Ш. И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы 24 беттің беті силлабус «Микробиология» пәні бойынша Мамандығы: 6В10104 «Фармация» Дәрістер Практикалық сабақ


Академиялық адалдықтың бұзылу түрлері



бет4/31
Дата01.02.2022
өлшемі0.59 Mb.
#455030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
силлабус микробиология фарм каз 2021

Академиялық адалдықтың бұзылу түрлері

1.Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыруға енгізу).

2.Плагиат (өз еңбегі үшін басқа адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін беру, сондай-ақ өз атымен бөтен туындыны жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу).

3.Көшіріп жазу (ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау барысында бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).

4. Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ ауыстыру, жалған құжаттарды, қолдан жасалған медициналық анықтаманы ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қолжеткізу; оқу құжаттарын, деректер мен есеп нәтижелерін қолдан жасау, электрондық және қағаз транскриптіндегі бағалау мен қол қою, барлық деңгейдегі және т. б. жұмыстар мен құжаттарда бағалардытүзету).

5.Бағаланатын жұмыстарды орындау, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейне немесе аудиожазба.

6.Жасыру (жұмысты жосықсыз орындау не осы Кодекстің нормаларын және білім беру процесіне қатысушылардың университеттің ішкі ережелерін сақтамауы туралы ақпаратты хабардар етпеу немесе дер кезінде жеткізбеу).

7.Академиялық ақпаратқа заңсыз қолжеткізу және оны тарату-емтихан немесе Бақылау жұмыстарына жауап беру; білім алушыларды бағалау кезінде қойылатын мәселелер туралы хабардар ету, бағаланатын жұмыстар үшін тиісті рұқсатсыз ішінара немесе толық материалды тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмаларды және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдануды қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын заңсызжолмен ұрлау.

8.Сабақ және қорытынды бақылау кезінде тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану;

9. Пара берумен немесе алумен ұштасқан әрекеттерді жасау (сыйлықтар тарту, кез келген түрдегі сыйақы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерін беру үшін делдалдық қызметтер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет