Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


«Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеу әдістері



Pdf көрінісі
бет42/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
«Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеу әдістері 
Санаға әсер ететін механизмдердің бірі – тәрбие әдістері. 
Тәрбие әдісі оқушылардың қажеттілік-мотивациялық сала-
сын және санасын дамыту, мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру, 
оны түзету және жетілдіру үшін тәрбие жұмысы тәсілдерінің жи-
ынтығы болып табылады (И.Ф. Харламов). Тәжірибеде тәрбиенің 
көптеген әдістері бар, бірақ «тәуекел тобындағы» балалармен жұ-
мыс кезінде тәрбиенің келесі әдістерін қолдануды ұсынамыз: 
 
«Мінезді қайта құру» әдісі
Қайта құру әдісінде жасөспірімнің адамгершілік бейнесінде 
кәмелетке толмағанның жеке басын өзгертудің, қайта бағдарлау-
дың және түзетудің бастапқы бағытына айналуы мүмкін тірек 
нүктесін табуға ерекше көңіл бөлінеді. 


83 
Бұл әдіс педагогикалық қызметтің келесі элементтерін қам-
тиды: 
1) тәрбиеленушінің мінез-құлқын қайта құру барысында 
оларды дамыта, жетілдіре және тереңдете отырып, оң қасиетте-
рін анықтау

2) тәрбиеленуші тұлғасын жеткізудің, өмір салтының анық-
талған оң үрдістері негізінде оның оң дамуын болжау
3) жағымсыз жағдайларға байланысты жойылған әдеттерді, 
салауатты қажеттіліктерді және оң қасиеттерді қалпына келті-
ру

4) бала оң деп санайтын, бас тартқысы келмейтін теріс қа-
сиеттердің түрін өзгерту

5) теріс қасиеттерін қайта бағалау, оларға төзімсіздік таныту 
қатынасы; 
6) теріс қасиеттер, зиянды әдеттер мен теріс қажеттіліктер 
қолайсыз саналатын жағдайларда салауатты өмір салтын қал-
пына келтіру

«Жарылыс» әдісі 
«Жарылыс» әдісінің ғылыми негіздемесін А.С. Макаренко 
берді. Оның айтуынша, онда өзін-өзі көрсету қоғамдық немесе 
жеке эмоциялар көріністерінде, ашық мазмұнды пікірлерде, ұжым-
ның шешуші наразылығында қолдау табуы маңызды. 
9-сызба 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет