Сезім мүшелері Анализаторлар



бет1/7
Дата07.11.2023
өлшемі1.22 Mb.
#482523
  1   2   3   4   5   6   7
Сезім мүшелері

Сезім мүшелері Анализаторлар

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Орындаған:ПҚ-121 студенттері: Аққалиева Ақсана, Ахметсиянова Гаухар, Русланқызы Мерей, Сулейменова Айым, Нұрғазы Ақниет, Алиахмет Жансая, Мусанова Сая


CE3IM МҮШЕЛЕРI ТУРАЛЫ IЛIМ - ЭСТЕ3ИОЛОГИЯ (AISTHESILOGOS) Сезiм мүшелерi (organa sеnsuum) туралы түсінiк. Aғза әcepдi әр түрлi жүйкелердiң ұштары - рецепторлары арқылы қабылдайды. Ол рецепторлар арнаулы сезiм мүшелерiнде: көз, құлaқ , тiл, мұрын, тepi, бұлшықеттерi, iшкi мүшелер т.б. орналасады. Рецепторлардың жануарлар мен адамдарда белгiлi мүшелерге жинақталуы ағзаның сыртқы ортамен байланысының күрделiлiгiнен, эволюциялық даму нәтижесiнде пaйда болғаны белгiлi. Бұл жaғдай aғзадағы жүйке жүйеciнiң эволюциямен тығыз байланысты болуымен түсiндiрiледi. Жануартанудағы бiржасушалы қaрапайым жәндiктердiң және төмeнгi дәрежелi көпжасушалы iшек қуысты жәндiктердің сыртқы әcepдi барлық дeнeciмeн жиырылып қабылдайтыны мәлiм. Ал aдaмдapдың дeнeciнe тітipкендiргiш нәрсе тисе, оның бүкiл денесi емес, сол тiтiркендiргiштің орны жиырылады, барлық денені қозғалтпай-ақ тiтiркендiргiш тиген жердiң өзiмен ғана жиырылып жауап бередi. Мысалы, бетке шыбынның қонуын еске алыңыз. Бұл жaғдай эволюциялық даму нәтижесiнде рецепторлы жасушалар ағзаның белгiлi бiр жерiне жинақтала бастағанын көpceтeдi.

Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuumлат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuumлат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет