Шағын комплектілі мектептер құрудың себептері қандай? Шағын жинақты мектептер


ШКБМ қазіргі заманғы мәселелеріне сипаттама беріңіз



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі20.92 Kb.
#486689
түріҚұрамы
1   2   3
практика тапсырма №2

2.ШКБМ қазіргі заманғы мәселелеріне сипаттама беріңіз. Шағын комплектілі мектепке тән қиындықтар әр жастағы оқушылар ұжымын бір сынып комплектіде оқытуда ұйымдастыру, бір пәндік немесе әртүрлі пәндік сабақтарды өткізу, кадр, әдістемелік және материалдық-техникалық базаның қамтамасыз етілмеуі.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауға тиіс. Жас баланың, яғни, бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе, бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып, өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал. Сондықтан да, оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жолы олардың өздігінен орындайтын жұмыстарының мазмұнына мұқият қарастырып, өзгертіп отыруды талап етеді.
Шағын кешенді мектептердің әлі де шешілмей жатқан проблемалары жеткілікті.
Біріншісі – шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы. Оған ең бірінші себеп – жүктеменің жеткіліксіздігі. Маман иесіне алған мамандығы бойынша толық жүктемемен еңбек етуге мүмкіндіктің жоқтығы, бір пәннен ғана емес, бірнеше пәннен сабақ беруге тура келетіндігі. Тәжірибелі, білімді ұстаздар аудан орталығындағы мектептерде қалып, шағын кешенді мектептерге келмейді. Келген күннің өзінде бірер жылдан кейін өз еліне немесе орталыққа кетіп қалады. Әрбір аудан орталықтарында шағын кешенді мектептер қиындығын, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерге, басшыларға бағыт-бағдар беріп отыратын жетекші маманның болуы да мұндай қиындықтарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Екінші бір қиындық шағын кешенді мектепте мұғалім әр түрлі жастағы оқушыларды оқытатындықтан бірнеше деңгейдегі бағдарламамен жұмыс істеуде. Мысалы, бастауыш сыныптарда 1-сынып пен 3-сынып, 2-сынып пен 4-сынып біріктіріліп оқытылады.Міне, осындай жағдайда мектеп мұғалімдері үлкен қиындықтарға тап болады. Берілген оқу бағдарламасы мен әрбір сыныпты бөлек оқыту мен біріктірілген сыныптарды оқытудың арасындағы қиындықтар қаншама десеңізші? Сондықтан, шағын кешенді мектептерде оқу бағдарламасына өзгерту енгізу қажет сияқты.
Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындадатын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірнеше объективтік ерекшеліктер бар.
-Бір мезгілде бірнеше сыныппен жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы.
-Өздігінен жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы.
-Шағын кешенді мектеп мұғалімне арнап, жазылып баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы.
-Шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет