Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет96/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Материалдар:
релаксациялық әуен, бояғыштар, қарындаш-
тар, өз таңдауына байланысты пастель (Люшердің түстерінен).
Нұсқаулық: 
1. Балаға мандала беріледі: «Қарашы, қандай ғажап шеңбер! 
Бұл ғажап алаңда гүлдердің отбасы өседі. Шеңберде басқаларына 
ұқсамайтын ең маңызды гүлді тап. Оны боя. Енді қара, осы гүлдің 
жанында оның жақындары өседі. Көрсетші, «ана», «әке», «әпке», 
«аға» және т.б. гүлдері қайда? Оларды да боя. Бұлардың қандай 
түс екенін айтшы. Ғажап алаңда тағы кім бар (достар, таныстар)? 
Олар бақытты болу үшін қандай түс қажет ? Бұл алаңда гүлдерге 
не кедергі келтіреді?» 
2. Балаға сызбаны (қоршау) бояу ұсынылады: «Алаңға сай 
келетін түсті таңдаң. Неге бұл түсті таңдадың? Оның сен үшін 
қандай маңызы бар? Қазір сен не сезіп отырсың?». 
Топтық мандала 
Мақсаты:
Ішкі психологиялық жағдайдың үйлесімділігі, се-
зімдерді өзектендіру, бейсана жұмысын белсендендіру, дамудың 
әлеуметтік жағдайын анықтау (социометрия).
Материалдар:
релаксациялық әуен, бояғыштар, қарындаш-
тар, өз таңдауына байланысты пастель (Люшердің түстерінен). 
Нұсқаулық:
1. Орта тұстан бастап, шеңберді толтыр. Не пайда болды? Ол 
неге ұқсайды? 
2. Қазір ғажайып шеңберге қара, мұнда ұлдар мен қыздар. 
Сен кімсің? Өзіңді тап та, боя. Өзіңнің көңіл-күйіңді боя (бетіңді). 
3. Қасыңда тұрған адамға қара. Ол кім? Достарыңның қайда 
тұрғанын көрсет. Олар туралы не білесің? Достарыңды боя. 
4. Адамдардың жанында үйшіктер салынған. Өз үйіңді таңда. 
Оны сипаттап бер. Ол қандай үй? Оның ішіндегі жақсы және жа-
ман қырлары қандай (кейін жобалық әдістемелердегідей үйдің 
бейнесін талқылаймыз)? 


173 
5. Достарың тұратын үйді таңда, олардың үйлерін сипаттап 
бер. Үйлері қандай? 
«9 кіші мандала» 
Сезімдермен жұмыс (А. Коробкин бойынша) 
Қатысушыға диаметрі кесемен бірдей 9 кіші шеңбер мен көл-
денең A2 форматты бір үлкен шеңбер беріледі. Берілетін тапсыр-
ма өте жеңіл: қатысушы әр мандалаға эмоциялар мен сезімдерді 
атай отырып, сурет салу қажет, мысалы: 
15-сызба.
Кіші мандалар 
Жағымды эмоцияларды бояуды ұсынуды ұмытпау қажет. 
Қатысушының жағдайына байланысты эмоциялар жиынты-
ғын жетекші өзі таңдайды.
Ары қарай эмоциялардың клиент өміріндегі мәнін, соңғы рет 
қай жерде көрінді, денесінің қай бөлігінде сезілді және т.б. сұ-
рақтар қоя отырып, анықтауға болады. Кейінірек, үлкен шеңбер 
алынып, қатысушыға, өзінің қалауы бойынша кіші мандалаларды 
ретпен қоюын ұсынады. Мандалалардың жапсырылу түрі мен 
орналасу реті әртүрлі болғанымен, біз балаларға: «әр туынды 
керемет және біз әрқайсымен жұмыс істейтін боламыз», – дейміз. 
Бірінші шеңберге – «қайғы»
Екінші шеңберге – «тамсану»
Үшінші шеңберге – «қорқыныш»
Төртінші шеңберге – «жалғыздық» және т.б.


174 
Бұл техниканы эмоциялармен, денемен жұмыс істеу бары-
сында қолдану тиімді. Егер оны жұмыс барысында және соңында 
қолдансақ, эмоциялар күштерін қалай өзгергенін бірден байқай 
аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет