141
5-қателік. Бала тәрбиесіне уақыттың зәрулігі
Ата-ана:
Өкінішке орай, саған қарайтын уақытым жоқ. Көп-
теген ата-аналардың жұмыстан қолы тимей жатады, тисе қасында
болуға тырысады. Бала ата-анасының ойнауға, сабақ оқуға уақы-
ты жоқ екенін түсіне білуі тиіс.
Маман:
Баланы өмірге әкелген соң оған уақыт бөлу қажет.
Бала уақытым жоқ деген сөзді естігеннен кейін, басқа адамдар-
дан мейірім, жылу іздей бастайды. Жоқ дегенде 30 минут уақыт
бөліңіз
.
6-қателік. Бала тәрбиесін материалдық жағдаймен тү-
сіндіру
Ата-ана:
Неғұрлым
ақша көп болса,
солғұрлым баланың
тәрбиесі де жақсы болады. Біздің ақшамыз жоқ, қолымыз қысқа,
сондықтан да
баланы еркелетіп,
керек нәрсесін алып бере
алмадық, бір сөзбен айтқанда, біз жақсы ата-ана бола алмадық,
ақшамыз болмады дейді.
Маман:
Махаббатты ақшаға сатып ала алмайсың. Бұл –
шындық. Өз баласының қатардан қалып қоймауы үшін ата-ана
қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бірақ
сіз балаңыздың тілегін
орындай алмадым деп қам жемеңіз. Расында, махаббат ата-ана-
ның аялы алақаны, мейірімі мен жылуы емес пе? Адам бойынан
табылатын асыл қасиеттер ақшаның
құнынан да артық екенін
ұмытпаңыз. Ақша баланы бақытты ете алмайды. Баланы бақытты
ететін – ананың махаббаты.
Достарыңызбен бөлісу: