Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


Негіздердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары



бет4/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#124368
1   2   3   4   5   6   7   8

5.3 Негіздердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары

5.3.1 Гидротехникалық ғимараттардың негіздерін жобалағанда, олардың құрылыстары мен пайдалануларының барлық кезеңдеріндегі негіздер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шешімдер қарастырылады. Ол үшін, жобалау барысында: құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларының бағалануы және олардың өзгеруінің болжамы; негіздің көтеру қабілетінің және ғимарат орнықтылығының есептелуі; негіздің жергілікті беріктігінің есептелуі; табиғи және жасанды беткейлер мен ғимаратқа тұтасатын құламалардың орнықтылығының есептелуі; ғимараттың өз салмағынан, судың, топырақтың және с.с қысымдардан ғимарат-негіз жүйесі деформацияларының және ғимараттың құрылысы мен пайдаланылу барысында топырақтардың физикалық-механикалық (деформациялық, беріктік және сүзілулік) қасиеттері өзгерулерінің есептелуі, соның ішінде, олардың тоңдануы мен жібуі ескеріле; негіздегі және ғимараттың негізбен түйісуіндегі кернеулердің және олардың уақыт бойынша өзгерулердің анықталуының есептелуі; негіздің сүзілулік беріктігінің, судың ғимаратқа тұсіретін кері қысымы мен сүзілулік шығындардың, сонымен қатар, қажет болғанда- сүзілулік көлемдік күштердің және негіздің кернеулік күйінің өзгеруіндегі сүзілулік жағдайдың өзгеруінің есептелуі; негіздердің көтеру қабілеті мен ғимарат орнықтылығын, ғимараттың және оның негізінің қажетті төзімділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ, қажет болғанда-ауытқуларды азайту, ғимарат-негіз жүйесінің кернеулік-деформациялық күйін жаксарту, кері қысым мен сүзілулік шығындарды төмендету инженерлік шаралары қарастырылып, орындалады.

5.3.2 I–III топтағы ғимараттарды жобалағанда, ғимараттар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғимарат күйіне және олардың негіздеріне құрылыс барысында да және оларды пайдалану кезінде де ғимарат-негіз жүйесінің сенімділігін бағалау, ақауларды өз уақытында анықтау, апаттарды болдырмау, сондай-ақ, қабылданған есептеу және жобалық шешімдер әдістерінің дұрыстығын бағалау үшін болмыстық бақылау жүргізу үшін бақылаулық-өлшеу аспаптарының (БӨА) орнатылуы қарастырылады. IV топтағы ғимараттар мен олардың негіздері үшін көзбен шолып бақылау қарастырылады.

5.3.3 Негіздердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болмыстық бақылаулардың құрамы мен көлемі ғимараттардың тобына, олардың конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты тағайындалады. I–III топтағы ғимараттар үшін бақылауларменен: шөгулер, ғимарат пен оның негізінің жантаюлары мен көлденең ауытқулары; негіздегі топырақтың температурасы; ғимарат негізіндегі судың пьезометриялық қысымдары; ғимарат негізі арқылы сүзілетін су шығындары; құрғатқыштардағы, сондай-ақ коллекторлардағы сүзілген судың химиялық құрамы, температурасы және лайлығы; құрғату және сүзілуге қарсы құрылғыларының тиімділігі; ғимарат негізіндегі кернеулер мен деформациялар; ғимарат негізіндегі кеуектілік қысым; сейсмикалық әсерлердегі негіздің ауытқулары, жылдамдықтар мен үдеулер анықталады. Егер жобада, IV топтағы ғимараттар үшін, аспаптық бақылаулар қарастырылған болса, онда оларды негіздегі сүзілудің, ғимарат пен оның негізінің шөгулері мен ауытқуларының бақылауларымен шектеуге болады.



5.3.1 Ғимараттардың негіздерімен тоғысуын қамтамасыз ету

5.3.1.1 Ғимараттар негіздерін жобалағанда ғимаратты негізбен тоғыстыратын, ғимараттың орнықтылығын, негіздің беріктігін (соның ішінде сүзілулік), жүктемелер мен әсерлердің барлық есептік бірігу түрлеріндегі ғимараттың және оның негізінің рауалы кернеулік-деформациялық күйін, қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады. Ғимараттың негізбен тоғысуын жобалағанда, барлық жағдайларда, ғимараттың орнатылу және пайдалану барысында сүзілулік сипаттамалар мен топырақтардың беріктік және деформациялану сипаттамаларының мүмкін деген өзгерулері ескеріледі.

5.3.1.2 Ғимараттың негізбен тоғысуын жобалағанда, осал (немесе құрылыс барысында осалданған) топырақтардың, жер бетінен бүкіл орналасу тереңдігі бойынша алынуы немесе алмастырылуы қарастырылады, және де осы тереңдіктен төмен топырақтардың сипаттамары (олардың мүмкін деген жақсартылуын ескергенде) ғимараттың орнықтылығын, негіз беріктігін және берілген сүзілулік жағдайдың шарттарын қамтамасыз етеді. Ғимараттардың жағалаулық тұтасу құламаларының тіктігі құламаның өзінің, сондай-ақ ғимараттардың құрылыс және пайдалану кезеңдеріндегі орнықтылықтарын қамтамасыз ету шарттары бойынша таңдалады.

5.3.1.3 Ғимараттың таутасты негізбен тоғысуын жобалағанда, топырақты аршып алып тастау экономикалық тұрғыда тиімсіз болса, ғимараттың немесе оның жағалаулық таяныштарының орнықтылығы, негіздің беріктігі мен деформациялануы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, таутасты топырақты аршып алып тастау көлемін азайту үшін келесі шаралар қарастырылады:

- қысымды ғимараттардың негізіндегі және тұтасулардың жағалаулық сілемдеріндегі кері қысымды төмендету;

- ғимарат пен негіздің түйісуінде жоғарғы бьеф жағына қарай еңіс жасау;

- төменгі бьеф жағынан негізде таяныш жасау;

- негіз бен ғимараттың жағалаулық тұтасуларына күштер мен әсерлердің қолайлы бағыттарын қамтамасыз ететін конструкциялардың қолданылуы;

- ғимарат бөліктері мен жағалаулық тұтасулардың қарнақталуы;

- негіз топырақтарының инъекциялық бекітілуі.

Аталған шаралардың техникалық-экономикалық тиімділігі жеткіліксіз болғанда, ғимарат табанының таутасты топырақтардың артығырақ сақталған аймақтарына тереңдетілуі қарастырылады.

5.3.1.4 Таутасты емес негіздердегі ғимараттардың орнықтылығын, ғимарат пен негіздің тоғысуын жобалағандағы беріктікті, рауалы шөгулер мен ауытқуларды қамтамасыз ету үшін, қажетті жағдайларда, жоғарғы және төменгі тістердің орнатылуы, негіздің өткізгіштігі шамалы қабаттарының құрғатылуы, топырақтардың тығыздалуы мен инъекциялық бекітілуі және басқа шаралар қарастырылады. Кемежайлық ғимараттарды жобалағанда, қажетті жағдайларда, тасты төсем орнатылуы, түсіргіш және қарнақтаушы құрылғылар, сондай-ақ, қабырғаның арғы жағындағы топырақтағы гидростатикалық (сүзілулік) қысымды түсіру қарастырылады. Мелиоративтік қызметке арналған, пайдаланылу кездерінде су ағыны құрғатылатын және негізі тоңданатын, сазбалшықты немесе ұсақ құмды топырақтарда орнатылатын ғимараттар үшін, жобаларында сәйкес инженерлік шаралар (құрғатқыштарды, ауысуға қарсы қалқандарды орнату, негіз топырағының бөлігін қажетті қасиеттері бар топырақпен алмастыру және с.с.) қарастырылады.

5.3.1.5 Таутасты емес негізде орнатылатын топырақтық тоғандар негіздерінің жобаларында негіздің дайындалуы мен тегістелуі, өсімдік және ағаштар мен бұталардың тамырлары, жер қазатын жануарлар жасаған жолдары өтетін қабаттарды, сондай-ақ, массасы бойынша рауасыз мөлшердегі органикалық қосындылар немесе сондай мөлшердегі суда тез еритін тұздар енетін топырақты сырып алып тастау қарастырылады.

5.3.1.6 Топырақтық материалдардан жасалған тоғандардың негізімен тоғысуын жобалағанда тоған орнықтылығын қамтамасыз етуге, негіз бен ғимараттың әркелкі деформацияларының азайтылуын, суффозияны және негіз топырағының суға қаныққандағы беріктігінің рауасыз төмендеуін болдырмауға бағытталған шаралар (негіз бетін тазарту, тоған табанын тереңдету, таутасты топырақтардағы жарықтарды бітеу, құрғату және с.с) қарастырылады. Негіздеме болғанда, топырақтық тоғандарды суға еритін қосындылар мен биогендік топырақтар енетін негіздерде салуға болады.

5.3.1.7 Таутасты негіздерде орнатылатын топырақтық тоғандардың су өткізбейтін элементтерінің тоғысуын жобалағанда қираған жартасты, соның ішінде, жатқан үлкен тастар мен жиналған тастарды аршып алып тастау, барлаулық-геологиялық және құрылыстық қазбаларды, ірі жарықтарды өңдеу және бетондау шаралары ескерілу қажет. Негізде су еріте алмайтын, су өткізгіштігі нашар таутасты топырақтар бар болса, онда су өткізбейтін тоған элементі табанының астындағы негіз бетінің тегістелуі ғана қарастырылады. Басқа жағдайларда келесі шаралар қарастырылады: бетон тақта орнатылуы, таутастың торкретпен жабылуы, су өкізбейтін элемент табанына іргелес негіз бөлігінің инъекциялық тығыздалуы. Топырақтық тоғандардың сүзілуге қарсы элементтерінің таутасты жағалаулардың еңкейген түзу емес беттерімен тоғысқан жерлерінде, жағалаулық тұтасулар құламасының, экономикалық негізделуі ең төмен тұтасудың жалпы еңкеюімен, тоған жотасынан негізіне қарай күрт сынықсыз біртіндеп еңістелуі қарастырылады. Құламаның шығыңқы жерлерін тіліп сыру және қуыстарды бетонмен толтыру қарастырылады. Су өткізгіштігі, сүзілуге қарсы құрылғылармен салыстырғанда, жоғарырақ материалдан жасалатын тоғанның қима бөліктерінің негізбен тоғысатын жерлерінде босаңсыған қираған (жемірілген) таутасты қозғамауға болады.

5.3.1.8 Ғимараттар негіздерінің жобасында топырақтардың, құрылыс барысында, тоңдану, жемірілу, босаңсу және қоймалжыңданулардың, сондай-ақ, құрылыс шұңқырының түбі арқылы қысымды сулардың сүзілу мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз ететін шаралар көрсетіледі.

5.3.1.9 Ғимараттар табанының салу тереңдігі, мүмкін деген ең азы болып, келесі жайттар ескеріле, қабылданады: ғимараттардың түрі мен конструктивтік ерекшеліктері; негізге түсетін жүктемелер мен әсерлердің сипаты; құрылыс алаңының геологиялық жағдайлары (топырақтардың құрылыстық қасиеттері, негіз құрылымы, осалданған беттер-осал қабатшалар, тектоникалық бұзылыстар аймақтарының болуы және т.б); құрылыс төңірегінің топографиялық жағдайлары; гидрогеологиялық жағдайлар (топырақтардың су өткізгіштігі, қысымдар, топырақ суларының деңгейлері мен жегілігі және т.б); төменгі бьефтегі топырақтардың шайылу аймақтары; топырақтардың кезеңдік тоңдану және жібу тереңдіктері; судың кеме жүзетіндік деңгейі және т.б.

5.3.1.10 Бетонды және темірбетонды ғимараттардың таутасты негізбен тоғысуын жобалағанда:

- біртекті негіздер үшін - беріктік және деформациялық сипаттамалары төмен және жарықтарындағы балшықты толтырғыштар бар болу салдарынан тұтастырылуы оңайға түспейтін, қарқынды жемірілген топырақтарды (босаңсыған қабаттың) алып тастау (негіздеме болғанда осал топырақтарды ғимараттың тек төменгі жағынан алып тастауға болады);

- ірі бұзылымдар мен терең талғамалы жемірілу аймақтары бар әртекті негіздер үшін – көлемі, негіздің босаңсыған аймақтарының мүмкін деген бекітілуі мен жарықтардың бітетілуі ескерілген, кернеулік күйдің және ғимараттың орнықтылығының саралану нәтижелері негізінде қабылданатын, топырақты алып тастау.



5.3.2 Негіздер топырақтарын нығайту және тығыздау

5.3.2.1 Ғимараттар негізіндегі топырақтардың нығайтылуы мен тығыздалуы, топырақтардың беріктік және деформациялық сипаттамаларын, негіздердің көтеру қабілетін жоғарылату, шөгулер мен ауытқуларды азайту, сондай-ақ, жоба талап ететін су өткізгіштік пен сүзілулік беріктікті қамтамасыз ету мақсатымен, өзгерту үшін қарастырылады. Топырақтардың беріктік және деформациялық қасиеттерін өзгерту шаралары ретінде цементтелу, нығайтылудың химиялық әдістері, топырақтарды тоңдату, механикалық тығыздау, сілемді құрғату, толтырылатын қадаларды орнату және т.б ұсынылады. Жобада, ғимарат астындағы сүзілуді азайту немесе оны айналып өту және сүзілудің қауіпті салдарын жою мақсатымен қарастырылған су тірейтін ғимараттар негізіндегі топырақтарды нығайту және тығыздау, соның ішінде, топырақты механикалық және иньекциялық тығыздау, сүзілуге қарсы тосқауылдар (бүркеулер, тістер, шпунттық қатарлар, «топырақтағы қабырғалар», понурлар және т.б ) орнатуға енеді.

5.3.2.2 Тірегіш ғимараттарды жобалағанда, бірінші кезекте ғимараттың төменгі қырымен тұтасатын аймақтардағы топырақтардың нығайтылуы, сондай-ақ, ғимарат пен негіздің пішін шектерінен ірі жарықтардың, тектоникалық аймақтардың және басқа ажыраулық бұзылымдар мен босаңсыған топырақтар қабатшаларының шығуын нығайту және тығыздау қарастырылады. Негіздің тұтас күшейтілуінің негіздемесі болуға тиісті.

I және II топтардағы тірегіш ғимараттарды жобалағанда, негізді бекіту жұмыстарының тәсілдері мен көлемдері есептеулермен, ал I топтағы ғимараттар үшін, қажет болғанда-ғимарат пен негіздің кернеулік-деформациялық күйінің тәжірибелік зерттеулерімен де негізделеді. III және IV топтардағы ғимараттар жобалануының барлық кезеңдерінде, ал I және II топтардағы ғимараттардың техникалық-экономикалық негізделуінде негізді бекіту жұмыстарының тәсілдері мен көлемдерін ұқсастықтар бойынша белгілеуге болады.

5.3.2.3 Қатты деформацияланатын және беріктігі шамалы топырақтардағы кемежайлық ғимараттарды жобалағанда, өңдік және қарнақтық қабырғалардың алдындағы кері қысым аймағындағы, сондай-ақ, үйінді көлемі бойынша топырақтардың нығайтылуы қарастырылады. Бұл жағдайда, техникалық-экономикалық негізделу кезеңіндегі нығайту тәсілі де ұқсастықтар бойынша белгіленеді. Жоба және жұмыстық құжаттар кезеңдерінде топырақтың нығайтылу тәсілі мен жұмыстар көлемі есептелулер мен тәжірибелік зерттеулер негізінде анықталады.

5.3.2.4 Негіз, сүзілгіш суға деген орнықтылығы нашар және тез еритін топырақтардан құралған жағдайларда, сүзілуге қарсы бүркеулер (тосқауылдар) міндетті түрде орнатылады. Суга төзімді топырақтар жағдайында бүркеулер орнатылуының негіздемесі болуға тиісті. При водостойких грунтах устройство завесы принимаются обоснованными. Сүзілуге қарсы бүркеулердің тереңдігі мен ені есептелумен немесе тәжірибелік зерттеулер нәтижелерімен негізделеді. Бетон тоғандардың таутасты негіздерін жобалағанда, сүзілуге қарсы бүркеулердің жарықшақтар пайда болу аймағынан тыс, қысымды қырының астында, сонымен қатар, олардың жоғарғы бьеф жағына қарай еңкейте орналастырылу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

5.3.2.5 Бүркеудің ғимарат табанымен тоғыстырылатын жерінде, ең үлкен қысым градиенттерінің аймақтарында сүзілуді болдырмау үшін, жобада негізгі қатарға (немесе қатарларға) қатарлас немесе бүркеудің өз шектерінде, ғимараттың қысымды қырының алдында орналастырылатын, бүркеудің қосымша терең емес ұңғымалар қатарларымен жергілікті күшейтілуі қарастырылады. Қосымша ұңғымалар араларындағы қашықтықты, бүркеудегі негізгі ұңғымалар араларындағыдан үлкенірек етіп қабылдауға болады.

5.3.2.6 Сүзілуге қарсы құрылғылардың негізбен немесе жағалармен тоғыстырылатын жерлерінде, таутасты негіздегі жарықтарды сүзіліп бітеуге қабілетті, суффозияға орнықтылау және иленгіш топырақты осы мақсатта қолдану үшін, топырақтың ұқыпты салынуы және тығыздалуы қарастырылады.

5.3.2.7 Су тірейтін ғимараттардың жобаларында, кері қысымды азайтатын шара түрінде, құрғатқыш орнатылуы қарастырылады. Таутасты негіздерде құрғатқышты негізінде ғимараттың қысымды қыры жағынан орналастырады, ал қажет болғанда- оның табанының орта жағына да.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет