Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі147.27 Kb.
#133202
1   2   3   4   5   6

3.34. Қорғау имараттарын құру кезiнде құрылыс материалдары ретiнде, қоршаған ортаны ластандырмайтын өндiрiс топырақтары мен қалдықтарын пайдалануға рұқсат етiледi.

Бөгетшелердiң биiктiгiн өсiру мақсатында қорғау имараттарының тұстамасынан төменгi жақта топырақ қазуға жол берiлмейдi.

Ағынды су және су қоймаларының су қорғау аймақтарында беткейлерден топырақ алуға, жергiлiктi материалдар карьерiн жасауға рұқсат етiлмейдi.

3.35. Қорғалатын аумақта, шаруашылық-ауыз су көздерi бар болған жағдайда, су қорғау шараларын жүргiзу мақсатында, қорғау имараттарының құрылысынан кейiн, судың сапасында болатын өзгерiстерге болжау жасау керек.

3.36. Инженерлiк қорғау объектiлерi құрылысы жобаларында, қорғалатын елдi мекендерде қолданылып жүрген гигиеналық талаптарды ескере отырып, орталықтандырылған сумен жабдықтау және канализация қарастырылуы керек.

3.37. Қорғалатын аумақта орналасқан шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдаланылатын су көздерiнiң маңында сумен жабдықтау көздерiн және шаруашылық-ауыз су мақсаттағы су құбырларын санитарлық қорғау аймақтарын жобалау мен пайдаланудың талаптарын қанағаттандыратын санитарлық қорғау аймақтарын құру қажет.

3.38. Инженерлiк қорғау имараттарының (тау каналдары, үйме жал бөгетшелер және т.б.) жануарлардың жылысу жолдарымен қиылысатын жерлерiнде:

- имараттарды жануарлардың жылысу жолдарының шекарасынан тыс жерлерге шығару;

- жануарлардың кедергiсiз өтуiн қамтамасыз ететiн жер имараттарының бойынан тапталып нығыздалған бекiткiшi жоқ құламалар жасау;

- ағысының жылдамдығы жануарлардың өтуiне кауiп туғызатын каналдар бөлiктерiн құбырларға алмастыру қажет.



3.39. Инженерлiк қорғау объектiлерiн жасау кезiнде, бұзылған аумақтарды қайта қалпына келтiру мен абаттандыруды қолданылып жүрген МСТ 17.5.3.04 және МСТ 17.5.3.05 талаптарын ескере отырып жасау қажет.
Тынысжайлық талаптар
3.40. Өзендер мен бөгендердiң су басатын және су басқан жағалаулық қорғалатын аумақтарын тынысжайлық мақсатында пайдалануды, табиғат пайдаланудың басқа да түрлерiмен және өзендерде су шаруашылығы кешендерiн жасаумен теңдей қарастыру қажет.

Аумақты су басу мен су астында қалудан инженерлiк қорғауды жүзеге асыру кезiнде, қорғалатын аумақтың және iргелес су айдынының тынысжайлық әлеуетiн төмендетуге жол берiлмейдi.

Қорғалатын аумақта орналасқан, тынысжайлық мақсатта пайдаланылатын су қоймалары саябақтың жасыл желек екпе ағаштарымен үйлесiп, республикалық стандарттар және беткi суларды ағын сулармен ластанудан қорғау ережелерiнiң талаптарын қанағаттандыруы тиiс, МСТ 17.1.5.02.

3.41. Батпақтандырылған және су басқан аумақтардың зардаптарын жою кезiнде, магистралдық каналдар трассасының бойында елдi мекендердiң маңына МСТ 17.1.5.02-ге сәйкес тынысжайлық су қоймаларын жасауға рұқсат етiледi.
4. ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІС ДЕРЕКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
4.1. Инженерлiк iзденiстерге қойылатын қосымша талаптардың iшiнде, қазiргi бар және салынып жатқан бөгеттердiң жағалаулық аумақтарын, сонымен қатар инженерлiк тұрғыдан игерiлген және игерiлетiн аумақтарды судың басуы мен судың астында қалуынан туындайтын жағдайлар есепке алынуы тиiс.

4.2. Зерттеу деректерi төмендегi мүмкiндiктердi:

а) қорғалатын аумақтың табиғи жағдайын бағалауды;

б) техногендiк факторларды, соның iшiнде:

- қауiптi гидрологиялық процестердiң даму және таралу мүмкiндiгiн;

- аумақты су басуын бағалауды;

- аумақты су басуының ауқымын бағалауды;

- су басудан және су астында қалудан аумақты инженерлiк қорғаудың тәсiлдерiн таңдауды;

- инженерлiк қорғау имараттарының есебiн;

- аумақтың су теңдестiгiн, сонымен қатар беткi және жер асты суларының деңгейлiк, химиялық және температуралық тәртіпдерiн (тұстамаларда, теңдестiк және тәжiрибе бөлiмшелерiнде тәртіптiк бақылау жүргiзудiң негiзiнде) бағалауды;

аумақтың табиғи және жасанды кәрiздiлiгiн бағалауды есепке ала отырып, қорғалатын аумақтың инженерлiк геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық жағдайлардың өзгеруiн болжауды;

в) аумақты пайдалану ретiне қарай аймақтандыру бойынша ұсыныстар әзiрлеудi қамтамасыз етуi керек.

4.3. Инженерлiк iзденiс деректерi су басу және су астында қалу құбылыстарымен қатар жүретiн қауiптi геологиялық процестердi: сырғыманы, жағалаулар мен оқпаның бұзылуын, сары топырақтың шөгуiн, суффозия және т.б. қамтуы керек.

Инженерлiк iзденiс деректерi жер асты суларының және экзогендiк геологиялық процестердiң тәртібiн көпжылдық бақылаудың нәтижелерiмен, сонымен қатар гидрологиялық және гидрогеологиялық есептеулермен толықтырылуы керек.



4.4. Жобалауға арналған кескiндiк құжаттардың масштабын 3-кесте бойынша, жобалау сатысын есепке ала отырып анықтау қажет.
3-кесте


Инженерлiк қорғауды жобалау сатысы

Кескiндiк құжаттардың масштабы

1. Инженерлiк қорғаудың кешендi аумақтық жүйесiнiң сұлбасы

2. Инженерлiк қорғаудың аумақтық кешендi жүйесiнiң жобасы


3. Елдiмекендi инженерлiк қорғаудың толық сұлбасы

4. Құрылыс салынатын жер бөлiктерiн инженерлiк қорғаудың жобасы, соның iшiнде:

а) жоба

б) жұмыс құжаттамалары



1:500 000 - 1:100 000

(қыйықтар 1:25 000, күрделi инженерлiк жағдайда –

1:10 000 - 1:1000)
1:100 000 - 1:25 000 (қиықтар 1:5000 - 1:2000)

1: 25 000 -1:5000

(қорғаныс жоспары

1:100 000 - 1:25 000),

қималар 1:1000

1:5000 - 1:500

1:1000 - 1:500

Сонымен, 3-кестенiң кескiндiк материалдары:

- қазiргi бар имараттардың, жолдардың коммуникациялардың қазiргi жай-күйi, олардан табылған ақаулар жөнiнде сенiмдi мәлiметтер бойынша бағалау;

- аумақтың шаруашылық және экологиялық маңызы мен келешекте пайдаланылуын бағалау;

- қазiргi қолданылып жүрген және бұрынырақ орындалған шаралар мен инженерлiк қорғау имараттары, олардың жай-күйi, оларды дамытудың, қайта қалпына келтiрудiң қажеттiлiгi мен мүмкiндiгi жөнiндегi мәлiметтермен және т.с.с. деректермен толықтырылуы тиiс.

4.5. Жұмысшы құжаттармен жекелеген объектiлердi (өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, коммуналды тұрғын үй имараттарының, түрлi мақсаттағы жеке ғимараттар мен имараттар және т.с.с.) инженерлiк қорғаудың бiр сатылы жобасын әзiрлеу кезiнде қорғалатын аумақтың кейiннен өнеркәсiптiк, қала және кент құрылысы, ауыл шаруашылығы жерлерiн игеру, ауыл шаруашылығы немесе желi бойы құрылысы және т. б. мақсатта пайдаланылуына қарай, инженерлiк зерттеулерге қойылатын талаптарды есепке алу қажет.

4.6. Жобалаудың түрлi сатысы үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн инженерлiк қорғау жобаларын әзiрлеу кезiнде, iзденiс материалдарының құрамы осы норманың Е қосымшасының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
5. ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫ
Үйме жал бөгетшелер
5.1. Аумақты су басудан қорғау үшiн, үйме жал бөгетшелердiң: су баспайтын және су басатын екi түрi қолданылады.

Су баспайтын бөгетшелердi бөгендерге, өзендерге және басқа да су объектiлерiне iргелес қала және өнеркәсiптiк аумақтарды су басудан тұрақты қорғау үшiн қолдану қажет.

Су басатын бөгетшелердi ауыл шаруашылығы жерлерiнде ауыл шаруашылығы мәдени өсiмдiктерiн өсiру, бөгендерде ҚТД ұстап тұру кездерiнде, арнаның және өзен жағалауының қалыптасуы мен тұрақтануы және су ағындары мен беткi ағындыны реттеу, үлестiру мақсатында уақытша қорғау үшiн қолдануға рұқсат етiледi.

5.2. Ирелеңi бар өзендерде, аумақты су басудан инженерлiк қорғаудың құралы ретiнде келесi арна реттеушi имараттар:

- ағыс бойымен немесе ағысқа қандай да бiр бұрышпен орналасқан және өзен суы ағынының енiн шектеушi бойлық бөгетшелер;

- көпiрдiң, бөгеттердiң, су қабылдағыштардың қуыстарына және басқа да гидротехникалық имараттарға ағынның бiр қалыпты келуiн қамтамасыз ететiн бойлық, түзусызықты және қисықсызықты ағынша бағыттаушы бөгетшелер;

- арнаны бiр жағадан екiншi жағаға дейiн жауып тастайтын, өзен тармақтары мен салаларының ағындыларына толығымен немесе жарым-жартылай тосқауыл жасауға арналған су басатын бөгеулер;

- ағыс түзетудi және кеме қатынасына қажеттi тереңдiктi қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, көлденең қимадағы арна түзетушi имараттар – жартылай бөгеулер;

- жағалауды шайылудан қорғауды қамтамасыз ететiн, ағысқа қандай да бiр бұрышпен бекiтiлген шпораларды (қысқа су баспайтын жартылай бөгеулер);

- жағалауды шайылудан және ағыс пен толқындардың әсерiнен бұзылудан қорғайтын жағалық және бөгетше бекiтушiлер;

- жағада ағыстың жылдамдығын баяулату және арнаның енi бойынша су шығынын қайта үлестiру арқылы арнаны реттеу үшiн тұрғызылған тесiк имараттар қарастырылуы тиiс.



5.3. Бөгетшенiң ағын су бойымен немесе бөгеннiң жер бетiмен жанасу аймағы бойындағы ұзындығы едәуiр болса, онда бөгетше қырының белгiсiн ағыстың бағытына қарай есептiк деңгейге сәйкес, еркiн су бетiнiң бойлық еңiстiгiне сәйкес төмендету керек.

Құрылымдық ерекшелiктерiне қарай екi түрлi: сығылған шағын және ұзына бойы жайылма кескiндi топырақ бөгендер қолданылады.



5.4. Қоршаушы бөгетшелердiң түрiн таңдауды ауданның табиғи, топографиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрологиялық, климаттық, сейсмикалық жағдайларын, сонымен қатар, жергiлiктi құрылыс материалдарының, жабдықтардың қолда бар болуын, өндiрiс жұмысын ұйымдастырудың сұлбасын, құрылыс кезеңi мен пайдалану жағдайын, ауданның даму өрiстiлiгiн, осы норманың 3.28-3.39-тармақтарындағы табиғат қорғау талаптарын ескере отырып жүзеге асыру керек.

Қоршаушы бөгетшелердiң түрiн таңдау кезiнде, осы мақсатта пайдалануға жарамды болған жағдайда, жергiлiктi құрылыс материалдарын және қазындылардан шыққан топырақтар мен өндiрiс қалдықтарын пайдалану көзделуi тиiс жалдап үюдің бөгетшелерін жобалауды ҚНжЕ 2.06.05-тің талаптарына сәйкес жүргізу керек.

Топырақ материалынан жасалған бөгетшелердi, негiзi тассыз тегеуiрiндi шептiң тұйық бөлiктерiне тұрғызу көзделуi керек. Негiзi тассыз жер бөлiктерiнде бетонды және темiрбетонды бөгеттердi тек қана су қашыртқы имараттар ретiнде тұрғызу қажет.

Бөгетшелер трассасы сырғыма немесе пәрмендi сырғыма жер бөлiктерiнен өткен болса, онда қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес сырғымаға қарсы тиiстi шараларды әзiрлеу керек.



5.5. Бөгетшенiң трассасын, құрылыстың топографиялық және инженерлiк-геологиялық жағдайына, ағын судың гидрологиялық тәртібiнің мейiлiнше аз өзгерілуі және жалдап үйiлген аумақтың барынша толығымен пайдаланылуы ескеріле отырып, экономикалық объектiлер үшiн аумақтың осы бөлiгiнiң маңызына байланысты осы норманың 3.2. және 3.3.-тармақтарының талаптарын есепке ала отырып таңдау керек.

Ағынды, қапталдан уақытша құйылған жағдайда, су қоймасы немесе ағынсу су кемерiнiң бойымен үзiксiз бөгетше трассасын тартқан орынды. Ағынды, қапталдан тұрақты құйылған жағдайда, жалдап үю, ереже бойынша, сала аралығы бөлiктерiнде жүргiзiледi және негiзгi ағын су мен оның салаларының жағаларындағы үйме жал бөгетшелердi қамтиды.

Ағынды асып құйылатын бөгетшелермен жалдап үйген жағдайда, барлық қорғау имараттары су тасу кезiнде су басуға жол беруi тиiс.

Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердi қорғау үшiн, бөгетшелер трассасын тарту кезiнде, мелиоративтiк шараларды ескеру қажет.

Қала шетiнде үйме жал бөгетшелердiң трассасын жүргiзудi, қорғалатын аумақтың құрылыс салуға пайдаланылуын есепке ала отырып жүргiзу қажет.

5.6. Су қоймасының немесе ағын судың ең жоғары су деңгейiнiң есептiк су деңгейiнен жоғары болуын:

- гидротехникалық имараттарды жобалаудың талаптарына сәйкес — су баспайтын бөгетшелер үшiн;

- мелиоративтiк жүйелер имараттарын жобалаудың талаптарына сәйкес, су асып құйылатын бөгетшелер үшiн қабылдау керек.

5.7. Инженерлiк қорғау жобаларын әзiрлеу кезiнде, автожолдар мен темiржолдарды тарту үшiн, үйме жал бөгетшелердiң қырларын пайдалануды қарастыру қажет. Бұл жағдайда бөгетшенiң қыры бойынша енi мен қисықтың радиусын автожолдар мен темiржолдарға қойылатын талаптарға сәйкес қабылдау керек.

Басқа жағдайлардың барлығында, бөгетше қырының енiн өндiрiс жұмысының жағдайына және пайдаланудың ыңғайлы болуына қарай мейiлiнше төмен етіп белгiлеу қажет.



5.8. Бөгетшенiң кескiнi (жайылған немесе сығылған) қолда жергiлiктi материалдардың бар болуына, өндiрiс жұмысының технологиясына қарай, жоғарғы құламада желдiк толқыту жағдайын, төменгi құламада сүзiлген ағындының сыртқа шығуын есепке ала отырып таңдалады.
Ескерту: Құламаларының биологиялық бекiтушiсi бар, жайылма кескiндi бөгетшелердiң басқа бөгетшелерге қарағанда артықшылығы басымырақ болып табылады.
5.9. Топырақтан жасалған бөгетшелердiң бетонды имараттармен жапсарлас құрылғылары:

- су өткiзушi имараттарға жоғары бъеф тарапынан судың бiрқалыпты келуiн және бөгетше денесi мен негiзiнiң және ағын су түбiнiң шайылуын болдырмай төменгi бъефтен ағынның бiрқалыпты ағып кетуiн;

- жанасу аймағында бетонды имараттармен түйiскен нүктелерден сүзiлудiң болмауын қамтамасыз етуi тиiс;

- I-III дәрежелi бөгетшелердiң жапсарлас құрылғылары зертханалық гидравликалық зерттеулермен негiзделуi қажет.



5.10. Топырақтан жасалған тегеуiрiндi бөгетшелердiң есебiн топырақ материалдарынан жасалған бөгеттерге қойылатын талаптарға сәйкес орындау керек.
Таулық каналдар
5.11. Гидравликалық есептер арқылы, ағынның есептiк жылдамдығы мүмкін шайғыш жылдамдықтан төмен, ал каналға судың толып кетуiн туғызатын қандай да бiр жылдамдықтың мәнiнен жоғары болатын таулық каналдардың көлденең қимасының параметрлерiн анықтау қажет.

Каналдар үшiн кедiр-бұдырлық коэффициентiнiң мәнiн мелиоративтiк жүйелердiң имараттарын жобалаудың талаптарына сәйкес қабылдау қажет.

Сонымен есептiк гидрологиялық сипаттамаларды “Есептiк гидрологиялық сипаттамаларды анықтау” ҚНжЕ 2.01.14-ке сәйкес анықтау керек.

5.12. Пайдалануға берiлетiн таулық каналдардың құламаларының негiзiн салуды, гидрогеологиялық және геологиялық жағдайлары ұқсас аумақта орналасқан қазiргi бар каналдар құламаларының тұрақтылығын сипаттайтын деректердiң негiзiнде қабылдау керек; ұқсастық нұсқасы болмаған жағдайда, қазындысының тереңдiгi 5 м-ден артық каналдардың құламасын гидротехникалық есептердiң негiзiнде қабылдау кажет.

5.13. Есептiк су шығынын өткiзу үшiн, таулық каналдардың көлденең қимасының пiшiнiн қорғалатын аумақта салынған құрылыстың тығыздығы мен гидрологиялық тәртібiн есепке ала отырып қабылдау керек.

Түбi мен құламаларының бекiтушiсi жоқ каналдардың еңiстiгi, жылдамдығы 0,3-0,5 м/с артық емес ең төменгi су шығынының өтуiн қамтамасыз етуi тиiс. Төсенiштерi жоқ болған жағдайда, каналдардың ең үлкен мүмкін бойлық еңiстiктерiн 0,0005-0,005-ке тең етiп қабылдау керек.

Каналдың қисықтық радиусының ең төменгi шамасы есептiк су шығынына сәйкес келетiн су кемерi бойынша есептелiнетiн каналдың екi еселенген енiнiң ұзындығынан кем болмауы тиiс.

Гидравликалық тұрғыдан есептелiнбейтiн каналдардың ең жоғары бұрылыс радиусының 25-ке дейiн жетуiне рұқсат етiледi, ал гидравликалық тұрғыдан есептелiнетiн каналдар үшiн 2-ден 10b (мұндағы b - каналдың су кемерi бойынша енi, м).

Су шығыны 50 м3/с-тан жоғары болатын каналдар үшiн, мүмкін шаймайтын жылдамдықты зерттеулер мен есептеулердiң негiзiнде қабылдау қажет.

5.14. Тереңдiгi 5 м-ге дейiн, су шығыны 50 м3/с-қа дейiн жететiн таулық каналдарды, сонымен қатар дюкер, акведуктарды мелиоративтiк жүйе имараттарын жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес жобалау қажет.
Сорғы бекеттерi
5.15. Сорғы бекеттерiн жобалау, қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

5.16. Сорғы имаратының құрамын, үйлесiмдi құрастырылуын, құрылымын тасымалданатын су көлемiнiң шамасына және жинақтаушы ыдыс жасаудың мүмкiндiгiне қарай белгiлеу қажет.

Сорғы бекеттерi мен олардың жабдықтарының түрiн, дәрежесi мен қуатын төмендегiлердi:

- есептiк су шығынын, тасымалдау биiктiгi мен су кемерiнiң тербелiсiн;

- энергия көзiнiң түрiн;

- сорғының оңтайлы пайдалы әсер коэффициентiн қамтамасыз етудi есепке ала отырып белгiлеу керек.

Сорғының түрi мен саны сорғы бекетiнiң түрiне қарай, есептiк су шығыны мен су тегеуiрiнiнiң шамасын, төменгi және жоғары бъефтердегi су қабаттары өзгерiсiнiң ауытқу аралығын есепке ала отырып белгiленедi.

Резервтік агрегатты қолданудың қажеттігі кептіруші сорғы станцияларын жобалаудың нормаларына сәйкес жобамен негізделуі тиіс.

5.17. Су қабылдағыш имараттар мен сорғы бекеттерi дара немесе бiрiккен типтi болып жасалуы мүмкiн.

Су қабылдағыш имараттар:

- су көздерiндегi судың деңгейiн ескере отырып су беру кестесiне сәйкес су алуды;

- пайдаланудың қалыпты тәртібiн және жабдықты жөндеу мүмкiндiгiн;

- құрылғыларға балықтың түсуiн болдырмауды қамтамасыз етуге тиiстi.

5.18. Сорғы бекеттерiнiң су жiбергiш имараттары су объектiлерiне суды жайлап жiберудi және ағын судың керi қайту мүмкiндiгiн болдырмауды қамтамасыз етуi тиiс.
Кәрiздiк жүйелер мен кәрiздер
5.19. Аумақты су басудың алдын алуға немесе жоюға арналған жүйелердi жобалау кезiнде, осы норманың талаптарын, сонымен қатар топырақ материалдарынан жасалған бөгеттерге қойылатын талаптарды ескере отырып, жер асты және жер бетi суларынан тау кен орнын қорғау бойынша талаптарды орындау қажет, ҚНжЕ 2.06.14 және ҚНжЕ 2.04.03.

5.20. Кәрiздiк жүйелердi жобалағанда, су бұруды судың өздiгiнен ағып кетуi арқылы қамтамасыз ететiн кәрiздiк жүйелерге басымдылық берiледi. Суды мәжбүрлеп тасымалдайтын кәрiздiк жүйелер, қосымша негiздеудi қажет етедi.

Көлденең, тiк және күрделi кәрiздердi пайдаланудың қажеттiгi аумақтың гидрологиялық жағдайына байланысты шешiледi.



5.21. Кәрiздiк жүйе елдi мекендердiң аумағында осы норманың талаптарына сәйкес, ал ауыл шаруашылығы жерлерiнде мелиоративтiк жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкес қорғау шарттарымен көзделген топырақтық судың деңгейлiк тәртібiн қамтамасыз етуге тиiстi.

5.22. Кәрiздiк жүйелердi қолдануды ыза суларының су теңдестiгiн, ал құрғақ белдемдер үшiн, сонымен қатар тұз теңдестiгiн зерттеудiң нәтижесiнде негiздеу қажет.

Бiр сатылы жобаларда, осы норманың 1.8-тармағында көрсетiлген су басудың себептерi мен салдарларын есептеу мен талдауды жүргiзу қажет. Екi сатылы жобаларда геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер деректерiнiң және жобалаудың бiрiншi сатысында қорғалатын аумақты игерудiң өрiстiлiгi мен құрылыстың сипатын ескере отырып алынған зерттеу нәтижесiнiң негiзiнде кәрiздiк желiнiң жоспардағы орнын, жатыс тереңдiгiн және жекелеген кәрiздiк сызықтардың өзара беттесуiн анықтау керек.

Таңдалынып алынған кәрiздер сұлбалары үшiн гидрогеологиялық есептеулермен:

- жағалаулық, басты және басқа да кәрiздердiң бөгетшеге немесе iргетастың шекарасына қатысты шығымының ең төменгi мәнге ие болу шартына орай оңтайлы орналасуы;

- кәрiздердiң қажеттi жатыс тереңдiгi мен олардың арасындағы арақашықтық, кәрiздiк сулардың шығыны, соның iшiнде тасымалдануға тиiстi су шығыны;

- қорғалатын аумақтағы құлдырау қисығының орны айқындалуы тиiстi.



5.23. Көлденең кәрiздi ашық орлық немесе орсыз әдiспен орналастыру экономикалық жағынан тиiмдi болуы тиiс. Жер бетiнен 4 м тереңдiкке дейiн ашық көлденең кәрiздер жайғастырылған жағдайда, топырақтың тоң қату тереңдiгiн, сонымен қатар оларды шөп басып кету мүмкiндiгiн есепке алу қажет.

5.24. Тiк кәрiз қолданылатын барлық жағдайларда оның су қабылдаушы бөлiгiн су өткiзгiштiгi жоғары топырақ қабатына орналастыру керек.

5.25. Ашық кәрiздеу каналдары мен орларын, ауданның едәуiр бөлiгiн тығыздығы шамалы бiр-, екiқабатты құрылыстар алып жатқан аумақты құрғату қажет болған жағдайларда, орналастыру қажет. Оларды сонымен қатар, жер бетi коммуникацияларын су басудан қорғау үшiн де қолдануға болады.

Ашық (орда) көлденең кәрiздеудi есептеудi, оны таулық каналдармен немесе су әкетушi жүйелердiң коллекторларымен бiрiктiрудi есепке ала отырып жүргiзу қажет.

Бұл жағдайда ордағы кәрiздiң кескiнiн, аумақты өздiгiнен ағу жолымен құрғату кезiндегi беткi ағындының есептiк су шығыны бойынша iрiктеп таңдау қажет.

Ашық кәрiздеу жыралары мен орлардың құламаларын бекiту үшiн бетонды немесе темiрбетонды, болмаса тас толтырылған нобайды пайдалану керек. Нығайтылған құламаларда кәрiздеу тесiктерiнiң болуы қарастырылуы тиiс.

Жабық кәрiздерде сүзгi немесе сүзу төсемi ретiнде құм-малтатас қоспаларын, керамзиттi, қож, полимер және тағы басқа да материалдарды пайдалану қажет.

Кәрiздiк суларды каналдар мен орлар арқылы өздiгiмен ағызып бұру керек. Су тасымалдайтын сорғы бекеттерi бар сужинағыш резервуарларды орнату, қорғалатын аумақ рельефiнiң белгiсi, қорғалатын аумақтың беткi сулары бұрып жiберiлетiн жақын маңда жатқан су объектiлерi суының деңгейiнен төмен жатқан жағдайда ғана орынды болмақ.



5.26. Кәрiздiк құбыр ретiнде керамикалық асбесцементтi, бетонды, темiрбетонды немесе поливилхлоридтi құбырларды, сонымен қатар кеуектi полимербетоннан жасалған сүзгi құбырларды пайдалану қажет.

Бетонды, темiрбетонды, асбесцементтi құбырларды, сондай-ақ кеуектi бетоннан жасалған сүзгi құбырларды тек қана бетонға қарсы бұзғыш керi әсерiн тигiзбейтiн топырақтар мен суларда қолдану керек.

Берiктiк шарты бойынша құбырларды сүзгi төсемiн төсеп, орларда көму арқылы келесi ең жоғары тереңдiктерде (м) орналастыру керек:


Керамикалық:










кәрiздiк

диаметрі 150-200 мм

…..3,5





300 “

.....3,0

канализациялық



150 “

.....7,5





200 “

.....6,0





250 “

.....5,5





300 “

.....5,0

бетондық



200 “

.....4,0





300 “

.....3,5

Сүзгi құбырлы кәрiздердiң шектi жатыс тереңдiгiн бұзғыш жүктемеге қатысты анықтау қажет.



5.27. Асбесцементтi, бетонды және темiр бетонды құбырлардың бетiндегi су қабылдаушы тесiктердiң саны мен өлшемiн, есептеу жолымен анықталатын тесiктердiң су өткiзу қабiлетiне және кәрiздiң шығынына қарай анықтау керек.

Кәрiздiк құбырларды айналдыра сүзгi ретiнде құм-малтатас төсемдердiң төселуi немесе олар жасанды талшық материалдардан жасалған орауышпен тысталуы тиiс. Құм мен малтатастың қалыңдығы мен гранулометриялық құрамын «Тау кен орындарын жер асты және жер бетi суларынан қорғау» ҚНжЕ 2.06.14-85-тің талаптарына сәйкес жүргiзiлген есептеулер арқылы таңдау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет