Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет41/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

         Теріні  шешу.  Анатомо  –  гистологиялық  құрылымға  байланысты  теріні 

шешкенде  пайда  болатын  күш  алуан  түрлі.  Күш  салу  көлеміне  әсер  ететін 

факторларға  жататындар:  түрі,  жынысы,  малдың  қоңдылығы,  терінің  түрлі 

аудандары. 

        Тері  асты  қабатын  жұлу  әдісімен  теріні  механикалық  түрде  шешу 

кезінде теріге жұмсалатын күш тері асты қабаты және беттік фасция арқылы 

бұлшықет  немесе  май  ұлпасына  беріледі.  Беттік  фасция  мен  оның  астында 

орналасқан    қабаттардың  арасындағы  байланыс  аса  берік  емес.  Күш 

мөлшерін,  оны  пайдалану  бағытын,  сондай  –ақ  жұлудың  қажетті 

жылдамдығын  дұрыс  таңдағанда  тері  асты  қабатына  әсер  ететін  күш 

түбегейлі  болады,  ал  фасция  мен  одан  төмен  жатқан  қабаттар  арасындағы 

байланыс  дұрыс  таралған  болады.  Соңғы  жағдайда  әсер  ететін  қуат  төмен 




45 

 

болады және бөліну тері асты қабат бойынша жүреді. Тері беттік фасция мен 



тері асты қабат арқылы байланысқан аудандарда және де сол аудандағы тері 

мен  тері  асты  қабат  арасындағы  байланыс    беріктігі  барлық  бағыттарда 

бірдей  болған  жерлерінде    жұлу  әдісімен  теріні  бөліп  алу  түсірілетін  күшті 

қандай бағытта қозғалтса да мүмкін болады. Алайда ұшаның тік осі бойымен 

(онын алдыңғы бөлігінде) орналасқан бұлшықеттің беттік фасциямен терінің 

дермасы  байланысқан  жерінде  түсірілетін  күш  бұлшықет  талшықтарына 

қарама-қарсы немесе фасция талшықтарының бойымен бағытталуы тиіс. Осы 

жағдайда  фасция  талшықтарының  негіздері  жұлынбайды,  ал  қабат  аралық 

бөлінуге  жұлынумен  салыстырғанда  түсірілентін  күш  аз  жұмсалады.  Осы 

арқылы ұша бетін зақымдауды болдырмауға болады. 

Жұлу  әдісімен  теріні  бөлу  кең  таралған  және  де  теріні  шешуге    арналған  

механикалық  қондырғыларда  іске  асырылады.Түсірілетін  күштің    әсер  ету 

бағыты теріні шешу (жұлу) бұрышына тәуелді болады. 

Тері асты қабатын жұлу әдісімен терінің бөлінуінің меншікті кедергісі 

ажырату бұрышына тәуелді. Осылайша, шешу жылдамдығы ұлғайған сайын 

теріні  жұлуға  қажетті  меншікті  күш  арта  түседі.  Тері  ақаулары  мен  ұша 

бетінің  ақаулары  механикалық  әдіспен  шешу  кезіндегі  ережелерді  сақтасау 

салдары  болып  табылады.  Бұларға белгілі  уақытта  және  ұша  бетінің белгілі 

аумағындағы шешудің аумағында шешудің бағыты мен жылдамдығы тәуелді 

болады.  

ІҚМ  -  дың  терісін  екі  бағытта  шешу  қажет  екендігі  қабылданған 

алдымен 70 бұрышта , 0,06 – 0,08 м/с жоғары  болмайтын жылдамдықпен бел 

омыртқаның соңғы омыртқасына дейін тері шешіледі, содан кейін 0,12  -0,16 

м/с  жылдамдықпен  жанама  жолмен  ұшаның  жоғарғы  жағын  шешеді. 

Жауырынды  иық  және  артқы бөліктердің  аумағынан  теріні  жұлу  кезінде  ең 

көп күш жұмсауды қажет етеді. 

       Тері  асты  қабатының  кұрылымының  ерекшелігіне  байланысты  ұсақ  мал 

мен  шошқа  малының  терісін  шешуде  шешу  бағытын  өзгерту  қажеттілігі 

туындамайды. Сондықтан шошқа мен ұсақ мал ұшаларының терісін шешуді 

әрдайым 180 – ге жақын болатын бұрышта шешуге болады. 

       Бақылау  нәтижелері  көрсеткендей  барлық  қажетті  ережелерді  сақтаған 

жағдайда  да  теріні  шешу  процесі  кезінде  терінің  беттік  бұзылуларын 

болдырмау  мүмкін  емес,  әсіресе  ірі  қара  мал  мен  шошқа  малының  семіз 

ұшалары,  сондай  –ақ  төмен  қоңды  ұсақ  мал  ұшаларында  да.  Сол  себепті 

теріні  жұлу  процесінде  задира  пайда  болатын  ұшаның  жекелеген 

учаскелерінде теріні қолмен кесіп отырады. 

Теріні  механикалық  түрде  шешуге  арналған  қондырғылар  ең  алғаш  Баку, 

Омск,  Москва  және  Ленинград  ет  комбинаттарында  30  –шы  жылдарда 

жасалып  енгізілген.  Кейіннен  бұл  қондырғылар  жетілдіріле  басталған.  Ет 

өндірісі  кәсіпорындарында  екі  типті  қондырғылар  жумыс  жасайды: 

ұшаларды  механикалық  түрде  өңдейтін  периодты  қызметтегі  ФУА  типті            

жэне ФУАМ, сондай – ақ « Москва » қондырғысы. 




46 

 

Периодты  жұмыс  істейтін  қондырғы  негізін  звеноларына  тері  ілінген 



тросты  іліп  алып  кетуге  арналған  ілгіштер  орналастырылған  үздіксіз 

шынжыр  қозғалып  отыратын  гиперболикалық  бағыттағыш  құрайды. 

Гиперболикалық  бағыттағыш  тері  шешу  кезіндегі  екі  қажетті  бағытты 

қамтамассыз  етеді  (перпендикулярлы  және  параллельді).  Теріні  шешу  

жылдамдығынның  өзгеруі  жылдамдықты  өзгерту  вариаторымен  жүзеге 

асырылады.  

Теріні  шешу  үшін  ұша  аспалы  жол  арқылы  қондырғыға  арқа  бетімен  

беріледі  де  (21  сурет),  алдыңғы  сирақтарынан  ФУА  немесе  ФУАМ 

фиксаторларымен  ілініп алынады. ФУА фиксаторы екі бөліктен құралған  – 

жоғарғы  жетекші  және  алдыңғы  сирақтарын  фиксациялауға  арналған  

төменгі бөліктерден. Фиксатордың жоғарғы жетекші бөлігі астында ілгектері 

бар  конвейермен    приводтан  құралған.  Төменгі  фиксатор    металл  каркасқа 

бекітілген    тұйық  құбырдан  жасалған.  Құбыр  бойымен  малдың  алдыңғы 

сирақтары    фиксацияланатын  шынжырды  бекітуге  арналған  ұя  кызметін 

атқаратын роликті кареткалар қозғалып отырады.  

Забеловка конвейерінен  ұша  фиксаторға  беріледі,  мұнда оның  бірінші 

троллейінен  шынжыр  ілгектері  ұстап  алып  кетеді  де  алдңғы  сирақтары  

фиксацияланатын  орынға  ауысады,  Бұл  жерде  алдыңғы  аяқтарының 

жіліншектеріне ілгектер салынады.  

ФУАМ қондырғысында ірі қара мал терісін шешкен кезде қайталағыш 

фиксатор  қарастырылған,  яғни  карусель  типті  тасымалдағыш  қондырғы. 

Қайталағыш  фиксатор  ұшаны  фиксациялауды,  оны  агрегатқа  беруді  және 

оны  келесі  технологиялық  операцияға  бағыттауды  жүзеге  асырады. 

Қайталағыш  фиксаторы  бар  қондырғымен  жұмыс  істеу  барысында  бір 

уақытта  үш  ұша  өңделіп  отырады:  біріншісін  –  ілгектерді  шешу  аумағында 

өңдесе,  екіншісін  -  теріні  шешу  аумағында,  және  үшішісін  фиксация 

аумағында өңдейді. 

Периодты  түрде  жұмыс  істейтін  қондырғыларда  теріні  шешу  кезінде 

ұшаларды конвейерден өшіріп, содан кейін әрі қарай өңдеу үшін қайта қосып 

отыру қажет.Одан басқа тері ұшаның бетінде орналасқандықтан тері бетінде 

болатын  механикалық  лас  шешу  процесі  кезінде  ұшаның  дәл  үстіне  түседі.           

Москва – 4 конвейерлі агрегатында жұмыс істеу келесі жолмен жүргізіледі. 

Бөлшектеп ірелген ұшаны артқы сирақтарынан ілінген күйінде екі роликпен  

аспалы  жол  көмегімен  агрегатқа  жібереді.  Алдыңғы  сирақтарының 

сінірлеріне  ілгектерді  кигізіп,  терінін  екі  ұшын  теріні  шешу  конвейеріне 

шынжырлардың    көмегімен  ілгектерге  бекітіп  тарта  отырып  теріні  шешеді.             

Теріні  ұшадан  конвейер  қозғалысы    көмегімен    олардың  жылдамдығының 

әртүрлілігі  есебінен  шешіп  алады.  Конвейер  шынжырлары  локальды 

қисықтар  пішінінде  орындалған,  теріні  ұшадан  жұлудың  ең  жақсы 

бұрыштарын қамтамассыз ететін бағыттағыштар бойымен қозғалады. Шешу 

процесі  кезінде  тері  ұша  астында  орналасады,  бұл  жақсы  санитарлы  

жағдайды қамтамассыз етеді.Шешілген тері ленталы тасымалдағышқа түседі. 

Теріні  ұстап  тұрған  шынжырлар  түсіргіш  құрылғы  көмегімен  автоматты 



47 

 

түрде  конвейер  ілгіштерінен  құлайды.  Ірі  қара  малдың  ұшасынан 



механикалық  түрде  терісін  шешуге  арналған  «  Москва  –  4  «  конвейерлі 

агрегаты    қондылығы  түрлі  категориялы    ұшалардан  үздіксіз  ағымда  теріні 

шешуге мүмкіндік береді. Жұмысының үш режимінің бірін қолдана отырып 

ет  пен  майдың  тілініп  кетуін  ұша  массасына  0,1  %  -  ға  дейін  төмендетеді  ( 

100  басқа  –  15  кг.  жуық  ),  еңбек  өнімділігін    70%  -  ға  дейін  арттырады. 

Агрегаттың өнімділігі  сағатына   75,  100,  150, 300  бас.  Бұл  оны  қуаты  түрлі 

кәсіпорындарда  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Агрегаттың  ұзындығы  12  м, 

оны  ет  комбинатының  бір  қабатында  орналастырады,  ал  үздіксіз  әрекеттегі 

ФУА жэне ФУАМ қондырғылары биіктігі үлкен бөлмені қажет етеді. 

Ұсақ  мал  терісін  ұшасының  артқы  сирақтарынан  бастап  қолмен  шеше 

бастайды.  Осыдан  кейін  оны  горизонтальды  жағдайға  ауыстырады  (  төрт 

аяғынан  да  іледі  ).  Осындай  қалыпта  ілінген  ұшаның  терісін  алдынғы 

сирақтарынан,  мойын,  төс  және  қарын  аумағының    жекелеген  бөліктерінен 

шешуге  ыңғайлы.  Малды  конвейерде  өңдеу  кезінде  шеңберлі  жолдағы 

ұшаның  қозғалысы  жұмысшы  конвейердің  қозғалысымен  келісілген. 

Шеңберлі  жолда  теріні  шешкеннен  соң  алдыңғы  сирақтарын  ілгектерден 

босатады  да  ұша  вертикальды  қалыпқа  ауысады.  Осындай  жағдайда  қарын, 

бүйір  және  арқа бөліктерінен  ақырғы теріні  шешу  операциясы  жүргізіледі  ( 

қолмен жұлып алады ).  

Ұсақ мал ұшасының терісін механикалық түрде шешуді терінің барлық 

ауданының  50 – ден  75 % - ға дейінгі көлемін кұрайтын іреу операциясынан 

кейін  жүргізеді.  Ұсақ  мал  ұшасынан  теріні  механикалық  түрде    шешуді 

барабанды типті қондырғыларда іске асыруға болады. Оның жұмысшы бөлігі 

– айналмалы барабан болып табылады ( айналу жиілігі 3,0 – 0,6 с -1 ). Оның 

шеңбері  бойымен  бір  қатарға  теріні  бекітіп  жұлуға  арналған  ілгектер 

орналастырылған. Өнімділігі сағатына 100 – 350 бас. Іреу ауданы   70 % -ға 

дейін.Одан  басқа  бұл  қондырғымен  салыстырғанда  қарапайымдау 

вертикальды  қондырғы  жасалынып  шығарылған.  Жұмыс  істеу  принципі 

бойынша барабанды қондырғымен бірдей. Оның өнімділігі сағатына 100 бас.  

Барабанды және вертикальды қондырғылар ең тиімді болып табылады, 

өйткені  оларда  теріні  жұлу  нольге  жақын  келетін  бұрышта  жүзеге 

асырылады.  

Шошқа малының ұшасының терісін не тұтас не бір бөлігін ғана шешеді 

(  крупондау  )  немесе  ұшаны  терісімен  бірге  өңдейді.  Егер  шошқа  малының 

ұшасы  сатуға  немесе  шұжық  өнімдерін  өңдіруге  арналған  болса  терісін 

толық  шешді.  Шошқа  ұшасының  бір  бөлігінен  даналық  тұздау  өнімдері 

өндірілетін  жағдайда  крупондау  ұсынылады.  Сондай  –  ақ  шошқа  ұшасы 

толық немесе бір бөлігі бекон, ветчиналы өнімдер өндіруге жіберілетін болса 

терісін шешпейд1.  

Теріні толық шешкенде дәл ірі қара малда секілді бас пен сирақтарды  

тиіспей іреу операциясын жүзеге асырады. Іреу ауданы етті ұшалар үшін 25 -

30  %  және  майлы  ұшалар  үшін  50  %  құрайды.  Шошқа  ұшаларына 

вертикальдімен  қатар  горизонтальды  іреу  әдістерін  қолдануға  болады. 



48 

 

Вертикальді  іреу  кезінде  аудан  мен  энергиядан  ұтады,  сонымен  қатар 



ұшаларды тасымалдау оңайға түседі. 

Қансыздандырғаннан  кейін  шошқа  ұшаларын  іреу  ковейерінін 

ілгектеріне  отырғызады.  Оны  аспалы  жолда  орналасқан  роликтерге  іліп 

жібереді.  Конвейер  ұстағыштарымен    жақтарынан  немесе  көз  ойықтарынан 

берік ұсталынған ұшадан теріні басынан бастап артқы бөлігіне тарта отырып  

жұлып  шешеді.  Майлы  ұшалар  үшін  жұлу  жылдамдығы  3  -5  м/мин,  етті 

ұшалар  үшін  10  -12  м/мин.  Тері  нольге  тең  болатын  бұрышта  жұлынып 

алынады.  Бөліну  кезінде  қыртыс  майының  жұлынып  кетуін  болдырмау 

мақсатында қолмен демеп отырады.  

Іреу және теріні механикалық түрде  шешу кезінде терінін ішкі бетінде 

бұлшықет  және  май  ұлпаларының  кесінділері  қалып  қалуы  мүмкін.  Мұны 

болдырмау үшін теріні ұшадан бөліп алғаннан соң ұлпалар кесінділерін жою 

жұмыстарын жүргізу қажет, мұндай жағдайда  оларды тағамдық мақсаттарда 

пайдалануға болады. Бұл операция терінін обрядкасы деп аталады. Сонымен 

қатар іреу және обрядка операциялары сапасыз жүргізілген жағдайда теріде 

түрлі ақаулар пайда болады , оларға мездраның терең кесілуі ( выхваты ). тері 

бетіндегі тесіктер және пышақпен тіліп кетулер  жатады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет