Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


ШАХТАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢЫ МЕН ШАХТАЛЫҚ ОҚПАНДАРДЫ ӨРТТЕН САҚТАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет2/4
Дата19.06.2016
өлшемі466 Kb.
#145897
1   2   3   4

6 ШАХТАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢЫ МЕН ШАХТАЛЫҚ ОҚПАНДАРДЫ ӨРТТЕН САҚТАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

6.1 Шахтаның жоғарғы бетінде өрт құбырларын ажырату, сыртқы өртті сөндіруге кеткен су шығыны, суіркуіш құрылыс және насосты станциялар қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келуі керек.

6.2 Жерасты өртті сөндіруге арналған судың өртке қажетті қоры резерві ретінде деңгей жиектердіңсутөкпе қондырғыларының сужинағышы қолданылуы тиісті. Бұл сужинағыштарда әрдайым бақылаудағы су қоры болады, су қоры мөлшерін шахтаның техникалық жетекші белгіленуі керек. Егер жоба арқылы сутөкпе қондырғыларының насостарын пайдалану қарастырылған болса, олардың сипаттамалары желі сипаттамасына сәйкес келуі керек.

6.3 Соғылып жатқан шахталарда оқпандарды ұңғымалау аяқталар кезде жоғарғы беттегі өртке қарсы су қоймалары іске қосылады.

6.4 Оқпандарды өрттен сақтандыру үшін шахта үстіндегі ғимараттарда «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне қатысты өрт крандары орнатылады.

6.5 Барлық тік және көлбеу оқпандар мен шурфтардың алдына су жібергіші бар орамды құбырлар орнатылады. Тік оқпандар алдындағы орамды құбырлар жоғарғы жер бетіндегі өртке қарсы су құбырларымен тікелей жалғасады. Орамды су құбырларына су жіберуге арналған жапқыштар, оқпан немесе шахта үстіндегі ғимараттағы өрт кезінде жанғыш заттар түсуі мүмкін болатын ғимараттардан тыс жерге орнатылуы қажет. Ұңғыма аузындағы орамды құбырлар біріктіретін бастан тұратын бетке шығатын қашықтықтарға ие болады.

6.6 Шахталық копр, өрт кезінде тегершікті және тегершік астындағы алаңдарды суландыру мақсатында суландырғышқа су жіберуге арналған, құрғақ трубалы құбырлармен жабдықталуы тиіс.

6.7 Мұнаралық копрлардың айтарлықтай өрт қауіпті ғимараттары (майстанциясы, трансформаторлық подстанциялар, май толтырылатын құралдары бар таратқыш құрылғылар және т.с.с.) автоматты өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталынуы тиіс.

6.8 Шахталарда автоматтандырылған құрылғылар мен тау-кен өнімдерін, нысандарды, көліктерді, жабдықтар мен жұмыс орындарын қорғайтын апат жағдайларына қарсы жүйелер жұмыс істеуі керек, сонымен бірге жұмысшыларды қорғайтын құралдар, апаттық жағдайларды дер кезінде анықтайтын, зиянды және қауіпті өндірістік факторларды жоятын әдістері қарастырылуы тиіс. Мәліметтерді жинау қызметін атқаратын қайтадан жаңартылған автоматтандырылған жүйелер шахта жұмыскерлерінің жиналған мәліметтерге қолы жетімсіз болуын қамтамассыз етуі керек.

6.9 Тау-кен жұмыстарын жобалау кезінде апат жағдай болған уақытта, құтқарушылар келгенше және апаттық жағдайды алдын алу, құтқару жұмыстары аяқталғанша жұмыскерлердің қауіпсіз жерге барып орналасуын қарастыру қажет.

6.10 Жобалық ұйым шахтаның және оның нысандарының құрылысы, пайдалануы және алдын алуы кезінде жобалық шешімдердің орындалуы бойынша авторлық бақылау жүргізуі тиіс.

7 ЖЕРАСТЫ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
7.1 Әр шахта үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңдылығымен, ұсынылған құрылыс нормаларымен бекітілген құжаттама өнделіп, жүргізілуі тиіс.

7.2 Барлық шахталарда жыныстардың таулы соққыларға икемділігін анықтайтын жұмыстар жүргізілуі керек.

7.3 Жобадан және қауіпсіздік ережелерінен ауытқыған жаңа, қайта жөнделген шахталарды, горизонттарды және басқа да нысандарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

7.4 Барлық шахталарға, құрылысы және пайдалануы кезеңінде, Апаттық-қорғау қызметтері немесе Апаттық-қорғау құралымдары қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсету тәртібі, дислокациясы, Апаттық-қорғау қызметтерінің бөлімшелерінің құрылымы (Апаттық-қорғау құралымдары), олардың саны Апаттық-қорғау қызметтерінің уәкілетті органы ұйымының басшысының шешімі арқылы анықталынуы тиісті.

7.5 Әр ұйымдарда келесі құжаттамалар бекітіліп, өнделеді:



  • «Өндірістік бақылау жөніндегі жағдайлар», барлық қызмет тұлғаларының жұмыстарын, тау-кен шахта жабдықтарының пайдаланылуын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамассыз ету жұмыстарын бақылайтын құжат;

  • Технологиялық регламенттер – технологиялық үрдістердің қауіпсіз орындалуы бойынша жергілікті жағдайларды ескеретін, шахтаның техникалық басшысымен бекітілген сілтемелер;

  • Өндірістік қауіпсіздік бойынша жалпы ережелер талаптарына сәйкес апатты жою жоспары.

Тұлғалардың апатты жою жоспарымен танысуы шахтаның техникалық басшысы жетекшісімен жүргізіледі.

7.6 Жерасты жұмыстарымен айналысып жатқан тұлғаларға пайда болған апаттық жағдай туралы хабарды жеткізу, телефон байланысынан басқа, әр тұлғаға жеке апаттық сигнал беру жабдығы орнатылуы тиіс (қатты дыбыс беретін, жарық және басқа да сигналдар).

7.7 Қазбаларда келесі жағдайларда жұмыстың орындалуына жұмыскерлерге рұқсат етілмейді:


  • негізгі жұмыс орнынан алыстағанда, екі жұмысшыдан кем емес, оның ішінде біреуі аға жұмысшы;

  • қауіпсіздік нормалары мен талаптары бұзылған орындарда, егер анықталған бұзылуларды жою жұмыстарын орындауға баратын жұмыскерлерден басқа.

Негізгі жұмыс орнынан алыстаған қазбалардың тізімі жарты жыл сайын шахтаның техникалық басшысымен бекітіледі.

7.8 Басқару жұмыскерлері мен шахта мамандары тау-кен жұмыстарының дұрыс орындалуын және қауіпсіздік жағдайын бағалау үшін жерасты жұмыстарын жүйелі түрде бақылап, өздері барып тұруы қажет болып саналады.

7.9 Әр қазбаларда жарылыс пен желдетуден кейін бақылаушы тұлға қазбаның қауіпсіз орнатылуын, төбенің, жан жақты іргелердің беріктігін, алдын ала қорғаныс құрылғыларының дұрыстығын, желдету әсерін, құралдардың, механизмдердің және жабдықтардың жөнделгенің туралы тексеріп шығуы керек. Қазбаларда жұмыстардың қайтадан жүруі үшін еңбек жағдайына қауіпсіз шаралар қабылдануы тиіс.

Егер анықталған бұзылуларды жөндеу мүмкін емес жағдайда бақылаушы тұлға жұмыс өндірісіне жұмыскерлерді жібермейді, сонымен бірге бұл жағдай туралы өзінің басшысына немесе шахта диспетчеріне хабарлайды.

7.10 Жерасты қазбаларында, шахта бетіндегі ғимараттарда шылым шегуге, өрт туғызатын заттарды, газ немесе шаң бойынша қауіпті заттарды қолдануға тиым салынады.

7.11 Жарылыс жұмыстарының өндірісі, жарылғыш материалдарды сақтау, тасымалдау және есептеу «Жарылыс жұмыстары кезіндегі өндірістік қауіпсіздік ережелері» нормалары талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

7.12 Құбырларды, арматураларды, бұрғыларды және басқа жабдықтарды, материалдарды және құралдарды тасымалдау кезінде олардың электр сымдарымен, электр өткізгіш кабельдерімен байланысын болдырмайтындай етіп жүргізілуі тиіс.

8 АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
8.1 Барлық шахталарда жұмыстардың жүру қауіпсіздігі, сонымен қатар апаттар, қайғы жағдайларды және кәсіби ауруларды алдын-алу бойынша нормалар мен ережелер заңдылығы қарастырған шаралардың жүргізілуі қамтамассыз етілуі тиіс.

8.2 Егер тау-кен қазбаларын өндеу кезіндегі жұмыстар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, мұндай жұмыстардың жүруіне тиым салынады.

8.3 Өнеркәсіптік қауіпсіздік және тау-кен қазбаларын өндеу кезіндегі жұмыстар кезіндегі өндірістік санитария бойынша нормалар мен ережелердің сақталуын бақылайтын Мемлекеттік бақылау өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарымен және санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау бойынша уәкілетті органдарымен жүреді.

8.4 Тау-кен қазбаларын өндеу кезіндегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету бойынша негізгі талаптарға келесі жағдайлар жатады:



  • жұмыс орнына арнайы дайындығы мен квалификациясы бар тұлғаларды жіберу, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға – арнайы кәсіби мамандығы бар тұлғаларды жіберу;

  • тау-кен және бұрғылы жұмыстарға арнайы киімі бар, жеке құралдармен және ұжыммен қорғанысы бар тұлғаларды жіберу;

  • қауіпсіздік талаптарына, санитарлы ережелерге және тазалық нормалар талаптарына сәйкес көліктерді, жабдықтарды және материалдарды қолдану;

  • жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарын дұрыс сақтар, есептеу, сонымен қатар оларды қауіпсіз және дұрыс қолдану;

  • технологиялық жұмыстарды қамтуға және апат жағдайларды болжауға, уақытында қауіпті аймақтарды анықтап, оларды жоспарға енгізу үшін қажетті геологиялық, маркшейдерлік және басқа да бақылау кешендерін жүргізу;

  • кен орындарындағы атмосфераға жүйелік бақылау жүргізу, ондағы оттегінің, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен шандардың құрамын анықтау;

  • уақытында техникалық құжаттама мен қауіпсіз жұмыстар жүргізу аймағын нақтылайтын апаттар қауіпін жоятын жоспарларды құру;

  • қатты пайдалы қазбалар орындарын өндейтін жобалық жүйелерді, мұнай, газ және жерасты суларының орындарын өндеу жобалары мен технологиялық схемасын сақтау;

  • кенеттен газдың шығуын, судың атқылауын, пайдалы қазбалар мен жыныстардың көрінуін, сонымен қатар таулы соққыларын болжау және алдын алу бойынша арнайы шараларды жүргізу.

8.5 Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп келтіретін жағдайда шахта басшысы міндетті түрде жұмыстарды тоқтатуға керек, адамдардың қауіпсіз жерге жеткізілуін қамтамасыз етуін жүзеге асыруға міндетті.

9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
9.1 Тау-кен өндірісіндегі нысандарды пайдалануға еңгізу, құрамында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы бар қабылдау комиссиясының актісі бойынша жобада қарастырылған барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалуы жағдайында жүргізіледі.

9.2 Экологиясы қауіпті тау-кен өндірісіндегі нысандарда жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру табиғатты қолдану бойынша өнделген арнайы жағдайларға сәйкес жүреді.

9.3 Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелердің және инструкцияның бұзылуын немесе адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін, сонымен бірге қоршаған ортаны ластайтын жағдайларды айқындаған жұмыскер міндетті түрде бұл жағдайды жою немесе алдын алу бойынша шаралар қолданып, диспетчерге немесе басшыға айтуы тиіс.

9.4 Табиғатты қолданушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны ластайтын апаттар әсерінен зиянды заттардың шашылуы мен шығуын анықтаған уақыттан бастап екі сағат ішінде хабар беруі керек.

9.5 Жерді қолданушы міндетті:


  • жұмыстардың жүргізілуі үшін халықаралық тәжірибеде қолданыс тапқан, стандарттарға негізделген тиімді әдістер мен технологиялар таңдауға;

  • технологиялық схемалар мен жұмыстардың жүргізілуі үшін жердің тиімді қолданылуын, жұмыскерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жобаларды сақтауға.

9.6 Жерасты тау-кен қазбаларын жобалау кезінде қолданыстағы және жобаланатын нысандардың қорғанысын қамтамассыз ететін және оларды тау жыныстары жылжуы үрдісі кезінде зиянды жерасты өнімдерінен қорғау шаралары анықталынуы тиіс.

9.7 Қауіпті деформация аймағына түсетін нысандар осы аймақтан алынып тасталуы немесе тау-кен өнімдері зиянды әсерінен қорғалуы керек.

Нысандарды қауіпті деформация аймағынан алып тастау немесе оларды осы аймақта қалдыру шешімі тау жыныстарының және жер беті жылжуы үрдісінің дамуы жөніндегі мәліметтерін болжау арқылы, сонымен қатар техникалық-экономикалық есептеулер арқылы анықталынады.

9.8 Жобаланатын үймеретті тау-кен өнімдері әсер ететін қауіпті аймақтан тыс орналастырады. Егер жобада үймеретті қорғау шаралары сәйкесінше қарастырылса, онда үймеретті тау-кен өнімдері әсер ететін қауіпті аймаққа орналастыру рұқсат етіледі.



10 СУ МЕН ГАЗДЫҢ ӨТУІ ҚАУІПІН АЛДЫН-АЛУ
10.1 Суға батырылған қазбалар немесе басқа да су нысандары бар, сонымен қатар улы және жанғыш газдар жиналған қазбалар бар шахталарда су мен газдың өтуі қаупі бар қауіпті аймақтар анықталынуы қажет.

Су немесе сұйық саз анықталған тұнбаланған қазбалар батырылған қазбаларға теңестіріледі.

10.2 Қауіпті аймақтар шекарасын анықтау жобасын шахтаның маркшейдерлік және геологиялық қызметі жасайды, олар қауіпті аймақтарды дер кезінде анықтайды, ескеріледі және маркшейдерлік құжатқа жазылуы керек.

10.3 Ұйымның бас мракшейдері шахта маркшейдерінің суға батырылған қазбалардың, улы және жанғыш газдардың жинақталуы мүмкін қазбалардың, қауіпті аймақтардың контурларының маркшейдерлік құжатқа толық және дұрыс жазылуын тексереді; егер жоба бойынша қарастырылған болса барьерлік (сақтандырғыш) тіреулердің дұрыс тұрғызылуын тексереді.

10.4 Қауіпті аймақтардағы батырылған қазбалардан суды ағызып жіберу үшін атқарылатын және қазбаларды газсыздандыру бойынша тау-кен, бұрғылау жұмыстары ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген жобаға сәйкес жүргізіледі.

10.5 Жобаларда қазбалардың суы мен газының жарылуынан сақтандыру және қауіпсіздік жұмыстары бойынша шаралары, тау-кен қазбаларының ұңғылануының кезегі, дренаждық және тірек үңғымаларының кезегі мен олардың өлшемдері қарастырылуы керек; белгіленген кен қазбаларының, ұңғымалардың және ойыстардың орның анықтау, батырылған қазбалардан суды ағызып шығарылуын бақылауды ұйымдастыру, газ режимінің сақталуын, газдың кен қазбаларына түсу мүмкіндігін және сутөкпе құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қарастырылу қажет.

10.6 Қазбаларға су, қорыс, газ өтіп кетуі қаупі бар учаскелерде кен қазбалары жұмысын жүргізу кезінде алдыңғы қатарлы барлау ұңғымаларын бұрғылау жұмысы жүргізілуі тиіс.

Алға озып отыратын ұңғымаларды бұрғылау бақылаушы тұлғаның тікелей қатысуымен жүргізіледі.

10.7 Қазбаларда су қоймаларына жақындағанын білдіретін белгілер, қазбаларға су, қорыс, газ немесе жыныстар қалдығы өтіп кетуі қаупі анықталған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізілгенге дейін жұмыстар тоқтатылуы керек.

10.8 Суасты туннельдерін ұңғымалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасында мұндай құрылыстардың нақты ерекшеліктерін ескретін қауіпсіздік шаралары әзірленуі керек.

Өзен арнасы және су қоймалары астында туннель өткізу туннельдің дайын бөліктеріне су толып кетуіне қарсы немесе топырақпен көміліп қалуына қарсы апаттық құрылғылар мен адамдарды апаттық забойдан тез шығаруға арналған құрылғылар (құтқару көпірлер мен экрандары) болған жағдайда рұқсат етіледі.

10.9 Су мен газдың өтуінің алдын-алу, қауіпті аймақтарда барлық тау-кен жұмыстарын жүргізу бойынша жүргізілетін іс-шаралармен қатар жобаларда келесі талаптар қарастырылуы қажет.

Учаскелерді бақылаушы тұлғалар бекітілген жобамен қол қоя отырып таныстырылады:


  • қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін барлық тұлғалар өзімен бірге сақтандырушы өзін-өзі құтқару киімімен жабдықталады және «Нұсқаулық журналына» қол қоя отырып су мен газ өтіп кеткен жағдайдағы қауіпсіздік шараларымен таныстырылады;

  • адамдар жүруге арналған өту жолдары жарықтандырылған, ыңғайлы және су мен газ өткен жағдайда шығуға қауіпсіз, байланыс және белгі беру құралдарымен жабдықталған;

  • электроқұралдар қоршалған немесе су өтіп кеткен жағдайдан сақтану мақсатында көтеріңкі орнатылған.

10.10 Бекітілген жобада қарастырылған жұмыстар мен шараларды орындауды шахтаның техникалық жетекшісі қамтамасыз етілуі керек.

10.11 Суды ағызу және улы және жанғыш газды жою бойынша жұмыстар жұмыс орнында, міндетті түрде, шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен жауапты тұлғаның болуы керек.

Озыңқы ұңғыманы бұрғылау кезінде әрдайым вентиляциялық бақылаудың қызметкері қатысып отырады, ол ұңғымалардың орналасуы мен бағытын, қазбадағы газ құрамын бақылап отырады және «Озыңқы бұрғылау өндірісінің журналын» жүргізеді.

10.12 Су сақтағыш және суландырылған кен орындарын әзірлеу белгіленген тәртіпте бекітілген жоба бойынша жүргізіледі.

10.13 Барьерлік кентірек немесе сақтандырғыш кентірек аумағынан тыс жерде тау-кен жұмыстарын жүргізу, жерасты қазбаларына су кіріп кетуді болдырмау үшін тек батырылған қазбалардан суды ағызғаннан кейін немесе жер бетінде орналасқан су қоймаларынан суды кен орнынан тыс жерге ағызғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Барьерлік кентірек немесе сақтандырғыш кентіректі су қоймаларынан суды алдын ала ағызбай тұрып ішінара пайдалану үшін ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жоба бойынша, аттестатталған ұйымның шешімі болған жағдайда рұқсат етіледі.

10.14 Қазбалардың забойында жанғыш немесе улы газ анықталған жағдайда оларды өлшеу газохиманализатордың көмегімен жедел-әдіспен және химиялық сараптама жасау үшін авариялық қорғау қызметі қызметкерлері сынама алу арқылы жүргізіледі.

10.15 Бақылау ұңғымасы және сусақтағыш деңгейжиекпен қиылысатын ұңғымалардан басқа барлық ұңғымалар тығындалуы керек.

Бұрғылау жұмыстарын жүргізіп отырған ұйым геологиялық есеп жасайды, онда топографиялық жоспарда және координаттар каталогтарында құйылыстардың, забойлар мен кен орындары және қазбалардың барлық бұрғы ұңғымаларымен қиылысқан тұстарының орналасуын көрсетеді. Геологиялық есептің бір данасы ұйымда сақталады, ол шахталарға оларға қатысты геологиялық барлау мәліметтерін хабарлайды.

10.16 Әрекеттегі кен қазбаларын су, қорыстар немесе қойыртпақтар басып қалу қаупі туып тұрған жағдайда шахталардың құрылысын жасау және іске қосу кезінде оқпан жанындағы алаңдар және басты сутөкпе құрылғылар шахтаның басқа қазбаларынан судың, қорыстар мен қойыртпалардың мүмкін болар максималды қысымына есептелген су өтпейтін бөгеттермен қоршалуы керек.

10.17 Бір кен орнында орналасқан бір шахта немесе шахталар тобы басқа шахталарға мүмкін болар су басып қалу немесе газдану қаупін тудыратын болса шахталық алаң шекарасында, көлемі ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жоба бойынша белгіленетін барьерлік кентіректер қалдырылуы керек.

10.18 Тік және көлбеу шахталық оқпандардың, шурф, ұңғымалар құйылысы жоғарғы жер бетіндегі су солар арқылы кен қазбаларына өтіп кетпейтіндей етіп жабдықталады. Әрекеттегі кен қазбаларымен байланысы бар сөндірілген қазбалар құйылысы жер беті суларымен толып қалуы мүмкін болған жағдайда, әрекеттегі қазбаларға сөндірілген қазбалар арқылы су өтіп кетпеуін болдырмайтын іс-шаралар жасалады.

10.19 Тау-кен жұмыстарының әсерінен туындаған жердің құлауы мүмкін аймақтар, ашық сызаттар, жауын және тасқын суларды ағызатын және олардың кен қазбаларына өтіп кетуінің алдын-алатын, су бұрғыш арықтармен қоршалуы тиісті.

10.20 Өзендерді және басқа да су қоймаларын дайындау аталған бассейн немесе кен орны бойынша құрылыстарды кен қазбаларының залалды ықпалынан қорғау бойынша ережелері мен нұсқауларына сәйкес жүргізілуі керек.

10.21 Су басқан тік және көлбеу қазбалардан суды сорып алу кезінде осы қазбалардың желдетілмейтін бөліктерінің атмосферасының жағдайы тексеріледі. Алған ауаның сынамасы СО, СО2, СН4, H2S, O2 және Н2 зерттелуі керек.

10.22 Жанғыш және улы газ бөлінуі мүмкін шахталарда тау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымның техникалық жетекшісімен әзірленіп, бекітілуі керек.

Бұл шахталарда шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен форма бойынша журнал жүргізіледі, оған:

1) газдың бөлінуі болған оқиғалардың барлығы туралы мәлімет жазылады, онда газдың бөлінуіне себеп болған белгілер көрсетіледі;

2) қыртыстар мен кеннің орны элементтерінің барлық бұзылуы (сброс, қозғалуы, сығылуы т.б.) жазылады;

3) пайдалы қазбалар мен жыныстардың құрылымы мен беріктігінің тез өзгеруі жазылады.

Журналға жүйелі түрде жазылатын, геологиялық қима, кен орны жопары, 1:2000 масштабында тау-кен жұмыстарының жоспары қоса беріледі. Жоспарда барлық геологиялық ауытқулар, көрші қыртыстардың (кен орны) ойығының контуры, газ бөлінген орындар, құрылымы бұзылған және беріктігі төмендеген қыртыстар (кен орны) аумақтары.

11 ЖЕРАСТЫ ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫН МАРКШЕЙДЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
11.1 Шахталардың құрылысын салу, реконструкциялау және пайдалану кезінде жерасты жұмыстарын маркшейдерлік құжаттардың барлық түрімен және тау-кен жұмыстарының сапалылығын және қауіпсіздігін, қазба байлықтарын пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету үшін барлық шахталарда маркшейдерлік қызмет ұйымы арқылы ұйымдастырылуы керек.

11.2 Шахталарда маркшейдерлік жұмыстардың барлық түрлері «Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша нұсқаулық» талаптарына, осы құрылыс нормаларына сәйкес орындалуға тиісті.

11.3 Әр шахтада маркшейдерлік құжаттардың кешені жүргізілуі керек (алғашқы, есептеуші және графикалық). Маркшейдерлік құжаттардың негізгі кешенінің құрылуы, толықтыру мерзімі, мазмұны, есепке алынуы, сақталуы және стандартталуы маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптармен регламенттеледі.

11.4 Маркшейдерлік қызмет келесі негізгі қызметтерді жүзеге асырылуы керек:

1) шахталарды, жерасты нысандарын соғу кезінде жобаларды шындыққа айналдыру, кен қазбаларына бағыт беуі және жобаға сәйкес олардың ұңғымаларын маршейдерлік қамтамасыз етуді жүргізу, шахталық көтергіш құрылғылардың геометриялық элементтерін тексеру, олардың орнатылуының, шахталық оқпандардың арматуралануының дұрыстығын тексеру, шахтаны, жерасты нысандарын пайдалану үшін қажетті маркшейдерлік құжаттарды әзірлеу;

2) кен орнын пайдалану кезінде жоғарғы бетін және кен қазбаларын алуды жасау, шахталарға қажетті жоспарлы-графикалық материалдарды әзірлеу, кен қазбаларына бағыт береді және жобалық бағыттың сақталуын, көлденең қимасы мен бағытының сақталуын бақылау; геологиялық қызметпен бірлесе отырып cу, улы және жанғыш газ басуы қаупі бойынша қауіпті аймақтардың шекарасын белгілеу жобасын құру, соған сәйкес қауіпті аймақтарды анықтайды, ескереді және графикалық маркшейдерлік құжатқа енгізеді, қауіпті аймақтарда тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде су мен газдың жарылуының алдын-алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды; тау жыныстарының қозғалысын және тау қысымының білінуін бақылайды, құрылғыларды, табиғи нысандарды және кен қазбаларын тау-кен жұмысытарының залалды әсерінен сақтау бойынша іс-шараларды құруға қатысады және олардың орындалуын бақылайды; тау-кен жұмыстарын жоспарлауға және кен орындарын дайындау бойынша негізгі мәселелерді шешуге қатысу;

3) тау жыныстарының және жер бетінің жылжуы процесін, қазбалардың деформациясын инструменталды бақылауды жүргізу және түсіру, сонымен қатар жоғарғы қабаттағы ғимараттар мен құрылыстарды «Күндізгі жоғарғы бетті, ғимараттар мен жерасты құрылыстардың жылжуын бақылауды тіркеу журналына» жазу.

11.5 Арнайы әдістерді, құралдарды және техникалық құралдарды қолдануды талап ететін маркшейдерлік жұмыстарды аттестатталған ұйымдар жүргізуі керек.

11.6 Оқпанды тұрғызу жұмысын жүргізетін ұйымдар ұйымның «Маркшейдерлік және геологиялық қызмет ұсынысы журналын» жүргізеді, маркшейдерлік және геологиялық қызметтің жауапты тұлғалары анықталған жобадан ауытқушылықтарды, сонымен қатар олардың құзіретіне жататын қауіпті аймақтардың болуын, басқа да ескертулерді жазады.

11.7 Жобада көрсетілген және қазбаны ұңғылау процессінде анықталған геологиялық ауытқулар, сонымен қатар жыныстардың құлауы, ағымдағы массалар шығуы және жерасты суының тесіп өтуі орын алған орындар маркшейдерлік жоспарға (қимаға), күні ман саны көрсетіле отырып жазылады.

11.8 Маркшейдерлік жұмыстар геодезистік және маркшейдерлік жұмыстардың жобасына сәйкес орындау қажет.

Жұмыс басында орындаушы жұмыс ауданын мұқият тексереді, оның қауіпсіздігіне көз жеткізеді және қажет болғанда тиісті шаралар қолданады.

Геодезиялық-маркшейдерлік жұмыстар кем едегенде екі адамнан құралған бригадамен жүргізіледі. Жерасты полигонометрия төсеу бойынша жұмыстар атқарылып жатқан кезде маркшейдерлік жұмыстар технологиялық транспорттың кен қазбаларындағы қозғалысы тоқтатылғаннан кейін жасалады.

11.9 Жерасты қазбалары забойының маңындағы барлық бөлшекті және негізгі маркшейдерлік жұмыстар тау-кен жұмысы шеберінің рұқсатымен ғана жасалуы керек, ол осы жұмыстардың қауіпсіз орындалуына жағдай жасайды.

11.10 Жерасты қазбаларында лазерлі аспаптармен жұмыс істеуге келесі талаптарды орындаған кезде ғана жол беріледі:

1) бөлшектеу жұмыстар үшін қауіптілігі бірінші класты лазер қолданылады;

2) жұмыс орындарында қауіпті және залалды факторлар деңгейі әрекеттегі санитарлық ережелер мен нормалар көлемінен аспау;

3) лазерлік сәулелену әрекеті аймағына лазерлік қауіптілік белгісі қойылады. Оптикалық аспаптармен жұмыс орнына қызметкерлердің болуына жол берілмейді.

11.11 Жер үсті қабатына тұғырлық геодезиялық пункттерді қауіпті аймақтар ішіне және көлік көп жүретін, тиеу, түсіру жұмыстары жүргізілетін, материалдарды қоймалайтын орындарда, электр тасымалдайтын жоғары вольтты желілер аймағында салуға жол берілмейді.

11.12 Кабельдерге, газ құбырларына және басқа да жерасты коммуникацияға жақын жерлерге геодезиялық белгілер коммуникация иесі – ұйымның өкілінің қатысуымен орнатылуы тиісті.

11.13 Ғимарат қабырғасына орнатылған дефармациялық репер қалдықтарын өлшеу жүргізуден бұрын жұмысшыларды жиналған қардың, мұз және басқа да заттардың шатыр мен қабырғадан құлауының алдын-алатын шаралар қолданылады.

11.14 Шахта оқпандарында тіктеуіш қолданатын жұмыстар жоғарғы және төменгі деңгейжиекте жұмыс істеу үшін жасақталған екі бригаданың жұмыстары толық тоқтатылғаннан кейін ғана жасалынуы керек. Осы арада жоғарғы деңгейжиек бригадасының жетекшісі жетекші болып табылады. Бригадалар арасында берік байланыс орнатылады.

11.15 Рассечка және фурнельде маркшейдерлік жұмыстар жүргізіліп жатқан уақытта, осы қазбалардағы барлық басқа жұмыстар тоқтатылуы керек.

11.16 Шахталық оқпандардың көтеру кешенін тексеру кезінде көтергіш машина машинисті мен түсірілім жасап жатқан адам арасында тұрақты радио байланыс қамтамасыз етілуі керек.

11.17 Шахталық оқпан және бастаушы қабырғасының орналасуын шахтаның бас маркшейдері немесе мамандандырылған ұйыммен тексерілуі керек. Бір қалыпқа келтіруді тексеру мерзімі мен әдісін әр оқпан үшін ұйымның техникалық жетекшісі белгілейді, бірақ үш жылда бір реттен кем емес. Белгілі қалыпқа келтіру нәтижесі маркшейдерлік құжатта көрсетіледі және ұйымның техникалық жетекшісіне хабарланады, ол тік қимада анықталған жобадан ауытқушылықты жою бойынша қажетті іс-шаралар туралы өз нұсқауларын белгілейді.

ӘОЖ 622.272.001.2(083.75) МСЖ 93.020




Түйін сөздер: жерасты тау-кен қазбалары, тік оқпан, түйісу, тау жыныстарының төзімділігі, тау-кен қысымы.

ЕСТЕЛІКТЕР ҮШІН



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет