Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары



жүктеу 0.85 Mb.
бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7





Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ


Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


прямая со стрелкой 337прямая со стрелкой 334прямая со стрелкой 335


ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ ӨҢДІРІЛЕТІН АЙМАҚТАРДАҒЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЖОБАЛАНУЫ, ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ


ПРОЕКТИРОВАНИЕ, СТРОИТЕЛЬСТВО И ЭКСПЛУАТАЦИЯ ГИДРОТЕХНИЧЕСКИХ СООРУЖЕНИЙ НА ПОДРАБАТЫВАЕМЫХ ГОРНЫМИ РАБОТАМИ ТЕРРИТОРИЯХ




ҚР ҚН 3.04-08-2014
СН РК 3.04-08-2014





Ресми басылым
Издание официальное


прямая со стрелкой 331прямая со стрелкой 332


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті



Комитет по делам строительства, жилищно–коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан



Астана 2015


АЛҒЫ СӨЗ


  1. ӘЗІРЛЕГЕН:

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ , ҚазКСЖДИ ҚарМТУ


  1. ҰСЫНҒАН:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы


  1. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің

2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап





ПРЕДИСЛОВИЕ


  1. РАЗРАБОТАН:

АО «КазНИИСА, КазМИРР при РГП на ПХВ КарГТУ


  1. ПРЕДСТАВЛЕН:

Управлением технического регулирования и нормирования Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан


  1. УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:



Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года

№ 156-НҚ с 1 июля 2015 года





Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства РК

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ IV

5 ЖҰМЫСШЫ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 5

6 ТАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨҢДЕЛЕТІН АЙМАҚТАРЫНДА ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 8

7 ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ТҰРҒЫЗУҒА ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 15

8 ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ ӨҢДІРІЛЕТІН АЙМАҚТАРДАҒЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ БАҚЫЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 16

9 ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ 17

Әдебиеттер тізімі 24

КІРІСПЕ

Осы құрылыстық нормалар тау-кен жұмыстары өндірілетін немесе бұрын өндірілген аймақтарда тұрғызылған, кеңейтіліп және қалпына келтіріліп жатқан гидротехникалық ғимараттарды жобалауға, тұрғызуға және қайта салуға арналған негізгі талаптарды орнатады.

Құжатты өндеу барысында қолданыстағы құрылыстық нормаларының, мемлекеттік және мемлекеттер аралық стандарттардың талаптары, ведомствалық нормативтік талаптар мен гидротехникалық ғимараттарды жобалау, тұрғызу және пайдалануға беру саласындағы ғылыми-зерттеулік және жобалық институттарының жұмыс тәжірибесі ескерілген.

Осы құрылыстық нормалар бақылаушы өнеркәсіптердің және қадағалаушы органдардың жұмысшыларына, жобалық және енгізуші ұйымдардың сарапшыларына арналған.

Ұсынылған құрылыстық нормалары талаптарының қолайлы шешімдері мен шамаларының орындалуы сәйкес ҚР ЕЖ «Тау-кен жұмыстары өндірілетін аймақтардағы гидротехникалық ғимараттардың жобалануы, құрылысы және пайдаланылуы» келтірілген.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ ӨҢДІРІЛЕТІН АЙМАҚТАРДАҒЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЖОБАЛАНУЫ, ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

ПРОЕКТИРОВАНИЕ, СТРОИТЕЛЬСТВО И ЭКСПЛУАТАЦИЯ ГИДРОТЕХНИЧЕСКИХ СООРУЖЕНИЙ НА ПОДРАБАТЫВАЕМЫХ ГОРНЫМИ РАБОТАМИ ТЕРРИТОРИЯХ


Енгізілген күні 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыстық нормалар тау-кен жұмыстары өндірілетін немесе бұрын өндірілген аймақтарда тұрғызылған, кеңейтіліп және қалпына келтіріліп жатқан гидротехникалық ғимараттарды жобалауға, тұрғызуға және қайта салуға арналған нормативтік талаптарды, егер жерастын өндеу кезінде жер бетінде пайда болған деформациялардың шамасы мен сипатын болжау мүмкін болған жағдайда орнатады.

1.2 Осы нормалардың талаптары өндірілетін аймақтарда калий кен орындары бар болған жағдайда гидротехникалық ғимараттар үшін таратылмайды.

1.3 Тасты жұмыстармен өндірілетін аймақтарда тұрғызылатын гидротехникалық ғимараттардың қатарына жатады: бөгеттер, тоғандар, суағытқыштар, су қоймалар, қалдық- және ілме қоймалар және ағыс суларды жинағыштар, арықтар, туннельдер және ондағы ғимараттар, тұрмыстық-ішерлік сумен қамтамассыз ететін жүйелер, мелиоративті жүйелер.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыстық нормаларын қолдану үшін келесі сілтемелі нормативтік құжаттар қажет:

ҚР ҚН 2.03-01-2011 Өнделетін аймақтардағы және шөгінді топырақтардағы үймереттер мен ғимараттар.

ҚР ҚН  5.01-02-2013 Үймереттер мен ғимараттардың негіздері.

ҚР ҚН  3.04-01-2013 Гидротехникалық ғимараттар.

ҚР ҚН  4.01-03-2013 “Сыртқы желілер мен сумен қамтамассыз ететін және кәріз ғимараттары”

ҚР ҚНжЕ 3.04-04-2006 Гидротехникалық ғимараттардың негіздері.


Ескерту - Ұсынылған құрылыстық нормаларын қолдануда, сілтеме жасалған құжаттарды жыл сайын жаңартылып отыратын «Қазақстан Республикасы шекарасында қызмет атқаратын сәулет, қала құрылысы

_____________________________________________________________________________



Издание официальное

және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық тізім», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сілтеу», «Қазақстан Республикасының мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу» құжаттары бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда ұсынылған құрылыс нормасын қолданғанда ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырымсыз алынып тасталса, онда оған сілтеме берілген ереженің бөлігі ғана қолданылады.



3 АТАУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормаларында, анықтамаларына сай келетін, келесі атаулар қолданылады:

3.1 Гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігі: Адамдардың өмірін, денсаулығын және заңды назарларын, қоршаған ортаның және тұрмыстық нысандардың қорғанысын қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін гидротехникалық ғимараттың қасиеті.

3.2 Гидротехникалық ғимараттардың төзімділігі: Гидротехникалық ғимараттардың физикалық және жобалау барысында орнатылатын, сонымен қатар оған уақытында техникалық қызмет көрсету арқылы есептік қызмет мерзімінде дұрыс пайдалануын қамтамассыз ететін, басқа да қасиеттерін сақтау қабілеті.

3.3 Гидротехникалық ғимараттардың классы: Гидротехникалық ғимараттардың биіктігі мен топырақ негізінің түріне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігі мен кейін мүмкін болатын гидротехникалық апаттарға байланысты алынатын гидротехникалық ғимараттардың классификациясы.

3.4 Кольматация: Ұсақ түйіршіктердің (басты жағдайда коллоидты, сазды және шаңды) және микроорганизмдердің кеуектерге және тау жыныстарының жарылуларына, тазалаушы ғимараттардың сүзгіштеріне және құрғатқыш қазбаларға табиғи өтуі немесе жасанды ену үрдісі, сонымен қатар су- немесе газ өткізгіштік қабілетін төмендетуге әсер ететін химиялық заттардың тұңуы.

3.5 Гидротехникалық ғимараттар қауіпсіздігінің өлшемдері: Гидротехникалық ғимараттардың сандық және сапалық көрсеткіштер жағдайының және гидротехникалық ғимараттардың апатқа қауіп-қатерінің рұқсат етілген деңгейіне сәйкес келетін пайдалануға берілетін жағдайының шекті мәндері.

3.6 Гидротехникалық ғимараттарды бақылау: Гидротехникалық ғимараттар құрылымдарының сапасын бақылау, жобалық шешімдер мен нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау, нақты көтеру қабілетін болжау және осыған негізделе ғимараттың қалдық ресурсын болжамалауға, нысанды апатсыз пайдалану мерзімін созу жөнінде негізделген шешімдерді қабылдау мақсатында, олардың жағдайын жүйелік бақылау.

3.7 Гидротехникалық ғимараттардың беріктігі: Гидротехникалық ғимараттарды есептік пайдалану мерзімінде қажетті талаптарды орындау қабілеттілігі.

3.8 Кәдімгі пайдалану: Құрылыстық нормаларында немесе жобалауға берілген тапсырмада қарастырылған жағдайларға сәйкес гидротехникалық ғимараттарды пайдалану, осыған қоса сәйкес техникалық қызмет көрсету, күрделі жөндеу және (немесе) қайта жөндеу.

3.9 Өнделетін аймақ: Жерасты тау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ғимараттың немесе үймереттің негізінде топырақтардың әркелкі отырған немесе жылжыған орындағы аймақ.

3.10 Реологиялық үрдіс: Қатты түйіршіктер мен байланысқан су қабыршағымен бөлінген топырақ агрегаттарының ығысуымен негізделетін үрдіс. Бұл үрдіс жабысқақ байланыстардың пайда болуы мен топырақ түйіршіктерінің орын ауыстыруы құрылымдық байланыстардың бұзылуымен жүреді. Үрдіс жылжымалық ретінде пайда болады (тұрақты кернеу кезінде де уақыт бойынша деформацияның үзіліссіз ұлғаюы), релаксация (тұрақты деформацияны ұстауға қажетті кернеудің босауы) және беріктіктің төмендеуі (жүктеме әсері уақытын жоғарлату арқылы топырақтың бұзылуына кедергісін төмендету).

3.11 Тампонаж: Тау жыныстарына, су, газ өткізгіштігін болдырмау және көтеру қабілетін жоғарлату мақсатында цементті немесе басқа да тез қататын ертінділерді енгізу үрдісі.

3.12 Техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу: Гидротехникалық ғимараттардың есептік қызмет көрсету мерзімінде жүзеге асырылатын, оның дұрыс пайдалануын қамтамассыз ететін шаралар жиынтығы.

3.13 Сақтандырғыш бөлік: Нысандарға таулы өнімдер қауіпті әсерін алдын алу мақсатында жер бедерінде қалдырылатын пайдалы қазбалардың жатыс бөлігі.

3.14 Нысанның көтеру құрылымдарын пайдалануға беру: Нысанның есептік қызмет көрсету мерзімінде, нормативтік талаптар мен жобалық құжаттарға сәйкес, құрылымдардың қажетті беріктік дәрежесін қалпында ұстау бойынша шаралар жиынтығы.

3.15 Пайдалануға беретін ұйым: Құрамында гидротехникалық ғимарат бар мемлекеттік өнеркәсіп, не басқа да ұйымдық-құқылы мекеме.



4 МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАРЫ
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Нормативтік талаптардың мақсаты таулы жұмыстармен өнделген аймақтардағы гидротехникалық ғимараттардың, егер жерасты өнімдерінен пайда болған жербеті деформацияларының шамасы мен сипатын болжау мүмкін болған жағдайда, энергетикалық тиімділікпен ресурсты үнемдеуді қамтамассыз ету арқылы адамдар мен жануарлардың өмірін, денсаулығын, мүлкін және қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар өндірістік үрдіспен еңбекке қажетті, оның технологиялық және айрықшаланған ерекшеліктерін ескеру арқылы, барлық кезеңдерінде қауіпсіздігін, беріктігін, төзімділігін қамтамассыз ету болып табылады.
4.2 Қызметтік талаптар
4.2.1 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттарды жобалау, тұрғызу және пайдалануға беру барысында олардың қауіпсіздігі, беріктігі және төзімділігі, кейін апаттық жағдайларға әкеліп соқтыру мүмкіндігі ескеріліп, барлық мүмкін болатын жүктемелер мен әсерлерге қарсы тұру қабілеттілігі қамтамассыз етілуі тиіс.

4.2.2 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттарды жобалау, тұрғызу және пайдалануға беру жерасты тау қазбаларынан пайда болатын жағымсыз әсерлерді азайту арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

4.2.3 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттарды жобалау, тұрғызу және пайдалануға беру кезінде өрттің және оның қауіпті факторларының пайда болуы және таралуы қауіпін азайту немесе алдын алу үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтамассыз етілуі керек, ал егер өрт пайда болған жағдайда гидротехникалық ғимараттардың құрылымдары, отпен түтіннің таралуы мен жануының шектелуі немесе жоқтығынан өрттің әсер ету есептік уақытында оған төзуі керек.

4.2.4 Өрт көзін тез алдын алу мүмкін болмаған жағдайда, өрттің және оның қауіпті факторлары өрт ошағы шекарасынан шығып кетпеуі үшін, шектейтін жағдайлар жасалу керек. Өрт кезінде гидротехникалық ғимараттардың құрылымдары немесе олардың элементтері, ауа райының өте жағымсыз жағдайында, өрттің көршілес жатқан ғимараттарға таралуын шектеу мүмкіндігін туғызуы тиіс.

4.2.5 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттарды жобалау, тұрғызу және пайдалануға беру барысында алаңды безендіру, сәулеттік жоспарлық шешімдерді, санитарлық гигиеналық талаптарды ескеру арқылы, гидротехникалық ғимаратты пайдалануға беру үрдісінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамассыз ететін еңбек қызметіне барлық қажетті жағдайлар жасалуы керек.

4.2.6 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттардың көлемдік-жоспарлық және құрылымдық шешімдері, өндірісті өзгертуге және жетілдіруге, ғимараттың өзін қайта жөндеу арқылы жүзеге асырмай мүмкіндік туғызатын қолданыстағы технологиялық үрдістердің даму келешектерін ескеру қажет.

4.2.7 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттардың құрылымдық шешімдері онда адамдардың қозғалуы, жұмыс істеуі, жылжымалы құрылғылармен, технологиялық және инженерлік жабдықтармен қолдануы кезінде жарақаттанбауын алдын алуы керек.

4.2.8 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттардың бақылауы, жобалық мәндерден бақыланатын өлшемдердің ауытқуы (осыған орай күтілген өзгерістерден асып кеткен өзгерістер жағдайында) анықталған жөнінде көңіл салушы тұлғаларға дер кезінде жеткізуді қамтамассыз етуі тиіс.

4.2.9 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттарды есептеу гидротехникалық ғимараттардың, барлық қызмет көрсету мерзімінде, сонымен қатар жұмыс өндірісі кезінде оларға қойылатын талаптарға сәйкес қауіпсіздігін, беріктігін және төзімділігін, қамтамассыз ету керек.

4.2.10 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттарды есептеу әртүрлі мүмкін болатын жүктемелер мен әсерлерден пайда болатын құрылымдардағы жүктемелер, кернеулер немесе деформациялар құрылымдар қабылдайтын шекті мәндерден аспауы тиіс шартына сәйкес жүргізілуі керек.

4.2.11 Тау-кен жұмыстармен өндірілген аймақтарда гидротехникалық ғимараттарды жобалау, тұрғызу және пайдалануға беру барысында халықаралық тәжірибеде орын алатын стандарттарға негізделген, жер бедерін тиімді пайдалануын, жұмысшылардың, тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамассыз ететін ең тиімді әдістері мен технологияларын қолдану арқылы жұмыстарды жүргізген жөн.

  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет