Шахтинск қаласының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын мониторингтеу бойынша қортынды



жүктеу 133.73 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі133.73 Kb.



Шахтинск қаласының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын мониторингтеу бойынша

қортынды.

1. Реквизиттер.

Атауы: Шахтинск қаласының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

Бағдарлама бекітілген акт номері және күні: Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 1084/32 шешімі.

Әзірлеуге жауапты орган: Шахтинск қаласының әкімдігі/ «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ.

Қоса атқарушы органдардар:


  1. «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ;

  2. «Шахтинск қаласының ауыл шаруашылқ және ветеринария бөлімі» ММ ;

  3. «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;

  4. «Шахтинск қаласының емханасы» КМҚК;

  5. «Шахтинск қласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;

  6. «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;

  7. «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ;

  8. «Қарағанды облысының Шахтинск қаласының ІІД»;

  9. «Шахтинск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;

  10. «Шахтинск қаласының құрлыс бөлімі» ММ;

  11. «Шахтинск қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ;

  12. «Шахтинск қаласының әкім аппараты» ММ ;

13. Қарағанды облысының экология департаменті
Іске асыру мерзімі: 2011-2015 жылдар, оның ішінде 1- кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар, 2- кезең – қортынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар.

2. Есеп беру кезеңінде қол жеткізілген инәтижелер.

Бағдарлама бойынша 22 мақсат, 36 міндет, 33 нысаналы индикатор, 77 нәтижелер көрсеткіштері жоспарланған. Оның ішінде 2014 жылы 33 нысаналы индикатор, 60 көрсеткіш жоспарланған. 2014 жылдың қортындысы бойынша 25 (76%) нысаналы индикаторға, 48 (80%) көрсеткіштерге қол жеткізілген, 3 (9%) нысаналы индикатор орындалмаған, 11 (18%) көрсеткіштер, қалған 3 (12%) нысаналы индикатор, 2 (3%) көрсеткіш бойынша статитикалық деректер жоқ, 1 (2,1%) нысаналы индикатор қоса атқарушы органмен есептелмейді.


Бағыт 1 «Экономика» 5 мақсат, 8 міндет,8 нысаналы индикатор, 25 нәтижелер көрсеткіштері қарастырылған. Оның ішінде 2014 жылы 8 нысаналы индикатор, 22 көрсеткіш жоспарланған. 2014 жылдың қортындысы бойынша 5 (62,5%) нысаналы индикаторларға, 15 (68%) көрсеткіштерге қол жеткізілген. 1 қортындысы бойынша (12,5%) статистикалық деетер 2015 жылыдң 2 тоқсанында (Инновациялық – белсенді кәсіпорындар үлесі) жарияланатын болады. 2 (25%) нысаналы индикаторға, 7 (28%) көрсеткіштерге қол жеткізілмеген:
Индикаторлар:

  1. Қайта өңдеу кәсіпорынының ЖИК өнім шығаруы: жоспар – 114%, факт – 109,9% (ЖКИ орындалмауы ұлттық валютаны девалвациялауға байланысты болған. Жеке көлем индексін алу үшін өнеркәсіптік өнімдерді өндірушілердің бағасын пайдаланумен нақт көрсеткіштер динамикасының негізінде (машина құрылыс саласы, метал өндеу, сонымен қатар мұнай және газ шығару қызметтерімен байланысты қызметтер, электрқуаты, газ, су және т.б.). Металдық емес минералды өнімдерді өндіру «Дуваер» ЖШС, «Қарағанды кірпіш зауыты» ЖШС жүзеге асырылады.);

  2. Негізгі капиталған инвестицияның ЖКИ: жоспар – 100,6%, факт – 79,1% («АрселорМиттал Темиртау АҚ тау- кен кәсіпорындарының инвестиция көлемінің төмендеу есебінен. 2014 жылыдң желтоқсан айында лаво кешенің сатып алу жоспарланған. Бірақ, осы инвестициялар капитализациланбаған).


Көрсеткіштер:

  1. Жеңіл өнеркәсіп өнімдердің ЖИК: жоспар – 63,5%, факт – жоқ (Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жоқтығынан, өнеркәсіптің төмен көлеміне байланысты ЖКИ статистика органдарымен саналмаған.)

  2. Жеңіл өнеркәсіп өнімдердің көлемі: жоспар – 17,3 млн. теңге, факт – 3,8 млн. теңге (Осы саладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жоқтығы. Киім тігумен және жөндеумен айналысатын ЖК есебінен көлем).

  3. Металдық емес басқа да минералдық өнімдерді шығарудың ЖКИ: жоспар– 95,0%, факт – 84,1% (ЖКИ орындалмауы ұлттық валютаны девалвациялауға байланысты болған. Жеке көлем индексін алу үшін өнеркәсіптік өнімдерді өндірушілердің бағасын пайдаланумен нақт көрсеткіштер динамикасының негізінде (машина құрылыс саласы, метал өндеу, сонымен қатар мұнай және газ шығару қызметтерімен байланысты қызметтер, электрқуаты, газ, су және т.б.). Металдық емес минералды өнімдерді өндіру «Дуваер» ЖШС, «Қарағанды кірпіш зауыты» ЖШС жүзеге асырылады

  4. Металдық емес минералдық өнімдерді өңдірудің ЖИК: жоспар – 135,0%, факт – 107,7% (ЖКИ орындалмауы ұлттық валютаны девалвациялауға байланысты болған. Жеке көлем индексін алу үшін өнеркәсіптік өнімдерді өндірушілердің бағасын пайдаланумен нақт көрсеткіштер динамикасының негізінде (машина құрылыс саласы, метал өндеу, сонымен қатар мұнай және газ шығару қызметтерімен байланысты қызметтер, электрқуаты, газ, су және т.б.). Металлургиялық өнеркәсіпті «Курылысмет» ЖШС, НОММ, ШЗМК, Технология ЖШС, Темирлайн ЖШС ұсынады)

  5. Негізгі капиталға инвестиция көлемі: жоспар – 11640,0 млн. теңге, факт – 9201,5 млн. теңге («АМТ» АҚ тау- кен кәсіпорнына инвестиция көлемінің төмендеу есебінен.)

  6. Қайта өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестицияның ЖИК: жоспар – 106,7%, факт – 98,4 % (Қайта өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестицияның төмендеуі жасалған келісімшартты уақытылы капутализацияланбауынан болған).

  7. Қайта өнедеу өнеркәсібінде инвестиция көлемі: жоспар – 28,7 млн. теңге, факт – 27,9 млн. теңге (2014 жылы жаслаған келісім- шарттарды уақытылы капитализацияланбауы.)



2 «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша 11 мақсат, 18 міндет,14 нысаналы индикатор, 40 нәтижелер көрсеткіштері қарастырылған. Оның ішінде 2014 жылы 14 нысаналы индикатор, 27 көрсеткіш жоспарланған. 2014 жылдың қортындысы бойынша 11 (78,6%) нысаналы индикаторларға, 23 (85,2%) көрсеткіштерге қол жеткізілген. 2 бойынша (14,3%) нысаналы индикатор («Тұрғындардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы» және «Ішкі туризм үшін кереует санын өсіру жолымен орындарды толтыруды өсіру») және 1 (3,7%) көрсеткіш («Ішкі туризмге келушілердің санын өсіру») Статистикалық ақпаратты орналастыру жолымен ақпарат ұсынылатын болады. (15 сәуір). 1 (7,1%) нысаналы индикатор («Жұмыссыздық деңгейі») қоса атқарушы органмен есептелмейді («Шахтинск қ.жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі» ММ). 3 (11,1%) көрсеткішке қол жеткізілмеген:

Көрстекіштер:

  1. Онкологиялық аурулардан өлім – жітімді азайту, 100 мың халыққа шаққанда: жоспар – 117,0 жағдай, факт - 124,8 жағдай (Соңғы 3 жылда (2012- 2014) онкологиялық аурулар 15,4 % өскен. 2014 жылы онкологиялық аурулардан 70 адам өлген, онкологиялық аурылардан өлімі аймаққа экономикалық шығын әкеледі, жұмысқа қабылітті тұрғындар қайтыс болуда).

  2. Тубулезден өлім – жітімді азайту, 100 мың халыққа шаққанда: жоспар – 13,9 жағдай, факт – 14,3 жағдай (Туберкулез ауруынан өлімнің көбеюі әлеуметтік факторлар, тұрғындардың өмірі және табыс, тамақтану сапасы әсер етеді).

  3. Құрылған жұмыс орындарының саны: жоспар – 674, факт – 328 (мекемелер мен ұйымдардың деректері бойынша жұмыс орындарының саны 328 құраған, оның ішінде: «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» - 85; «Жұмыспен қамту орталығы» - 65; «Новодолинский к. әкім аппараты» - 51; «Құрлыс бөлімі» - 15; «Долинка к. әкім аппараты» - 57; «Орталық аурухана» - 5; «Емхана» - 6; «Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» - 44)


3 «Инфрақұрылым» бағыты

Индикатор:

2015 жылы 1 адамға 0,36 ш.м.есебімен жайды енгізу: жоспар – 7590 ш.м., факт – 6772 ш.м. («Вита-Строй» ЖШС құрылыс жұмыстарының кестесін уақытылы орындамағандықтан, алаңы 2050м2, Карл Маркс көшесі, 56 үй 60 пәтерлі, 5 қабатты тұрғын үйді пайдалануға енгізу мерзімі ауыстырылған, осыған байланысты көрсеткіштерге қол жеткізілмеген).
Көрсеткіштер:

1. 2015 жылы 1 адамға есептегенде тұрғын үйді пайдалануға беру 0,36 ш.м.: жоспар - 0,33 ш.м., факт – 0,28 ш.м. («Вита-Строй» ЖШС құрылыс жұмыстарының кестесін уақытылы орындамағандықтан, алаңы 2050м2, Карл Маркс көшесі, 56 үй 60 пәтерлі, 5 қабатты тұрғын үйді пайдалануға енгізу мерзімі ауыстырылған).

4 «Экология және экология ресурстары» бағыт, 2 мақсат, 3 міндет,3 нысаналы индикатор, 4 нәтижелер көрсеткіштері қарастырылған. Оның ішінде 2014 жылы 3 нысаналы индикатор, 4 көрсеткіш жоспарланған. 2014 жылдың қортындысы бойынша 2 (66,7%) нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері 3 (75%) көрсеткіштерге қол жеткізілген. 1 бағыт бойынша (33,3%) нысаналы индикторларға және көрсеткішке 1 (25%) статистикалық деректер 2015 жылдың 24 шілдесінде жарияланатын болады.
5 «Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша, 1 мақсат, 1 міндет,1 нысаналы индикатор, 1 нәтижелер көрсеткіштері қарастырылған. Оның ішінде 2014 жылы 1 нысаналы индикатор, 1 көрсеткіш жоспарланған. 2014 жылдың қортындысы бойынша барлық нысаналы индикаторларға және көрсеткіштерге қол жеткізілген (100%).
3. Есеп беру кезеңінде жоспарланған, орындалған ісшаралардың саны (себебін көрсетіп).

Шахтинск қаласының 2012 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жоспарында 2014 жылы 50 ісшара жоспарланған, оның ішінде – 49 орындалған, орындалмағаны – 1.



Орындалған ісшаралар:

  1. «Құрылыс материалдарын өндірісін кеңейту» ЖК Матюхин;

  2. Производство брусчатки, строительных материалов и инертной пыли – «Казстроймарт 2050» ЖШС жобасы;

  3. Эпизотияға қарсы ісшараларды өткізу;

  4. Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Шахтинск қаласы кәсіпкерлерінің жобаларын қарастыру және мақұлдау;

  5. Конкурстық негізде гранттарды ұсыну үшін жобаларды мақұлдау және қарастыру.;

  6. Моноқалада кәсіпкерліктің дамуына ықпалдасу (шағын кредиттеу) бойынша шараларды

  7. Шағын орталықтарда және жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырысты жариялау есебіне жаңа топтарды ұстау;

  8. Заманауи мультимедиялық химия, биология кабинеттерін сатып алу;

  9. Жалпыға міндетті оқу қаржы қорының есебінен аз қамтылған отбасы оқушыларын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін өткізу;

  10. Амбулаториялық деңгейде әйелдерде сүт қалқанша бездерінің обырын анықтау;

  11. Амбулаториялық деңгейде әйелдерде жатыр обырын анықтау;

  12. 18 жасқа дейінгі балаларды дәрілермен қамтамасыз ету;

  13. ҚАА кезінде тегін және жеңілдікпен босатылатын дәрі – дәрмектерге халықтың қол жетімділігі;

  14. Қаңт диабеті кезінде тегін дәрі- дәрмекпен тұрғындардың қамтылуы;

  15. Онкологиялық аурулар кезінде тұрғындарды тегін дәрілік құралдармен қамтамасыз ету;

  16. Салауатты өмір салтына бағытталған ісшаралар;

  17. Кәсіптік дайындық, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;

  18. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

  19. Жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар;

  20. 18 жасқа дейінгі жәрдемақының, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің уақытылы төлемі;

  21. Қызғылықты, мәдени – бұқаралық ісшаралар, халық шығармашылығы смотрларын өткізу, қалалық облыстық конкурстрға, фестивальдерге қатысу;

  22. Кітапхана қорын үнемі жабдықтау;

  23. Электронды тасымалдағыштағы және кезеңді баспа басылымдарына жазылу;

  24. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін қолжетімді нысандар саны;

  25. Подготовка и участие членов сборных команд района (города областного значения) по различным видам спорта на областных спортивных соревнованиях;

  26. Әр түрлі спорт түрлерінен ауданның (облыс маңызы бар қала) құрама командасының мүшелерін дайындау және қатыстыру;

  27. Қаланың жалпы білім беру мектептерінде кешенді спорт алаңдарында жайластыру;

  28. Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттау ісшараларын өткізуді ұйымдастыру;

  29. Шахтинск аймағындағы ардагерлерге кеңес беру және бірінші заңдық көмек көрсету жөніндегі қоғамдық қабылдаудың жұмысын ұйымдастыру;

  30. Әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер;

  31. Гендердік саясат бойынша «Современная семья Шахтинска конкурсын өткізу: тенденция, даму және шешу жолдары»;

  32. Мемлекеттік тілді және аумақ та тұратын халықтың тілін дамыту бойынша конкурстар мен семинарлар өткізу;

  33. Мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғаларды мемлекеттік тілге оқыту;

  34. Мемлекеттік мекемелер құрылмаған жерлерде өрт сөндіру елді мекендерде өрттер және табиғаттық өрттерді сөндіру үшін қатсатын, ЖММ қатысушыларына төлеу;

  35. Кезектегілер үшін тұрғын үйді жалға беру;

  36. Автомобил жолдарының қызметін қамтамасыз ету;

  37. Елді мекендерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  38. Аймақтың сумен жабдықтау және су бөлу бойынша іс шара;

  39. Торапты құдықтар және су құбырлар тораптарын жөндеу;

  40. Шахтинск қ. үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету;

  41. Жулы құбырларын ауыстыру (1146 п.м.);

  42. Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы бйоынша аулалық аумақттарды абаттандыру;

  43. Шахтинская ТЭЦ АҚ жаңа күл үйіндісін салу;

  44. Жасыл желектерді салу және сақтау (жапырақты, гүлдер және көшеттер);

  45. «Әкімдік қызметін жоспарлау және басқару» ААЖ енгізуді аяқтау;

  46. «Log Book» ЭҚАЖ үшін электрондық құжаттар мұрағарты» ААЖ енгізуді аяқтау;

  47. «Электрондық үкімет шлюзінің шағын жүйесі ретінде өңірлік шлюзі (Е- әкімдік)» АЖ сүйемелдеу;

48.Мемлекеттік органдардың интранет – порталын енгізу,

  1. Басқару қызметің автоматтандыру. Оның ішінде Автоматизация управленческой деятельности, в т.ч.: Мемлекеттік органдардың интранет – порталының ілеспесі.


Орындалмаған ісшаралар:

1. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу.

Ісшаралар орындалмау нәтижесінде, 2014 жылы 0,046 млн. теңге сомасындағы қаражат игерілмеген. Игерілмеу себебі: иелеріне құнын қайтаратын жануарлар ауру жануарлардың жоқтығы.


  1. Аймақтың даму бағдарламасының іске асыру барысына әсер ететін факторларды талдау.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі факторларына және нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің орындалуына әсер еткен негізгі факторлар:

- басты қаржылық – экономикалық дағдарыс;

- Инфляциялық үдерістердің өсімі;

- тау- кен өнеркәсіптеріне тәуелділік, инвестицияның төмендеуіне әкеліп соқты;

- өнеркәсіптік саланың әлсіз дамуы, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп салаларының жоқтығы және қайта өндейтін кәсіпорындардың аздығы;

- тұрғындардың өмір сүру деңгейі негізінен төмен табысты тұрғындар үлесі, тамақтиану сапасы, салауатты өмір салты және тағы басқалар;

- қызметкерлерді іріктеу мәселесі бойынша қызмет берушілермен өзара әрекеттің жоқтығы.



  1. Есеп беру кезеңінде ісшараларды орындауға бюджеттік және қаржылық құралдар, қаржыландыру көздері арқылы бөлінген.

Бағдарламаны іске асырудың ісшаралар жоспарына сәйкес 2014 жылы барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 3 815, 0 млн. теңге жоспарланған, жылына нақты 3 813,0 млн. теңге игерілген, оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен 2 133,7 млн. теңге қарастырылған, жоспардан 2 133,0 млн. теңге игерілген;

- облыстық бюджет есебінен 1 429,1 млн. теңге қарастырылған, жоспарда 1 429,1 млн. теңге игерілген;

- жергілікті бюджет есебінен 252,1 млн. теңге қарастырылған, жоспарда 251,0 млн. теңге игерілген.

Игерілмеу сомасы мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша, сонымен қатар барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша дөңгелендіру есебінен болған.

2014 жылға жоспардан толығымен игеру 100% құраған.


6. Жүргізілген бақылау ісшаралары туралы мәлімет.

2014 жылы «Қарағанды облысының тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің кешенді жоспарымен (2014 жылғы № 2 бақылау актісі) келесі нысандар қамтылған:



  1. «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  2. «Шахтинск қаласының әкім аппараты» ММ; (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы № 2 бақылау актісі);

  3. «Шахтинск қаласының мәслихат аппараты» ММ; (бақылаумен қамтылған кезең –2010 жыл қыркүйек - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  4. «Новодолинский кентінің әкім аппараты» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  5. «Долинка кентінің әкім аппараты» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  6. «Шахан кентінің әкім аппараты» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № н/з бақылау актісі);

  7. «Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 25 қарашадағы № 2 бақылау актісі);

  8. «Шахтинск қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 21 қарашадағы № н/з бақылау актісі);

  9. «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  10. «Шахтинск қласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  11. «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» М, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 25 қарашадағы № 2 бақылау актісі);

  12. «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  13. «Шахтинск қаласының тұрғын үй- коомуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  14. «Шахтинск қаласының құрлыс бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  15. «Шахтинск қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  16. «Шахтинск қаласының сәулет және қала құрлыс бөлімі» ММ, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 бақылау актісі);

  17. «Шахтинск қаласының мәдениет үйі» КМҚК, (бақылаумен қамтылған кезең –2012 жыл қараша - 2014 жыл қыркүйек, 2014 жылғы 25 қарашадағы № 2 бақылау актісі);

  18. «Шахтинск қаласының емханасы» КМҚК;


7.Аумақтың даму бағдарламасына жауапты мемлекеттік органдармен – атқарушы органдармен енгізген толықтырулар мен өзгерістер туралы ақпарат.

Қарағанды облысының экономкиа және қаржы басқармасының бұйрығымен бекітілген бірыңғай тізімге сәйкес нысаналы индиктаорлар мен нәтижелер көрстекіштерінің өзгеркһуіне байланысты, 2014 жылы Шахтинск қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 1084/ 32 шешімімен Шахтинск қаласының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер енгізілген.


8. Ұсыныстар мен тұжырымдамалар.

2014 жылдың қортындысы бойынша аумақтың даму бағдарламасына жауапты мемлекеттік органдар, өз құзыреті шегінде бағдарламаны іске асыру туралы есеп ұсынды. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері, бағдарламада қойылған мақсаттарға жету» бөлігінде көрсетілген көрсеткіштер бойынша мониторинг жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижесі болып бағдарламаға қатысатын әр түрлі тараптардың өзара әрекетін талдау, маңызды қортындылар, осы бағдарламаларды іске асыруға сыртқы факторлардың әсері, жоспарланған ісшараларды орындауға және қойылған мақсаттарға жетуге қажетті шаралар қабылдау. Осыған байланысты, аумақтың даму бағдарламасына жауапты мемлекеттік органдармен барлық жоспарланған көрсеткіштерді сапалы орындау мақсатында нысаналы индикаторларды сапалы жоспарлауға және қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында жоспарланған ісшараларды сақтау.




Шахтинск қаласының әкімі А. Аглиулин


Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы Л. Буравко



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет