Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Жаттығу түсірмелері



бет7/17
Дата13.06.2016
өлшемі2.56 Mb.
#131217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

28-тарау. Жаттығу түсірмелері
154. Жаттығу түсірмелері сүңгуір нұсқаушылардың басшылығымен өткізіледі. Жаттығу түсірмелерін орындауға алдын ала теориялық дайындықтан өткен және сүңгуір түсірмелеріне рұқсат алуға сынақтан өткен оқушылар жіберіледі. Тыңдаушылар алдыңғы тапсырманы орындағаннан кейін ғана кезекті машықтану тапсырмасын орындауға жіберіледі;

1) жаттығу түсірмелерін өткізуге арналған акватория учаскесі буйкалармен қоршалады. Акваторияда бөгде жүзгіш заттар (бөрене, сал және тағы басқа) және жүзгіш заттар болмайды. Түсіру орындарының түбін сүңгуірлер тексеріп, қауіп келтіретін заттардан тазартылады. Тексеру нәтижелері актімен ресімделеді.

Тыңдаушы сүңгуір су астына келген уақытта сүңгуір нұсқаушы оның қимылын бақылайды және әрбір 2 минут сайын көңіл күйін сұрап отырады. Бір сүңгуір нұсқаушы бір мезгілде үшеуден аспайтын тыңдаушыға қызмет көрсетеді;

2) сүңгуірлік жаттығу жұмыстары жабдықталған жаттығу бассейндерінде (мұнараларында) жағадан, пирстен немесе осы мақсатта жабдықталған кеме бөліктерінде немесе жабдықталған оқу полигондарында өткізіледі;

3) жаттығу түсірмелерін өткізу орындарында дереу түсіруге дайындалған, едәуір тәжірибелі сүңгуірлер (сүңгуір нұсқаушылар) қатарынан тағайындалған сақтандырушы сүңгуір болады. Жаттығу түсірмелерін өткізу сүңгуір дәрігерінің қатысуымен жүзеге асырылады;

4) полигондар мен тереңдігі 4 м дейінгі бассейндерде жаттығу түсірмелерін орындау кезінде басқыштар түбіне дейін барады. Әрбір басқыштан бір мезгілде екеуден артық емес оқушыны түсіруге болады;

5) кеме корпусының астынан қозғалумен байланысты жаттығу тапсырмаларын машықтау кезінде бір сүңгуір нұсқаушыға екеуден аспайтын оқушының бір мезгілде түсуін қамтамасыз етуге болады;

6) су астына түсіру басталғанға дейін оқушының өзі сүңгуір нұсқаушының бақылауымен жарақты дайындап, оның жұмысын тексереді.

Мұндай жағдайда жарақтың жарамдылығын сүңгуір нұсқаушы қамтамасыз етеді;

7) буйкасы бар бақылау арқанын пайдалана отырып, жүзгіш жарақ жинағында топырақта қозғалысты машықтандыру мақсатында түсу кезінде сүңгуірге белгі беру бақылау арқанының немесе дыбыс дабылының көмегімен сүңгуірмен ілесетін шлюптен жүргізіледі. Сүңгуірден белгі бақылау арқаны арқылы беріледі және су бетінде буйка арқылы экипаж бақылайды.



29-тарау. Эксперименталды түсірмелер
155. Эксперименталды түсірмелерді орындауға, әдетте, тәжірибелі, сүңгуір жұмыстарының I-II топтық біліктілігі мен 2-кластан төмен емес білікті, осындай жұмыс түрлерін орындауға жеке физикалық деректері мен техникалық дайындық дәрежесі бойынша жарамды сүңгуірлер жіберіледі.

Эксперименталды сүңгуір түсірмелерін жүргізуге тағайындалған сүңгуірлерде осы жұмыстарды жүргізуге рұқсаты болады.

Эксперименталды сүңгуір түсірмелерін медициналық қамтамасыз етуді сүңгуір дәрігері жүзеге асылады;

1) эксперименталды сүңгуір түсірмелері эксперимент жасау бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Ұйым басшысы эксперимент жүргізеді. Эксперименталды сүңгуір түсірмелерінің ұзақтығы осы эксперимент үшін бекітілген бағдарламада белгіленген уақыттан аспайды;

2) эксперименталды сүңгуір түсірмелерін ашық акваторияларда, полигондарда немесе бассейндерде жүргізу кезінде 154-т.1)-3) тармақтарының талаптары сақталады;

3) эксперименталды түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде оларды өткізу орындарында дереу түсіруге дайындалған сақтандырушы сүңгуір болады.



5-бөлім. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын медициналық қамтамасыз ету

30-тарау. Жалпы талаптар
156. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын медициналық қамтамасыз ету сүңгуірлердің денсаулығы мен жоғары жұмыс қабілетін сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шаралары кешенін қамтиды.

Негізгі медициналық қамтамасыз ету міндеттері:

сүңгуір мамандығына оқу үшін үміткерлерді медициналық іріктеу;

сүңгуір құрамын жыл сайын куәландыру;

кәсіби аурулар мен оқиғалардың алдын алу мақсатында су астына түсуді өткізу және дайындау кезінде еңбекті қорғау ережесінің сақталуын медициналық бақылау;

сүңгуір жарағы мен жабдығының жай-күйін санитарлық-гигиеналық және физиологиялық бақылау;

сүңгуірлерде қатты аурулар мен патологиялық күйі күшейген кезде барлық медициналық көмек түрін көрсету;

сүңгуірлердің денсаулығын, еңбек режимін, демалысы мен тұрмыстық жағдайын медициналық бақылау;

1) сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын медициналық қамтамасыз ету сүңгуір еңбегінің патологиясы мен физиологиясын, тиісті тереңдіктерде су астына түсуді өздігінен қамтамасыз етуге жіберілген сүңгуір ісінің негіздері жақсы білетін тұлғаларға жүктеледі;

2) сүңгуір түсірмелерін медициналық қамтамасыз етуді штаттық медициналық қызметкері жүзеге асырады. Медициналық құрам сүңгуір еңбектің физиологиясы мен патологиясы мәселелері бойынша дайындықтан өтеді, сүңгуір ісі негіздерімен танысады және рұқсат ету емтиханын тапсырады;

3) сүңгуір еңбегінің кәсіби зияны ортаның жоғары қысымның сүңгуір жұмыс істейтін ағзаны күрт салқындатумен, скафандрада көмір қышқыл газы мен ылғалдың жоғары болуымен, жүйке-психикалық жүктеменің көптігімен, суға түсу және су астында істеу кезінде ең үлкен физикалық жүктеменің болуымен бірлескен әсерде анықталады;

4) сүңгуір мынадай жағдайларда медициналық куәландыруға тартылады:

жұмысқа кірер алдында немесе сүңгуір мамандығына оқуға қабылдағанда;

мерзімді (12 айда бір рет);

әрбір ауырған сайын (көрсеткіші бойынша);

сүңгуір дәрігерінің немесе ұйым әкімшілігінің жолдамасы бойынша;

5) әрбір сүңгуір кәсіби сүңгуір ауруының себептері мен жағдайларын, олардың негізгі белгілерін біледі, алғашқы көмек көрсете біледі және өкпеге жасанды желдету және жүрек тұсына массаж жасайды (17-қосымша);

6) кәсіби сүңгуір аурулары және жазатайым оқиға кезінде алғашқы көмек көрсету үшін сүңгуір станциясы (сүңгуір бекеті) пайдалану жөніндегі нұсқаулығы бар сүңгуірдің дәрі-дәрмек сөмкесімен жарақталады (13-қосымша).

Сүңгуірдің дәрі-дәрмек сөмкесінің тізіміне кіретін медициналық сүңгуір мүлкінің жай-күйін, оған кіретін дәрі-дәрмектердің, материалдар мен аспаптардың дұрыс жұмсалуы мен сақталуын, жұмсалған мүліктің дер кезінде толтырылуын сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі) қамтамасыз етеді.

Сүңгуірдің дәрі-дәрмек салынған сөмкесінің мүлкін мақсатсыз пайдалануға болмайды.

Сүңгуірдің дәрі-дәрмек салынған сөмкесінің жай-күйін, толтырылуын және пайдаланылуын бақылауды сүңгуір түсірмелерін медициналық қамтамасыз ету тұлғасы жүзеге асырады;

7) әрбір сүңгуір декомпрестеу ауру белгілері пайда болған кезде жағдайы нашарлағанда сүңгуір түсірмесі кезінде және судан (камерадан) шыққаннан кейін түсірмелерге медициналық қамтамасыз еткен тұлғаға ол жөнінде хабарлайды;

8) сүңгуірде ауыр жарақат, есінен танатындай аурулар немесе улану болғанда, декомпрестеу режимін сақтамай-ақ сыртқа шығару қажет. Зардап шеккен сүңгуірді сақтандырушы сүңгуірмен немесе сүңгуір дәрігерімен (фельдшерімен) бірге декомпрестеу камерасының дереу орналастырып, суға түсіру тереңдігіне сәйкес қысымды жоғарылату қажет. Осы тереңдікте 10 минуттай ұстағаннан кейін камерадағы қысымды төмендету декомпрестеу режимдерінің кестесі бойынша жүргізіледі;

9) емдік рекомпрестеу жүргізу барлық декомпрестеу ауруы мен өкпе баро жарақат алғанда емдік рекомпрестеу режимдеріне сәйкес жүргізіледі.



31-тарау. Сүңгуірлерді іріктеу және медициналық куәландыру
157. Сүңгуір мамандығына оқитын үміткерлер алдын ала медициналық тексерістен өтеді. Нақты іріктеу сүңгуірлердің оқу орындарында олардың су астында жұмыс істеуге жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі:

1) үміткерлерді міндетті іс-шаралар қатарына іріктеу кезінде декомпрестеу камерасында евстахиев түтікшесі мен мұрынның өсінді қуысының өту қабілеті тексеріледі;

2) 60 м дейін тереңдікте жұмыс істеу үшін жарамды сүңгуірлерді дайындау үшін іріктеп алынатын үміткерлерге жас ерекшелігіне, дене бітіміне және денсаулық жағдайына байланысты талаптар қойылады:

18 бастап 40 жасқа дейінгі жас;

физикалық дамуы қалыпты, бойы шамамен 170-185 см, дене массасының бойынша сәйкес болуы, кеуде тұсының бойынан 50 % кем емес болуы, күшінің дене массасынан 200 % кем емес болуы, өкпесінің өміршең сыйымдылығы 4000 текше см кем емес болуы;

жүрек-қан тамырлары жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі, тамырының 1 минутта 6-80 рет соғуы, ең жоғарғы артерия қысымының шамамен 100-130 мм с.б. болуы, ең төменгісі-60-80 мм с.б. болуы, күре тамыры зақымының болмауы (күре тамырдың ұлғаюы, геморрой, төменгі буындардағы тамырлардың ұлғаюы);

тыныс алу органдарында қандай да бір органикалық патологияның болуы;

құлақтарының және мұрын қуысының қалыпты бар қызметі, ЛОР органдарының қызметін бұзатын аурулар мен ақаулардың болмауы, тілінің анық және сөйлегенде түсінікті болуы, сыбыр дыбысты кемінде 6 м ести алуы;

жақсы шайнау аппараты, дұрыс тістенуі, екі жағында да алты және одан көп тістерінің болмауы және бір жағында үш тістің бірдей болмауы сүңгуір мамандығына оқуға қайшы деп қаралады (алынатын протездер болған жағдайда ондай мәселе бөлек шешіледі);

асқазанның секторлық және қозғалтқыш қызметінің тұрақты айқын қызмет бұзылуын болмауы (атония, ахилия, созылмалы гастрит);

тірек-қозғалысы аппаратының толыққанды жұмыс істеуі, сүңгуір жарағын киюге және ауыр дене жұмысын орындауға кедергі келтіретін жұмсақ ұлпалардың кең көлемде буын қозғалысының бұзылуының, қисаюының, қысқаруының және бұзылуының болмауы;

сүңгуір жұмысын орындауға кедергі келтіретін қол буындары саусақтары зақымдарының болуы;

ешбір түзетусіз көздің көру өткірлігі 0,8 төмен емес;

қабақ жиектері ауруының, конъюктивиттің және жас жолдарының созылмалы ауруларының болуы;

күрделі емделетін тері ауруларының, оның ішінде қышыма теміреткісінің, созылмалы экзема және өзге де тері ауруларының (бастың шаш бөлігінің) болмауы.

Медициналық куәландыру кезінде кеуде қуысы органдарының антропометрия, рентгеноскопия, ЭКГ жүргізіледі;

3) сүңгуір құрамын кезекті (жыл сайынғы) медициналық қайта куәландыру кезінде төмендегі жағдайлардан басқа, сүңгуірлерді дайындау үшін үміткерлерді іріктеу кезінде сияқты денсаулық жағдайына да сондай талаптар қойылады:

сүңгуірдің жасы 50 жастан аспауы тиіс. Жасы 50 асқан сүңгуірлер су астына медициналық комиссияның рұқсаты бойынша ғана түсіріледі;

ең жоғарғы артерия қысымы 00 бастап 145 мм с.б., ең төменгі-шамамен 60-90 мм с.б., тамыр соғуының жиілігі 50 бастап 90 дейін;

4) сүңгуірдің денсаулық жағдайын зерделеу негізінде комиссия оның сүңгуір жұмыстарына жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы шешім шығарады және ағымдағы жылға ең жоғарғы рұқсат етілген тереңдікті белгілейді. Шешім қабылдағанда комиссия сондай-ақ сүңгуірдің еңбек өтілін, жасын, тәжірибесін және біліктілігін ескереді.

Су астына түсудің рұқсат етілген тереңдігін белгілеу кезінде мынадай бөлу қабылданады: шекті тереңдік пен кезекті тереңдік 60, 45, 20, 12 және 6 м дейін.

Су астына түсудің шекті тереңдігі 35 жастан аспаған, денсаулығы мықты, физикалық жағынан дамыған, қызмет көрсеткіштері жақсы, эмоциялық жағынан тұрақты сүңгуірлерге беріледі. 60-45 м тереңдік денсаулығы жақсы, қызмет көрсеткіштері ойдағыдай, ағзасы физикалық жүктемеге және осы тереңдікте түсу жағдайларына жақсы бейімделген сүңгуірлерге беріледі. 20 м дейінгі тереңдік орташа тереңдіктерде жұмыс істеуге кедергі келтірмейтін аздаған функционалдық ақауы бар сүңгуірлерге, ал 12 м тереңдік жеке бағалау тәртібімен, жұмыс тәжірибесі мен жас ерекшелігі бар, тұрақты функционалдық ақауы жоқ сүңгуірлерге белгіленеді. Жекелеген жағдайларда тәжірибелі сүңгуір мамандарды сақтап қалу үшін комиссия жұмысқа басшылық ету үшін немесе сүңгуірлерді едәуір физикалық жүктемесі бар жұмыстарға тікелей қатысу құқығынсыз оқыту үшін 6 м дейін суға түсіру тереңдігін белгілейді;

5) су астына түсуге және жұмыс істеуге жарамсыз деп танылған сүңгуірлер медициналық комиссия көрсеткен мерзімде амбулаториялық немесе тұрақты емдеу (тексеру) жүргізгеннен кейін қайта куәландыруға жатады;

6) медициналық куәландыру нәтижелері мен медициналық комиссия қорытындысы сүңгуірдің жеке медициналық кітапшасына және сүңгуірдің жеке кітапшасына жазылады, комиссия төрағасының қолымен расталады да, медициналық куәландыру жүргізген мекеменің мөрімен бекітіледі.

Қандай да бір себеппен сол жылға белгіленген су астына түсудің шекті тереңдігі туралы құжаттамада жазылмаса, онда сүңгуір кезекті (кезектен тыс) медициналық куәландырудан өтпегенше су астына түсірілмейді.

32-тарау. Сүңгуірлерді ұзақ аурудан кейін немесе жұмыста ұзақ үзілістен кейін жұмысқа жіберу
158. Сүңгуірлердің денсаулығын бақылауды және оларға ауруынан айыққаннан кейін сүңгуір түсірмелеріне рұқсат беруді сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау органдарының мамандары жүзеге асырады:

1) ауруынан айыққаннан кейін су астында жұмыс істеуге сүңгуірлерге рұқсат беру туралы шешім қабылдау кезінде күші мен қуатын толықтай қалпына келтіру үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатында мынадай аурулардан кейін су астына түсуге жол бермейтін мерзімдер белгіленеді:

ангина (катарал, фолликуляр, лакунар)-12 күн;

флегмоноз ангина-24 күн;

қатты респираторлық ауру-6 бастап 16 күнге дейін;

қатты катарал отит (евстахеит)-14 күн;

күшті іріңді отит-24 күн;

мұрын жолының қатты ауруы-18 күн;

грипп-12 бастап 38 күнге дейін;

өкпенің қабынуы-30 күн;

инфекциялық гепатит-3 бастап 6 айға дейін;

аппендэктомия (асқынусыз)-40 күн;

тонзиллектомия (асқынусыз)-20 күн.

Кәсіби аурулардан кейін:

көмірқышқыл газымен қатты улану-кемінде 7 күн;

оттегімен улану немесе оттегіден қатты ашығу түріндегі сіңірінің тартылуы 7 күн;

қалдық көрсеткіштерсіз жеңіл және орташа ауру түріндегі декомпрестеу ауруы-кемінде 7 күн;

ауыр түрдегі декомпрестеу ауруы-кемінде 14 күн;

маньер синдром түріндегі декомпрестеу ауруы-кемінде 30-45 күн;

2) ауыр түрдегі кәсіби ауруға шалдыққан немесе белгіленген ұзақ мерзім өткеннен қандай да бір қалдық белгілері бар сүңгуірлер тек медициналық комиссия шешімі негізінде ғана суға түсіріледі.

Өкпенің баро жарақатынан кейін оның клиникалық пайда болу ауырлығына қарамастан, түсіруге рұқсатты медициналық комиссия береді;

3) сүңгуірдің науқастануымен байланысты емес ұзақтығы 30 тәулікке дейін сүңгуір түсірмелерінде үзіліс болғаннан кейін 45 м дейін тереңдік диапазонында бұрын жеткен тереңдікке түсуіне рұқсат беріледі;

4) 30 бастап 60 тәулікке дейін түсіргенде үзіліс болса, 20 бастап 45 м дейін диапазонда бұрын түскен тереңдікке сүңгуір жұмыстарын орындамай-ақ сүңгуірді қысқа мерзімге (10 минутқа дейін) бұрын түскен тереңдікке екі-үш жаттығу түсірмесінен кейін жіберіледі.

Жұмыста 60 тәуліктен астам үзіліс болғанда және 20-45 м тереңдікте жаттығу түсірмесі болғанда суға түсірудің қажетті 2/3 аспайтын тереңдікте жүргізуге болады;

5) 45 м жоғары биіктікте сүңгуір түсірмелерінде ұзақтығы 30 тәулік және одан астам үзіліс болғанда сүңгуірлер 0,8 МПа (8 кгс/шаршы см) дейін қысыммен жұмыс істейтін декомпрестеу камерасында жаттығу түсірмесін жүргізеді. Осы тереңдікте жұмыс істеуге жаттығу түсірмесін жүргізбей, сүңгуірлерді жіберуге болмайды.

33-тарау. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
159. Сүңгуір жұмыстары мен түсірмелерін қамтамасыз ету құралдары мен сүңгуір жарағының жай-күйін санитарлық-гигиеналық бақылау осы жұмыстарды орындау кезінде мынадай алдын алу және ағымдық санитарлық бақылауды қарастырады:

1) алдын алу санитарлық бақылау сүңгуір техникасының жаңа түрлерін гигиеналық бағалау жүргізуге, ағымдық санитарлық бақылау өткізу және пайдалану жөніндегі нормативтер, ұсыныстар әзірлеуге бағытталған санитарлық-сараптамалық және ғылыми-зерттеу жұмысын қамтиды.

Алдын алу санитарлық бақылауды денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады, осыған орай сүңгуір техникасының жаңа түрлерін жобалайтын ұйымдар белгіленген тәртіппен техникалық құжаттаманы (техникалық тапсырма, техникалық жоба және жұмыс сызбалары) денсаулық сақтау органдарымен келіседі;

2) ағымдық санитарлық бақылауды сүңгуір түсірмелері медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын медициналық мамандар жүзеге асырады. Санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауды сүңгуір түсірмелерін жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдар, тұлғалар, сүңгуір мамандары, сүңгуір станцияларының старшиналары (бригадирлері) қамтамасыз етеді.

Ағымдық санитарлық бақылау:

сүңгуір жұмыстарын жүргізу орындарын;

сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарының жай-күйін;

сүңгуірлердің жыл сайын медициналық тексеруден дер кезінде өтуін және сүңгуірдің рұқсат етілген суға түсірудің нақты жұмыс істеу тереңдігіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

3) сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарының санитарлық-гигиеналық өңдеу сүңгуірлердің жұқпалы және тері ауруларының алдын алу мақсатында оларды ластанудан тазалауды және зарарсыздандыруды қамтиды;

4) сүңгуірлердің жыл сайынғы медициналық куәландырудан дер кезінде өтуін және жұмыс істеу тереңдігінің нақты және рұқсат етілген тереңдігіне сәйкестігін бақылау сүңгуір жұмыстары журналы мен жеке сүңгуір кітапшасын байқау арқылы жүргізіледі. Сүңгуір кітапшасында тексерістен өткенін куәландыратын қорытындысы болмаған жағдайда және сүңгуір жұмысының су астында жұмыс істеу тереңдігі рұқсат етілген тереңдіктен артық болғанда медициналық қызметкер немесе сүңгуір станциясының старшинасы сүңгуірді жұмыстан шеттетеді;

5) сүңгуір станцияларында инспекторлық тексеру жүргізу кезінде сүңгуір дәрігері, сүңгуір маманы және сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі) қол қойған санитарлық акт дайындалады. Бұл актіде ағымдық санитарлық бақылауға жататын сүңгуір жарағының және сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарының жай-күйі, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар мен оларды қалпына келтіру мерзімдері көрсетіледі.

6-бөлім. Сүңгуір жарағын ұстау, оны күту және зарарсыздандыру

34-тарау. Сүңгуір жарағын және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарын орналастыру және сақтау
160. Сүңгуір станциясындағы сүңгуір жарағы және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдары жинақталған, ақауы жоқ және кез келген уақытта сүңгуірлерді түсіру үшін пайдалануға дайын болады (14-қосымша).

Сүңгуір жарағын және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарын жарамды күйде ұстауды қамтамасыз ету үшін оларды орналастыру және ұстау бойынша нормативтік-техникалық талаптар орындалады. Сүңгуір жарағын және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарын ашық далада сақтауға болмайды:

1) сүңгуір боттары мен құтқарғыш кемелердегі сүңгуір жарағы сүңгуірлерді түсіру орындарына жақын орналасқан сүңгуір бекетінің үй-жайында сақталады. Үй-жайда палубаға шығатын құрғақ, ыңғайлы, жылу берілетін, оның ішінде барлық сүңгуір жарағы мен сүңгуір жұмыстарын жүргізу үшін қажетті аспаптарын орналастыруға мүмкіндік беретін, түсуге дайындалып жатқан сүңгуірлердің киінуіне жарамды шығу жолы болады.

Сүңгуір боттарында сүңгуір жарағының (шлангілер, дулығалар, белгі беру және түсіру арқандары, жүктер мен кебістер) бөлігін сүңгуірлерді түсіру орнында палубада қаптың ішінде сақтауға болады.

Штаттық сүңгуірлері мен сүңгуір бекетінің үй-жайлары жоқ кемелерде сүңгуір станциясының мүлкін сақтау үшін сүңгуір мүлкін сақтау талаптарына сай сүңгуір қоймасы жабдықталады;

2) сүңгуірлерді жағадан, мұздан, жағадағы кеме аялдайтын орыннан түсіру кезінде осындай жағдайларда сүңгуір мүлкі мен қызмет көрсету персоналын орналастыру үшін үй-жай жарақталады. Үй-жай құрғақ, жылытылатын, онда барлық сүңгуір жарағы мен аспаптарын орналастыруға мүмкіндік беретін, түсуге дайындалатын сүңгуірлерді киіндіру үшін жарамды болады. Мұндай орынсыз болғанда, жылжымалы сүңгуір будкасы қарастырылады. Жабық үй-жайды жабдықтау мүмкіндігі жоқ сүңгуір станцияларында сүңгуір мүлкі рундуктарда, жәшіктерде, су өтпейтін қаптарға немесе сөмкелерге орналастырылады;

3) оқу мектептері мен жасақтардың полигондарында, ғылыми зерттеу мекемелерінің зертханаларында, оқу орындарында, оқу-жаттығу станцияларында және осыған ұқсас ұйымдарда сүңгуір түсірмелері кезінде сүңгуір қажеттілігі үшін бөлінетін үй-жайлардың саны мен олардың өлшемдері сүңгуір жарағы түрінің санына, сүңгуір мүлкін орналастыру және сақтау талаптарына сәйкес болады;

4) ауамен жабдықтау жүйесінің баллондарын орнату кезінде сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету үшін мыналар:

жиналған сұйықтықтарды толықтай шығаруға мүмкіндік беретін баллондардың күйі;

пайдалану кезінде баллондардың ығысуын болдырмайтын қатты бекіткіші;

баллондарды жылу беру көзінен (бу өткізгіштер, жылу беру аспаптары және тағы басқа) баллондардағы газдардың қысымының жылудан артуын болдырмайтын кемінде 1 м қашықтықта орналастыру;

баллондарды бөлшектемей пайдалану кезінде сілтілеу мүмкіндігі;

баллондарды сыртынан тексеру мүмкіндігі, ал тұрақты орнатылған баллондар үшін-оларды бөлшектемей пайдалану кезінде сынақ өткізу қарастырылады;

ауасы бар баллондар сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ететін жабдықты орнату орындарына жақын (сүңгуір бекетінің үй-жайы, декомпрестеу камерасы және тағы басқа) немесе бөлек үй-жайларда орналасады.

Ауасы бар баллондарды:

жалпы мақсаттағы үй-жайларда, тұрғын, медициналық мақсаттағы үй-жайларда;

жарылғыш заттар, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтар сақталатын үй-жайларда;

ашық алаңдарда (палубаларда), сәуле энергиясының әсерінен қозғалмаған орындарда орналастыруға болмайды;

6) машина бөлімшелерінің төсемдерінің астынан, тұрғын және қоғамдық үй-жайларда, адамдар тұрақты болатын орындарда ауамен жабдықтау құбырларын төсеуге болмайды;

7) сүңгуір кемелерінде, жаға базаларында және оқу орындарында декомпрестеу камералары жабық, оқшауланған үй-жайда орнатылады.

Декомпрестеу камерасын орнату камераның сыртқы қабаттарына және бақылау-сақтандыру құрылғыларына монтаждау, жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде еркін өтуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте мыналар:

зардап шеккен сүңгуірді зембілмен камераға ыңғайлы тасымалдау үшін өлшемі 600x2000 мм кем емес камераның кіретін люгінің алдынан алаң;

өту жолының 1000 м кем емес камерасы жанында еркін биіктігі;

сыртқы қабат пен камераны басқару пульті және үй-жай қабырғалары (бөлгіштері) арасындағы өту жолының ені жағада орналасатын камералар үшін кемінде 800 мм, кемелер мен басқа да көлік құралдарында орнатылатын көлік құралдарында камералар үшін кемінде 600 мм қарастырылады;

8) декомпрестеу камераларын бір үй-жайда сүңгуірлерді декомпрестеу үрдісіне қызмет көрсетуге арналмаған жабдықпен және мүлікпен бірге орналастыруға болмайды. Жазғы уақытта немесе тиісті жағдайлардағы климаттық аудандарда декомпрестеу камераларын ашық ауада орналастыруға болады. Бұл ретте декомпрестеу камерасы күн радиациясының, атмосфералық жауынның, тозаң мен басқа да құбылыстардың тікелей әсерінен тенттердің, жапқыштардың, камера корпусы мен басқа да қорғау құралдарын суландыру жүйесінің көмегімен қорғалады.

Ашық алаңдарда (палубаларда) орналасқан декомпрестеу камералары температура төмен болғанда жылу оқшаулағыш жабындары болады;

9) сүңгуір мүлкі сақталатын қоймалар таза, кең, желдетілген болады. Қоймалардағы температура 5 бастап 30 градусқа С дейін шекте, ал ауаның ылғалдылығы 50-60 % шамасында болады;

10) аспап, қосалқы бөлшектер мен жарақтың ұсақ бөлшектері стеллаждарға орналастырылады. Тотығатын бөлшектер майлы шүберекке немесе майланбайтын қағазға оралады;

11) бұрын пайдалануда болған сүңгуір жарағының заттары мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдары жаңаларынан бөлек қоймада сақталады.

Сүңгуір жарағы мен жабдықты бір бөлмеде сүңгуір станциясының мүлкіне жатпайтын материалдармен бірге жанар-жағармай материалдарымен бірге сақтауға болмайды.

Пайдалануда жоқ сүңгуір жарағы мен түсірмелерді қамтамасыз ету құралдары қоймаларда сақталады.

Жарақтың резеңке бөліктері орналастыру мен сақтандырудың барлық жағдайында күн сәулесі мен жанар-жағармай материалдарының әсерінен жабылады, ал үй-жайларда жылу беру аспаптарынан 2 м жақын емес қашықтықта орналасады;

12) регенеративті сүңгуір жарағы зарядталмаған штаттық сүңгуір жарағында сөмкеде немесе жәшіктерде сақталады, ал пайдаланудағылары, әдетте, пайдаланғаннан кейін дереу жұмыс қысымына дейін зарядталуы қажет. Тыныс алу аппараттарын зарядтау үшін пайдаланылатын оттегіде, ауада және химиялық жұтқышта тыныс алу аппараттарында пайдалану үшін олардың жарамдылығын куәландыратын паспорт деректері немесе талдау нәтижелері болады.

Регенеративті сүңгуір жарағы қоймада сақтау кезінде сыртқы (күрделі) қабырғадан кемінде 0,75 м және жылу беру аспаптарынан кемінде 2 м қашықтықта тік күйінде салынады. Ұяшықтардың қабырғалары ауа өткізеді.

Химиялық жұтқыш қораптан себіледі, ол бұдан соң жуылады және кептіріледі;

13) ашық тыныс алу сызбасы бар немесе шланг түріндегі жеңіл сүңгуір жарағында, екінші сүңгуір жарағы құрамында (сақтандырушы сияқты) сүңгуір станциясындағы регенеративті жарақта немесе емдеу мақсатына арналған және тұрақты жүйелі түрде пайдаланылмайтын декомпрестеу камераларында баллондардағы ауа (оттегі) тексеріліп, қысымы анықталады. Жұмыста ұзақ үзіліс болған жағдайда аппарат баллондарындағы сығылған ауа сапасына экспресс талдау жүргізіледі. Регенеративті тыныс алу аппараттарының қораптарындағы химиялық жұтқыш талдауы айына бір рет жүргізіледі.

Құрамындағы көмірқышқыл газы 20 л/кг аспайтын химиялық жұтқыш пайдалануға жарамды деп саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет