Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет67/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Үшінші кезең.
Процедура алдыңғы кезеңдегі процедураға 
ұқсас, бірақ бала «мұғалім» рөлін атқарады. 
«Қызметтегі жад» әдісі
Әдістің психологиялық мәні психологиялық жүйені қалып-
тастыруда жатыр. «Визуалды-объективті жады –вербальды-логи-
калық ойлау – образды елестетіп көру», осының арқасында көз-
бен көретін материалды сақтауға арналған қосымша көмектер 
жасалады. 
Бірінші нұсқа.
Балаға 5 зат бейнеленген суреттерді есте сақ-
тау және осы суреттерді сипаттайтын сөздермен 5 сөйлем құру, 


124 
суретте бейнеленген заттардың суретін салу тапсырмасы бері-
леді. Басқа тапсырмаларды орындағаннан кейін алдыңғы сурет-
тердің атын еске түсіру керек. 
Екінші нұсқа. Вербалды:
балаға 5 сөз беріледі, осы сөздер-
мен 5 сөйлем құрастыру керек. Содан кейін үзіліс беріледі, басқа 
тапсырмаларды орындауға болады (ауызша емес, суреттермен), 
3-5 минуттан кейін «Ал енді сен сөйлем құраған сөздерді есіңе 
түсір», – деп баладан сұраңыз. 
Бір заттың фрагментін толық бейнеге жеткізіп салу әдісі 
Балаға белгілі бір зат бейнеленген сурет фрагменті беріледі. 
Балаға осы фрагментте не бейнеленгенін тауып, суретті толығы-
мен салып шығу қажет. 
Нұсқаулық: «Бұл суретте суретші қандай да бір суретті сал-
ған, бірақ суреттің бір бөлігі өшіп қалған. Ол қандай заттың су-
ретін салғысы келгенін тауып, суретті аяқтау қажет». 
Бөліктерден белгілі бір затты құрастыру әдісі 
Бұл жұмыста бірнеше бө-
лікке бөлінген суреттер қол-
данылады. Бала осыдан бір тұ-
тас бейнені құрап шығуы ке-
рек: 
а) ұсынылған үлгі бойын-
ша; 
ә) дербес орындау. 
Нұсқаулық: «Суретші қан-
дай да бір суретті салып, бірақ осы суретті бірнеше бөлікке қиды. 
Осы бөліктерден бір суретті жинауға тырысыңыз». 
Сабақтың бірінші кезеңінде бала ретсіз түрде «жай ғана» су-
ретті жинайды. Бұл кезең неғұрлым тұрақты тақырыптық бей-
нелер образын қалыптастыру және образды бөліктерден «құрас-
тыру» стратегиясын жасау үшін қажет. Екінші кезеңде суретті 
сағат тілінің бағытымен схемада көрсетілгендей жинау керек. 
Жетіспейтін бөліктерді табу әдісі
Екі немесе үш бөлікке бөлінген суреттер қолданылады. Ба-
лаға бөлшектерден бүтін бір суретті құрастыру керек, бірақ су-
реттің бір бөлігі жетіспейді (мысалы, балықтың құйрығы). Балаға 
ұсынылған төрт-бес бөліктің ішінен жетіспейтін бөлшекті табу 
қажет. 


125 
Бірінші нұсқаулық: «Суретші қандай да бір сурет салған, бірақ 
суретті бөліктерге бөлген
. Осы бөліктерден толық сурет жинауға 
тырысыңыз. Егер қандай да бір бөлігі жетіспесе, маған айт». 
Екінші нұсқаулық: «Мына бес суретке қара, олардың бірінде 
саған керек балықтың бөлігі бар ма? Бөлікті таңдап, суретті то-
лықтыр». 
Суретті аяқтау әдісі 
Балаға адам (құс, жануар, гүл және т.б.) бейнеленген суреттің 
бөлігі (оң немесе сол) беріледі. 
Тапсырма: қай бөлігі оң немесе сол, салынбағанын анықта-
ңыз, содан соң осы бөлікті салыңыз. Қосымша тапсырма ретінде 
сіз балаға вербалды жолмен адамның оң қолына үшбұрыштың, 
сол жағына шеңбердің және т.б. суретін бейнелеуді ұсынуыңызға 
болады. 
Көру-ұстау координациясы, сөйлеудің кеңістіктік көрініс-
термен байланысы, вербалды-логикалық ойлау және объектінің 
образы қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет