Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет47/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Практикалық оқыту
 
«Әлеуметтендіру факторлары» жаттығуы 
Микротоптарда жұмыс істеу. Әлеуметтендіру факторларын 
сипаттаңыз (11-сызба). Олардың тұлғаға әсерін дәлелдеңіз және 
мысалдар келтіріңіз. 


90 
11-сызба 
Тұлғаны әлеуметтендіру факторлары 
 
 
 
«Мектептегі дезадаптация» жаттығуы 
Жоғарыдағы сызбаны қараңыз. Баланың мектепке дезадапта-
циясының себептерін анықтаңыз және тәуекел факторымен жұ-
мыс істеу үшін әлеуметтік педагогтың нұсқаулықтарын жасаңыз. 
 


91 
12-сызба 
Мектеп дезадаптациясын қалыптастыру үдерісіндегі әртүрлі тәуекел 
факторларының өзара әрекет ету құрылымы (С.А. Беличева) 
 
 
 


92 
 6 
тарау 
 
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ БАЛАЛАР
ҮЙІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРМЕН
ЖҰМЫСЫ 
 
 
 
 
 
Әлеуметтік педагог балалар үйінде жеке тұлғаны тәрбиелеу, 
оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар 
кешенін жүзеге асырады. Ол тәрбиеленушілердің жеке басының 
психологиялық және медициналық-педагогикалық ерекшелікте-
рі мен оның қоршаған ортасын, өмір сүру жағдайларын зерттейді. 
Ол тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы қызығушылықтар мен 
қажеттіліктерді, қиындықтар мен күрделі мәселелерді, қақтығыс 
жағдайларын, ауытқуларды анықтайды және оларға уақтылы 
әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. 
Балалар үйіндегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті:
– 
тәрбиеленушінің жеке ісінде ата-аналар, бауырлар мен 
әпке-қарындастар туралы, мүліктің, пәтердің, бағалы қағаздар-
дың болуы және сақталуы туралы жетіспейтін құжаттар мен ақ-
парат жинау, Жинақ банкінде шоттар ашу; 
– 
ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда ата-анадан 
алимент тағайындау және төлеу, ата-анасынан айрылғаны үшін 
зейнетақы төлеу, мүлікті сақтау, бұрынғы тұрғын үй орнына тір-
кеу құқығын сақтау бойынша сотпен, АХАЖ, халықты әлеумет-
тік қорғау комитетімен, білім беру және денсаулық сақтау бас-
қармаларымен, нотариустармен және т.б. өзара әрекеттестік ету; 
– 
тәрбиеленушілердің жеке құқығын қорғауды қамтамасыз 
ету: жалпы орта білім алуы, күн тәртібінде бос уақытпен қамта-
масыз етуі, зиянды әсерлерді болдырмауы, төлқұжат пен тіркеуді 
уақтылы алуы және т.б.; 
– 
балаларды оқыту кезінде, мектепті бітіргенде және оқуға 
немесе жұмысқа қабылданған кезде Қазақстан Республикасының 
Үкіметі қарастырған жеңілдіктермен қамтамасыз ету; 


93 
– 
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге оқуға 
немесе жұмысқа орналасуға, жайлы баспана, жатақхана бөлмеле-
рін алуға көмек көрсету; 
– 
18 жасқа толғанға дейін түлектермен байланыста болу; 
– 
түлектерге арнап картотека жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет