Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б


Терісі шешілмеген ұшаларды өңдеу



Pdf көрінісі
бет42/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Терісі шешілмеген ұшаларды өңдеу.  Технологиялық процесс келесі жолмен 

жүзеге  асырылады..  шошқа  ұшаларын  қансыздандыру  жолына  көтереді, 

жуады,  бүйір  және  арқа  аумақтарының  бір  бөлігінің  жүнін  қолмен  немесе 

электроқиғыш  машина  көмегімен  алады  да  ыстық  сумен  жидітуге 

бағыттайды.  Жидіту  алдында  тыныс  алу  жолын  тампонмен  тығындайды 

немесе өңешті байлайды.  

Шошқа  ұшаларын  жидітуді  –  жидіту  чандарында    жүргізеді  (  судың 

температурасы 63 -65 С ), процесс ұзақтығы 3 - 4 мин. Жидіту кезінде терінін 

жоғарғы кабаты ( эпидермис ) жұмсарады, осының нәтижесінде шаштың түбі 

шаш  қалташасынан  оңай  шығады.  Шамадан  тыс  жидітіп  жібергенде  ( 

жоғарғы  температура  немесе  ұзақтығы  асып  кеткенде  )  дерма  белоктары 

коагуляцияланады  (  коллагеннің  пісіп  кетуі  ),  нәтижесінде  қыл  бүрісіп, 

қырғанда жұлынбайды ( сына бастайды ), жидіту уакыты аз болған жағдайда 

да шаш қиын жұлынады.  

Жидіту чанына ұшалар лебедка көмегімен немесе арнайы құрылғымен  

түсіріледі.  Чандағы  ұшалар  қолмен  (  ескекпен  )  не  қозғалмалы  итергіш 

көмегімен  не  конвейермен  қозғалтылады.  Чаннан  шығарып  алу  үшін 

көтергіш  тор  қарастырылған.  Су  барботер  арқылы    берілетін  өткір  бумен 

ысытылады.  

Шошқа ұшаларын камераларда жидітуге болады, мұнда олар конвейер 

көмегімен аспалы жол бойымен қозғалып отырады да температурасы 63  -65 

С болатын булы – сулы ағынмен шашыратылып жидітіледі.            

Жидіткеннен  кейін  терідегі  қылды  қырғыш  машиналарда  алады. 

Шошқа  ұшасынын  орналасуы  бойынша  жүнді  жою  процесінде  қырғыш 

машиналарда горизонтальді – тік, горизонтальді – көлденең және вертикальді 

деп бөледі.           




49 

 

Түрлі типті қырғыш машиналарда шошқа ұшалары температурасы    62 



–  65  С  сумен  бүркіледі.  Қырғыш  машинадағы  жүн  су  ағынымен  немесе 

арнайы тасымалдағыш құрылғымен шығарылады. Жұмсалған суды фильтрде 

тазалап , ысытып қайта қырғыш машинаға жібереді. 

Периодты  қызметтегі  қығыш  машинадан  жүннен  тазаланған  ұшалар 

қабылдау столдарына келіп түседі, мұнда қалған жүнді қолмен тазалайды да 

аотқы  сирақтарына  ілгектерді  іледі  және  элеватор  көмегімен  ұшаларды  әрі 

қарай өңдеу үшін аспалы жолға көтереді.  

Қырғыш  машиналарда  ұшалардан  жүнді  жойғаннан  соң  одан  ұсақ 

мамық шаш және терінін жоғарғы қабаты – эпидермис (терінің су өткізбейтін 

қабаты)  қалады.  Бекон  немесе    ветчиналы  өнімдерді  өндіру  кезінде 

эпидермис  тұздау  ингридиентттерінің  тұтас  еттің  қалыңдығына  енуіне 

кедергі  жасайды.  Сондықтан  оны,  сонымен  қатар  ұсақ  шаш  пен  мамықты 

жандыру арқылы үйітеді. Ол үшін үйіту пештері қолданылады. 

Пеш  цилиндр формасына  ие.  Ішкі беті  арнайы  отқа  төзімді  кірпішпен 

қапталған.  Пештің  әр  бір  бөлігі  форсункалардан  берілетін  от  алауымен 

қыздырылады. Пештегі температура 1000 – 1200 С, үйіту ұзақтығы 18 – 22 с. 

Шошқа  ұшасы  пешке  вертикальді  күйде  жеткізіледі.  Жұмысшы 

рычагпен пешті екі бөлікке бөліп ажырататын механизмді іске қосады. Ұша 

төмен иілген аспалы жолмен пешке бағытталады, мұнда арнайы ұстағышпен 

ұсталынады.  Осы  кезде  жұмысшы  пештің  екі  бөлігін  біріктіреледі.  Үйіту 

операциясы  аяқталған  соң  пеншті  ашады  және  үйітілген  ұша  иілген  жол 

арқылы  пештен  шығарылады.  Осымен  бір  уақытта  пешке  үйітілмеген  ұша 

жеткізіледі.  Үйіту  пеші  арқылы    жүріп  өтетін  аспалы  жол  рельсі  сумен 

суытылады.  

 Дұрыс үйітілген ұша тұтас беті бойыша біртекті қоңыр түске ие болуы 

керек  және  де  шытынаусыз,  күйіксіз  болуы  қажет.  Душ  астында  сумен 

жақсылап  судлаудан  және  жуғаннан  кейін  эпидермистің  жанған  қабатын 

пышақпен қырады. Тазалаудан кейін ұша бетін душ астында мұқият жуады.  

Пештерде үйіту кезінде ұшаға жақсы сыртқы түр беріледі, сондай – ақ 

ұша беті залалсыздандырылады.  

          Шошқа ұшаларын крупондау әдісімен өңдеу.  Крупондау - бұл шошқа 

ұшаларын  өңдеудің  комбинирленген  әдісі.  Ең  құнды  терінің  бүйір  немесе 

арқа бөліктерінің (крупон) ұшадан бөліп алып тері өндірісінде пайдаланады. 

Ұшаның  қалған  бөліктерінде  тері  қалдырылады,  одан  жүнді,  ұсақ  шаш, 

мамық  және  эпидермисті  жояды.Өңдеуді  келесі  әдіспен  жүргізіледі.  Ұшаны 

жуғаннан  соң  жидіту  чанының  конвейеріне  бекітілген  люлькаларға  жидіту 

чанына  арқасымен  жоғары  қарай  малады.  Малу  тереңдігі  –  15  –  20  см. 

Алайда крупон жидітілген жоқ. Бастарды чанның тұтас ұзындығы бойынша 

бекітілген душ астында жидітеді. Су температурасы 63 – 64 С, ұзақтығы 3 – 4 

мин. Ұшаның жидітілген бөлігіндегі жүн қырғыш машинада алынады. 

            Қырғыш машинадан ұшаны столға шығарып алады және қажет болған 

жағдайда  қосымша  тазалауды  қолмен  жургізеді.  Қысқа  пышақпен  (лезвие 

ұзындығы  3  –  4  мм.)  крупонды  ерекшелей  отырып  ұшаның    жидітілген 



50 

 

бөлігінін  шекарасы  бойымен  теріні  тіледі.  Теріні  фиксатормен  немесе 



крупонды  механикалық  шешу  шынжырымен  ұстай  алу  мақсатында  мойын 

бөлігінің забеловкасын іске асырады. 

            Крупонды  теріні  толық  шешу  жүзеге  асырылатын  қондырғыларда 

шешеді.  Крупонды  шешкеннен  кейін  үйіту  пештерінде  крупоны  шешілген 

ұшаның  арқа  бөлігі  жоғары  температурамен  өңделмеу  қажет  деген  есеппен 

ұшалардың    төс  және  қарын  бөліктерін  арнайы  құрылғылармен  үйітеді. 

Содан кейін ұшалрды әрі қарай өңдеуге жібереді.    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет