Шағын жинақты мектеп (шжм) директорлары мен мұғалімдерінің «Мәңгілік елге – ақпараттық мектеп – шығармашыл педагог – бәсекелестікке қабілетті оқушы» Республикалық слетін өткізу ережелері



жүктеу 58.21 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі58.21 Kb.
Қосымша
Шағын жинақты мектеп (ШЖМ) директорлары мен мұғалімдерінің «Мәңгілік елге – ақпараттық мектеп – шығармашыл педагог – бәсекелестікке қабілетті оқушы» Республикалық слетін өткізу ережелері


  1. Жалпы ережелер

1. Шағын жинақты мектеп (ШЖМ) директорлары мен мұғалімдерінің «Мәңгілік елге – ақпараттық мектеп – шығармашыл педагог – бәсекелестікке қабілетті оқушы» Республикалық слетін өткізу ережелері (бұдан әрі – Слет) оның мақсат, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.

2. Мақсат – Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептерінің директорлары мен мұғалімдерінің тәжірибесімен танысу және тәжірибе алмасу үшін әдістемелік алаң құру.

Міндеттері:

1) Идея аккумуляциясы және мүмкіндіктерді біріге пайдалану үшін ШЖМ проблемасымен айналысатын педагогтарды біріктіретін инновациялық білім кеңістігін құру;

2) ҚР ШЖМ-нің шығармашыл педагогтарын іздеу және қолдау;

3) ШЖМ мұғалімдерінің үздік педагогикалық тәжірибелерін таратуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, ШЖМ проблемасын шешуге отандық және шетелдік ғалымдарды тарту.

3. Слетті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны өткізеді.

4. Слет ұйымдастырушылары қазылар алқасын және ұйымдастыру комитетін құрады.

2.Слет өткізу мерзімі және тәртібі

5. Слет «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны базасында 2014 жылдың 24 -25 сәуірінде өткізіледі.

Келу күні – 2014 жылғы 24 сәуір, кері қайту күні – 25 сәуір (кеште).

Слеттің салтанатты ашылуы және жабылуы 2014 жылдың 25 сәуірінде болады. Келу күні қатысушыларды қарсы алады және қонақ үйге орналастырады. Әрбір қатысушы барлық презентациялардың қысқаша сипаттамасы, сонымен бірге Слетке қатысушылардың сөз сөйлеуі және ашық сабақтар мен шеберлік-сыныптар өткізу графигі жасалған каталог алады.

Слет бағдарламасында: салтанатты ашылу, психологиялық тренингтер, мектеп директорларының презентациялары, мұғалімдердің шеберлік сыныптары, үйрету семинарлары, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетімен «Республика шағын жинақты мектептерінің жұмыс тәжірибесі» бойынша он-лайн режиміндегі дөңгелек үстел және мәдени шаралар қарастырылған.

6. Қатысу туралы өтініш және қатысушылар тізімі облыстық білім басқармалары бастықтарының, ЖОО басшыларының қолымен бекітіліп, slet.mksh@mail.ru (сканер)

электрондық почтамен 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: 050010 Алматы қ., Төле би 31, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК, Педагогика және психология институты.

Байланыс үшін: телефон 8 (7272) 91-33-53; 87019630028


3.Слет талаптары

7. Республикалық слетке шағын жинақты мектептердің тәжірибелі және озат директорлары мен мұғалімдері, Қазақстан Республикасы жоо-ның педагогтары, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері қатысады.

8. Қатысушылар саны әр облыстан кемінде 10 адам болуы керек.

9. 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін slet.mksh@mail.ru электрондық мекен-жайына шағын жинақты мектептің әр мұғалімі және білім беру ұйымдарының кез келген педагогикалық қызметкерлері «Менің үздік сабағым» конкурсына сабақ жоспарларын дайындауы және жіберуі керек.



«Менің үздік сабағым» конкурстық жұмысын бағалау өлшемі:

Жоспардың бірегейлігі, инновациялылығы;

ҚР педагогтарының тәжірибесінде қолдану мүмкіндігі;

сипаттаудың толықтығы, нақтылығы, технологиялылығы.

10. 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін slet.mksh@mail.ru электрондық мекен-жайына әрбір шағын жинақты мектеп директорлары «Шағын жинақты мектепті басқарудың үздік педагогикалық тәжірибесі» конкурсына презентациялық материал дайындауы және жіберуі керек.



«Шағын жинақты мектепті басқарудың үздік педагогикалық тәжірибесі» конкурстық жұмысын бағалау өлшемі:

Идея бірегейлігі;

Идеяны берудің бірізділігі мен нақтылығы;

ҚР шағын жинақты мектептерін басқару тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін көрсететін негізгі қорытындылары.

11. Үздік жұмыс авторлары өз жұмыстарын Слетте көрсетеді және оны «ҚР шағын жинақты мектептерінің үздік сабақтары мен жетістіктері» дискісінде жазу құқығын алады.


4. Слет нәтижелерін қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

12. Слет конкурстарының нәтижелері бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

13. Слет жеңімпаздары тиісті дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

14. Слет материалдары дискіге жазылып, барлық Слетке қатысушыларға таратылады.



5. Қаржыландыру

15. Республикалық Слетке қатысушылардың жолақысы, жатын орындары мен тамақтануы шығындарын төлеу жіберуші ұйымдардың есебінен болады.



Конкурстық жұмысты безендіруге қойылатын талаптар
Директорлар презентациясы мазмұнының жоспары:

1. Титул парақ. Бірінші слайдта презентация атауы, оның авторы, автормен байланыс ақпараты көрсетіледі.

2. Мазмұны. Мұнда презентация жоспары, жұмыстың негізгі бөлімдерінің мазмұны қысқаша жазылады.
3. Бөлім атаулары.
4. Қысқаша ақпарат.

3 және 4 тармақтар қажеттілігіне қарай қайталануы мүмкін. Бастысы мына тұжырымдаманы сақтау керек: тезис – аргументтер – қорытынды.



5.  Түйін, қорытынды. Қорытынды жеке сайтта нақты және түсінікті түрде берілуі тиіс.
6. Назарларыңызға рахмет. Мұнда Сіздің байланыс ақпаратыңыз тағы да жазылады.
Мұғалімдердің сабақ үлгісі мазмұнының жоспары:

1. Титул парақ. Пән атауы, сынып, сабақтың тақырыбы, сабақтың формасы, сабақ үлгісін дайындаған мұғалімнің аты-жөні.

2. Құрылымы:


  • Ұйымдастыру кезеңі: тақырыбы, мақсаты; білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттер; оқушылардың қызығушылығын ояту, жоспарланған нәтижелер: білім, білік, дағды; сабақтың тұлға қалыптастыруға бағыттылығы.

  • Үй тапсырмасын орындауды тексеру (берілген жағдайда).

  • Сабақтың негізгі кезеңіндегі әр оқушының белсенді оқу әрекетіне дайындығы: оқу міндеттерінің қойылуы, білімді өзектендіру.

  • Жаңа материалды хабарлау.

  • Оқу міндеттерін шешу.

  • Жаңа білімді меңгеру.

  • Жаңа оқу материалдарын оқушылардың түсінуін алғашқы тексеру (ағымдағы бакылау тест арқылы жүргізіледі).

  • Өтілген материалды бекіту.

  • Білімді жинақтау және жүйелеу.

  • Білімді бақылау және өзін-өзі тексеру (өзіндік жұмыс, тест арқылы қорытынды бақылау).

  • Қорытынды шығару: сабақ нәтижелерін диагностикалау, мақсатқа жету рефлексиясы.

  • Үй тапсырмасы және оны орындауға берілетін нұсқау.

Ескерту: Көлемі 6 беттен аспауы тиіс, 12 кегль, Times New Roman шрифті.

Шағын жинақты мектеп директорлары мен мұғалімдерінің «Мәңгілік елге – ақпараттық мектеп – шығармашыл педагог – бәсекелестікке қабілетті оқушы» Республикалық Слетіне қатысуға
Өтініш


Қатысушының тегі, аты-жөні (толық)




Жұмыс орны:

обылыс


аудан

мектеп





Қызметі




Жұмыс атауы

  • директорлар

  • мұғалімдер

сынып

пән





Пошталық мекен-жайы




Электрондық мекен-жайы




Телефон (халықаралық кодымен, мобильді телефон)




Қатысу формасы (тікелей/ қашықтықтан)




Қатысушының мекен-жайы пошталық индексімен (толық)




Қонақ үйге орналасу қажеттілігі





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет