Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Шетелдік тәрбиедегі девиантты



Pdf көрінісі
бет32/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Шетелдік тәрбиедегі девиантты
мінез-құлықты балалармен жұмыс
Швецияда кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен жұмыс
Полиция жанындағы әлеуметтік қызмет бөлімі жасөспірім-
дер тұратын жердегі муниципалдық әлеуметтік қызмет полиция-
сы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Әлеу-
меттік қызметкер жауап алуға қатысады, бірақ жауап алу бары-
сына араласпайды. Содан кейін жеке бөлмеде әлеуметтік қызмет-
кер жасөспіріммен және оның ата-аналарымен әңгіме өткізеді
оның барысында жасөспірім отбасында қандай жағдай, мектеп-
тегі істің жағдайы, құрдастарымен және т.б. қарым-қатынаста 
мәселелер бар-жоғын анықтауға тырысады.
Әлеуметтік қызметкер әңгімелесу нәтижелері бойынша есеп 
жасайды және оны жасөспірімнің тұрғылықты жері бойынша 
әлеуметтік қорғау қызметіне жібереді. Есепте ұсыныстар бар 
және осы жасөспірімге қатысты одан әрі шаралар жөнінде ұсы-
ныстар, яғни жасөспіріммен және оның отбасымен тікелей жұ-
мыс істейтін және оны әлеуметтік оңалту шешімін қабылдайтын 
әлеуметтік қызметтердің уақыты үнемделеді.
Қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары.
Алғаш рет кездесетін жасөспірім үшін полиция қызметкер-
лері мен әлеуметтік қызметкерлер полицияның компьютерлік де-
ректер базасында, тіпті ең кішігірім құқық бұзушылықтың тірке-
летінін түсіндіреді. Осылайша, 15 жастан асқан әрбір құқық бұзу-
шыға электронды файл беріледі. Жазба компьютерде кішігірім 
құқық бұзушылық үшін бес жыл сақталады (ауыр қылмыс үшін 
7-10 жыл), содан кейін егер адам екінші рет қылмыс жасамаса, 
өшіріледі. Әйтпесе, электронды құжаттамаға екінші жазба енгі-
зіліп, екі құқық бұзушылық туралы мәліметті сақтау мерзімі бел-
гілі бір уақытқа ұзартылады.
Электрондық құжаттаманың болуы қоғамдағы адамның одан 
арғы өміріне тікелей әсер етеді, өйткені мансабының белгілі бір 
кезеңдерінде оның дербес деректері полициядан, мысалы, жұ-
мысқа орналастыру немесе жүргізуші куәлігін алуға рұқсатты 
ресімдеу кезінде сұралады. Мұндай рұқсат белгілі бір мерзімге 
(бір жылға, екі жылға) кейінге қалдырылуы мүмкін; егер осы жас 
адам құқық бұзушылық жасағандығы және т.б. анықталса, жұ-
мыс беруші жұмысқа қабылдаудан бас тарта алады.


64 
Егер жасөспірім қоғамға қауіп төндірсе немесе мамандан-
дырылған көмекті қажет етсе (нашақорлық, маскүнемдік, әлеу-
меттік мінез-құлық) әлеуметтік қызмет жағдайға егжей-тегжейлі 
зерттеу жүргізеді. Қажет болған жағдайда, егер ықпал ету мен кө-
мектің барлық басқа шаралары оң әсер етпесе, әлеуметтік қыз-
меткер оңалту сипатындағы бағдарламаны ойлайды, тиісті түзеу 
мекемесін таңдайды және осы мекеменің директорымен жас-
өспірімді белгілі бір мерзімге орналастыру туралы келіседі.
Сондай-ақ жасөспірім мен оның отбасымен уағдаластық бойын-
ша жасөспірімді уақытша оқшаулау бағдарламалары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет