-2002 Табиғат қорғау. Атмосфера. Күкірт диоксиді шығарындыларын анықтау;

- ҚР СТ 1876-2009 Табиғат қорғау. Атмосфера. Ластанудың стационарлы көздерінен күкірт үшоксидтері шығарындыларын анықтау әдістері;

- ҚР СТ 1877-2009 Табиғат қорғау. Атмосфера. Ластанудың стационарлы көздерінен көміртегі оксиді шығарындыларын анықтау әдістері;

- ҚР СТ МСТ Р 12141 Стационарлы көздердің шығарындылары. Төменгі концентрацияларда шаң-тозаңның жаппай концентрациясын анықтау. Қолмен гравиметриялық әдіс;

- БҚ 34.02.305 ЖЭС қазандық қондырғылардан атмосфераға ластанған заттардың жаппай шығарындыларын анықтау әдістемесі;

- Drager MSI 150 PRO2-i жағатын газдардың тасымалданатын төрт арналы талдағышта азот оксидтерін, күкірт оксидтерін, көміртегі оксидтерін анықтау.


ЕСКЕРТУ: Осы Әдістемені қолданған кезде ағымдағы жылдағы жағдай бойынша және ағымдағы жылда жарияланған ақпараттық нұсқағышта жарияланатын әр айға сәйкес жыл сайын жарияланатын «Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың көрсеткіші» бойынша сілтемелі стандарттар мен жіктегіштердің қолданылуын тексерген жөн. Егер сілтемелі құжат енгізілген (өзгертілген) болса, онда осы Әдістемені пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелі құжат ауыстырылмай жіберілген болса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ жерде қолданылады.

3 Терминдер мен анықтамалар

Бұл құжатта тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:



Түтін (кететін) газдар: Қазандық қондырғыда отынды жағу нәтижесінде пайда болатын газдар.

Қазандық қондырғы: Қазан мен қосымша жабдықтың жиынтығы.

Эмиссиялардың техникалық меншікті нормативтері: Уақыт бірлігі немесе өндірілген электрлі немесе жылу энергиясының бірлігінде қоршаған ортаға ластанған заттардың шығарындылары мен тастандыларының ең үлкен рұқсат етілген мәндерін айқындайтын эмиссиялардың шамалары.

Шартты отын: Меншікті жану жылуы 7000 ккал/кг (29,33 Мдж/кг) түрлі органикалық отынның жылу құндылығын салыстыруға арналған, техникалық-экономикалық есептеулерде қабылданған және нормативтер мен стандарттар арқылы реттелетін бірлік.

Шекті рұқсат етілген шығарынды (ШРШ): Газ тәрізді шығарындыларда уақыт бірлігіндегі ластанатын заттың ең үлкен рұқсат етілген концентрациясы.

Шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРК): Тұрғылықты жерлердегі жұмыс аймағының ауасындағы және атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ең үлкен рұқсат етілген концентрациясы.

Аспаптық өлшемдер: Шығарындылар көлемінде заттың концентрациясын тікелей физикалық, химиялық немесе физико-химиялық анықтаудың әдістері.

Қосымша жабдық: Тартып үрлейтін машиналар, қыздыру беттерін тазалайтын құрылғылар, қазан қондырғысы шеңберінде отынды беру және отынды әзірлеу, шлакты және күлді жоятын жабдық, күлді ұстайтын және басқа да газ тазартатын құрылғылар, қазанға кірмейтін газ және ауа өткізгіштер, су, бу және отын құбырлары, арматура, гарнитура, автоматика, бақылау және қорғау құралдары мен құрылғылары, сондай-ақ, қазанға қатысы бар су әзірлейтін жабдық және түтін құбыры.

4 Жалпы ережелер

4.1 Құжат Қазақстан Республикасының 16.04.1997 жылғы «Тұрғын үй қатынастары» № 94 және 16.07.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242-ІІ заңнамасына сәйкес жасалған.

Құжат Қазақстан Республикасының ҚнжЕ 1.01.01.-2001 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер» талаптарына сәйкес келеді.

4.2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі оның қоршаған ортаға әсерін бағалауды есепке ала отырып жүзеге асырылуы және экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуі керек. Іс-шаралар әсер етудің осы түрі үшін заңнамамен белгіленген нормативтерге және (немесе) шекті рұқсат етілген деңгейге (жүктемеге) сәйкес орындалады.

4.3. Барлық отын түрлерінде жұмыс істейтін камералы және қатпарлы жаққышы бар қазан қондырғылары эмиссиялардың техникалық меншікті нормативтерін қамтамасыз етуі, түтінді газдардың құрамын бақылайтын құралдармен жабдықталуы, күлді және газ тазартатын жабдығы, автоматты баптау жүйелері, қазан қондырғыларының қорғанысы мен технологиялық құрсаулануы болуы керек.

Жылу энергиясын өндіретін әр кәсіпорында:

- тұтынатын отын түріне байланысты қазанға түсетін нормативті жылу жүктемелері жасалуы;

- жүктеме есебі жүргізілуі (ауысымдық, тәуліктік, айлық, жылдық);

- ең азы әр бес жыл сайын қазандардың техникалық күйіне тұрақты бақылау жүргізуі, жоспарлы жөндеу жұмыстары (күрделі, ағымдағы) және мерзімдік техникалық куәландыру өткізілуі керек;

- қазанға оларды қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкес номиналды мағлұматтары бар тақтайшалар бекітілуі;

- қазанға техникалық құжаттама жиынтығын (нұсқаулар, монтаж сұлбалары, сызбалар, нұсқаулықтар) сақтауы және егер пайдалану кезінде қазан жаңартылған немесе жөнделген болса, оларға уақытылы өзгерістер енгізуі;

- техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес қазанға отынды әзірлеуі және жеткізуі;

- атқаратын қызмет талаптары көлемінде қазан қондырғыларын пайдалану, жөндеу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетілуін жүзеге асыратын қызметкерлердің арнайы дайындығын өткізуі;


  1. - зертхана белгіленген тәртіп бойынша аккредитацияланған түрлі отынды жаққан кезде қоршаған ортаға бөлінетін эмиссияларды өлшеуі керек.


ЕСКЕРТУ: А қосымшасында эмиссиялардың нормативтері келтірілген, Б қосымшасында қазан қондырғылары туралы мәліметтер келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет