Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет103/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Қорытынды бөлім
– 
бір-біріңізге жасаған сыйлықтарыңыз ұнады ма?
– 
осы ойын кезеңінде қандай сезімдер туындады? 
Соңында әлеуметтік маман құмдағы суреттемені ретке келті-
ріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қол-
дарын жууды сұрайды. 
 
3-сабақ 
Мақсаты: 
Бала мен ата-ана арасындағы серіктестік және 
конструктивті қарым-қатынасты дамыту. 
Міндеттері:
– 
бұлшық еттердің тонусын реттеу; 
– 
қол саусақтарындағы бұлшық еттерінің қысымын шығару; 
– 
ұсақ моториканы жетілдіру; 
– 
коммуникациялық дағдыларды дамыту. 
Құралдар: 
құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, май-
да тастар, қылқалам. 
Кіріспе бөлім
«Кішкентай кеме» жаттығуы 
(ата-ана мен бала орындай-
ды). 
«Алақаныңызды кішкентай кемеге ұқсатып қосыңыздар. Қа-
зір біздің кемелеріміз құмда жүзеді (қозғалыс сөздермен бірге 
орындалады: Кеме толқынмен жүзеді, мен онда капитанмын)». 
Негізгі бөлім 
Ересек адам «Мейірімділіктің сиқырлы тастарын» (әртүрлі 
түстегі тастар) алдын ала құмға көміп қояды. Балаға қылқаламды 
береді және ол тастарды қазып шығарады. Тастарды шетінен 
ашып, оның түсін айтып, оны қолға алып, біраз ұстап, анасына 
беру керек (осы кезде жылы сөз айтылғаны жөн), тастың және 
өзінің мейірімділігімен бөлісу қажет.
«Мейірімділік елі» атты жаттығу 
Әлеуметтік маман ата-анадан баласымен бірге құмсалғышта 
«Мейірімділік елін» құруын сұрап, содан кейін ол туралы айтып 
беру қажет. 
Қорытынды бөлім
– 
бүгінгі сабақта не есте қалды? 
– 
сіздер қазір қандай сезімдесіздер? 


183 
Қорытынды барысында әлеуметтік маман құмдағы суретте-
мені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін 
тегістеп, қолдарын жууды сұрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет