138
–
ата-ана өлімінен кейінгі мүлік туралы мәлімет (кімге кал-
дырғаны туралы және оны сақтауға алған тұлғаның қолы).
Бұл мәліметті әлеуметтік педагог құрады:
– баланың тууы туралы куәлігі;
–
кандидаттың мекенжайы, тұрғын үй аумағы, отбасы құ-
рамы туралы анықтама;
– баланың қоныстануына кері ықпал ететін кандидат от-
басындағы ауру белгілерінің болмауы туралы қорытынды.
Асырап алуға дені сау немесе ауру балалар тапсырылады.
Егер бала ауыратын болса, алдын ала кандидатты ақпарат-
тандыру қажет. Ал кандидат өз кезегінде арызда келісімін білді-
руі керек. Әкімшілік арқылы (қалалық, аудандық) асырап алу не-
месе қамқорлыққа алу бекітіледі.
Асырап алу шаралары төмендегідей жүргізіледі: мекенжайы
бойынша мекемеге асырап алуға ата-ана болу мүмкіндігі туралы
өтінішін білдіріп арыз жазады. Арызда:
– мекенжайы бар туралы құжат;
– неке қию туралы куәлік көшірмесі;
– емдеу-профилактикалық мекемеден кандидаттың денсау-
лығы туралы медициналық анықтама.
Білім беру басқармасы мен әлеуметтік педагогтың көмегі ар-
қылы кәмілетке толмаған баланың тұрмыстық жағдайы туралы
бақылау жасалады. Әлеуметтік педагог, балабақша, мектеп, бас-
тапқы кәсіби мекемелер арқылы білім беру басқармасы баланың
тәрбиесі, өмір жағдайы,
денсаулығы, оқуы, кәмелеттік жасқа
жеткенге дейінгі мүлігін сақтау туралы бақылау жылына екі рет
мына құжаттар арқылы толықтырылып отырады:
– өмір жағдайы туралы бақылау акті;
– ата-ана өлімі жағдайына байланысты алимент, зейнетақы-
ның төленуі;
–
оқудағы үлгерімі, денсаулығы туралы анықтама.
Әлеуметтік педагог баланың өміріне қауіп төнген жағдайда
асырап алушыдан баланы алу қажет. Ол жергілікті өзін-өзі бас-
қару актісіне байланысты орындалады.
Мүліктік құқығын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қор-
ғау түсінігіне мүлігін сақтауды қамтамасыз ету, мұрагерлігін
корғау, уақытында зейнетақы
мен жәрдемақының төленуі, заң
бойынша қамтамасыз ететін тұлғадан алимент алу кіреді.
139
Баланың ата-ана мүлігіне, ата-ананың баланың мүлігіне құ-
қығы жоқ, сондықтан бірге тұрып жатқанда ғана, тек өзара
келісім арқылы мүлікті қолдана алады. Кәмелетке толмаған бала
ата-ана келісімінсіз өзіндік жалақысын, стипендиясын, интеллек-
туалды іс-әрекет нәтижесінде пайда болған өнерін,
әдебиетін,
авторлық құқығын қамтамасыз етуге құқылы.
18 жасқа дейінгі балалар мүлікті мұрагерлік мазмұнынан
тәуелсіз екі немесе үш бөлігін ала алады.
Алиментті ата-анадан алу мүмкіндігі тумаса, еңбекке жарам-
ды аға-апасы төлейді. Ал егер төлеуші мүлде жоқ болса, онда
мемлекет 50 пайыздық жәрдемақысын төлей алады.
Балаларға мүгедектік зейнетақы, ал
қамқор жасаушыдан
айырылған болса зейнетақы, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға
арнайы әлеуметтік зейнетақы, балалық шақтан болған мүгедек
балаларға да зейнетақы беріледі.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың мүліктік құқығын қорғау
бойынша әлеуметтік педагог қызмет бағыттары:
– ақпараттандыру, ата-ана мен кәмелетке толмаған бала-
лардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату.
Жеке сабақ, әң-
гімелесу, оқу іс-әрекеттік, ойындық, имитациялық бағдарлама-
лар ретінде ұйымдастырылады. Бұл әлеуметтік педагог және ар-
найы шақырылған мамандар арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: