129
Сабақ кезінде баланың көңілін бөлетін факторларды азайт-
қан жөн, бұл факторларға шу, «көңілді көршілер» және шамадан
тыс көп көрнекі материалдар жатады.
Гиперактивті оқушыға арналған орынды бұрышта емес, сы-
ныптың ортасында, тақтаға қарама-қарсы орналастыру.
Қиындық туындаған жағдайда мұғалімнен тез көмек сұрауға
жағдай жасаңыз, мысалы, қолдарын көтермей сұрауға, орнынан
жауап беруге мүмкіндік беріңіз.
Балаға арналған сабақтар нақты жоспарланған, стереотиптік
тәртіп бойынша құрылуы керек.
Гиперактивті оқушыға барлық қажетті ақпарат сипатталған
күнделік немесе арнайы күнтізбені қолдануға кеңес беріледі, мы-
салы, не әкелу керек, не істеу керек және қай уақытта болу керек.
Гиперактивті бала тапсырма тақтада немесе жеке карточкада
жазылған болса, жақсырақ түсінеді, бұл ой басқа жаққа алаңдап
кеткен жағдайда көрнекі үлгіге сүйенуге мүмкіндік береді.
Балаға белгілі бір уақыт аралығына бір тапсырманы беріңіз,
бұл тапсырма баланың ойын бөлмей керісінше ойын жинақтауға
мүмкіндік береді.
Егер бала үлкен ауқымды тапсырманы орындау керек болса,
онда тапсырманы біртіндеп
орындалатын бөліктерге бөліп,
ұсынған дұрыс және оған қажетті түзетулер енгізіп, жұмыстың
барысын белгілі уақыт аралығында бақылап отыру керек.
Сабақ оқумен қатар қимыл-қозғалыс мүмкіндіктері, «бой
сергіту жаттығулары» қарастырылуы керек: дене шынықтыру,
спорттық жаттығулар. Мысалы, 3, 4 сабақтан кейін таза ауада се-
руендеу, сабақ уақытындағы
дене тәрбиесі минуттары, арнайы
ұйымдастырылған үзілістер.
Баланың шамадан тыс шаршауына және шамадан тыс маза-
сыздануына
жол бермеуге; уақытылы баланың ойын басқа жұ-
мыс түрлеріне аударыңыз, өйткені шаршау гиперактивтілік белгі-
лерінің жоғарылауына әкеледі және
баланың өзін-өзі сыртқы
және ішкі қалпын реттеу мүмкіндігін нөлге дейін төмендетеді.
Баладан толық нәтижені бірден күтпеңіз. Гиперактивті бала
бір уақыт аралығында бір тапсырмаға ғана көңіл бөле алады.
Мысалы, егер сіз баланы тыйып тастасаңыз, онда баланың ойы
дереу өзін-өзі қадағалауға бөлінеді, ал
оған тапсырмаға зейін
қоюы қиын болады немесе егер тапсырма орындауды да және
ұқыптылықты да қажет етсе, ұқыптылық жайлы талапты төмен-
130
детуге болады, бұл әрекет балаға жетістікті сезінуге мүмкіндік
береді (нәтижесінде білім алуға деген мотивациясын арттырады).
«Болмайды» және «болады» деген сөздерден балаға шектеу-
лер қойған кезде, реттілікті ұстаныңыз.
Балаға тапсырманың аяқталатын уақыты жайлы алдын ала
ескертіңіз, мысалы, «Үш минут қалды».
Балаға бүкіл сыныптың алдында маңызды тапсырмалар бері-
ңіз, оларды орындауға көмектесіңіз, сыныпта оның табысты бо-
луына болысыңыз.
«Ата-аналарға кеңес беру» жаттығуы
Гиперактивті баланың тәрбиесі
жайлы ата-аналарға кеңес
беруде әлеуметтік педагогқа ұсыныстар дайындаңыз.
Мысалы, О. Козачектің ұсыныстары:
–
баланы әрдайым мақтауға лайық болған кезде мадақта-
ңыз (бала ескертуді елемейді);
–
физикалық зорлық-зомбылыққа бармаңыз, жиі «иә» деп
айтыңыз, «жоқ», «мүмкін емес» сөздерінен аулақ болыңыз;
–
оған күнделікті орындалатын үй жұмыстарының бір бөлі-
гін сеніп тапсырыңыз;
–
оған қабілеттеріне сәйкес тапсырмалар беріңіз;
–
баланың нені жасауға болады, не жасауға болмайтынын,
ортада өзін ұстау шектеулерін анықтап беріңіз;
–
үйде айқын күн тәртібін ұстаңыз, баланы тәртіпті сақта-
ғаны үшін марапаттаңыз;
–
үйде тыныштық орнатып, жақсы ұйқыға мүмкіндік жасаңыз;
–
адамдар көп жиналған жерден алшақ жүріңіз;
–
артық энергияны (физикалық белсенділік) жұмсауға мүм-
кіндік беріңіз;
–
бала өзін кез келген салада білікті, құзыретті сезінуі үшін
баланы қандай да бір іске деген қызығушылығын арттырыңыз;
–
балаңыздың жетістігіне сеніңіз, тәрбиеде шыдамды және
жүйелі болыңыз;
–
балаңыздың
қиындықтарын жақсы біліңіз, айналадағы
адамдармен бала және оның қажеттіліктері туралы сөйлесіңіз, ба-
лаға жақсы адвокат бола біліңіз;
–
өзіңіз
сабырлы болыңыз, сіздің сабырлығыңыз – бала
үшін ең жақсы үлгі.