Үшқұдық селолық округінің әкімі М. Жармухановтың 2013 жылы атқарған жұмыстар туралы есебі Әлеуметтік сала бойынша



жүктеу 71.34 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі71.34 Kb.
Үшқұдық селолық округінің әкімі М.Жармухановтың

2013 жылы атқарған жұмыстар туралы

есебі
Әлеуметтік сала бойынша Үшқұдық селолық округі аумағында Үшқұдық, Жерұйық, Ақсазды елді мекендері орналасқан. Үшқұдық селолық округі бойынша жалпы жер көлемі – 43702 га. Соның ішінде Үшқұдықта - 20346 га , Жерұйық – 8987 га , Ақсазды – 14369 га. Жалпы тіркеуде тұрған азаматтар саны – 1413. Жыл басынан округ бойынша 20 бала өмірге келді. 8адам қайтыс болды (5 ер, 3 әйел адам), 1-2 топтағы мугедектер саны - 12 адам. 1-топтағы 1 адамға гигиеналық құралдар алуға құжаттар жинақталып, облыстық әлеуметтік департаментіне тапсырылды., 32 отбасына 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес жастар тәжірибесі бойынша 3 адам жұмысқа тартылды, жұмыссыздықты жою мақсатында жұмыспен қамту бөлімі арқылы - 3 адам жұмысқа орналастырылды.1әйел адам күміс алқа ие болды.Жыл басынан округ бойынша 23 адам қоныс аударған, 14 адам көшіп келген. Үшқұдық селолық округі әкімі аппаратына жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ( үй салуға) жалпы 75 жазбаша арыз түсіп, оларға толығымен уақытылы жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама алуға 33 арыз, ветеринариялық анықтама алуға 42 арыз тіркеліп, бір күн ішінде арыздар қанағаттандырылды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша – Үшқұдық селолық округі бойынша ауылшаруашылығына қарасты жалпы жер көлемі - 27964 га, соның ішінде Үшқұдықта – 17308 га , Жерұйықта – 4882 га, Ақсаздыда – 5774 га. Үшқұдық селолық округі аймағында - 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 21 шаруа қожалығы тізімге сәйкес тіркелген. Оның ішінде қазіргі таңда 10 ШҚ жұмыс жасап жатыр. Олар мал шарушылығы және егін егу жұмыстары мен айналысады.

Үшқұдық селолық округі бойынша барлығы - 1473 га арпа, 2704 га бидай, 100 га тары, 900 га күнбағыс және 50 га судан шөбі егілді. Атап айтқанда, «Төре К» ШҚ – 650 га арпа, 1000 га бидай, 50 га тары; «Өте Мур Ас» ШҚ – 50 га арпа, 300 га бидай, 700 га күнбағыс, «Ажар» ШҚ – 200 га күнбағыс, «Петровка 1» ШҚ – 513 га арпа, 904 га бидай, «Энергия» ШҚ – 260 га арпа, 500 га бидай, 50 га тары, 50 га судан шөбін екті.

Егін жинау жұмыстары бойынша «Төре К» ШҚ – 100 т арпа, 200 т бидай; «Өте Мур Ас» ШҚ – 50 га арпа, 200 га бидай, 700 га күнбағыс, «Петровка 1» ШҚ – 180 т арпа, 170 т бидай, «Энергия» ШҚ – 70 т арпа, 90 т бидай шауып алды.

Шөп жинау науқаны бойынша Үшқұдық ауылы – 2350 тонна, Жерұйық ауылы – 1550 тонна, Ақсазды ауылы – 1100 тонна

Барлығы: 5000 тонна.
Селолық округ бойынша 2013 жыл 1 шілдеде барлығы Ірі қара – 1614, қой, ешкі – 3347, жылқы – 32, түйе – 8 бас тіркелген. Қазіргі таңда бірдейлендіру талабына сәйкес осы алынған 601 бас ірі қараға, 1800 - қой-ешкі төлдеріне, 38 – бас шошкаға сырға салынды, 19 бас жылқыға тавро басылып компьютерлік базаға енгізілді.

2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Береке - С» ШҚ-ғы (Жетписбаев Серик) 1 800 000 теңге несие алып, 9 бас аналық, 1 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. «Жақсылық» ШҚ-ғы (Дуюсов Жумабай) 42 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алды. Мал өнімдерінің сапалылығын және мал басының жұқпалы аурулардан тазалығын анықтау үшін жеке және шаруа қожалықтары малдарының қаны алынып, егу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде бруцилёз ауруы анықталған - 6 бас ірі қара малы сойылды. Мал иелерінің және ветеринариялық мамандардың арқасында уақытында сойылып орындары тазаланды.

2013 жылы итальян шегірткесіне қарсы барлығы 9530 га химиялық өңдеу жүргізілді. Оның ішінде ауыл шаруашылық техникасымен «Фирма Иран» ЖШС – 1080 га, «Петровка - 1» ШҚ – 810 га, «Торе и К» ШҚ – 1520, «Ажар» ШҚ – 200 га, «Энергия» ШҚ – 1300 га және Ұшқұдық с/о қарасты -3860 га жерлері химиялық өндеу жұмыстары арқасында жерлер уақытылы уланды. «Оте-Мур-Ас» ЖШС – барлығы - 760 га, «Құнарлық» атты аэрозольдық генератормен – 260 га, әуе жол арқылы (Гончаров) – 500 га жерлерін улаған. Барлық жұмсалған у көлемі 571,8 литр.

Білім беру саласы – (Селолық округ бойынша 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. 2012 - 2013 жылы Үшқұдық мектеп бақшасын - 18 түлек бітірді. 4 оқушы ҰБТ - қа қатысты, сол ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 91,5 болды. Үшқұдық мектеп бақшасында 2013-2014 оқу жылында барлығы - 202 оқушы, соның ішінде бастауыш сыныпта – 88 оқушы) оқып жатыр. Жерұйық негізгі мектебінде 33 оқушы, бастауыш сыныпта – 19 оқушы,7 бала – даярлық топ, шағын орталықта – 13 бала) білім алып жатыр.

2013 - 2014 оқу жылына барлық мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дайын болды. Жылу беру маусымына қажетті қатты отын толығымен тасылып, орналастырылды. Үшқұдық мектеп бақшасының жылу беру қазандығы ауыстырылып, іске қосылды. Мектептерде бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылары ыстық тамақпен қамтылған. Мектептерде барлық пәндер бойынша мұғалімдер құрамы жеткілікті.

«Мектепке жол акциясы» бойынша селолық округіне қарасты шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер, мектеп ұжымы мен әкімшілік 60 000 теңге қаражат көлемінде 11 оқушыға оқуға керек құрал-жабдықтар алынып берілді.

Спорттық шараға «Энергия» ШҚ (50 000 тг), Әкімшілік (13 000 тг), «ЖАККО» (10 000 тг) «Винцех» (30 000 тг) «Азамат-С» (17 000 тг) көмек көрсетті. Жалпы берілген қаражат көлемі - 120 000 тг.




Денсаулық сақтау саласы бойынша – Үшқұдық селолық округінде 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Қажетті мамандармен толық қамтылған. Үшқұдық дәрігерлік амбулаториясына – Үшқұдық, Қарақобда, Ерназар, Ақай, Көлтабан, Коммунар ауылдары қарайды. Осы жылы тұрғындар жылжымалы флюрографиядан өткізілді. Дәрігерлік амбулаторияға өтпелі жөндеу жұмыстары жасалынып, жылу беру маусымына қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілді. Үшқұдық селолық округі бойынша туберкулезбен күрес, алдын алу және туберкулезбен ауыратын отбасыларына көмек көрсету барысы туралы 2013 жылдың 1 жартыжылдығында туберкулезбен ауыратын 1адам тіркелген. Узакбаева Айымгуль Мырзабаевна - 1993 жылы туған, қазіргі таңда Қандыағаш қаласында стационарлық емделуде, отбасы ата - анасымен тұрады. 2012 жылдың соңғы тоқсанында туберкулезбен ауырған Жаманова Гульмира Аманжановна – 1985 жылы туған, қазіргі таңда Ақтөбе қаласында амбулаториялық емделуде, отбасы 2012 жылдың қараша айында Ақтөбе қаласына көшіп кеткен.

Санитарлық сала бойынша - Елді мекендерді санитарлық тазалықты сақтау мақсатында 2 айлық өткізілді. Санитарлық тазалыққа бөлінген 150 000 теңге қаражат 100 пайыз игерілді. Барлығы жиналып шығарылған қоқыс көлемі 200 тонна, 10 000 м2 жер тегістелді.

Ауыз су мәселесі бойынша Үшқұдық ауылында орталықтандырылған су жүйесі жұмыс жасайды. Жерұйық, Ақсазды ауылдарында бұлақ және құдық су көздерін пайдаланады. Осыған орай «Көркейе бер, туған жер» акциясы бойынша Үшқұдық ауылында Қазақ көшесіне ұзындығы 500 метрлік су құбырын жүргізілді, ИП «Уксукбаев Нұрхан Оразбайұлы» тегін тартып берді. Барлық көрсетілген көмек құны – 1 200 000 теңге. Жерұйық ауылының тұрғыны Деревянко Виктор Андреевич Жерұйық негізгі мектебіне 15 метр терендік скважина қазып берді және су насосын сыйға тарты. Барлық көрсетілген көмек құны – 200000 теңге.

Газ мәселесі бойынша - Үшқұдық ауылы тұрғындарына үшін айына бір рет «Батысгаз» мекемесінен газ балондарын толтыру ұйымдастырылған.

Байланыс саласы - Үшқұдық ауылының орталығында Қазақтелеком, СВИМ, Актив, Билайн байланыстары бар. Қазіргі таңда интернет және толық барлық байланыс жүйелері қалыпты жұмыс жасап тұр. Қиындық туғызатын кедергілер жоқ. Үшқұдық селолық округ тұрғындарына Қазақстан телеарналарын көру мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында Үшқұдық ауылында 70 пайыз, Жерұйық ауылында 50 пайыз, Ақсазды 20 пайыз «ОТАУ» спутниктік хабар тарату қондырығылары орнатылған.

Пошта саласы бойыншаҮшқұдық ауылының орталығында орналасқанпошта бөлімшесі жергілікті халықты газет-журнал басылымдарын дер кезінде қамтамасыз етеді. Үшқұдық ауылына аптасына 3 рет газет-журналдары жеткізіліп, халыққа таратылады. Ай сайын зейнетақы уақытылы әкелініп таратылады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Үшқұдық ауылының қалған 6 көшесін жарықтандыруға барлығы 1 339 000 теңге қаражат бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес портал арқылы «Строй Газ Транс сервис Жанарыс» ЖШС-гі - 1 000 000 теңгеге ұтып алды. Жарықтандыру жұмыстары жоспар бойынша аяқталып, уақытында халықа берілді . Барлығы 45 шам тартылды. Бұлар

Алға аудандық УЭС Үшқұдық ауылында шілде айында 49 бағана (бетон) және 10 км электр сымдарын ауыстыру жұмыстарын жүргізді.

Мәдениет саласы – Үшқұдық селолық округ мәдениет үйінің 2013 жылғы мерекелік шаралары жоспарлы түрде өткізілуде.«Облыстық балдәурен – 2013» және «Көркем сөз шебері» байқауларына қатысып 1,3 және бас жүлдені ұтып алды. «Өзге ұлт өкілдері арасында Абай оқулары» - 2 орынға, «Орыс өкілдері тіл халық жанын танытудың кілті» - 3 орынға ие болды.Аудандық патриоттық әндер байқауына белсене қатысқан.Жанұзақ Қанағат Аудан әкімінің орынбасары; С.Н Ағниязовтың Алғыс хатымен марапаталды. «Бөкей-тіл шебері» байқауда 1) Муханбетқалиев Оразбек 1 орын алды 2) Сапаева Ырыс 3 орын алды. 3) Даулетжанов Шынболат алғыс хат алды. «Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама» басқармасы Облыстық халық шығармалышылығының ұйымдастырумен өткізілген «Облыстық ауыл айнасы» клуб қызметкерлеріне арналған кәсіби шеберлік байқауы өткізіліп Үшқұдық ауылы мәдениет үйінің меңгерушісі 1 орынға ие болды.

Спорт саласы бойынша Ақтөбе қаласында өткен бессайыс бойынша Үшқұдық ауылынан аттанған спортшылар (Шайхсламов Азамат, Есенгельдин Мербол) облыс бойынша 3 орын иеленді. Биль Олеся 1500м арақашықтықтағы жүгіру сайысынан Ақтөбе облысы бойынша 3 орын , 3000 м арақашықтықтағы жүгіру сайысынан Ақтөбе облысы бойынша 1 орын 2 рет , 5000 м арақашықтықтағы жүгіру сайысынан Ақтөбе облысы бойынша 1 орын 2 рет және бүгінгі таңда Алға ауданы атынан Республикалық сайысқа Шымкент қаласына жарысқа қатысты.

Салық саласы бойынша - Жергілікті салық түрлері бойынша: мүлік салығы – 100 пайыз, жер салығы – 100 пайыз жиналды. Автокөлік салығы бойынша 196 334 теңге жиналды. Селолық округ бойынша 8 айға бөлінген қаржының орындалуы 100 пайызды құрайды.

Қоғамдық қауіпсіздіқ - Селолық округ бойынша 1 участкелік инспектор жұмыс жасайды. Участкелік инспектор қызметтік пәтермен, телефонмен қамтамасыз етілген.
Алдағы міндеттер:
1. Үшқұдық мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өткізу үшін ат салысу.

2. Үшқұдық ауылына газ құбырын тартуға ықпал ету.

3. Жерұйық және Ақсазды ауылдары көшелерін жарықтандыру.

4. Қыс мезгілінде жолдарды тазарту жұмыстарын уақытылы жүргізу.

5. Орталық саябақты қалпына келтіру.

6. Әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.

7. Жаңадан бала бақша салуға күш салу.
Жалпы Үшқұдық селолық округі бойынша саяси ахуалы тұрақты. Бүгінгі күні селолық округі бойынша проблемалық мәселелерде баршылық, атап айтқанда газдандыру және мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өткізу.

Электр жарығы, телефон, су, жол мәселелері шешілген деп айтуға болады. Жоғарыда талаған мәселелер шешімін тапса шағын елдің мекендерден селолық округ орталығына қоныс аударушылар көбейіп тұрақтауларына, олардың мал шаруашылығы, көкөніс өндірумен айналысуға және басқа да ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыстар жасауларына селолық округтің мүмкіндіктерін пайдалануға болар еді. Осы мәселелерді шешуге аудан әкімідігімен осы салалармен айналысатын бөлім басшыларына көңіл бөліп, ықпал жасаса деген ұсынымызды білдіргім келеді.



М.Жармуханов

Үшқұдық селолық округінің әкімі


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет