Шайнуров А. С., э.ғ. к., аға оқытушы



Дата09.06.2016
өлшемі98.58 Kb.
#125352


Шайнуров А.С., э.ғ.к., аға оқытушы

Казбекова Л.А., э.ғ.к., доцент

Алмаханова Н.Ғ., магистрант

Қорқыт ата атындағы ҚМУ
Теміржол компаниясының қызметін басқарудың тиімділігін арттыру
Экономикалық ортаның тұрақсыздығы теміржол компаниясы қызметінің тиімділігінің төмендеуіне және жоспарланған мәндердің ауытқуы болып табылатын, қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауына алып келеді. Ауытқуды басқару – бұл жоспарланған нәтиже мен шаруашылық қызметке қатысты жағымсыз ауытқу шамасына әсер ететін және тәуекелділігі жоғары келеңсіз ауытқу әсеріне байланысты ресурстар мен шешімдер [1].

1-суретте тиімді басқарудың құрылымдық-логикалық сызбасы көрсетілген.



Сурет 1–Тиімді басқарудың құрылымдық-логикалық сызбасы


Ауытқуды басқару жедел сипат ала отырып, компанияның қазіргі қорларына сүйенуі және үздіксіз жалғасып отыруы қажет. Жаңа мақсаттардың пайда болуына орай, басқару теміржол компаниясының жағдайын осы мақсатқа сай ауыстыруы керек.

Ұсынылған жүйе тиімді басқару жұмыстарының қол жеткізген нәтижелерін бағалауға және тәуекелдікке қарсы әрекет етудің талғаулы әдістемелерін таңдау кезеңіндегі тәуекелділікті басқару үдерісі барысында қолданылуы мүмкін.

2-суретте көрсетілгендей, бағалау тиімділігінің ұсынылған жүйесін тәуекелділікті басқару кезеңдерінде колдану - дұрыс шешім болып табылады.


Теміржол компаниясындағы қызметті басқару жүйесінің тиімділігін бағалау











Экономикалық тиімділігі жоғары болжамдалатын әдісті таңдау


Нақты деректер бойынша басқару тиімділігін бағалау

Сурет 2 –Қызметті басқару жүйесінің тиімділігін бағалау туралы шешім қабылдау тәртібі


Басқару әдісін таңдауда тиімді басқару бойынша ұсынылған барлық нұсқалардың болжамдық нәтижелері жүргізіледі және барынша жоғары дәрежедегі экономикалық тиімді нұсқа қабылданады [2].

Қазіргі кезде, теміржол компаниясын тиімді басқару - іскерліктің экономикалық орнықты жұмыс жасауын қамтамасыз ету болып табылады. Теміржол компаниясының тұрақты жұмысын төмендететін тәуекелділік ықпалдардың түрлері мен саны өсіп жатыр, сондықтан тәуекелділікті басқарудың өзіндік маңызы бар және қаржылық–экономикалық орнықтылықты қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Теміржол компаниясындағы басқару қызметін іске асыру үшін түбегейлі ұйымдастыру күші, уақыт пен басқа да ресурстар қажет. Бұл қызметті компанияның басқару жүйесіндегі ішкі жүйелердің немесе ұйымдастыру құрылымындағы мамандандырылған бөлімшелердің көмегімен жүзеге асыру керек. Мұндай бөлімшелер компанияның дәстүрлі қызметтік ішкі жүйесінде логикалық қосымша болар еді.

Жоғарыда тәуекелділікті басқару теріс шешім қабылдау қаупін азайтуға арналған дайындық іс-шарасы ретінде көрсетілді. Ал, теміржол компаниясы жағдайында тәуекелділікті басқару қолайлылық концепциясына негізделеді.

Тәуекелділікті басқарудың ішкі жүйесі өзге жүйелер сияқты басқару объектісі мен субъектісінен тұрады. Бұл жерде басқарушы объекті болып теміржол компаниясы және оның басқа шарушылық агенттерімен экономикалық қарым-қатынасы, компанияның технологиялық үдерістері мен ақпараттық ағындарына әсер ететін жұмысшылар мен қызметкерлер қарастырылады. Басқарылатын өзгермелі есептік шама - тәуекел деңгейі болып табылады. Ішкі кіші жүйедегі басқарушы бөлім немесе басқару субъектісі - адамдардың арнайы топтары (маман кеңесшілердің кеңесін пайдаланатын бөлім немесе компания қызметкері) кіреді, олар алынған ақпараттар негізінде тәуекелділік теориясының әр түрлі әдістерін қолдана отырып, тәуекелділік деңгейін төмендететін немесе болдырмайтын іс шараларды – басқару қимылдарын – жасайды.

Тәуекелділікті басқарудың ішкі жүйесі иерархиялық ұстаным бойынша құрылады. Осыған сәйкес, тәуекелділікті басқару үдерісі – орындаушылық және басқарушылық бағыттарда жүзеге асырылады. Орындаушылық деңгейде екі негізгі қызмет орындалады: біріншіден, компанияның жұмыс жасау үдерісінде туындайтын тәуекелділік деңгейін үздіксіз бақылау; екіншіден, шешімдер дайындаумен және жағымсыз жағдайлар дамуын түзеумен байланысты тәуекелділік деңгейін басқару. Орындаушылық деңгей қызметі қабылданған және компания үшін маңызы бар, жаңадан дайындалып жатқан шешімдерді іске асыруда тәуекелділікті талдаудың нақты тәртіптерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Компанияның тәуекелділік деңгейін бақылау қызметі – компанияның сыртқы экономикалық ортасында, қабылданған шешімдердің немесе бақыланбайтын өзгерістердің нәтижесінде, жағымсыз жағдайларды тудыруы мүмкін кері әсерлердің көбею беталысын анықтау. Бұл қызметтің мәні - қауіптілік деңгейінің уақтылы анықталуы және себептерінің айқындалуы, яғни жағымсыз жағдайлар басталуына әсер еткен тәуекелдік ықпалдарды табу.

Шешімдерді дайындау барысында тәуекелділік деңгейін басқару қызметі стратегиялық, тактикалық және шұғыл шешімдерді дайындаудағы тәуекелділік жағдайын талдауға, тәуекелділік деңгейіндегі үстемелікті бағалауға немесе жүзеге асуы мүмкін және мәнді тәуекелділік факторларын көрсетуге мүмкіндік береді. Осы талдау нәтижесінде алдын-ала келеңсіздік тудыратын тәуекелділік жағдайының болуын төмендететін іс-шаралар жоспарлануы мүмкін. Сол сияқты, ұсынылған шешімді керексіз деп тапқан жағдайда, кеңескен түрде, одан бас тартуға да болады. Сонымен қатар, аталған қызмет жанама түзету жұмыстарын жасауда бақылау блогы жағымсыз жағдайлар дамуын анықтаған кезде де қолданылады.

Басқарушылық деңгейде бақылаушы компанияның қабылдаған нұсқауларына сай тәуекелділікті басқарудың ішкі жүйесінің барлық буындарының жұмыстарымен келісілген шаралар орындалады. Тәуекелділікті басқарудың адами–ақпараттық түрін ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, жұмыстың жүргізілу мерзімін көрсету, нәтиженің көлемі мен формасын ұсыну, қауіптілік деңгейін бағалау мен талдау іс-шараларының орындалу тәртібін, құрамын беру, керекті нормативтік және анықтамалық ақпараттарды даярлау, ағымдағы ақпараттарды жинау, тәуекелділік деңгейінің төмендеуі бойынша жасалған әрекеттерді іске қосу, жасалған ұсыныстармен компания басшылығын хабардар ету және ол жоспар бекітілгеннен кейін барып, тәуекелге қарсы шараларды іске асыру. Бұл іс-әрекеттер жиынтығы тәуекелділікті басқару үдерісін үйлестіру қызметінің құрамына енеді.

Компанияның ағымдағы және оны қоршаған орта жағдайын сипаттайтын ақпараттар «мониторинг» деп аталатын блокта жинақталып, қайта өңделеді, ал нәтижесі «факторларды талдау және тәуекелділік дәрежесін бағалау» блогына беріледі. Мұнымен қоса, мерзімдік бақылау, ақпараттарды өңдеу нәтижесі бекітулерінің формасы мен құрамы келесі тәуекелділікті талдау жұмыстарына дейін салыстырмалы түрде жеткілікті мерзімге қарастырылуы керек. Бұл ақпарат «факторларды талдау және қауіптілік дәрежесін бағалау» блогында алдыңғы «іріктеулерден» өткен ұқсас ақпараттармен және керекті нормативтік -анықтамалық ақпараттармен бірге осыған сай әдістер көмегімен өңделеді. Талдау жұмысы нәтижесінде алынған және тәуекелділік деңгейінің жаңа мәні «нормативтік-анықтамалық ақпараттар» блогының мұрағатында сақталған алдыңғы ақпараттармен және тәуекелділіктің жақын деңгейімен салыстырылады.

Егер де, нақты кезеңде алынған қауіптілік деңгейінің бағасы алдыңғыдан және компания басшылығы қойған қауіптілік межесінен аспаса, бақылау қызметі тәуекелділіктік хаттамалары мұрағатына осы хаттаманы өткізеді және келесі бақылаудың жүргізілуі жөнінде кеңес берумен шектеледі. Өзге кезде, «тәуекелділікті басқару» қызметінің орындалуын көрсететін жағдай барысын түзету талап етіледі.

«Тиімділік дәрежесін бақылау және факторларды талдау» блогының нақты құрамы және тәртібі талдау жұмысын жүргізу кезіндегі компанияның жағдайы мен қызмет ету ортасының нақты міндеттеріне байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін. Соған қарамастан, кезеңдерді бірнеше тұрпаттық тізбектерге жіктеуге болады (Кесте 1).
Кесте 1- Қызметті басқарудың кезеңдері


Көрсеткіштер

Сипаттамасы

Бірінші кезең

Компанияның сынақтық стратегиялық шешімін іске асыруға әкелетін, болуы мүмкін деген, келеңсіз жағдайлар тізімі құрылады. Бұл тізім үшін жағымсыз жағдайларға әкеп соқтыратын ЖЖД-ның сандық және сапалық сипаттамалар жиыны қалыптасады.

Екінші кезең

Ұрынғы талдау негізінде іске асырылатын мүмкіндіктердің алғашқы оқиғалар жиыны – тәуекелдік ықпалдары мен тәуекелдік ықпалдар құрастырымы анықталады және ықпалдардың әсер ету мүмкіндігінің дәрежесі сипатталады. Осы кезеңде қабылданған шешім жағдайының екіұштылығын сипаттайтын математикалық үлгі таңдалады.

Үшінші кезең

Таңдалған оқиғалардың жағымсыз дамуы тізбегінің сапалық және сандық сипаттамасы негізінде тәуекелдік дәрежесінің көрсеткіші анықталады.

Төртінші кезең

Әр аяқталған жағдайдың қабылданған шешімінің әсерінен немесе кейбір тәуекелділік ықпалдарының анықталуынан болуы мүмкін ОЖД-ның тізбектері анықталады, содан кейін осы сынақ шешімнен алынған тәуекелділіктің мәні бағаланады және түсіндіріледі.

Байқағанымыздай, алғашқы екі кезең түрлі әдістемелік және бағдарламалық-алгоритмдік қамтамасыз етілулерде – сарапшылар тобының әрбір бастапқы жағдайды «қолдап» зерттеуінен бастап, жұмыстың біршама бөлігін автоматтандыратын математикалық үлгі немесе сараптаушы жүйе құруға дейін – орындалады.

Сонымен, бірінші және екінші кезең жұмыстары сынақ шешімімен егжей-тегжейлі танысумен, компания мен қоршаған экономикалық орта жағдайы туралы ақпараттармен, сондай-ақ, болжал жасаушы және релеванттық ақпараттармен байланысты. Үшінші және төртінші кезеңдердің нәтижесінде сынақ шешімнің аса қауіпті «сыншылдық» элементтерін нақты талқылау және сынақ шешімді қабылдаған жағдайда компанияның жағдайындағы өзгерістердің жалпы сипаттамасы анықталуы керек.

Теміржол компаниясының тәуекелді басқару қызметін орындайтын ұйымдастыру бөлімі құрылымының үлгісі 3-суретте көрсетілген, мұнда, бір қабатты нұсқаушы белгімен көрсетілгендері – құрылымдық элементтердің арасындағы командалық байланыс, ал екі қабаттысы – ақпараттық байланыс.



Компания басшылығы




Компанияны басқарудың басқа кіші жүйелері




Нормативтік, анықтамалық, әдістемелік, оперативтік және мұрағаттық ақпараттар қоры









Тәуекелділікті мониторингтау және талдау тобы

Дағдарысқа қарсы іс-шараларды жоспарлау тобы


Дағдарыс жағдайын басқару тобы


Басымдылықты- әдістемелік даму тобы







Жоспарлау мен үйлестіру қызметі





Сурет 3 – Теміржол компаниясының қызметін басқару жүйесін ұйымдастыру
Негізгі орындаушы топтар – компания мониторингі, оның қызмет ортасы, тәуекел сарапшылары, тәуекелге қарсы шараларды жоспарлаушылар мен дағдарыс жағдайын басқарушылар – ақпараттық ағындармен байланысты болады және тәуекелді басқару үдерісіне қатыстырылады. Ішкі жүйелердің ақпараттық қамтамасыз етілуі «әкімшілік қызметтен және берілген нормативтік-анықтамалық ақпараттар қорлардың өзектілігінен» қолдау табады. Әдістемелік және құралдық қордың жеткілікті дәрежесі қажеттіліктерді анықтай және болжай отырып, өз күшімен әдістерді, үлгілерді, бағдарламалы - алгоритмдік және ақпараттық шараларды жасайды және тапсырыс береді.

Барлық жұмысты ұйымдастыратын және жоспарларды жүзеге асыратын, «үйлесімділік қызметі», бөлімнің негізі болып табылады. «Үйлесімділік қызметі» мына міндеттер кешенін орындайды: компания басшылығымен және компанияны басқарудың басқа да ішкі жүйелерімен қарым–қатынасты қолдау; компания қызметінің тәуекелді бақылау бойынша мерзімдік жұмыс жүргізуін анықтау; басқару мен бақылаудың кезекті айналымындағы жұмыс құрамын анықтау (тәуекелді талдау түрін, әдістерін, нәтижелерді тіркеу тәсілдерін таңдау); сынақты шешімнің тәуекелді талдау бойынша жұмысын бастау уақытын анықтау; орындаушы және ақпараттық топтың өзара әсерін ұйымдастыру.

Аталған кезеңдегі, қарастырылған сынақты шешімге қолайлы тәуекел деңгейін орнату және аталған сынақты шешім үшін қолжетімді деңгейдің қолайлылығын бағалау (бекіту) - ұсыныс дайындаушы ішкі жүйеге сәйкес, компания басшылығының немесе әкімшіліктің міндеті болып табылады. Бұл жағдайда, үйлестіруші блоктың ролі қолайлы тәуекел деңгейіне орнатылған мәннің сақталуын бақылауды қамтамасыз етумен тоғысады.

Компания басшылығының негізгі қызметін басқару мәселесін шешу жатады, ол тәуекелді сейілту іс-шаралары бағдарламаларын бекітеді, оқыс жағдайда оларды жүзеге асыруды бастау туралы шешім қабылдайды, тәуекелге қарсы бағдарламалармен бірге сынақтағы шешімдерді қабылдайды немесе олардан бастартады. Басқару бойынша іс-шараларды тікелей жүзеге асыру, көбіне компанияның өндірістік және басқармалық бөлімдерінің қызметіне қарсы тұрады, өйткені бір мезеттік табыс әкелмейтін, шығын талап ете отырып немесе сақтандыру қорларын құруда капитал бөлігін жоғалта отырып, оның есептік көрсеткіштерді төмендететінін байқаймыз. Сондықтан да, нақты жұмыстың орнықтылығы мен тұрақты дамуына байланысты, компанияның алдына үлкен міндеттер қоятын, қаржылық жағдайдың жақсаруымен және қызмет көлемінің ұлғаюымен анықталатын, шешімдер басқарудың жоғары деңгейінде қабылданғаны дұрыс.


Әдебиет





1. Комарова Н.В., Гаврилова Л.В.Фирма: стратегия и тактика управления рисками // Вестник СПб университета. Сер. 5: Экономика. – 2003. – Вып. 2 (12) – С.92 – 95.




2. Клейнер Г.Б. и др. Предприятие в нестабильной экономической среде: риски, стратегии, безопасность / Г.Б. Клейнер, В.Л. Тамбовцев, Р.М. Качалов; Под общ. ред. С.А. Панова. – М.: ОАО «Изд – во «Экономика», 2005. – 288с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет