Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет35/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Аш  ішек.  Аш  ішек  (тонкая  кишка)  -  intestinum  tenue  -  қарын  мен 

бүйеннің  аралығында  орналасқан  азық  қорыту  жүйесінің  ортаңғы  бөлігі. 

Орналасу орны мен ондағы азық қорыту процесінің жүруіне байланысты аш 

ішекті үш бөлікке бөледі. Олар: он екі елі, ащы және мықын ішектері. 

Азықтың  белсенді  қорытылуы  осы  аталған  аш  ішек  бөліктеріне 

бөлінетін сөлдердің құрамындағы ферменттердің қатысуымен, жүреді. Азық 

қорыту  бездері  орналасу  орыны  мен  құрылысына  қарай  қабырғалық  және 

қабырғадан  тыс  орналасқан  бездер  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Қабырғалық 

бездер  ішек  қабырғасының  кілегейлі  қабығында  орын  тебеді.  Қабырғадан 

тыс  орналасқан  бездерге  бауыр  мен  ұйқы  безі  жатады.  Бұл  бездер  де 

қабырғалық  бездер  сияқты  аш  ішек  қабырғасынан  дамиды.  Құрылысының 

тым  күрделенуіне  байланысты  кейіннен  олар  ішек  қабырғасынан  жеке 

қомақты мүшелер ретінде жетіледі. Осының нәтижесінде аш ішек қуысымен 

олардың  тек  өзектері  арқылы  тікелей  он  екі  елі  ішекке  құйылады.  Бұла 

сөлдердің  құрамындағы  әр  түрлі  ферменттердің  әсерінен  азықтағы  қоректік 

заттар  (белоктар,  майлар,  көмірсулар)  өздерінің  қарапайым  мономерлеріне 

ыдырап, аш ішек бүрлеріндегі эпителий қабаты арқылы сорылып, қанға және 

лимфаға  сіңіріледі.  Сондықтан,  аш  ішектің  қабырғасы  қан  және  лимфа 

тамырларымен  жеткілікті  дәрежеде  қамтамасыз  етілген.  Аш  ішектің  ішкі 

бетіндегі  көптеген  қатпарлар  мен  бүрлері  ішкі  беті  ауданының  көлемін 

арттырады. 

Қабылдайтын  азықтың  түріне  (жануар  текті,  өсімдік  текті,  аралас) 

байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар текті 

азықпен  қоректенетін  жануарлардың  ішегі  қысқа,  ал  өсімдік  текті  азықпен 

азықтанатын  жануарлардың  ішегі-өте  ұзын  болады.  Талғаусыз  жануарлар 

(мысалы шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді. 

Аш  ішектің  қабырғасы  басқа  да  түтікті  ағзалар  сияқты  үш  қабықтан 

құралған. 

Аш  ішек  кілегейлі  қабығының  -  tunica  mucosa  -  ішкі  бетінде  барқыт 

түгіне ұксас ұсак, бүрлер - velii intestinales - болады. Кілегейлі қабықты ішек 

қуысы  жағынан  бірқабатты  призма  тәрізді  эпителий  астарлайды.  Эпителий 

қабатының  астында  өзіндік  пластинка  қабаты  (борпылдақ  дәнекер  ткані) 

жатады. Кілегейлі қабықтың үшінші етті қабаты бірыңғай салалы ет тканінен 

түзілген. Осы қабаттың етті клеткалар будасы жиырылып, кілегейлі қабықты 




36 

 

қатпарландырып  тұрады.  Төртінші  қабат  -  борпылдақ  дәнекер  тканьді 



кілегейасты негіз аш ішекте жақсы жетілген. 

Ішектің  кілегейлі  қабығында  ас  қорыту  сөлін  бөлетін  қабырғалық 

бездер  болады.  Оларға  эпителий  қабатындағы  кілегей  бөлетін  бір  клеткалы 

бокал  тәрізді  бездер,  кілегейлі  қабықтың  өзіндік  пластинка-сында  орын 

тепкен,  жалпы  ішек  бездері  -  gll.  intestinales  -  және  тек  он  екі  елі  ішек 

қабырғасының кілегейасты негізінде орналасқан - он екі елі ішек бездері - gll. 

duodenales - жатады. 

Кілегейлі  қабықта  азық  құрамында  болатын  микроорганизмдерді 

жойып, қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіндері де кездеседі. 

Ортаңғы етті қабық - tunica muscularis - екі қабатты бірыңғай салалы 

ет  тканінен  тұрады.  Оның  сыртқы  ұзынша  қабаты  жіңішкелеу,  ал  ішкі 

сақинаша қабаты, керісінше, қалың болып келеді. 

Сыртқы сірілі қабық аш ішек қабырғасының дорсальды бетінде тоғысып, 

ішек  шажырқайына  айналады,  Шажырқай  борпылдақ  дәнекер  аралығы  бар  екі 

қабатты сірілі қабықтан түзілген. Шажырқай аркылы ішекке қоректендіруші қан, 

лимфа тамырлары және жүйке талшықтары келеді. 

Он  екі  елі  ішек  (двенадцатиперстная  кишка)  -  duodenum  -  аш  ішектің 

қарыннан  кейінгі  қысқа  шажырқайға  ілінген  алғашқы  бөлігі.  Үй 

жануарларында  ол  негізінен  құрсақ  қуысының  оң  қабырғаастылық 

аумағында  орналасады.  Бауыр  мен  ұйқы  безінің  негізгі  өзектері  он  екі  елі 

ішек қуысының алдыңғы бөліктеріне біріге ашылып, он екі елі ішектің улкен 

бүртігін  -  papilla  duodeni  major  -  жасайды.  Ал  ұйқы  безінің  қосымша  өзегі 

ішек  қуысының  арткы  бөліктеріне  келіп  ашылып,  он  екі  елі  ішектің  кіші 

бүртігін - papilla duodeni minor - жасауға қатысады. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  он  екі  елі  ішектің  ұзындығы  I  метрдей 

болады.  Қарыннан  шыққан  соң  оның  қуысы  кеңейіп,  он  екі  елі  ішек 

ампуласын  -  ampulla  duodeni  -  түзеді.  Бұдан  соң  ол  құрсақ  қуысының  оң 

бүйіріндегі бауырдың бетімен төмен қарай тағаша иілім жасап, ұйқы безінің 

денесін  айналып  өтеді.  Ішектің  осы  тұсы  оның  төмендеген  бөлігін  -  pars 

descendens - құрайды. Одан әрі он екі елі ішек бауырдың оң бөлігін бойлай оң 

бүйрекке  қарай  көтеріле  бағытталып,  өрлеме  бөлікті  -  pars  ascendens  - 

жасайды. Екінші және үшінші бел омыртқа тұсында ішек оң бүйректің артын 

ала солға бұрылып, каудальды иілім түзеді де, шажырқай түбірлері арасымен 

көлденең бөлікті - pars transversa - жасап, ащы ішекке ауысады. 

Он екі елі ішек бауырмен сірілі қабық арқылы жалғасып, бауыр он екі 

елі  ішек  байламын  -  ligamentum  hepatoduodenale,  бүйрек  және  бүйенмен  - 

бүйрек-бүйен-он  екі  елі  ішек  байламын  -  ligamentum  renocecoduodenale, 

шажырқай  түбірімен  -  он  екі  елі  ішектің  көлденең  байламын  -  ligamentum 

transversum  duodeui,  кіші  тоқ  ішекпен  -  он  екі  елі-тоқ  ішек  байламын  - 

ligamentum  duodenocolicum  -  түзіп,  аталған  ағзалармен  байланысып  тұрады. 

Он екі елі ішек бүртігі пилорустан 10-12 см қашықтықта орналасады. 



Күйіс қайтаратын жануарлар он екі елі ішегінің ұзындығы 70 -120 см-дей 

болады. Ол ұлтабардан 9 - 11-ші қабырғалар тұсында басталады да, тік жоғары 




37 

 

көтеріліп,  бауырдың  бетінде  он  екі  елі  ішектің  краниальды  иілімін  -  flexura 



duodeni cranialis - түзеді. Бұдан соң он екі елі ішек бауырдан каудальды бағытта 

оң  бүйректің  төменгі  жиегін  бойлай  жамбас  қуысының  кіреберісіне  дейін 

созылады. Осы тұста ол медиальды бағытта бұрылып, каудальды иілім - flexura 

duodeni  caubalis  -  жасайды  да,  бел  бұлшықеттерімен  жанаса  кайтадан  бауырға 

қарай  бағытталып,  оның  маңында  он  екі  елі-ащы  ішек  иілімін  -  flexura 

duodenojejunalis  -  түзіп,  ащы  ішекке  ауысады.  Бауыр  өзегі  он  екі  елі  ішекке 

ірі.қара малда пилорустан 50—70 см-дей, ұсақ малдарда 25 - 40 см қашықтықта 

ашылады.  Ал  ұйқы  безінің  өзегі  ірі  қара  малда  бауыр  өзегінен  30  -  40  см-дей 

кейінірек, ал ұсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады. 

Шошқаның  он  екі  елі  ішегінің  ұзындығы  40  -  80  см-дей  болады.  Ол 

құрсақ  қуысының  оң  қабырғаастылық  аумағында  орналасады.  Бауыр  өзегі 

пиларустан 2 - 5 см, ал ұйқы безінің өзегі 15 - 25 см қашықтықта ашылады. 

Ащы  ішек  (тощая  кишка  )  -  jejunum  -  ұзын  шажырқайға  ілінген 

көптеген ішек ілмектерінен - ansae intestinalis - тұрады. Өз кезегінде ол он екі 

елі ішектен басталып, мықын ішекке ауысады. 

Ерекшеліктері Жылқыда ащы ішектің ұзындығы 19—30 м, диаметрі —

6—7  см-дей  болады,  бүйеннің  алдыңғы  жағында  ұзын  шажырқайға  ілініп 

тұрады.  Ол  құрсақ  қуысының  сол  жақ  жартысының  үстіңгі  және  ортаңғы 

бөлігін алып жатады. 

Ірі қара малда ащы ішектің үзындығы 40 м, диаметрі 5 - 6 см, ал ұсақ 

малдарда  -  30  м,  диаметрі  -  2  см  болады.  Бұл  жануарларда  ащы  ішек 

басқалармен  салыстырғанда  қысқа  шажырқайға  ілінген  көптеген  ілмектер 

түзеді. Ол түгелімен құрсақ қуысының оң бөлігінде орналасады. 



Шошқада ащы ішектің ұзындығы 15-20 м болады, ішек ілмектері ұзын 

шажырқайға ілінген. 

Мықын  ішек  (подвздошная  кишка)  -  ileum  --  ащы  ішектің  ең  қысқа 

бөлігі.  Оның  тоқ  ішекке  ашылар  тесігінің  -  ostium  itealis  -  қабырғасында 

мықын  ішек  буртігінің  -  papilla  ilealis  -  негізін  құрайтын  қысқыш  ет  -  m. 

sphincter ilei - болады. Оның ішкі бетінде жүгеншік -  frenulum papillae ilealis 

- орналасады. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  мықын  ішектің  ұзындығы  30  см,  құрсақ 

қуысының  оң  бүйірлік  аумағында  жатады.  Ол  бүйенге  тікелей  кіші  иін 

жағынан ашылады. 



Күйіс  қайтаратын  жануарларда  мықын  ішек  бүйен  мен  тоқ  ішектің 

соңғы  иілімі  арасында  жатады.  Ол  4-ші  бел  омыртқа  тұсында  тоқ  ішектің 

артқы оң жағына, бүйен мен тоқ ішек шекарасына келіп ашылады. 

Шошқада мықын ішек тоқ ішектің алдыңғы он жағының үстіңгі бетіне 

шөлмек  тәрізденіп  ашылады.  Осы  тұс  бүйен  мен  тоқ  ішек  шекарасы  болып 

табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет