Шағын комплектілі мектептер құрудың себептері қандай? Шағын жинақты мектептер


ШКМ үшін мұғалімдерді даярлау және қайта даярлаумәселелерімен қандай білім беру мекемелері айналысады?



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі20.92 Kb.
#486689
түріҚұрамы
1   2   3
практика тапсырма №2

3.ШКМ үшін мұғалімдерді даярлау және қайта даярлаумәселелерімен қандай білім беру мекемелері айналысады? Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленіп, шағын жинақталған мектептерге ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы базасында ШЖМ дамытудың республикалық орталығының, тірек мектептері мен ресурстық орталықтардың ашылуы, мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушыларды тегін әрі қауіпсіз түрде тасымалдау стандартының қабылдануы. Осы аталған іс-шаралар республикамыздағы шағын жинақталған мектептердің сапалы білім беру үрдісін іске асыруға арналған игі іс-әрекеттер екені даусыз.
Шағын жинақталған мектептер мынадай мақсаттарды алдына қойып жұмыстануда:
- шағын жинақталған мектеп оқушыларына жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру;
- мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
- қабілеттерін дамыту, өмір бойы үздіксіз білім алуын, өз бетімен білімін жетілдіруін қалыптастыру;
- ауыл шаруашылығы мамандығына бағытталып, ауыл мәдениетін, экономикасын дамытуға үлес қосуы.
Шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі қиындықтар осы мектептерге, біріктірілген сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың болмауынан туындап отыр. Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан шағын мектептерде бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ беруіне тура келеді. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру кез келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді. Мұның өзі шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақ өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмекші болатын құралдардың қажеттілігін туындатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет