Сезіну. Қабылдау. Ұсыну. Елестету. Ес және назар. Ойлау және сөйлеу. Сезіну туралы жалпы ұғым



бет3/14
Дата30.03.2023
өлшемі42.67 Kb.
#471435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Сезіну. абылдау. сыну. Елестету. Ес ж не назар. Ойлау ж не с й

2. Есту түйсіктері. Есту мүшесі құлақ бөлімнен тұрадвы: 1.сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. 2. Ортаңғы құлаққа –балғашы, төстік, үзеңгі кіреді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі –ішкі құлақ. Ішкі құлақтық бітісі өте күрделі, оның өзі үш бқліктен тұрады –босаға , иірім түтік, және жартылай имек каналы.
Жағымды дыбыс –консонанс , жағымсыз –диссонанс. Дыбыстардың барлығын екі топқа бөлуге болады:
1. Музыкалық дыбыстар –бұлар ән салғанда, саз аспаптарында ойнағанда.
2. Шулар –сықырлау, дүрсілдеу, тарсыл –гүлсілдер.
3. Иіс түйсіктері. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың жасушаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иістүйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш жасушалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезім жасушаларын тітіркендіріп отырады.
Түрлі иістерді зерттейтін ғылым саласын «алфатроника» деп атайды.
Иістерді жағымды , жағымсыз деп бөледі. Осы иістердің әр түрлілігі адамның психологиясына түрліше әсер етіп отырады.
4. Дәм түйсіктері. Дәмді дәм бүршіктері сезеді. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішіндегі таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың көп орналасқан жері тілдің аймағы. Дәмнің негізгі төрт түрі бар –тәтті, ащы, қышқыл, тұзды. Осы төрт түрлі дәмді тілдің түрлі бөліктері сезеді. Тәттіні –тілдің ұшы, ащыны –тілдің түбі, қышқылды –екі шеті, тұздыны –ұшы мен ортасы сезеді. Дәмді тағамдар адамның тәбетін көтереді. Ал тәбет –психикалық акт. Яғни иіс сияқты дәмдер де адамның психологиясына өз әсерін тигізеді.
5. Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігің өзі үшке бөлінеді: тактиль (сүйкеніс), температура және ауырғанды білдіретін түйсіктер. Терінің сезгіштігі адам денесінің әр жерінде әр түрлі болады. Бір нәрсе тигенде тілдің , саусақтың ұшы , арқа тұс сезімтал келеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін –арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін саусақ ұштары мен алақан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет