Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет37/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Жуан ішек. Жуан ішек (толстая кшика) - intestinum crassum - үш түрлі 

ішектен  құралған.  Олар:  бүйен,  тоқ  ішек  және  тік  ішек.  Жуан  ішек  артқы 

тесік - анус арқылы сыртқы ортаға ашылады. Жуан ішекте аш ішектен келген 

азық  одан  әрі  қорытылып,  ыдыраған  қарапайым  қоректік  заттар,  су  және 

еріген тұздар сіңіріледі. 

Қорытылмаған  азық  қалдықтарынан  нәжіс  қалыптасып,  сыртқа 

шығарылады. 

Аш  ішекпен  салыстырғанда,  жуан  ішек  қабырғасының  құрылысында 

біраз ерекшеліктер байқалады. 

Жуан  ішектің  кілегейлі  қабығы  бірқабатты  призма  тәрізді  көбелі 

эпителиймен астарланған. Бірақ, аш ішек кілегейлі қабығымен салыс-тырғанда, 

онда  ішек  бүрі  болмайды.  Жуан  ішек  диаметрінің  кең,  кілегейлі  қабығының 

қатпарлы  болуы,  оның  ішек  қуысындағы  химуспен  жанасу  және  қорытылған 

заттарды  сіңіру  ауданының  үлкеюіне  септігін  тигізеді.  Ішектің  кілегейлі 

қабығында  кілегей  бөлетін  бокал  тәрізді  бірклеткалы  және  көпклеткалы  бездер 

болады. Бұл ішектің кілегейлі қабығы да төрт қабаттан тұрады. Онда жекеленген 

лимфа түйіншелері (фолликулдары) кездеседі. 

Ішек  қабырғасының  етті  қабығы  сыртқы  ұзынша,  ішкі  сақинаша 

қабаттардан құралған. Кейбір жануарлардың жуан ішектерінде осы қабықтың 

сыртқы  ұзынша  қабатының  ішек  қабырғасының  белгілі  бір  тұстарында 

топтауынан  түзіліп,  ұзына  бойы  орналасқан  ет  таспалары  -  taniae  -  болады. 

Бұл таспалардың аралығындағы ішек қабырғасындағы етті қабық тек бір ғана 




41 

 

ішкі  жұқа  сақинаша  ет  қабатынан  тұрады.  Сондықтан  ішектің  бұл  тұсы 



қалталанып -  haustra - жатады. 

Бүйен  (слепая  кишка)  -  ceccum  -  жуан  ішектің  тұйық  қалта  тәрізденіп 

басталатын бөлігі. Бүйен мен тоқ ішектің шекарасына мықын ішектің бүйен-

тоқ ішек тесігі - ostium cecocolicum - ашылады. 

Ерекшеліктері.  Жылқынық  бүйені  жақсы  жетілген.  Оның  пішіні  үтір 

тәрізді иіліп келеді. 

Бүйеннің  негізі  -  basis  ceci  -  қарын  тәріздес  кеңейіп  келеді  де,  үлкен 

және кіші бүйен иіндерін - curvatura ceci major et minor - түзеді. Бүйен негізі 

бүйен денесіне - coprus ceci, одан әрі жіңішкеріп бүйен төбесіне - apex ceci — 

ауысады.  Кіші  иінінің  дорсальды  бетіне  бүйен-тоқ  ішек  тесігі  ашылады. 

Тесіктің ішкі бетінде бүйен-тоқ ішек қақпағы - valva cecocolicum - және оның 

қабырғасында бүйеннің қысқыш бұлшықеті  - m. sphincter ceci - орналасады. 

Жылқының  басқа  жануарлардан  айырмашылығы  -  мықын  ішек  тесігінің  - 

octium ileale - тікелей бүйенге ашылуы. 

Бүйеннің етті қабығының сыртқы ұзынша ет қабаты бүйен қабырғасында 

ұзыннан  төрт  қатар  ет  таспаларын  түзеді.  Олар  орналасу  орындарына  қарай 

дорсальды,  вентральды,  медиальды  және  лете-ральды  таспалар  -  tenia  dorsalis, 

ventralis,  medialis  et  latesalis  -  деп  аталады.  Ал,  бүйеннің  ішкі  бетінде  таспа 

аралықтарындағы  қалталарға  кіреберіс  жиегін  жартыайшықты  қатпарлар  - 

plicae semilunares ceci - шектеп тұрады. Қалталар негізінен бүйеннің денесі мен 

төбесінде орналасады. 

Бүйеннің  сыртқы  сірілі  қабығы  қатар  жатқан  тоқ  ішекпен  бүйен-тоқ 

ішек - ligamentum cecocolicum, ал мықын ішекпен мықын-бүйен -ligamentum 

iliocecale - байламдарымен жалғасады. 

Бүйен негізінің дорсальды беті бел  еттерімен, оң  жағы.оң бүйрек-пен, 

сол  жағы  ұйқы  безімен  жанасып  жатады.  Бүйеннің  артқы  ұшы  жамбас 

қуысының  кіреберісіне,  ал  алдыңғы  ұшы  бауырға,  18-ші  қабырғааралық 

тұсқа  дейін  созылады.  Бүйен  оң  жағымен  он  екі  елі  ішекке  және  құрсақ 

қабырғасына  жанасады.  Бүйеннің  денесі  құрсақ  қабырғасының  вентральды 

бетіне, ал төбесі семсерше өсінді аумағына қарай алға бағытталған. Бүйеннің 

төбесі мен құрсақ қуысының вент-ральды қабырғасы аралығында тоқ ішектің 

көлденең (диафрагмальды) иілімі орналасады. 

Ірі  қара  мал  бүйенінің  ұзындығы  30  -70 см,  пішіні  цилиндр  тәрізді,  тегіс 

кабырғалы болып келеді. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы 

жағында  орналасады.  Оның  артқы  ұшы  жамбас  қуысының  кіре-берісіне,  ал 

алдыңғы шекарасы.бел бөлімінің орта тұсына дейін созылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет