Шахтинск қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қызметінің тиімділігін бағалау әдісі жөніндегі ақпарат



Дата17.07.2016
өлшемі174.05 Kb.
Шахтинск қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қызметінің тиімділігін бағалау әдісі жөніндегі ақпарат
Шахтинск қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Шахтинск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қыркүйегіндегі №13/14 қаулысымен құрылған. Шахтинск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы VII сессиясының шешімімен Комиссияның жеке құрамы бекітілген. Бұл комиссияның хатшысы қала әкімі аппаратында штаттық лауазымды атқарады.

Жыл сайын Комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары әзірленеді және бекітіледі. 2012 жылға арнап әзірленген жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы Комиссияның төрт отырысы өткізілді, онда жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстары туралы, табысы әйелдерді беделдендіруге бағытталған, және де мектептен тыс мекемелер желісін, балалар және жасөспірімдер бос уақыттарын өткізу орталықтарын және олардың қызметтерін қамтамасыз ету және дамыту шаралары туралы, сондай – ақ неке және отлбасын нәсихаттау бойынша әділет басқармасының жұмысы туралы, әйелдерге қатысты кемісітудің барлық түрлерін жою туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін жүзеге асыру және қазіргі заманғы әйел бейнесін қоғамға құру туралы мәселелер қаралды.


Шахтинск қаласының мемлекеттік органдары мен мекемелерінің «2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын» іске асыру жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес қаланың мемлекеттік мекемелерінде гендерлік саясатты жүзеге асыруға жауапты қызметкерлер бекітілген. Барлық мемлекеттік органдарға мемлекеттік органдардың ережелеріне гендерлік және отбасы – демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселесін енгізу туралы ұсыныстар берілген. Бүгінгі таңда бұл мәселелер 3 бөлімнің ережесіне енгізілген: «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ережесіне енгізілген. Гендерлік аспектілер мемлекеттік мекемелердің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларына, 2010-2014 жылдарға арналған Шахтинск аймағының әлеуметтік – экономикалық даму болжамына және Шахтинск аймағының болжамды бюджеттік параметрлеріне, сондай-ақ 2011-2015 жылдарға арналған Шахтинск қаласының даму бағдарламасына енгізілген.

Әйелдер біздің аймағымыздың қоғамдық – саяси өміріне белсенді түрде қатысады. Мәселен, мемлекеттік атқарушы органдардағы жұмыс істейтін әйелдер саны 70,1%, оның ішінде олардың 14,8 % мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарын атқарады. Қалалық мәслихатта әйелдер саны 46,2 % немесе 13 депутаттың 6 – еуі әйелдер, олардың ішінде 1 депутат - әйел қалалық мәслихат хатшысы болып табылады.

Сонымен қатар, белсенді өмірлік және әлеуметтік тұрғыдан кәсіпкер - әйелдер қоғамдық мәртебелерін жоғарлату мақсатында, Шахтинск технологиялық колледжінің директоры – Мамерханова Жамала Сагантаевна Шахтинск аймағының іскер әйелдер Ассоцияциясының төрайымы болып тағайындалды, қалалық мәслихат хатшысы – Сатова Амина Құсайынқызы 21 қарашада Астана қаласында өткен Үшінші Евразяилық әйелдер саммитына қатысты.

«Шахтинский вестник» газетініде қаланың қоғамдық және саяси өміріне әйелдердің қатысу мәселесі үнемі жарияланады. Басшы әйелдердің жұмысы туралы мақалалар жарияланады, отбасының ұйытқысы әйел-ананың рөлі, оның құқықтары мен мү.дделері туралы мәселелер көтеріледі, «Человек и его дело», «Вниманию населению», «Новости региона», «Круглый стол», «Алтын құрсақ аналар» және тағы басқа да айдарлар ашылған және жұмыс істейді.

2012 жылдың басынан бастап қалалық газетте 92 материал жарияланған:

- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі бойынша - 13;

- қоғамда әйелдің рөлін арттыру – 17;

- гендерлік теңдік - 19;

- отбасы бизнесін дамыту және жаңа мамандықтарға оқыту – 18;

- әріптестікті және өзара көмек көрсетуді дамыту -25.


Халықты аймақта гендерлік саясатты іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы құлақтандыру мақсатында жыл басынан бастап қала әкімдігінің электрондық сайтында 65 материал орналастырылған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның веб – сайтының сапалы және тұрақты жұмысына қолдау көрсету үшін апта сайын Шахтинск аймағында гендерлік және отбасы – демографиялық саясатты іске асыру туралы ақпарат жолданады. Мәселен, есеп кезеңінде 17 материал жолданды. Қаланың орталық көшелерінің қиылысында 2012 жылы сәуірде, 2011 жылы республикалық билбордтар конкурсында 3 орын алған көлемі 3м х 5м «Отбасы - қоғамның негізі» билборды орыналастырылды.

Мемлекеттік қызметте гендерлік балансты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу шеңберінде шешім қабылдау деңгейіндегі саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқарып отырған әйелдер туралы сұхбаттар мен мақалалар жариялау мүмкіндігі үнемі қарастырылған. Мәселен, жыл басынан бастап қалалық «Шахтинский вестник» газетінде 4 мақала жарық көрді

- «Щедрость сердца, рук тепло…» «Шахтинск қаласы экономика және бюджеттік жопарлау секторы» ММ меңгерушісі Есебаева Сара Сапуровна туралы мақала;

-«Сыныптастары қалп айтпайды» «Шахтинск қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нурмаганова Сандугаш Оразхановна туралы мақала;

- «По жизни ведет характер» «Шахтинск қ., тұрғын үй коммуналдық сала, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары Перова Тамара Викторовна туралы мақала;

- «Ел құрметіндегі ана» Шахтинск қаласы мәслихат аппаратының басшысы Абильдина Шынар Рахмановна туралы мақала орналастырылады;

- Когда душа теплом полна» - «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар бөлімі» ММ бастығының орынбасары Сыдыкова Гульжахан Аркадьевна туралы.
8 наурызда Халықаралық әйелдер күнінде бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бұл жоспарға сәйкес қала және кенттерде көшені мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілді: қала көшелерінде 2 тартылым, плакаттар, қала және кенттерде шағым бизнес үлкен обьектілеріне маңдайшалар орналастырылды. Мерекелік іс шаралар ортасындағы ең үлкені – 6 наурыздағы Мәдениет сарайындағы мерекелік концерт пен салтанатты жиын болды. 15 әр түрлі сала өкілдері – мұғалімдер, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, өндірістік қызметкерлер қала әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. 7 наурызда қала әкімінің кездесуінде 2 көп балалы ана «Күміс алқа» ие болды, ал 2 әйелге Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталары тапсырылды. Біздің аймақтың 2 әйелі Муратбекова Максат Секеновна – «АрселорМиттал Темиртау» АҚ КД №2 НОММ өндіріс бастығы және Ню Маргарита Григорьевна Шахтинск қаласы емханасының директоры облыс әкімі А.Қ. Құсайыновтың 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты қабылдауына қатысты.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы баларға, әйел бейнесіне құрметпен және махаббатпен қаруға, ананы сылау сезімдеріне тәрбиелеу, 2 наурыздан 7 наурызға дейін білім беру мекемелерінде салтанатты тәңертенгіліктер, сынып сағаттары өткізілді. Сондай - ақ 2 наурызда Шахтинск қаласының №1 ОМ 48 қатысушылар ортасында Шахтинск қаласы ІІБ зорлықтан қорғау құқығы тобы инспекторының қатысуымен «Права женщины – правила жизни» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жоғарғы сынып оқушыларымен 15 ұстаздық еңбегіндегі әйел ардагаерлерді құттықтау ұйымдастырылды. Орталық кітапхан жұйесі филиалдарында осы тақырып бойынша кітап көрмелері мен тақырыптық көрмелер болды.

Барық кәсіпорындар мен мекемелер еңбек ұжымы еңбек ардагерлерін құттықтап жалтанатты жиын өткізілді. Мысалы, 5 наурызда 5 еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді, сондай – ақ 62 медицина қызметкерлеріне осы мекемелер әкімшілігінен алғыс хаттар мен мадақтамалар берілді. Қалалық емхана және кенттердегі бөлімдерінде тұрмыстық жағдайы нашар отбасы көпбалалы аналары, соғыс ардагерлер әйелдеріне Ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді (тегін кеңестер, тексерулер).

Шахтинск аймағының кенттерінде көп мерекелік іс шаралар өткізілді. 2 наурызда Шахан кенті балалар үйінің қамқор әйелдеріне 56 адамды құраған «Ана алдында құрмет» атты қайырымдылық концерті өтті. 6 наурызда өткен салтанатты жиында 7 әйел қала әкімінің мадақтамаларын алды, мекен жай бойынша кент әкімдері барғанда соғысқа қатықан және Шахан кентінің ұзақ өмір сүрген әйелі де кірді. Долинка және Новодолинский кенттерінің әкімдерімен ҰОС ардагері және тыл еңбеккерлеріне барды, оларға гүл, «Шахтинск-город шахтерской судьбы» қала туралы кітап және сыйлықтар берілді.


Халықтын жалғыз басты және тұрмыстық жағдайы нашар тұрғындарына көмек және қайрымдылық көрсету мақсатында, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 370 жалғаз басты азаматтарға және мүгедектерге құттықтау ұймдастаралды. Кәсіпкерлер демеушіліктерімен 83 тұрмыстық жағдайы төмен азаматтарға заттай көмек көрсетілді, осы санаттаға 30 адам шаштараз бен моншаға жеңілдіктер алды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша қала әкімі Халықаралық әйелдер күні дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтады. Биылғы жылдың 8 наурызында дүниенің есігін 4 қыз сәіби ашты. Босанған әйелдерге жылы лебіздер айтылды және гүл шоқтары, балаларға жұмсақ ойыншықтар және ақшалай сый ақы берілді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесі өкілдерімен қалалық мәслихат депутаттары атынан 3 босанған әйелдерге құттықтау ұйымдастырылды. Жас аналарға сыйлықтар, гүлдер және құттықтаулар берілді, соның ішінде Шахтинсктін жаңа тұрғындарына денднрінің саулықтарын және үлкен азамат болуларын тіледі. Сәйкес құттықау Алғашқы Президент күнін тойлауға арналған 1 желтоқсандағы туушыларға ұйымдастырылды. Бұл күні 2 бала дүниеге келді, олардың аналарына дәстүрлі сыйлықтардан басқа балалардың туу туралы куәліктері қоса берілді.



Қазақстанның тәуелсіздің Күнін тойлау шеңберінде – 16 желтоқсанда біздің аймақтың 2 әйелі мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды, олардың ішінде: «Құрмет» орденімен «Горные машины» зауытының жұмыскері Л. Рекина және «Ерен еңбегі үшін» медалімен қазақ мектебінің ұстазы Р. Смагулова.
2012 жылы 15 мамырда әйелдер ісі және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мемлекеттік емес «Взляд молодых» ҚБ секторымен бірлесіп Шахтинск қаласы әділет басқармасының неке тіркеу залында Халықаралық отбасы күніне арналған іс шара өткізіді. Оның қонақтары Отан қорғаушылар күнінде әке болған ер адамдар, көп балалы аналар және әскери қызметшілер отбасы. Іс шара Абишев Бахытбек және Обиночный Сергейге ұлдарының туу туралы куәліктерін беру салтнатымен және оларға сыйлықтар берумен ашылды. Мереке салтанаты 6 бала тәрбиелеген Мазанкова Маринаға көп балалы ана ретінде мемлекеттік «Күміс алқа» алуға ие болған. ҚР қарулы күштеріне 20 жыл толуына байланысты, мерекелік іс шараға әскери қызметшілер Ахметовтер отасы шақырылды, оларға биыл отбасын құрғандарына 20 жыл толуларын атап өтетеін. Барлық мереке уақытныда құттықтау сөдерін Балалар – жасөспірімдер орталығының көркемсурет өкілдерінің орындаулары толықтырды.
Халықаралық балалар күнін қорғау мерекесін тойлау шегінде – 1 маусымда Шахтинск аймағы бойынша іс шара жоспары дайындалып бекітілді. Солай, қаланың орталық аумағында «Парад цветов» мерекелік шеруі өтті, оған 870 аймақы оқушылары және дәстүрлі болып кеткен – тас жолға сурет салу конкурсы өткізілді. Шахтинск аймағының кәсіпкерелімен қалалық мәдениет және демалыс саябағында қуыршақтар шоуы және 30 мүгедек балаларға балмұздақ таратылды. Мектеп асханалрының жалға алушыларымен өз оқушыларына тегін балмұздақ таратылды. Қаланың Мәдениет сарайында балалар үшін мультфильмдер көрсетілімі және кенттердің мәдениет сарайында мерекелік концерттер өткізілді. Балалар сергектік және көтеріңкі көңіл күй алулары үшін қалалық мәдениет және демалыс саябағында тергін дөңгелек коньки тебу және 5 балалар көше аттракциондарын тепкізу ұйымдастырылды. Новодолинский кентінің жетімдер үйінің 23 тәрбиеленушісі қала және кент әкімдерінің қолдарынан көпдеген сыйлықтар алды. Оның ішінде, синтезатор және спорттық мүліктер, кіші жастағы балалар үшін жұмсақ ойыншықтар және қыздарға шаш кептіргіншер болды. Сонымен қатар, олардың ішінде белсенділерімен жастар «Семья и здоровье» ҚБ орталығымен бірлесіп көңілді клоундар концерттік – ойын бағдарламасы ұйымдастырылды, аяғында тәрбиеленушілерге киімдер, жұмсақ ойыншықтар, кеңсе тауарлары секілді сыйлықтар таратылды.
Отбасы және балаларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мамандандырылған институттарды, отбасына мамандандырылған психолого-педагогикалық көмек көрсету қызметтерін дамыту институты өз қызметін жалғастыруда. Өткен жылы қалалық емхана жанындағы әлеуметтік қызмет құрылды, оның құрамына 1 психолог және 5 әлеуметтік қызметкер кіреді. Олар туу туралы куәлігі және жеке куәлігі жоқ ана мен балаларға құжаттар ресімдеу жөніндегі жұмыстарды даярлауды жүргізеді. Олар сондай-ақ дәрігерлер берген кеңестердің орындалуына және дәрігерлердің үйлерді аралауына бақылау жасауды жүзеге асырады. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 95 әлеуметтік жұмыскерлер жұмыс істейді, олар 536 адамға қызмет көрсетеді. Үйде қызмет көрсетудің негізгі функциясы әдеттегі әлеуметтік ортада жайлы моралдық-психологиялық климат жасауға ықпал ету, сауықтыру және әлеуметтік – оңалту шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну жолымен қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету болып табылады. Шахтинск аймағының тұрғындарына психологиялық және заң көмегін көрсету мақсатында ағымдағы жылы «сенім телефоны» арқылы тегін кеңес беру қызметі өз қызметін жалғастыруда. Оның міндеті ажырасуды алдын алу және отбасындағы зорлық проблемаларын шешуге көмектесу, сондай-ақ отбасындағы өзара жеке қатынастарды үйлестіруге жағдай жасау болып табылады. Қабылдауды психолог жүргізеді, сонымен қатар заңгер көмегі де көрсетіледі. Жыл басынан бастап аймақ тұрғындарынан 105 қоңырау келіп түсті, 105 адам заңгер және психолог кеңестерін алды.

Аймақтың жалпы білім беру мектептерінде 13 психолог және әлеуметтік педагогтар, 5 мектептік және аймақтық инспекторлар жұмыс істейді, олар отбасындағы қолайсыз жағдайларды анықтау және нақты көмек көрсету мақсатында төменде көрсетілген жұмыстарды жүргізеді:

- мектепке қабылданған жағдайда оқушының жеке ісімен танысады (әкімшілік, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, медициналық қызметкер, сынып жетекшісі);

- оқу жылы басында сынып оқушыларының тұрғын жай – тұрмыстық жағдайларына тексеріс жүргізіледі, текесріс нәтижесі негізінде тексеріс актісі жасалады. Тексеріс нәтижесінің қорытындысы бойынша сынып жетекшісі сыныптың әлеуметтік – диагностикалық картасын жасайды, ол ақпаратты мектеп әкімшілігіне, әлеуметтік педагогқа, психологқа жеткізеді;

- қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандары әр түрлі жағдайлар бойынша бірінші рет есепке алынған отбасыларындағы балаларды бақылауда ұстайды. Отбасы бақылауға қойылады, жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша қайта тексеріс жүргізіледі, ата-ана міндеттерін орындау жөнінде ұсыныстар беріледі;

- көмекке мұқтаж отбасыларға мемлекеттік және қоғамдық көмек көрсету: оқушыларды тегін тамақтандыру; оқушыларды киім – кешекпен, мектеп құралдарымен қамтамасыз ету; құжаттануға көмек көсрету; ата-анасының жұмысқа орналасуына көмек көрсету, тұрғын жаймен, жәрдем ақылармен қамтамасыз ету;

- сұрау бойынша балалар мен ата-аналарға жеке кеңес беру;

-қорқыту, материалдық және ақшалай қаражат алу мақсатымен оқушыларға қысым көрсету деректерін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізу;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың асыранды отбасындағы өмір сүру жағдайын қадағалап отырады.

Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасылармен және балалармен әлеуметтік – психологиялық қызметтермен төменде көрсетілген бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жоспарын әзірлейді:

- диагностика: отбасындағы қатынастар мен құндылықтарды зерттеу;

- түзету-профилактикалық жұмыстар: балаларға және ата-аналарға жеке және топттық кеңестер беру, агрессиялық тәртіпті психотүзету, ПАВ тұтыну профилактикасы;

- әлеуметтік – педагогикалық ағарту: тақырыптық жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар жиналысы, сыныптан тыс бірлескен іс-шаралар;

- жалпы құқықтық оқу: стендтер ресімдеу, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың лекциялары, сынып сағаттары.

«Тұрмыстық зорлық зомбылық профилактикасы туралы» жүзеге асыру мақсатында 12 наурыз бен 14 наурыз аралығында Шахтинск аймағында «Зорлық зомбылықсыз үй» акциясы ұйымдастырлыған, қортындысында ұйымдастыру – практикалық іс-шаралар өткізілді. Акция барысында білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, «Нұр Отан» ХДП, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кәмілет жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі коммисия мүшелері, әйелдер ісі және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен 3 мобилды топ құрылды, олар білім беру мекемелерінде, кәсіпорындар мен аймақ шахталарының еңбек ұжымдарында «Еркек пен әйелдің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы» және «Тұрмыстық зорлық зомбылық профилактикасы туралы» заңдарын түсіндіру бойынша 23 лекция, «Отбасындағы әйелге қатысты зорлық зомбылық» және «Қазіргі Қазақстандағы әйел зорлық зомбылық мәселесі» тақырыптарына әңгімелер жүргізілді. Аймақтың барлық жалпы білім беру мектептерінде «мектеп инспекторларымен» участкілік инспекторларымен, ҚТҚ инспекторымен Шахтинск қаласыныі ІІБ ӘЗСТ бірлесіп ата – ана коммитетін, ұстаздар құрамын және 9-11 сынып оқушыларын тартумен «Отбасындағы жанжалды шешу мәселесінің әдістері» тақырыбына семинарлар өткізілді, ойын түрінде «Мен және жанжал», «Сұрақ және жауап» пікір таластар болды.
Сонымен қатар, мобилдік топ мүшелері Шахтинск қаласының ІІБ есепте тұрғандардың тұрғылықты жері бойынша 20 рейд жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 5 тұлғаға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды, 6 тұлғаның тәртібіне ерекше талаптар қойылды және 9 – бұл тұрмыстық жағдайы нашар отбасылар.

Отбасындағы зорлық-зомбылық көрсетуді алдын алу және оған жол бермеу саласында тұрғындардың ақпарат алу деңгейін арттыру мақсатында, 14.03.2012 жылы бұқаралақ ақпарат құралдарына «Тұрмыстық зорлық зомбылық профилактикасы туралы» Заңынын негізгі ережелерін түсіндіру және «Зорлық зомбылықсыз үй» акциясын өткізу туралы «Брифинг» өткізілді. Сонымен қатар, Шахтинск аймағындағы ірі кәсіпорындарына ұжымының көп бөлігі ерлерден тұратын «Арселор Миталл Темиртау» «Зорлық зомбылықсыз үй» атты тақырыпта акция болатындығы жөнінде хаттар, буклет, естелік және күнтізбеліктер жіберілді. Қала кәсіпорындарындағы әйелдерге сұрақ ретінде «Отбасы – тұрмыстық қатынастары саласындағы зорлық зомбылықты байқау бойынша» зерттеу жүргізілді. Сұралғандар саны 48 адамды құрады. Сұрау сұралғандардың білім деңгейлерінің жеткілікті екенін көрсетті, отбасындағы зорлық деректері анықталған жоқ. барлығы акция өткізу уақытында, аймақ тұрғындарына «Зорлық зомбылықсыз үй» тақырыбына 1300 буклет, естелік және күнтізбелер таратылды.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық – зомбылықты алдын – алу үшін және Шахтинск қаласының тұрғындарын акцияға қатысуға тарту үшін қалалық теледидар арнасында 12 наурыздан бастап 14 наурыз аралығында аймақ полициясының 6 әкімшілік пункттерінде «Ашық есіктер күнін» өткізу орыны, күні және уақыты жазылған ақпарат жүгіртпен жолға орналастырылған. Акция өткізу кезеңінде қалалық газеттерде және ғаламторда бұл тақырыпта 3 материал жарияланған.

Алдын алу және құқықтық түсіндіру сипатындағы сәйкес іс шаралар аймақты 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлықты жоюға Халықаралық күрес күніне арналған акция шеңберінде ұйымдастырылды. «Нет насилию – право на счастье!» ұранымен 17 семинар, 1 «Дөңгелек үстел», студент жастармен және еңбек ұжымдарында 18 кездесу өтті, ҚР «Тұрмыстық зорлық – зомбылықты алдын алу туралы» Заңының үзінділерімен 1200 естелік және буклет таратылды. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, волонтерлермен бірлесіп қоғамдық жерлерде қоғамдық жерлерде мобилдік кеңестер ұйымдастырылды, тұрғылықты жерлері бойынша 69 аз қамтылған отбасына және тәртіптеріне ерекше талаптар орнатылған 40 тұлғаға барылды. өткізілген рейдттер қортындысында 8 адамға тұрмыс саласында құқық бұзушылық жасағандары үшін жауапкершілікке тартылды және 3 адамға қорғаныс ұйғарымдары шығарылды.


Бүгінгі таңда аймақта 16 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Жұмыс істеп тұрған 10 ҮЕҰ қызметі мүгедектерге, әлеуметтік тұрмысы қолайсыз отбасыларына қолдау көрсетуге, балалар мен жасөспірімдерге тәірбие мен білім беруге ықпал етуге, мәдениетті сақтауға және дамытуға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Ағымдағы жылда ҮЕҰ мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын іске асыруға қалалық бюджеттен 3,5 млн. тенге бөлінген, оның ішінде 1,3 млн. тенге гендерлік саясат жөніндегі іс-шаралар өткізуге немесе 37,1% мемлекеттік тапсырыстын жалпы көлемінен бөлінген. «Взгляд молодых» жастар қоғамдық бірлестігімен іске асырылып жатқан жоба салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинар-тренингтер, сондай-ақ әр түрлі конкурстар ұйымдастыруды көздейді. Осы жобаның шегінде 2012 жылы 20 сәуірде Шахтинск қаласы мәдениет сарайында Халықаралық отбасы күнін тойлауға «Семья года - 2012» конкурсы өткізілді. Осы конкурс жеңімпазы Пауль отбасы 29 қыркүйекте Қарағанды қаласында болатын облыстық «Семья года - 2012» конкурсына қатысады. Сонымен қатар, 2012 жылы 20 маусымда қалалық «Барс» стадионы базасында «Спротивная семья» конкурсы өткізіледі, ол өзіне келесі номинацияларды «Самый сильный папа», «Самая веселая мама» және «Самые шустрые дети» қосады.қатысуға 9 шахтинск отасы өтінім берді. 2012 жылы маусым айнда қалалық «Барс» стадионында 9 шахтинск отбасы «Самый сильный папа», «Самая веселая мама» и «Самые шустрые дети» номинацисы бойынша «Спортивная семья» конкурсына қатысты. Тамыз айында 10 отбасы Қарқаралыда «Тас бұлақ» тау қонақ үйіне «Здоровая семья» тақырыбына 2 күндік шығу семинарына қатысты. «Взгляд молодых» ЖББ волонтерларымен осы тақарыптама бойынша тренингтық жұмыс жүргізілді, қайық тебу, жағажай волейболы, тауға саяхат, велосипед тебу, экстрим парктан өту сияқты спорттық жарыстар, сонымен қатар, «Новый год каждый день» тақырыбына барлық қалаушыларға концерттік бағдарламамен кешкі маскарад ұйымдастырылды.

Осы жоба шеңберінде, 30 қазанда «Миссис Шахтинск -2012» конкурсы өтті. Конкурсқа қатысушыларды таңдауда басты критерии ол – жастарының 25-45 болуы және балаларының болуы. Таңдау қортындысында конкурсқа жеті адам қатысты. Көрермендерге және әлізқазы алқасына конкурсқа қатысушылармен танысуға «Визитка» алғашқы туры көмектесті, екінші конкурс шығармашылық және әр түрлы болды. Үшінші турдың тапсырмаларымен конкурсқа қатысушылар Қазақстан тарихы және мәдениеті бойынша сұрақтарға жауап бере отырып жақсы өтті. Келесі турда спорттық тауаржарнамасы керемет ұсынылды және аяқтаушы аспаздық тапсырма болды. Конкурс қортындысы бойынша бірінші вице – миссис ағылшын тілінің жаттықтырушысы Марина Филатова, екінші вице – миссис кітапханашы – Елена Буданова. Жеңімпаз тәжі және «Миссис Шахтинск -2012» лауазымы ұстаз Кристина Коваленкоға бұйырды. Басқа қатысушыларға конкурс жайында дипломдар және көрермендер қошеметі естелік болады. Барлығына «Mary Kay» компаниясының өнімдерін алуға сертификаттар берілді.

Сонымен қатар 22 қарашада «Лучший папа 2012» конкурсы өтті. Конкурсқа 5 әкелер қатысты. Ерлер тапқырлық, алғырлық, өнер, әзілшілдік сезім және жарқындық бойынша сынға түсті. Конкурс қортындысы бойынша бас жүлде – бейнекамера кеншілер отасының басшысына берілді, бейнерегистратор және DVD екінші орынға, ал үшінші орын педагогтар және құрылысы мамандықтары бойынша отбасыларына бұйырды. Қалған қатысушылар мадақтау сылықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Мерейлі отбасы» ұлттық телевизиялық конкурсына қатысу үшін шахтинск отбасының өтінімі жіберілді.

Бүгінгі таңда Шахтинск аймағында кәсіпкерлікті, оның ішінде кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін қажетті толыққанды инфроқұрылым жасалған, ол «Шахтинск аймағының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен, Сараптама кеңесімен және Шахтинск аймағының шағын және орта бизнесін дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссиямен ұсынылған. Құрамында 36 кәсіпкер әйел бар «АПШР» ҚБ бақылау органдарды және мемлекеттік мекемелерді тарта отырып кеңес беру, заң қызметтерін көрсетеді. Кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету бағдарламасына ағымдағы жылы қалалық бюджеттен 660 мың тенге бөлінген. Осы бағдарлама шеңберінде, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлік қызметті тиімді жүргізу, жеке бизнесін ашу мәселесі бойынша а.ж. ақпан, шілде және қараша айында жас кәсіпкерлер және кәсіпкерлер үшін семинарлар өткізілді. Семинар жұмысында 84 адам қатысты, оның ішінде 55 әйел. Осы семинарларды өткізу а.ж. қараша және желтоқсан айында жалғастырылатын болады, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қаьысу және бизнес – жоспар құрау бойынша кеңестер, кәсіпкерлік мәселесі бойынша ҚР заңнамалық акілерінің тізімінен тұратын әдістемелік құралдар дайындалды. Жоспарланған семинарлардан басқа, қор өкілдерімен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасын сонымен қатар, 2020 бизнестің жол картасы бағдарламасының негізгі тармақтары бойынша кеңес өткізіледі. Солай, 2012 жылы наурыз, сәуір және қазан айында Шахтинск аймағының 32 кәсіпкеріне кеңестік көмек көрсетілді.

Комиссия жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес, «2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын» Шахтинск аймағы бойынша іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатымен жалғастырылатын болады.








Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет