Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Жағдайды үнемі көшбасшылық бақылауда ұстаңыз



Pdf көрінісі
бет124/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
dokumen.pub 9786010446892

Жағдайды үнемі көшбасшылық бақылауда ұстаңыз. 
«Қырсық» адамға жүргізуші орнына отыруға мүмкіндік бермеңіз. Авто-
бусты сіз жүргізген уақытта ол сізге қажет бағытта жүреді, басқа біреу отырса, 
ол өзінің бағытымен кете бермек. Бақылауға көнбейтін адамдар, бақылауға 
көнбейтін көліктен арыл. Олар жаман ойлайды, арамдық ойлайды, көліктің ша-
масы жетпейтін нәрселер жасайды.
Ешкімді кемсітпеңіз. 
Адам қиындықты, әділетсіздікті басынан оңай өткеруі мүмкін шығар. 
Бірақ сіз оны кемсітіп, қорлап, барлығының көзінше ақымақ қылып көрсететін 
болсаңыз, онда өміріңіздің соңына дейін өзіңізге жау тауып аласыз. Оның сізден 
өш алатыны күмәнсіз.
Ешқашан адамның ақымақ екенін немесе дарынсыз екенін дәлелдемеңіз. 
Ешқашан ешкімді кемсітпеңіз.
 
Тек алып қана қоймай, беріңіз. 
Сараң, көпті көрмеген адам ылғи да бір нәрсені беруден бас тартады. Өйт-
кені ол одан не шығатынын көре алмайды. Көреген басшы өзінің берешегінен 
бірден пайда мен табыс түсірсем деген оймен бермейді. Бір нәрсе бергенде 
орнына не қайтар екен деп ойламаңыз, ештеңе күтпеңіз. Өзіңіз ешнәрсе бермей, 
бірнәрсеге ие болам деп өзіңізді алдамаңыз. 
Өзіңіздің берешегіңізді алып тұрған адамнан сізге пайда түседі деп есеп-
темеңіз.
Егер біршама адамдарға олардың дегеніне жетуіне көмектессеңіз өзіңіз де 
құр қол қалмайсыз, өз дегеніңізге сіз де жетесіз.
Берген уәдеңізде тұрыңыз. 
Адам өз сөзінде тұрмаса, ол өтірікші болғаны. Егер ол өтірікші болса, оған 
сенуге болмайды, оған арқа сүйеуге болмайды.


218 
Ол ақылды, дана, бірақ көшбасшы ретінде мүлде берекесіз болуы мүмкін.
Егер сөзіңізде тұрмасаңыз көшбасшы болу мүмкін емес.
Өзіңізді қолда ұстаңыз. 
Кейде адамдар бір-бірімен жанжалдасып қалады. Ақымақ болмаңыз, ашу 
шақырмаңыз, салқын қанды болыңыз да, ойланыңыз. Кешірімді болыңыз, өзі-
ңіздің қателіктеріңізді мойындай біліңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет