Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер



Pdf көрінісі
бет74/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Отбасында бала тәрбиелеуде кездесетін қателіктер 
 
Жиі кездесетін 7 қателік 
 
1-қателік. Баланың теріс іс-әрекеттерінен шаршап, күдер үзу 
Ата-ана:
Егер сен менің тілімді алмайтын болсаң, мен сені 
бұдан былай жақсы көрмеймін. 
Мамаң сені бұдан былай жақсы көрмейді, керегі жоқ маған 
сен сияқты баланың деп қаттырақ айту.
Маман:
бұл, біріншіден, қорқыту, екіншіден, өтірік айту бо-
лып саналады. Жек көремін деп ешкім баласын шынында да жек 
көріп кетпейді. Бала мұны жақсы біледі. Ашудан туған жалған 
сөз. Ал алданып қалған бала сізге деген сенімін жоғалтады. Се-
нуден қалады. Одан да сенің іс-әрекетің мен теріс қылықтарың 
маған ұнамаса да мен сені жақсы көремін деген дұрыс болар. 


140 
2-қателік. Немқұрайлылық 
Ата-ана:
Ашу шақырып, бір нәрсені дәлелдеудің керегі не, 
бәрібір өз дегенінен қайтпайды, не қылам жүйкемді тоздырып. 
Өз мәселесін өзі шешсін. 
Маман: 
Еш уақытта да балаңыздың көзінше бейқам отыр-
мағаныңыз дұрыс. Кейбір ата-аналар баласының теріс қылық-
тарына саған бәрібір болса, маған да бәрібір деп ерегісіп, елемей 
отыра береді. Мұны байқаған бала өзінің жаман әдеттерінен арыл-
майды, тіпті еркінсіп кетуі мүмкін. Балаңыздың көзінше сізге 
бәрібір екендігін көрсеткенше, онымен бір уақыт достасып көріңіз. 
Мысалы, сенің істеп жүргенің маған мүлде ұнамайды, бірақ менің 
саған көмектескім келеді, мен сені жақсы көремін, кеңес беруге 
әзірмін, қолұшымды беремін деп көзіне тура қарап айтыңыз.
3-қателік. Тым қатал болу 
Ата-ана:
Сен біз не айтсақ, соның бәрін орындауға тиіссің, 
өйткені біз сенің ата-анаңбыз. Бала әрдайым үлкендерді сыйлап, 
айтқандарына құлақ асуы тиіс, бұл – тәрбие принципі. Кейде бұ-
лай болмай қалып жатады. 
Маман: 
Бала әрқашан өзінің не істегенін, неге істегенін, не 
үшін істегенін дұрыс түсінбеуі мүмкін. Белгілі бір принциптерге 
сүйеніп, өте қатал тәрбие берсеңіз, одан балаңыздың ызасын ту-
дыруыңыз мүмкін. Сіздің қабағыңыздан қорқып бала сіз болған 
жерде бәрін ойдағыдай істеп, сіз жоқ жерде бәрібір болатыны 
осыдан. Қорқатын адамын сыйлап, өзгені көрмеу осыдан шыға-
ды. Баламен жеке әңгімелесу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет