Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Вербалды-бейвербалды оқу әдісін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет68/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
Вербалды-бейвербалды оқу әдісін қалыптастыру
Әдіс психикалық процестер жүйесін (оқу, ауызша логикалық 
және қөрнекі-бейнелік ойлау, көріністердің объекті образдары), 
олардың өзара әрекеттесуі мен өзара байланысын қалыптасты-
руға бағытталған. Сондай-ақ әдіс сіздің іс-әрекетіңізді ұйымдас-
тыруға және зейініңізді қалыптастыруға көмектеседі. 
Мұғалім басқа бір ересек адаммен бірге балаға таныс оқи-
ғаны немесе ертегіні оқып, мағыналық бөліктерге (3-5 бөлік) 
бөледі. Әңгіме бөліктерінің жалпы саны анықталады. Әңгіменің 
мағыналық бөліктерінің санымен бірдей ұяшық альбом парағына 
сызылады. Әр ұяшыққа бала әңгіменің әр мағыналық бөліктеріне 
арналған суреттерді салады. 
Әрі қарай парақ жеке сюжеттік суреттер бөліктеріне кесіледі 
(суреттері бар шаршылар) және осы суреттерден әңгімеге сәйкес 
суреттер сериясы жинақталады. Тапсырма осы пайда болған су-
реттер сериясы жайлы жалпы әңгімемен аяқталады. Соңында олар 
түпнұсқа мен өздері (құрастырған) әңгімелерді салыстырады. 
 
Жұмыс орнын ұйымдастыру әдісі
Бұл әдістің психологиялық мағынасы берілген ережелер мен 
заңдылықтарды ұстана алуда, өзінің іс-әрекетін бақылауда, бір 


126 
жағдайдан екінші жағдайға ауысқанда белгілі бір іс-әрекетті жа-
сай алу әдісінде (мысалы, үйде және мектепте бір жұмысты істей 
алу) жатыр. Осы білім еркін әрекеттің қалыптасқандығының кри-
терийі болып табылады. 
Алғашқы сабақта мұғалім (ата-ана, психолог) сабаққа қажет 
түрлі заттарды үстелге қалай және қайда қою керектігін түсінді-
реді (кітаптар, дәптерлер, суреттер, қарындаштар және т.б.) Егер 
бала үлкен болса, онымен мектеп құралдары үстел үстінде қалай 
орналасқаны ыңғайлы боларын ақылдасыңыздар. 
Әр сабақты бастамас бұрын мұғалім сабаққа қажетті мате-
риалдарды үстел үстіне ретсіз, шатастырып қояды. Кейін сабақ 
басталмай тұрып бала бөлмеге келіп, жұмыс орнын ретке келтіруі 
керек, осы арқылы бала ұқыптылыққа үйренеді. Келесі сабақтар-
да бала үстелдегі заттарды өздігінен реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет