17.2 Жалғау және қоректендіруші желілерін тартуға қойылатын қауіпсіздік талаптары
17.2.1 Телефон және бақылау шоғырсымдарымен орындалған жалғау желілерінде
шоғырсым желілерінің және жалғау қораптарының клеммаларының резервті қоры кемінде
10% бойынша болуы керек.
17.2.2 Өрт қабылдау-бақылау аспаптарының, өрт басқару аспаптарының және
олардың функционалды блоктарының және компоненттерінің электрмен жабдықтау
желілері, сондай-ақ автоматты өр сөндіру қондырғыларымен басқарудың, түтінді кетіру
немесе хабарландырудың жалғау желілерін өзіндік сымдармен және шоғырсымдармен
орындау керек.
Оларды жарылу қауіпті және өртке қауіпті үй-жайлар (аймақтар) арқылы транзитпен
жүргізуге рұқсат етілмейді. Негізделген жағдайларда осы желілерді К0 класты құрылыс
конструкцияларының саңылауларында немесе отқа төзімді сымдармен және
шоғырсымдармен немесе болат құбырларға төселген шоғырсымдармен және сымдармен
өртке қауіпті үй-жайлар (аймақтар) арқылы жүргізуге рұқсат етіледі.
17.2.3 Электр сымдар мен шоғырсымдарды тартуды айналымдар мен қиылыстардың
ең аз санымен сәулет-құрылыс желілеріне параллель ең қысқа арақашықтық бойынша
қарастыру керек.
Электр сымдар мен шоғырсымдарды жылынатын беттер бойынша жабық және ашық
тартуға рұқсат етілмейді.