«севказэнерго»



Дата25.02.2016
өлшемі43.99 Kb.
#25704

«СЕВКАЗЭНЕРГО»

Акционерлік қоғамы





Акционерное общество

«СЕВКАЗЭНЕРГО»



БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО жаңғырту және қайта құру нысандары бойынша баспасөз-тур

Петропавл қ. 2015 ж. 16 шілде


2015 жылғы 16 шілдеде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РМБ бірге баспасөз турын ұйымдастырды.
Петропавл 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин қонақтарды жылу-электр орталығының жабдығын жаңғырту мен қайта құру бойынша шараларды жүзеге асыру барысымен таныстырды. БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне №6, №7 және №8 қазандық агрегаттар жұмысы таныстырылды.

Қыздыру беттері толығымен ауыстырылғасын, жану өзгерту режимі және күлұстайтын жабдығын орнату №6 қазандық агрегат пайдалануға енгізілгеннен кейін бу өнімділігін сағатына 220 бастап 270 тоннаға дейін көбейтті. Жоба құны 2,7 млрд теңге (1,7 млрд теңге - шекті тарифтер және 1 млрд теңге - Сбербанк РФ ЕБ АҚ инвестициялық қарыз есебінен) құрады.

2012 жылы қайта жаңартудан өткен №7 жаңа қазандық агрегаттың бу өнімділігі сағатына 220-дан бастап 270 тоннаға дейін көбейтілді, электр энергия өндіруінің 44 бастап 54 МВт дейін көбейтуіне (10 МВт көбейтілді) әсер етті. Осы жобаға капиталсалымдар мөлшері 2,9 млрд теңге (1,9 млрд теңге - шекті тарифтер және 1 млн теңге - облигациялық қарыз есебінен) құрады.

Қазандық агрегаттар қайта жаңартылғаны арқылы шартты отын үнемдеуі: №6 қазандық агрегатта - 3938,22 тонна және №7 қазандық агрегатта -3715,26 тонна құрады.

Сондай ақ, баспасөз-тур қатысушылары «Сибэнергомаш» ААҚ жасалған (Барнауыл қ.) жаңа №8 қазандық агрегатының жұмысымен танысты. Ол пайдалануға 2014 жылғы тамызда, қуаттылығы сағатына 270 тонна құрайды. 2014 жылы ПӘК 91,17%, отын бойынша үнемдеу - 2 762 тонна көмір құрады. Станцияны қайта жаңарту және техникалық жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазанагрегатты орнату бағасы – 5,5 млрд теңге .

Турбина цехында баспасөз-тур қатысушыларына №4 жаңа турбоагрегатын көрсетті, оның қосу күні - 2013 жылғы желтоқсан. Сондай ақ, жаңа турбинаның орнатуы кәсіпорында жоғарыаталған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы мүмкін болды. Жаңа жабдықты орнату- электр энергияның орнатылған қуаттылығын 63 МВт, жылу энергияның – 52,5 Гкал көбейтуге мүмкіндік берді . Енді, қосымша электр энергия өндіріліп шығарылуы жыл ішінде 388,8 млн кВтс жетеді, отын үнемдеуі – жылына 63,7 мың тонна көмір құрайды. Жоба бағасы 5,3 млрд. теңге (2,8 млрд. теңге - шекті тарифтер және 2,5 млрд. теңге - облигациялық қарыз алу мен ЕҚЖДБ инвестициялық қарыз алу есебінен) құрады.

Қазіргі кезде, турбина цехында №1 турбоагрегаттың орнатуы жүргізіліп жатыр, ол 2015 жылы қазанда іске қосылады. Турбоагрегат іске қосылғасын станция бойынша орнатылған қуаттылығы 21 МВт көбейеді, электр энергияның қосымша өндіріліп шығаруы жылдың ішінде 223,6 млн кВтс жетеді, отын үнемдеуі жылына 37,3 мың тонна көмір құрайды. Жоба бағасы 5,5 млрд. теңге құрайды.

Энергетиктер айтқандай, компания жоспарында №5 турбоагрегатты (2017 жылға дейін), сондай ақ, №2 (2018 жылға дейін) және №1 (2020 жылға дейін) қазанагрегаттарын ауыстыру. Қазіргі кезде, Орал турбина зауытынан №5 турбоагрегат жеткізілуде, сондай-ақ, «ЭЛСИБ» ТӨБ турбина генераторы жеткізілуде. Капиталсалымдар бағасы өз қаражаты есебінен 4,8 млрд. теңгеден астам құрады.

Станцияның бар жабдығының жаңа активтерді жасауға, кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға, жетілдіруге, қайта жаңартуға және техникалық жарақтандыруға бағытталған инвестициялардың негізгі көздері - Энергетика министрлігімен заңнама орнатқан тәртіптегі жыл сайын екіжақты Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қол қою арқылы қалыптастырылады, сондай-ақ, компанияның өз қаражаты есебінен (шекті тарифтер бойынша шығынның жалпы сомасы (ҚҚС есепке алғанда) 2009 бастап 2015 ж. дейін - 34,6 млрд теңге, сондай ақ, 13,9 млрд теңге - облигациялық және инвестициялық қарыздарды тарту есебінен) құрады.

Одан басқа, 2014 жылы станцияда инвестициялық бағдарлама әзірленіп бекітілген, оның көзі - компания жылу энергияны өндіріп шығарудан алынған кірісі болып табылады. Жоспары 610,950 млн. теңге болып іс жүзіндегі орындау 615,166 млн теңге құрады.



2014 жылы станция жабдығының тозу көрсеткіші 2,78% төмендеді. Станцияның барлық жетілдіру бағдарламасы аяқталғасын орнатылған қуаттылығы 434 МВт бастап 517 МВт дейін өседі. Бағдарламаның 2016 жылға дейін жүзеге асырылу нәтижесінде, ескерілген жабдық 35-40 % энергия тиімділігіне және заманауиына жаңартылатын болады. Жабдық жетілдіруі станцияның экологиялық көрсеткіштеріне де оңтайлы әсер етеді. Сөйтіп, инвестициялық бағдарлама күшінен шыққанда ластайтын заттар шоғырлануларының мөлшерлері маңызды төменделетін болады: тозаң шоғырлануы 200-250 мг/м3 артпайды; азот тотығы - 400 мг/м3 дейін; күкірт тотығы - 1500 мг/м3 дейін құрайды. Сондай ақ, көшеттік газдардың пайда болу мөлшерлерін 2014 жылы Ұлттық жоспарында орнатылғаннан 2%, яғни, СО2 3 906 628 тоннасынан бастап 3 828 495 тоннасына дейін төмендетуге жоспарланады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

Тел.: +7 (7152) 41-29-39,

е-mail: vopros_oso@sevkazenergo.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет