зерттеу міндеттерін қойдық. Шежірелерді зерттеуге байланысты туындап отырған төмендегідей келелі мәселелер бар:
1 қолжазбалар қорында сақтаулы шежіре нұсқаларын қорыта отырып, олардың мәтіндік үлгілерін салыстыру, соған қатысты төл ұғымдарды қамту, шежірелік дәстүрдің тарихи дамуын ғылыми тұрғыдан сипаттау, шежірелік деректің қалыптасу үрдісін талдау;
2 Көшпелілері тарихын зерттеудегі тәжірибені шежірелік дерек көзіне орай қолданылып келген теориялық-методологиялық зерттеулерді саралау, жаңа әдістерді оңтайлы қолдану жолдарын анықтау;
3 шежірелік деректердің түрлерін айыру, шежірелердің жиынтық сипатын ашу, олардың мазмұнын, мәнісін, мақсаты мен қызметін дәйектеу. Баяндалу, сақталу принциптерін талдау және ішкі және сыртқы деректік сыннан өткізу. Мәліметтерге толыққанды деректемелік сипаттама беру;
5 шежірелердің тарихи-генеалогиялық мазмұнын жүйелеу арқылы, шежірелік деректердің түрлері мен тарамдарын анықтап шығу. Шежіре деректерінің тақырыптық мазмұны мен сыртқы қалпын талдау арқылы, шежіре деректемелерін сипаттау, суреттеу, мәлімдеу, түсіндіру қызметін талдау;
Зерттеудің методологиялық негіздері. Қазақ халқының тарихын ғылыми принцип негіздерімен зерттеу үшін, көшпелілер қоғамындағы әлеуметтік шындықты тарихи тұрғыдан қарастырып, соған орай ой қорыту, адам мен социумның қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-тарихи жағдайлары және факторларын тарихи үрдіс тұтастығы тұрғысынан зерделеу қажет.
Қазақ шежірелерінің жан-жақты, толық әрі ғылыми дәйекті зерттелуі үшін және оның эвристикалық мүмкіндіктерін ашу үшін, оның мазмұндық мәні мен сыртқы және ішкі қалыптарына сәйкес ғылыми-теориялық негізі бірнеше тұрғыда болуы тиіс: Атап айтқанда, олар: біріншіден, шежірелер тарихи дерек көзі ретінде қарастырылуы, яғни деректану әдістерін қолдану жолымен; екіншіден - тарихнамалық дерек пен тарихи және тарихнамалық фактілер тұрғысынан зерттелуі, яғни, тарихнамалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы;
үшіншіден - тарихи сана мен ұлттық менталитет құбылыстары тұрғысынан зерделенуі, немесе шежіре феноменін тарих философиясы, тарихи антропология және этнологиялық ілімдері төңірегінде қалыптасқан ғылыми әдістерді қолдану арқылы шежірелер мәтінін талдау, топтау және саралау. Сондықтан, осыларға нақтылап тоқталатын болсақ, онда осы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздерін айқындап алуымыз қажет.
Зерттеудің деректік негізі. Шежірелік деректер ретінде қазақ халқының шежірелеріндегі нақты тарихи-генеологиялық мәліметтерді қабылдаймыз. Зерттеулі жүргізуге алатын дерек қоры мол болғанымен, оларды қолданудың өзіндік срекшеліктері болады. Қазақ шежірелерін дерек ретінде зерттеу нысанына алғанда олардың деректік қоры, орны мен турлері, шежірелік маліметтін авторлары (жаслушылары, сақтаушылары, жинаушылары, көшірушілері) және шежірелердің сыртқы пішіні мен ішкі мәнісі, генеалогиялық мазмун срекшеліктері, ауызекі айтылатын шежірелік дәстүрлің жанрлық үлгілері, жасалған тарихи әдебиеттік стилдері тұрғысынан рет-ретімен басталуы тиіс.
Зерттеуге алынып отырган мағлұматтар әртүрлі бұлақтардан алынған деректер болып табылады, Сақталу жагынан жазбаша және ауызша үлгідегі мәліметтер болып келеді. Жазба шежірелік деректер сыртқы пішіні жағынан қолжазба (қолжазба көшірмелері) және (көптаралымды) басылым түрінде кездессе, ауызша шежірелік деректер айтылу барысында қағазға хатталған немесе дыбыс таспаға жазылған түрінде тіркелгендерден құралады [55, 206- 209 б.]. Сақталу жағынан жазба үлгідегі шежірлерді де өз алдына бірнеше топқа білуге болады, мысалы: тек қолжазба күйінде сақталғандар; қолжазба көшірмелері; жария етілгендер; жария етілген шежірелердің ауызша айтылуынан қайтадан жазба түрде тіркелгендер және т.б. Шежірелердің қолжазба нұсқалары М. О. Ауэзов атындағы Әдебиет және өнер институтының және Орталық кітапхананың колжазбалық мұрағат қорларында сақтаулы тұр.
Сондай-ақ, нақты зерттеу материалы ретінде баспадан жарияланып шыҡкан қазақ халқының тарихы мен этнографиясына байланысты еңбектердегі шежірелер және Ұлттық Ғылым Академиясының сирек қолжазбалар қорында сақтаулы. Қазақстан Республикасының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазба білімінде сақталған қазақ шежірелері мыналар: «Шежіре Шариф» (Инв. № 127/1); «Нұржан Наушабайдың шежіресі» (Инв. № 127/1); «Арғын шежіресі» (N 127/1); «Аталық шежіре» (Инв. № 191/2); «Қазақ шежіресі» (Инв. № 191/3) «Қожа Ахмет Йассауи шежіресі бойынша» (Инв. № 342/3); «Байұлы туралы мәлімет» (№ 350/2); «Ғұбайдолла Ахметұлының шежіресі» (Инв. № 354/1); (қазақтың арғы тегі және жүзге жіктелуі туралы жазба және ауызша шежірелері осы деректерде сақталған еді).
Зерттеу жұмысының нысаны: шежірелердің қалыптасуы мен оның сыртқы және ішкі қалпын, сондай-ақ оның тарихи негіздері мен мазмұнын кешенді түрде талдаудың тәжірибесі жасалған;
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңберін айқындау күрделі болғанын жасырмаймыз. Қазақ шежірелерін қазақ халқы құралған уақыттан бергі дәуірді қамтиды дей отырып оның мазмұнында оған дейінгі дәуірлерге қатысты, шежірешінің тілімен айтканда «қазақтың казактығы білінбей турған» тарихи да үлгісінде сақталған.
Зерттеулік ғылыми жаналығы. Шежіретану екі сатыдан құралады: бірі ескірген, әрідеті өткен шежірелік дастуріне карай, оны теорияға дейінгі кезең деп атар едік; екіншісі - шежірелерді жана ғылыми-теориялық деңгейде түсіндіру. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында басталған шежірелерді жариялау науканынан бергідегі бұл үрдіс казіргі уақытқа дейін жалғасып келеді. Ел аксакалдары, өлкетанушылар, тілшілер бұл үрдіске өзі септігін косуда Мұндай жарияланымдар оқырман назарына көптеген шежірелер қысқасын ұсынуда, оның ішінде көбісі жергілікті, нақты бір рудын, немесе бір атаның тұқымы туралы жазылған шежірелер. Бұл басылымдардың өзі шежіреге деген әртүрлі ұстанымдар бар екенін көрсеткенімен, алайда атын ұранға айналған қазақтың халықтық «жеті атасын білмеген – жетесіз» деген даналық принципі оларға тән. Сонымен әуелгі шежіретануда эмпирикалық материлдардың жинақталуы, реттелуі іске асса, ал бұл жұмыс негізінен атқарылып болған деуге болады. Ендігісі бұл үрдіс алдағы уақытта шежіре дәстүрі аясында емес, тек ауызекі тарих, немесе ауызша тарих айту үрдісіне ғылыми әдіс қолдану арқылы дамуы тиіс. Жинақталған эмпирикалық материалдарды теориялық тұрғыдан қорыту, соның нәтижесінде шежіре леректерін ғылыми деңгейде тәпсірлеу мен түсінуге қол жеткізу ғылыми жаңаша көзқарас болғандықтан бұл зерттеу жұмысының жаңалығы да, бағалығы да сол демекшіміз. Сонымен, бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылатын баптары төмендегідей:
1. колжазба қорында сақтаулы қазақ шежірелері деректік тұрғыда алғаш зерттелуі жаңа болып табылады;
2 Зерттеу жұмысында көптеген шежірелік тың деректер қолданылған, олар: араб жазуымен жазылған шежірелік қолжазба мәтіндері, түздік археографиялық зерттеулер барысында жасалған сұхбат негізіндегі мағлұматтардың тіркелуі, және автордың генеалогия зерттеу бағытындағы жеке тәжірибесінің берілгендігі;
3. шежірелердің қалыптасуы мен оның сыртқы және ішкі қалпын, сондай-ақ оның тарихи негіздері мен мазмұнын кешенді түрде талдаудың тәжірибесі жасалған;
Қорғауға ұсынылып отырған негізгі ғылыми тұжырымдар.
1. Шежіре - қазақ руларының тегі шыққан түрік жұртындағы дәстүрлі мәдениет тудырған әлеуметтік, тарихи білім, генеалогиялық жады сабақтасығы
болып табылады. Шежіре ұғымының астарында «тарихи-әлеуметтік жады» түсінігі сақталған. Шежіре дәстүрлі білім құбылысы ретінде табиғи түрде қалыптасып, сан ғасырлар бойы ауызекі айтып, әңгімелеу мәдениеті жағдайында жетіліп, жалпы әлеуметтік, қоғамдық сипат алып жалғасып, ұрпақтардың рухани құндылықтары мен халықтың біртұтас этникалық өмірсүру жалғастығын баяндап, ұзақ дәуір бойынан берідегі ұлт тарихының терең тамырын тануға қызмет атқарды.
2. Шежіре, сондай-ақ қазақтың аса қадірлі ұлттық дәстүрінің бірі. Шежірелік баяндаулар жоғарғы құрмет статусын білдіретін түсініктің бірі ретінде халық санасына бекіген «жеті ата» ұғымының қасиеті мен оның генеалогиялық сипатын нақтылап береді. Алайда, шын мәнінде дәстүрлі дәуір тарихын баяндаудағы генеалогиялық білім жүйесінің қызметін дұрыс түсіну қажет, яғни генеалогиялық принцип көшпелі тұрмыс кешіп, табиғи экологиялық орта талабына лайықты малшылық, бақташылық шаруашылықпен шұғылданған халықтардың мәдениетінде соларға тән дәуірлерді, тарихи кезеңдерді реттеуші принцицке айналған.
3. Шежіре деректерінің тарихи қалпыптасу жағдайларын қарастыру, авторлық мәселесін анықтау, қолжазба мәтіндерінің қысқаша деректік сипатын беру, мазмұндық ерекшеліктерін түсіну, сондай-ақ шежірелік деректің түрлік және тақырыптық сыныптау принциптерін қолдану амалдары қазақ шежірелерінің дәстүрлі қоғам жағдайында да, жалпы ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесінде де елеулі мәдени-әлеуметтік, саяси-идеологиялық және рухани маңызды қызмет атқаратынын көрсетті.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Бұл зерттеудің теориялық және методологиялық негізіне деректану саласы бойынша еңбектенген отандық және шетелдік ғалымдардың тарихи, деректік, тарихнамалық зерттеулерінің теориялық және методологиялық салмақты тұжырымдары, ғылымда қалыптасқан классификациялық жүйесі алынған. Сондықтан бұл зерттеудің қорытындылары тек қана деректану және тарихнама саласы бойынша жасалып отырған теориялық маңызға, сол сияқты терең практикалық маңызға да ие. Өйткені шежіре деректерінде кездесетін тарихи мағлұматтардың нақты тарихи фактілерге сәйкес келуі, я келмеу мәселесі төңірегінде тың тұжырымдар жасалынған.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы: Яғни, жоғарыда аталған бұл қорытындылар шежірелердегі деректердің ғылыми тұрғыда шынайлығы немесе эпикалық циклизация үрдісіне ұшырағандығын айқындайды. Соның барлығы тарих бойынша маманданып, жоғары білім алу кезіндегі тарих факультеті тәлімгерлеріне ұлттық тарихнама мен деректану негіздері бойынша оқытылатын дәрістерде қолданылуы мүмкін деп сенеміз. Сөйтіп осы зерттеудің нәтижелері қазақ халқының тарихи білімінің генезисі турасындағы ізденістерге және болашақта жасалатын бұдан да толымды зерттеулерге негіз болады деген үміттеміз. Зерттеу жұмысының материалдары, кейбір тұжырымдары мен ұстанымдары деректану, тарихнама, отандық тарих туралы болашақта жазылатын еңбектерде де, сондай-ақ анықтамалық басылымдар үшін қолдануға пайдалы деп ойлаймыз. Тарихи антропология, деректану, тариханама салалары бойынша жасалатын ғылыми түсіндірме сөздіктерді жасау ісінде де қолданылуы мүмкін.
Шежіре дәстүрін зерттеу, шежіре деректерін сараптау жолымен ғылыми баға берудің тәжірибелік мәні аса зор. Қазақ халқының тарихи дерек қорындағы жинақталған шежіренің мол мұрасын ғылыми тұрғыда тиянақты талдау жолымен ғылыми айналымға молынан енгізудің берері көп. Өйткені, сол арқылы дәстүрлі тарихи танымдағы қазақ халқының ұлттық тарихының сипатталу ерекшеліктері айқындалып, бара-бара, басқа да заттық, жазба деректері негізінде жазылған тарихи еңбектерде қолданыс таппақ. Зерттеудің жекелеген тұжырымдары мен қорытындылары жалпы қазақ қоғамы мен мәдениетінің даму тарихын оқытатын тарихи пәндерде пайдалануға болады. Қазақ халқының тарихи фольклор мұрасының жаңа деректерін ғылыми айналымға енгізіп, ұлттық тарихты оқыту үрдісіне оң ықпал етудің өзі, қоғамдық, мемлекеттік, тарихи сананы жетілдіруге зор әсер етеді. Шежірелерді ұлттық тарихи дәстүр ретінде зерттеуді барынша тереңдету, әсіресе тарих факультеті тәлімгерлері үшін деректану мен тарихнамалық, тарихи- этнографиялық, археографиялық, генеалогиялық, палеографиялық, қосалқы тарихи пәндерге оқу-зерттемелік тәжірибе базасы бола алады деп есептейміз.
Жұмыстың сыннан өтуі. Бұл ғылыми жұмыстың мазмұнына енген автордың негізгі ғылыми тұжырымдары мен көзқарастары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда басылған еді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Қолданылған деректер мен еңбектердің сілтемелелері ғылыми еңбектерге қойылатын талаптар бойынша жасалған.
1. Шежіре бастаулары: Генезисі мен дамуы
1.1 Көшпелілер туралы көне деректердің зерттелуі
Орталық Азия көшпелілерінің тарихын зерттеп келген ғалымдардың әрқайсысы өткен уақыттардағы бұл аймақтарда болған халықтар мен олардың қоғамдық құрылысы, мәдени, әскери, елдік тарихы туралы мәлімет жеткізетін дерек көздерін анықтап, оларды аудару, түсініктемелер жасау, тәпсірлеу (интерпретация) және басқа да талдау әрекеттеріне байланысты ғылыми әдістерді өз бетінше жасап дамытып келген.
Әдетінде әрбір зерттеушінің бойында оның өзі жасаған тарихи уақытының ықпалы, жеке түсініктері, қоғам мен ортаның оған артқан міндеті мен мақсат мүдделерінен туындаған. Ең абзалы, әрине, ғылыми ізденістің нақты ақиқат іздеу мақсатынан, ғылыми таным мүддесінен, білім тұту ықпалына туындағаны болады. Алайда ғалымдардың барлығы игілікті ниетпен білім іздеу жолына түскен деп айтуға және болмайды. Ғылыми ой мен зерттеу мақсаты әдетінде мемлекет, идеология, орта, жеке мүдде талабынан әлдеқайда жиі туындайтыны тарих көрсетіп отыр.
Мәселен жаңа уақытта Европа елдерінде басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын зерттеудің дамуына әсер еткен фактордың бірі әлемдегі отаршылдық жүйенің қалыптасуымен тікелей байланысты. XVIII ғасыр басындағы уақытта қазақ даласын ғылыми негізде зерттеле басталуының өзі Азия бөлігіндегі жерлерді отарлау саясатының Ресей империясы тарапынан жүзеге асырыла басталуымен байланысты. Империялық бағытта дамуға бой түзеген Ресейде Ғылым Академиясы ашылып, Географиялық Қоғам да өз жұмысына кірісіп кетті. Осы шаралардан бастау алатын орыс ориенталистикасы Орталық Азия аймақтарының халықтарымен жақынырақ танысу бастайды. Ғылыми әдіс, методология, теориялық концепциялар Ресейге Европадан келді. Революцияға дейінгі ғылыми методологияның барлығы дерлік Европалық даму үлгісімен жалғасып келді.
Батыстық ілім Ресейде басым түсті, сол берген ілімнің нәтижелері де мол болды. Жалпы осы көзқарастарға славяндар қарсы болғанымен, кеңес дәуіріне дейін бұл мекенде батыстық идеалогия басым болды. Ресейдегі ориенталистика саласында еңбек еткен зерттеушілердің басым көпшілігі, өзінің тегі жағынан көпшілігі неміс, француздан шыққан ғалымдардан, отаршылдық әкімшілік биләк өкілдері де көбінесе солардан болған. Ал орыс ақсүейктерінің Алтын Орда сарқыншағы ретінде жалғасқан түркі татарларның текті әулиеттерінен немесе соған жақын аралдан шыққандардан болады.
XVIII-XIX мен Ресейде зерттеулері қарқынды дамыту, деректер ерекше орын алған. Осы дәуірде батыс ғалымдардың түркі мәдениетіндегі екі түрлі үлкен мәселе қызықтырып, зерттеу нысанына айналды, оның екеуі де түркі тарихи лингвистикасына байланысты болды: біріншісі, түркі ескерткіштері, ал, екіншісі - түркі шежірелері, Түркі шежірелерін ен алғашқы қадам Әбілғазы ханның «Түркі шежіресін» Европа халықтарының тілдеріне аударудан басталды. Алғашқылардың бірі болып бұл аударманы жасаған неміс ғалымы Т.3. Байер, Ол XVIII гасырдын жартысында «Образец книги Абу-л-Гази «Шаджара-и тюрк» [Родословная тюрок]. Латинский перегод Теофила Зигфридя Байера» еңбекті дайындаған. «Түркі шежіресінің» ендігі бір даярлаған белгілі түркі тілінің білгірі Г.Я. Кер, неміс тіліндегі өндеген И. Фишер деген белгілі ғалым. Одан кейін түркі қолжазбаларының сипаттамалары мен жүйесін жасаған белгілі түрколог Х.М. Френ болған.
Сөйтіп, бұлар батыс және орыс шығыстану саласында қомақты түріктанушылықты зерттейтін ғылыми мектепті калыптастырды. Ал XIX ғасырдағы А. И. Левшин, А. Харузии, Н. А. Аристовтардын есімдері қазірде көпшілікке мәлім. Бұл ғалымдар қазақ шежіресін түркі тайпаларының ру-тайпа құрылымдық жүйесін сипаттауға кен қолданды. Шежірелердін тарихи жағынан, этнографиялық деректік тұрғысынан құндылығын әсіресе тайпалардың рулардың этнонимикасы мен этногенез мәселелерін зерттеген біршама ғалымдар тиісінше пайдаланды да. Мысалы олар: Н. А. Аристов, В.В. Бартольд, С.П. Толстов, Т. Карасв және т.б. [45, 1 б.] Сондай-ак, халыктың білім-таным құрылымында халықтың тарихи зердесі немесе тарихи білімнің әлеуметтік-мәдени өмірдегі орның анықтауда қазақ шежіресінің маныздылығына тікелей байланысты мәселе екен анық. Бірақ халық білімінің өзіндік танымдық ерекшеліктері бар, халық ауызында айтылатын кейбір сөздердің сан түрлі мағына беріп сөйленген сөзі болады, оның астарында халық санасында сақталған архаикалық мифтердің де ұшқыны кездеседі.
Ә.Х. Марғұланның пайымдауынша, қазақ халқының қария сөзіне ой бөлу XVIII ғасырдың ортасынан бері қарай басталады. Бұл кезде қазақтың атақты билері, шешендері орыс халқының білгені мол адамдарымен кездесіп, оларға қазақ халқының тарихын, шежіресін, ой-санасын қозғап, көп жаңалықтар айта бастаған. Сондай-ақ, қазақ халқының шежіресіне, қария сөзіне көп ой бөлген -B.Н. Татищев (1686-1750), Н. И. Новиков (1744-1818), Н. И. Карамзин (1766-
1826) - XVIII ғасырда, ал XIX-XX ғ г. басында - В. Вербицкий (1828-1890), Г.H. Потанин (1835-1920), В. В. Радлов (1837-1918), П. М. Мелиоранский (1868-1906), А. И. Самойлович (1880-1938), А. Вамбери (1831-1913), Н. Ф. Катанов (1862-1922), Г. Грумм-Гржимайло, А. Диваев (1856-1932) сияқты терең ізденген шығыстанушы ғалымдар болды, Қазақ халқының қария сөзін, эпос жырын бірінші рет жазып алуға үлес қосқан - Г. И. Спасский, И. П. Шангин, Г.Ф. Генс [55, 286 б.]. Шежірелерді орыс әрпіне түсіріп жинағандар қатарында Г.C. Саблуков, А. Ягмин, Б. С. Броневский, Ф. Г. Старкин, А. С. Андре, М.Красовский, Л. Мейер, В. В. Григорьев, Н. Н. Веселовский сияқты зерттеушілер болды. Мұндай орыс зерттеушілерінің қолына тиген шежірелер, алдымен Абылай ханның балалары Уәли мен Сұйық төрелерде және Әбілхайыр балалары Нұралы мен Айшуақта, оның ұрпақтары Жәңгір мен Даулеткерейде болған деседі. «Н. Аристов, А. Самойлович, Г. Потанин, Ә. Марғұлан өр Алтай, Тарбағатай өңірін, Ертіс, Қара Ертіс, Бұқтырма, өзендерінің алқаптарын, Монғолияның терістігін мекендеген наймандарды аралап, Мәкиле Жетігенұлы, Мұса Рүстемұлы секілді зерек, шешен, атақты балгермен әңгімелесіп, олардың айтқандарын қағазға түсіріп, найман руының тарихын, шежіресін біршама зерттеген» - деп, Б. Кітапбаев жазады [54, 3 б.].
ХVШ-ХХ ғасырдың ішінде шежіре деректерін қолданып, зерттеу жүргізу «қандай ғылыми мақсаттарды алға қойды?» деген сауалға жауап беруіміз керек. Кешегі уақытта революцияға дейінгі орыс тарихнамасында біз көз жеткізіп табатын шежіре деректері көптеген орыс әкімшілігі, оның ішінде әскери қызмет атқарып жүрген орыс жазушыларының еңбектерінен көп нәрсені аңғаруға болады. Ол кезде қазақтың өткені мен қазіргісін зерттеу Ресей империясының нақты саяси тәжірибеде қолдануын мақсат еткенін айтуымыз керек.
Революцияға дейінгі Россияның отаршыл өкімет өкілдерінің қазақ генеалогиясын білуге құштарлығы, олардың қазақ рулары мен тайпаларын зерттеуге ден қойғаны ең алдымен мына ниетте болды: біріншіден, олардың құрамындағы халық санын анықтау; екіншіден, сол арқылы қазақтың мал санын анықтап салық төлейтіндік мүмкіндіктерін білу мақсатын көздейді. Дәл осындай мақсатта дала ұлыстарын ерте дәуірлерден-ақ көне Қытай патшалықтары мен Еуропаның саяхатшылары зерттегені тарихтан белгілі. Сондықтан да олар әсіресе қазақтың ру-құрылымдық, және соның негізінде қалыптасқан әлеуметтік, билік, хұқ жүйесіне байланысты деректерді құнды деп білген.
Қазақ ортасында руаралық келіспеушілік орын ала ма, алмай ма, және оның өзін отаршылдық саясаттың мұқтаждықтарына қолдану жағын ескерген. «Біздер бұл қазақтың ру құрылымын қазақ даласында жаңа патша өкіметіне тиімді әкімшілік-билік жүйесін қалыптастыру ісінде қолдандық» деген сөздерді біз революцияға дейінгі орыс жазушыларының еңбектерінен кездестіре аламыз. XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласына әртүрлі бұйырықтармен жұмсалған экспедициялар көп болды. Олардың өз алдына қойған миссиялары да, ниеттері де әртүрлі болды: әскери, елшілік, сауда-саттық, ғылыми және т.б.
Сібірді мекендеген түркі халықтарын тиянақты зерттеген ғалымдардың бірі H. Катанов туралы Қ. Халид былай жазады: «Катанов Петерборда оқыған.
Мемлекеттік қоғамның мүшесі. Профессор, 1891 жылы Шоуешекке келген, бір жыл тұрған соң, Бура, Кумак, Турфан шаһарларына барып 1893 жылы Құлжамен айналып еліне қайтқанда маған бір хат жазып еді. Түрік тілінде еркін сөйлейтін араб-парсыдан да хабардар, өзі әлі отызға жетпеген еді. Ерекше тарих ғылымы география Һай-ат (астрономия) саласында терең білімді еді» [10]. Ал, Катанов болса, өзінің бұл сапары жайлы: «түрік тайпаларын этнографиялық және лингвистикалық жағынан зерттеу мақсатында Ғылым Академиясының географиялық қоғамы тарапынан сапарға жұмсалғандықтан, мен 1888 жылдың желтоксан айында Минусинск қаласы арқылы Енисей өзенінің жоғары жоғары жағында 1889 жылдың күзіне дейін болдым» - деп, өзінің ғылыми мақсаты жайында жазады [53, б-16.]. Бірақ іс сапарға жұмсалғандардың барлығы мұндай ғылыми ізденіс мақсатында аттандырылғандар деуге келмейді, әдетте олардың мақсат-міндеттері басқаша болатын. Мысалы, кейін П. П. Румянцев осындай бір елшілік жайлы, нақты айтқанда, Кирилловтың экспедициясының міндеттерін сипаттай отыра «егер тайпалардың біреуі билікке көнбесе, екіншісін айдап салу керектігі… сол үшін қазақ тайпаларының құрамын, жағдайларын зерттеу қажеттілігі» бұйырылғандығын айтады [27, 376 6.].
Казак шежірелері деректерінде кездесетін мәліметтер жүйесіне орай ру құрылым туралы деректер, қазақ этникалық құрамы, ақсүйектердің баяндамалары, аңыздар мен ертегілер, жыр нұсқалары болып хатталды. Мысалы XVIII гасырда енбек еткен көптеген авторлардың ішінде П. И. Рычков пен И. Г. Андреевтің есімі әйгілі. Абылай ханда сақталған төрелер шежіресінің бәрі осы И. Г. Андреевтің қолына түскен. И. Г. Андреевтің, Н. Н. Гродековтың
еңбектерінде қазақтың дәстүрлі тұрмыс салты, рәсімдері, наным-сенімдері, рушар құрылымы, дәстүрлі құқ ережелері молынан кездеседі. Оларды өз ретімен тарихи зерттеулерде қажетінше қолдануға болады. Халық аузындағы сөзді революцияға дейін де хатқа тіркеп, дерек ретінде қарастыруға да олар тырысқан зерттеушінің бірі Н. Н. Гродеков, қазақ шежірелерінің мәлімет қолдана жазған еңбегінде төмендегідей этнографиялық малімет жеткізеді: «Киргиздар, - дейді ол, өздерін қазақ деп атайды және өзбек тайпасынан шыққан деп санайды. Қырғыздарды өзбектен өзге халық деп есептейді. Оларды жақтыртпай тегі кәпір қалмақтың тұқымынан, немесе тіпті иттен жаралған деп айтады. Қырғыздар болса өздерін қазаққа туыс санап, өздерінің қалмақ пен иттен жаралғанын мойындамайды» [30, 1 б.].
Шежіредегі мұндай мифтік сюжеттің түсіндірмесін берген Шәкәрім былай жазады: «Кіші жүз қазағының ертегі сықылды сөзі: Алаша хан деген хан тұсында Алапес бала туса, далаға апарып тастапты. Бір күні өзінің де бір қатыны алапес бала тапқан соң, оны да шешесінің қасына қырық қыз қосып, апарып тастап, қырғыздар сонан тарапты. Алшын сол нәсілден дейді, мұнысы өтірік. Бұрынғы кезде Алақшын деген ел болған, қытайша Пома дейді. Енисейде жүрген қырғызбен нәсілдес, алшын сонан шыққан болар» [11, 26 б.] Шежірелерді зерттеу мәсселесінде революцияға дейінгі міне, осы орыс авторларының деректеріне сүйенетін болсақ, мұнда біз жалпы қазаққа және осы өңірге қатысты тарих, этнография, тарихи география мен топонимика турасында құнды деректерді шежірелік деректермен салыстырмалы түрде қарастыруға арқау етерліктей мүмкіндік аламыз. Олардың көбінесе ізденген мәселелері қазақ халқының этнонимі мен өткен тарихы төңірегінде болған. Бұл кездегі авторлардың да, кейіңгі орыс зерттеушілерінің еңбектерінде де, қазақ руларының аттары бурмаланып айтылған, ал «жүз» деген ұғымды бұл еңбектерде «орда» сөзімен ауыстырып, «меньшая орда», «средная орда» деп атаған. Оны П.И. Рычковтың «Топография Оренбургской губернии И.Г. Андреевтің «Описание Средней Орды кирги-кайсокской» жазбаларыныан байқаймыз.
Мысалы П. И. Рычков Кіші жүз Орта жүз қазақтарының ру аттары мен олардың сипатын төмендегідей жазады: «Сонымен, Кіші жүз екіге бөлінеді: біреуін алчинцы (ағылшын - ), ал екіншісін Джатыр (Жетіру – М.А) деп атайды. Мұның біріншісі екіншісінен гөрі күнтірек, Онла мына атақты рулары яки аймақтары бар: 1) нақты алшындардан құралған ру (Алшын - MA.); 2) Адажский (Адай - №А); 3) Машкарский (Маскар М.А), Таминский (Тама - №А.); 5) Табынский (Табын - М.А.), 6) (қарақытай - қыпшақтар - М.А.); 7. Чумкайский (Шөмекей - М.А.); 8) Чиклинский (Шілік М.А.), 9. Байлинский (Жағалбайлы - М.А.), Бұлар Хиуа мен түркмендерге қатысты болады және Еділ қалмақтарына да жақын, ал олар Каспий теңізі мен Жайық өзеніне көшкенде, өздерінің соғысқұмарлығына орай аламаншылық, барымташылығына сай сол халықтармен жиі қақтығысын тұрады» [51, б.78].
Орыс әскери-әкімшілік жүйесінің қызметкері капитан И, Андреев «Описание Средней орды киргиз-кайсаков» атты өңбегінде қазақтың шежірелерін қолданғаны туралы сөз етеді, Ол: «в старинной татарокой нашел я, что Чингис-хан прогнан был по ненависти своих братьев Кулунчара, Каинчара и Салчуга, который, взяв собою трех человек, ушел в Черную гору к казахам, наказав своей матери, ежели будут его искать, чтоб его там искали, по принятии же его казахами или, лучше, кнргнсцами, оделали они его ханом» деп жазған дерегінің негізінде қазақ шежірелерінде айтылатын «Алтынбелхан» әңгімесінің сарыны байқалады [53, 25б.]
Батыстың ортағасыр тарихнамасында қазақты ноғай мен татардан айыра алмай, қазақтың тегін тұтастай «татары», яғни «татарлар» деп (мысалы, XV г. Барбаро Кантарини деген итальяндықтың кітаптарында да осылай кездестіреміз) атаған болса, орыстың XVIII-XIX ғасырлардың тарихнамасында қазақтарды «киргис», «киргис-кайсак» деп атағаны мәлім, П. И. Рычков пен М. Тевкелевтің қолына түскен қолжазба толығымен Әбілхайыр хан жинастырған шежіре. П. И. Рычковтың деректерінде Орта жүз қазақтарының рула тарихы туралы мынадай мәлімет береді; «Бұл Орта жүзде төрт негізгі ру бар, яғни онысы - наймандар, уақ-керейлер жане қыпшақтар, оның ішінде наймандар басқаларынан гөрі көп және ауқатты, Татарлардың тарихында көрсетілгеніндей, наймандардың есімі ен пайғамбардың туғанынан 300 жыл бұрын ғұмыр сүрген Уыз хан дауірінен белгілі, ал Шыңғыс хан олардың ортасындағы ерекше ханы болған, Жөн ол туралы Әбілғазы Баһадүр хан өзінің «Шежіре» кітабының екінші бөліміндегі екінші тарауында наймандардың ұрпағы ең көне және дәулетті, олар алғанда бұл хандықтар сондай кәпірлердің келе жатқанынан коркып араб әмірі Уәлидтен көмек сұратады, қуатты санат, күшіне сеніп Хиуа мен Бұқараға Шынғысханға қарсы тұру ұрпағынан, казак руынан үш жүз салт атты сарбаз құран қуана-купон эскер жұмсайды. Бұл көмекке қарамастан барлық тұрандық бектіктер Шыңғысханның қанды қолынан күйреді; өртке оранған қалалардың тоналған тұрғындары құлдыққа түспеу үшін өз үйлерін тастап Жем мен Сағын бойына келді. Осы жерлердің егінге қолайлы жерлерін тауын қалық болғандықтан егін сала бастады. Арық қазды. Басын түскен қара күндерін ұмытып, тынықты. Көп жыл бойы сөйтіп бейбіт өмір сүрген олар қалмақтардың шапқыншылығына ұшырап, ығыстырылып, бұл жерлерде төк өздерінің жәдігерлерін қалдырып, бұрынғы өз жерлеріне қайтып барды, Сондай ескерткіштер әлі күнге дейін сақталған, олар: арық орындары, күйдірілген кіріпштен салынған сәулетшілік, тастан қаланған терең құдықтар және әулиелерінің молалары» - дейді [49]. Кейінгі авторлардың қатарында да қазақ этнонимі туралы жазған авторлар көп болды. Солардың бірі М. И. Бродовский «Қырғыз (қазақ) деген аттың әуелде IX ғасырда Орта Азия сахараларын мекендеген көшпелі халықты атаған араб географы ибн-Хордадбех болды. Ол өзінің «Жолдар мен елдер» кітабында осы сөзді қолданған. Одан кейін қырғыз (қазақ) деген ортақ атпен сахара көшпелілерін басқа да авторлар атай бастады. Левшиннен кейінірек қырғыз қайсак деген қосалқы атаудан қазақ деген түсінік алынып тастағаны бекер болды, өйткені этникалық тұрғыдан да қате болып, олардың өздері өзін қырғыз деп атамайды, осы уақытқа дейін әр кезде өздерін қырғыз емес екенін ескертіп айтады.
Этникалық түрде дұрыс емес дегенімнің мағынасы, біз енді даланы мекендеген бүкіл көшпелі руларды қырғыз деген бір ғана кішкене ғана, қара- қырғыз деген халыққа тиесілі атпен атайтын болдық, ал шын қырғыздарды белгісіз себеппен дикокаменный (жабайы тас) қырғыздар деп атап жүрміз. Енді әрине Орта Азия далаларын мекендеуші көшпелілердің аты боп қате бекіп қалған қырғыз атын түзету мүмкін емес. Бірақ бұл атаудың қате екенін анықтау, өзін-өзі қазақ деп атаған халықтың қазақ деген мағынасын дұрыс түсіну үшін пайдасыз емес. Осы уақытқа дейін ұлтын кім деген қырғызға қойылған сауалға, ол «қазақпын» деп жауап береді де, оған найман, қаңлы, немесе шанышқылы деп өзінің руын қоса айтады» - дейді [48, 46б.].
Қазақтың шежірелік дәстүрінің құрамына енетін тарихи жырларға да зерттеушілер тарапынан ден қойылғаны байқалады. Мысалы, Бекет батырдың ерлігін баяндайтын дерекке айналған тарихи жырларды зерттеген И. В. Аничков болды [282]. Бекет батыр туралы тарихи жыр Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Есет Көтібаровтың әскери оқиғалар деректерін қамтиды. Қазақ пен қырғыздардың ру-тайпалық құрамын зерттеген H. A. Аристов М. Шорманұлы жазған Орта жүз шежіресін қолданды. Шежірелердің деректік мағынасы туралы «ру құрылымы, ру аттары, олардың таңбалары мен ұранадары, және халықтың әдет-ғұрпы мен аңыздары жазба әдебиеті жоқ көшпелі халықтың өткен тарихынан ескерткіш қып сақтаған мұрасы болып табылады, одан басқа ештеңе жоқ. Сондықтан, мұншалықты ру құрылымын зерттеу түрік халықтарының тарихы мен этнографиясы үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті» -деп, жазған Н.А.Аристов, сахараның тарихи жәдігерлерін жоғары бағалайды [47].
Қазақ даласындағы сәулеткерлік жәдігерлерді тамсана жазып сипаттаған И. А.Кастанье, ол тарихи ескерткіштердің кімге арналып салынғанын анықтау үшін шежірелердің аңыздарына назар бөліп, өзінің кітабына енгізуді қажет деп білген. Сондықтан, И.А.Кастаньенің еңбектерінен қазақ рулары, олардың таңбалары мен ұрандары, тарихи оқиғалары мен қай уақытта аты шыққаны туралы дәйекті деректер табамыз. Мысалы И.А.Кастанье «мен ертегілерді, көне уақыт жәдігерлеріне қатысты халық, аңыздарын, олардың қорған, қала, кент, мүсін тас, бекіністердің қирандылары мен ескі зират секілді көшпелілердің басқа көне құрылыстарына орай тығыз байланысты болғандықтан жаздым»-деп көрсетеді[46, 10 б.].
Қазақ тарихына ой салған авторлардың бірі П.П. Румянцев, өз еңбектерінде қазақ халқының ру құрылымдарының қалыптасуын, патриархалды рулық тұрмысы, сұлтандар мен қожалар, ақсақалдар мен батырлары, билері мен хандары туралы жазған. Мысалы ру құрылымдарының қалыптасуы туралы П.П.Румянцев « қазақ халқының конгломераттық (құрамалы) қалыптасуы түркі дәуірінен келеді, одан кейін ықпал еткендер-моңғолдар. Бүл жағдай бізге оларды ұлт ретінде тануға мүмкіндік бермейді. Бірақ қазақ жерін басушы орыстар үшін нақтылы саясатында олардың қалыптасу жолдарының мағынасы емес, әлеуметтік-саяси дамудәрежесін білу маңыздырақ болды. Бұл туралы мен басқа еңбегімде толық жаздым»-дейді [45, 35-38 б.].
Семей өңірінде қазақ мұрағаттарын жиған зерттеушілердің бірі өлкетанушы Белослюдов болды [46]. Орыс білімін алғандардың қатарынан қазақтың біршама тарихшылары шыққаны белгілі. Сондай қазақ зиялыларының бірі Т.Сейдалин еді(1837-1901). Ол Орынбор кадет корпусында оқып, кейіннен әкімшілік қызметте істейді. Т.Сейдалиннің бағалы еңбегінің бірі қазақтың әдет-ғұрып заңдар жинағын қайтадан қалпына келтіру жұмысы. Торғай генерал-губернаторы Баллюзектің ынтасымен басталған жұмысқа Т.Сейдалин белсене қатысты және әдет-ғұрып заңдарына байланысты , қазақтың дәстүрлі этнографиясын зерттеуге бел шешіп кірісті[37].
Қорыта айтқанда, революцияға дейінгі уақыттағы түркі-моңғол көшпелілері туралы көне деректердің зерттелуі екі бағытта болғаны аңғарылады, оның бірі жазба мәліметтерді қамтыса, екіншісі – ауызша баяндалған тарихи шежірелер, әсіресе олардың руқұрылымдық қарым-қатынастарына қатысты мәліметтерді зерттеуге басымдық берілген.
1.2 Ортағасырлардағы шежірелердің сипаты
Шежіре, тарихи жыр, дастан, қария сөз, ескі сөз - мұның барлығы қазақ халқының тарихи дерек көзі болып табылады. Тарихи зерттеулерде деректердің маңызы зор, орны ерекше болғаны өз алдына, сондай-ақ деректерді сыныптау, жүйелеу мәселесі күрделі болып табылатыны белгілі. Шежірелер туралы ой түю алдымен олардың қалыптасуының алғышарттарын, дамуын, оның формаларын, жасаушылары мен мәнін, мағынасын және қызметіне тән мәселелеріне ерекше зер салып, деректемелік әрі тарихнамалық талдау мен құрау амалдарын жасауға жетелейді.
Деректемелік тұрғыдан ойлансақ, шежірелердің түгелдей мазмұнында, шежіренің бүкіл бізге берер мағлұматтарының ортасында ең алдымен тарихи-генеалогиялық деректер тұрғанын көреміз. Шежірелік деректің табиғатын, құбылыстық ерекшеліктерін түсіну мақсатында «шежіре» сөзінің ішкі мәнін ашып, талдау жасау қажет. Білім дегеніміз соған лайықталған мағыналардың дүкені. Олай болса тарихи-генеалогиялық білім жүйесін дұрыс түсіну үшін қазақ шежірелерінің төл мағыналарын анықтап алуымыз керек. Кейде бір адамда екі есімі болады. Бірі туғанда азан шақырып қойған есімі, ал екіншісі - ел атап кеткен есімі. Сол сияқты шежіре сөзінің мәні турасында екі түрлі түсінік бар. Көпшілік ортасында көп тараған түсінік бойынша, шежіре - «ата тарату», көне грекше - «генеалогия», орыс тілінде «родословие» дейді.
«Шежіре» сөзінің этимологиясы араб тіліндегі «шаджарат» сөзінен қалыптасқан емес, бұл тек кездейсоқ ұқсастық. Соның нәтижесінде көптеген зерттеушілер бұл сөздерді байланыстырып айтады. «Ағаш», «бұтақ», «тармақ» сөздері, немесе «генеалогия», «родословная» деген түсініктер қазақ тілінде «ата тарату» деген мағынаға тең, ал араб тілінде мұны шаджарат «ан-нысб» (дәлме-дәл аудармасы - «есімдер ағашы») немесе «силсилат ан-нысб» («есімдер шынжыры») деп айтамыз.
Салыстырайық, араб-парсы тарихшыларының ата-таратуға байланысты, генеалогиялық тарихқа байланысты еңбектерінің аты, мысалы, «Маджма' әл-ансаб уа-л-ашджар» (Шежірелер жинағы) [40], Му'изз ал-ансаб (Даңқты тектілер), «Ансаб ас-салатин» (Сұлтандар есімдері), «Ал-Мулхакат би-с-сурах» деп аталған. Біршама айтылған пікірге орай «шежіре» ұғымы «ата-тарату» мағынасынан әлде-қайда кең, сондықтан олар «шежіре» деп тарихты айтады. Дұрысы, шежіре - генеалогиялық тарих, немесе тарихи жадынама. Ауызша тарих айту дәстүріне байланысты терминдердің этимологиясын талдау шежіре зерттеуде қолданылатын категориялардың түпкі шығу тегін анықтаумен байланысты, «шежіре», «шежіреші», «шешен», «қария», «абыз» деген сөздердің семантикасына қатысты. «Абыз» сөзінің этимологиясын талдайтын болсақ, ол арабтың «хафиз», яғни «сақтаушы» мағынадағы сөзден шыққан болса керек. Осы мағынада ол қазақтың «шежіреші» деген сөзімен пара-пар. «Абыз» шаман дініндегі халықтардың молда, сопы, бақсы сияқты адамдарының лауазымы.
Казак тілінің түсіндірме сөздігінде - «абыз» сөзі «хафез», «обед» сөздеріне катысты дей келіп, оның мағынасын «ескі оқымысты, білгіш, көреген; сәуегей, башер» деп түсіндірген; ал қазақтың қысқаша этимологиялық сөздігінде – түрік тілінде «bafiz» - Кұранды түгел жатка білетін адам; «abit» құдайға құлшылық ететін, құдайға сенетін адам. Ал бірақ қазақтағы «абыз» сөзі, біздіңше араб тілінен кірмеген, түрктін төл сөзі. «Абыз» ( абыс абуз) сөзі шығыс түркі тілдерінде де бар. Радлов зерттеуінде: «Абыс - духовный отец, священник [44, 199 б.]. Якут тілінде «аба», «абла», «абыс», «ап» мағына жағынан бір-біріне өте жақын. Бір ортақ ап түбірінен өрбіген сөздер. Бұлардың мағынасы: у, сиқырлық, магия [43, 17-18 б.]. Ал «шежіре» сөзінің семантикасын талдасақ, алғашқы жазба деректерде бұл сөзді Махмұд Қашқаридің сөздігінен кездестіреміз. «Диуани лұғат ат-түркі» еңбегін жазуда түрлі түркі тайпаларының ортасына сапар шеккен Махмұд Қашқардік құрастыруда «сежілерді» қолданғандығын айтады. Демек бұл оғыз тіл ерекшелігімен «сені», «сежіле» деп айтылып тұрған сөз. Махмұд Қашқари: «мен бұл кітапты хикмәт сөздер, сежілер, мақал мәтелдер, өлең-жырлар, ереже және нәсір секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен түзіп шықтым» - деп жазады [42, 31 б.]. Салыстырайық: сежіле (-седжле седжре) - қазіргі туркмен халқында; «шежіле шежіре» - қазіргі қазақ ортасында; «шежере» - қазіргі башкұр тілінде; «шаджара» - қазіргі татар ортасында; «санжыра» - қазіргі қырғыз тілінде. Аудармашы берген «Сежі - ұйқасты, үйлесімді сөз» деген ескерту қате, өйткені сөздің нақ шығу тегіне сәйкес емес. Сонымен түркі халықтарында «жады» деген сөздің мағынасы «сежіле», «седжре», «шежіре» монғол халықтары ортасында айтылатын «цээжээр», «чээлинджээр дасх», «шээлинжээр» сияқты сөздерімен түптес. Ал қалмақтарда «шастир» дейді. Бұл туралы зерттеуші В. П. Санчиров былай жазады: «согласно пятиязычному манчжуро-тибетско-уйгурско-китайскому словарю термин Sastir соответствует маньчжурскому улабун, и китайскому чжуань -»повествование, повесть, история, летопись, хроника, биография, мемуары, комментарий» улабун «предание о чем-либо, переходящее в потомство, повествование о минувших временах, повесть, сказка, быль, жизнеописание, биографические известия лиц». Термин iledigel соответствует китайскому бяо имеет терминологическое значение «таблицы» (имеется в виду генеалогические таблицы, т.е. родословные)» [41, 22 б.]. Осы «шежіре» сөзі, сондай-ақ «шешен» сөзімен түбірлес. «Шечäн/ сәсән» сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек, башқұрт тілдерінде де қазақ тіліндегідей мағыналарда қолданылады.
Өзбек тіліне чечан сөзінің «неге болса да ұста, көркем», тува тілінде («чечен») «әдемі, көркем» деген қосымша мағыналары бар. Монғол, бурят-моңғол, қалмақ тілдерінде «цэцэн», «сэсэ(н)», «цэцэ» сөзінің бұл мағыналары алтай, якут, тува тілдерінде де кездеседі. Мәселен, қалмақ шежірелерінде Очиртуды Цэцэн хан деп атаған деседі: «Цэцн хан - его звали Очирту, а Цэцэн хан («Мудрый хан»)» - это его прозвище. Он был старшим сыном Хошутского князя Байбабас батура. Его отец Байбабас батур был сыном Бөбэй мирзы, все преемственно являлись первыми лицами Ойратского сейма», - деп жазылады [40, 157 б.]. Моңғол тілдерінде «сэсэрхүү», «сэсэрхэхэ» сөзі - «ақылымен, тапқырлығымен мақтану» деген мағынаны береді. Бұл «чечерже) (чечер угур) формасына қарай мағынасы дәл осылай қырғыз якут тілдеріне де сәкес келеді. «Шешен» сөзі де моңғал, түрік, қырғыз қазақ сөздері және якутша – әңгімелесу, сөйлесу деген мағыналарды білдіреді.
Шежіреледің негізінде түскен алғашқы деректердің екі түрі бар: біріншісі бұрын болған шежіре қолжазбасы – бұлар көбінесе төре, қожаларда болған; екіншіде – тарих айту шежіре шерту әртүрлі қария сөз дерегінен, көбінесе рулардың игі жақсылары ақсақалдары айтты деген сөзден құралған. Деректану ғылымында деректерді сыныптауда деректердің түрі мен типологиясына байланысты екі түрлі ой қалыптасты. Жазба тарихи деректерді зерттеушілер ардайым оның түріне қарай жүелесе, типологиялық жағынан зерттеушілер деректің барлық түрлерін қамтып қарастырады. Сондықтан деректерді типологиялық сыныптау (классификация) жүйесінің аясы кеңірек. Бірақ қазақ деректеріне, әсіресе шежіреге байланысты иландыралықтай ғылыми тұжырымы жасалмағандықтан деректерлерді зерттеуші мамандардың арасында қалыптасқан біртүрлі пікір болмай отыр. Қазақ тарихы мен мәдениетіне байланысты деректердің барлығын бір жүйеге келтіру мәселесінде ресейлік дерек зерттеу тәжірибесін толық қолдану мүмкін емес.
Өйткені казақ ортасында қалыптасқан дерек түрлерінің өзінше тарихи объективті ізін ерекшеліктері бар, Казак шежірелері - ұлттың тарихи-геналогиянык өмірбаяны, дәстүрлі төл мәдениеті туралы сан ғасырлар бойы жиналған білімі халықтық тарихы санасы мен таным дәстүрі, сондай-ақ хаттама-деректеме және тұтас тарихнамалық туындыға айналған шығарма іспетті көшпелі қоғамның дәстүрлі тарихи санасы генеологиялық, туыстық құрылымдар шеңберінде калыптаскан. Оныңәнін түсіндіретін шежірелік дәстүр - көшпелілердің тарихи білімі құрылымының ортасы, негізгі езегіне айналған, Мұның мазмұнындағы түсіндіру күрылымдардың теориялық және колданбалы маңызы тарамдалып осыдан шығады. Бұл тарамдар шежіреде, біріншіден, нағыз генеалогиялық, екіншіден, құрылым құрайтын ойдан шығарылған генеалогия ғана болып табылатын ирреалдык күрытымдардан, үшіншіден, ежелден жеткен күн, «корея сөз», «ескі сөз» - тарихи мифологиядан, сондай-ақ тарихи аныздардан, эпикалық жырлардан, батырлар жырларынан, толғаулардан калыптасып құрылған қоғамдық-тарихи білімді құрайды.
Сыртқы және ішкі деректерді топтау туралы пікір айтқан зерттеуші М.Х. Әбусейітова, «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ тарихы жөнінде деректер сакталған парсы және түркі тілдеріндегі жазба ескерткіштер көлемі жағынан мол ұстанған ашық саяси бағыттары бойынша бірнеше топтарға бөлінеді, және осы белгілеріне қарай деректемелер тимуридтік, шайбайилік, шағатайлық, сефевидтік, османдық, аштархандық, тағы басқадай болып бөлінеді», - деп көрсетеді [3], Бірак, зерттеуші К.А. Пищулина көрсеткендей бұл шығармалар көбінесе казакка дұшпан болған тимуридтер, шайбанидтер әулеттерінің тарапынан жазылған. Сондықтан олар осы тарихи туындылар арқылы өздерінің жаугершілігін дәріптеп, көршілес көшпелі рулардан рухының күштілігін көрсетуге тырысқан. Алайда ол елдірдің ішкі өмірінен берер мәліметі шамалы. Бұл шығармаларды жасаушылардың ниетіне абайсыз еріп кетуге болмайды. Деректемелік сыннан өткізбесе Жетісу, Дәшті Қыпшақтың шығыс аймағы мен Тянь-Шань етегіндегі ел-жұрттың өмірі мен тұрмысы, жалпы тарихи тағдыры туралы қате түсінікте қалу қиын емес [40]. Бұл мәселе төңірегінде шайбанидтердің көздеген мүдделеріне сәйкес Жошы тұқымдарының генеалогиялық деректері біршама өзгертіліп те көрсетілгені Б. Кәрібаевтің [39] зерттеулерінде айқын дәлелденді. М. Х. Әбусейітова да «Тарих-и Абулхаир - хани» атты мұрағатты мұқият саралай келе, бұл еңбекте Жошының бесінші ұлы Шайбанның ұрпақтарына іш тартқан бір жақтылық байқалатынын айтады. «Мұнда Әбілхайыр ханның таққа отыруына ерекше мән берілген, шындығында ол хан тағына кезекті мұрагер ретінде отырған еді. Ендеше жазба деректерді сыни тұрғыдан терең ойластырып, сарапқа салып, талдап, олардың нақтылығын анықтап барып пайдаланғанда ғана оң нәтиже беретінін ескерген жөн» - деп жазады [3].
Шежірелердің мазмұны мен тақырып мәселесі өзара тығыз байланысты. Шежірелердің аты мен тақырыбы оның мазмұнындағы негізігі сипатына қарай болатыны да белгілі. Демек шежірелердің әртүрлі мақсат, тәсілдермен жазылып қалған түрлері қазақ даласында көп болған. сондай-ақ, зерттеуші Ә. Қайдардың пікірінше, оларды мақсат пен қызметіне қарай «Пайғамбар-сахабалар шежіресі», «Әулие-әнбиелер шежіресі», «Қожалар шежіресі», «Хан-патшалар шежіресі» «Төрелер шежіресі», «Халық-ұлт шежіресі», «Ру-тайпа шежіресі» «Ата-бабалар шежіресі», «Түркі шежіресі», «Төл шежіре», «Төр шежіре» т. т. сан түрде аталып келген деп топшылауға болады [37]. Қазақ рулары мен тайпаларының шежірелерін мән-мазмұндық сипаты жағынан талдағанда, оның құрамында қазақтан басқа бірнеше түрлі этникалық топтардың мағлұматтарын тасымалданатыны көрінеді. Олар: біріншіден, қазақ рулары мен тайпаларының тарихи-генеалогиялық және тарихи-деректік үлгілері; екіншіден, қазақ төрелерінің тарихи-генеалогиялық және тарихи-деректік үлгілері; үшіншіден, қожалардың тарихи-генеалогиялық және тарихи-деректік үлгілері; төртіншіден, қазақ ортасына кірген басқа да кірме этникалық топтардың тарихи- генеалогиялық және тарихи-деректік үлгілері. Алайда, қазақ шежірелерінде осылардың әрқайсысы тарихи дерек мөлшерін әрқилы сақтайды. Ең мол деректік мағлұматтар қазақ рулары мен тайпаларына және қазақ төрелері, хан, сұлтандарының тарихын баяндауға байланысты шежірелер. Ал қожалар мен қазақ ортасындағы кірме топтардың деректік мағлұматтары көбінесе шежірелік генеалогиялық кестелер, немесе генеалогиялық тізбелерменен ғана шектеледі. Мұның өзінде де белгілі, қоғами қатынастардың объективті жағдайларынан туындаған заңдылықтар бар.
Тарихи дерек түрлерінің арақатынасы тұрғысынан археологиялық жәдігерлер, жер аты - топонимика мәліметтер халықтың шежірелік дәстүрімен тығыз байланыста болғанын осылайша естен шығармай, шежіре мұраларын жасаған ескі түрік жұртының осы жерді кие тұтып, ата-бабаларының қасиетті ме мекені, рухты жұрты туралы тарихи танымы мен түсініктері үзіліссіз жалғасқанын көреміз. Тарихи мәліметтері мол ағындардың қатарында шежірелік деректің өзіндік ерекше орны бар. Кез келген деректің пайда болуында өзінше қисын бар. Шежірелер көшпелі тұрмыс пен жылқы шаруашылығымен шұғылданған далалық ұлт-ұлыстар қауымының мәдени төл туындысы. Қазақ шежірелері болса қазақ тарихының төл дерегі болып табылады. «Қазақ халқының төл тариҳының табиғи негізі, оның өн бойында өрлеген өзегі - өзінің тума деректері, қазақ қоғамы туралы негізгі мәліметтер сақталу формасы әр алуан болып келетін (ауызша, жазбаша, т.б.) ұлттық деректерде сақталған…, олай болса, қазақ халқының толыққанды іргелі тарихын жазу үшін алдымен сол тарихтың негізін құрайтын ана тілімізде дүниеге келген деректермен жұмыс істей білу қажет» - дейді зерттеуші Қ. Атабаев [35].
Сондықтан ол әр қазақ адамының мәдени түп тамыры мен өзін өзі тануының дара жолы. Шежірелер тарихи шындықты білу тәсілдерінің бірі болып табылады. Зерттеуші Л. Қ. Шотбақоірінше, қазақ тарихын қарастыруда қолданылатын деректер кешенін сыныптау (классификациялау) ісінде бүгінгі күні еуропалық деректану ғылымында қалыптасқан сыныптау принциптері жарамсыз болып табылады. Себебі ресейлік тарихшылар орыс деректердегі дерек түрлерін он бір топқа бөліп, оның құрамына жылнамалар, акт, заң, ісқағаз, статистика құжаттары мен баспасөз, сондай-ақ тұлғалардың жеке туындылары, публицистика мен саяси шығармаларды және ғылыми еңбектерді енгізген. Л. Қ. Шотбакова мұндай сыныптау жүйесі қолданылса қазақ деректемелерінің бұдан басқа құнды дерек көздері, яғни шежірелері, көне түрік бітік жәдігерлері, араб-парсы және түркі тіліндегі тарихи шығармалар дерек айналымы жүйесінен тыс қалады дейді [36, 60 б.]. Сонымен бірге, автордың ойынша бүгінгі күндегі деректемелік зерттеулерде шежірелерді дерек ретінде қарастыруын нақтылығы жоқ. Ғалымдардың бір тобы шежірелерді қазақтың ерте және ортағасыр мен жаңа дәуіріне қатысты дерек түрі деп қабылдаса, екіншілері - шежірелерді ауызша үлгідегі тарихи білімнің ерекше түрі, яғни историологиялық тұрғыдан қабылдап, оны деректану саласынан гөрі, тарихнамалық зерттеу саласына бейім деп көрсетеді. Расында да, шежірелерге деген көзқарастың осындай ауытқымалы сипаты ың болуы заңды. Сондықтан, шежірелерді дерек көзі ретінде қабылдасақ оны деректерді зерттеу әдістерімен талдап, ал егер оның тарихнамалық сипатын артығырақ деп санасақ, онда оған тарихнамалық шығарма ретінде баға беріп, сыннан өткізу қажет. Л.Қ.
Шотбакованың бұл арада назардан тыс қалдырып отырған тағы бір-екі аспектісі шежірелердің әлуеметтік-мәдени, саяси-идеологиялық, институт ретінде және әулеттік генеалогиялық дәстүр нышандарына байланыстылығы. Сондықтан шежірелерді дәстүрлі қоғамның қатынастары тудырған тарихи білім, дерек, дәстүр жиынтықтары ретінде жан-жақты қамтып қарастырған тиімдірек болмақ. «Қазақ шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден үздік шыққан шешендер, батырлар жайындағы ел арасына жыр болып таралған әңгімелер қоса жазылады» деп, қазақ шежіресінің ауқымдылығын кезінде Ә.Х. Марғұлан көрсетіп кеткен. Ол үшін алдымен шежірілердің жалпы фунционалдық мәнісін, яғни шежірелік деректердің нендей мақсат-мүдде талабынан қалыптасқанын, қандай қоғами сала бойынша қазымет атқаруға пайда болатынын анықтап алу қажет. Осыған байланысты шежірелерді зерттеуге әртүрлі әдіс-тәсілдерді жүмылдырып, шежірелерді дерек ретінде зерттеп талдасақ деректемелік әдістер кешенін, тарихнамалық туынды тұрғысына зерделесек, тарихнамалық зерттеу әдістерін, сондай-ақ дәстүр ретінде қарастыруға, дәстүрдің қыр-сырын танытатын тәсілдерді, ал әлеуметтік-саяси, шарушылық-экономикалық, салт-дәстүр тұрмыстық және отбасы-әулеттік-неке қатынастарын реттеуші қоғами институт деп білсек, онда осыған сәйкес зерттеу құралдарын қолдану қажет, Сонымен қатар, шежірелер ХІХ ғасырга дейін тек айтылып келген деуге де келмейді, қазақ руларының ортасында жеке қауым құрған ақсүйектер - төрелер мен қожа әулеттері өздерінің жазба дәстүрге айналған шежірелерін әлде-кайда ерте кезден жалғастырып келген. Ал XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ руларының шежірелері жинақталып жазба түрде хатталуы, қоғами өзгеріске ұшырағалы тұрған ұрпақтың тарихи санасын ұлттық негізде қалыптастыру мақсатынан туындаған, Шежірелерді халықтың ауызша шығармашылығы ретінде қарастыруға да негіз жоқ. Қазақтағы ауызша тарихи дәстүр халықтық ауызша шығармашылық үлгілерінен ерекше. Олардың ара жігін ашуға мүмкіндік беретін жол, осы екі түрлі фольклор үлгілерінің, яғни тарихи фольклор мен тұрмыстық фольклор жанрларының дәстүрін жалғастыру ісін жүзеге асырушылар мен сақтаушыларын анықтап көрсету қажет. Әлбетте, халықтың тұрмыстық фольклор үлгілерін сақтаушылары мен жалғастырушылары және таратушылары қалың бұқара халық өкілдері болса, ата тарата білетін насабнамашылар, шежірені, қария сөзді әңгімелеушілер көбіне шежіре қарттар, шежірешілер, қариялар ғана болды, яғни осы ерекше мәні бар тарихи мәліметтерді жақсы, кәсіби білетін адамдар атқарды. Өйткені, тұрмыстық фольклор жанрындағы мақал-мәтел, бесік жыры үлгілерін, бата, беташар тағы басқа сөз үлгілерін халықтың мәдениетін жақса игерген кез келген адам біледі.
Шежірелердің аса құнды сипатының бірі, оның өз ұлтты тудырған төл тарихи дерек болуынан, мазмұнында қазақ қоғамына ғана тән өмір шындығы туралы мәлеметтердің берілгендігінен. Шежірелердің қария сөз деректері жеке- жеке сөз, пікір, ойлардан құралған. Қария сөз арқылы баяндау, тарихи білімді жеткізудің құралы, тәсілі болып табылады. Тарих баяндауда шежірелердің изоморфтық сипаты көзге бірден түседі. Олардың дені бір-біріне ұқсас формалар негізіне құралған. Қария сөздердің мазмұны мен әңгімелеудегі тәсілдері ұқсас болып келеді. «Ертегі болмас та хатта қалған //Ауызында қарияның, қартта қалған /Қарттардың баян қылған әңгімесі //Естіген кейінгілер жаттап алған - дейді Сәкен Сейфуллин. Шежірелер тарихи деректердің ең күрделі түрі болғанымен, оның мазмұнында тарих үшін ең қызықты мәселелер қамтылған. Шежірелерді тарихи деректану тұрғысынан қарастыру тарихшының алдына көптеген жауабы сауал қояды, бірақ қанша қиын болса да ол сұрақтра жауап іздеу міндет. Шежірелердегі деректерді өткен дәуірлердің талай адамының жеке үні ретінде қабылдап, қария сөздің мән-мағынасын соны алғаш айтып қалдырған адамдардың ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танытатын құрал ретінде түсінуіміз де, түсіндіре білуіміз де керек. Шежірелердің көбінде рулар мен тайпалар генеалогиясымен катар азды-көпті аңыз тілімен баяндалған тарихи оқиғалар туралы деректер жүреді. Олардың кейбірінің мазмұнындағы ата-жұрты, қалыптасу және көшіп-қону бағыттары, коныстану туралы аңыздарында көп қайшылық байқалады. Шежалады. Шежірелердің құрамында ата-жұрт туралы аңыздар көп болады, сонымен бірге ол аңыздар шежірелерден белек айтылып жүреді [33, 2-3 б.].
Протограф мәселесіне келгенде Кадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағына» алғашқы деректік нұсқа ретінде Рашид-ад-диннің «Джами» ат-Тауарих» кітабы негіз болғаны белгілі. Европаның бір тарихшысы «патшалар әулеттерінің тарихын жазудан жалықтым, енді халықтың тарихын жазсам ба десем» дейді екен. Расында да бұрынғы уақытта тарихтың негізгі тақырыбына патша әулеттері, ақсүйектердің (патша, принц, коольдің) өзара неке құруы, патшалар сарайында болған оқиғалар айналған еді. Ал халықтың тарихы қалың бұқараның ауызекі әңгімелерінде ғана сақталып отырған. Сол сияқты, Қ. Халид жазғанындай, қазақтың тарихы өз аузында сақталған. Тек төрелер мен қожалар өзінің шежірелік-тарихи деректерін қағаз бетіне хатталғанын әріден ойласа, бұқара халық, көшпелі ел-жұрт өзінің өткен тарихын ауызша айтып жүреді қанағат еткен.
Тарих ғылымы өткен заманда орын алған оқиғалар мен әйгілі тарихи тұлғалар туралы баян етудегі ақиқат пен айғаққа дәйек боларлық түрлі дерек көздеріне сүйенетіні белгілі. Тарихи деректерге басты негіз болған қайнаркөздердің үш түрі - заттық, жазба және ауызша деректер болғанымен, олардың өз алдына әрқайсысының қандай деректік ерекшеліктері барлығы турасында жасалған зерттеулер шамалы.
Шежірелер деректерін талдау ісіне ең алдымен жүйелі түрде келуіміз керек. Біріншіден, шежірелер қандай ортада қалыптасқаны жайында мәселені ойға алумыз керек; екіншіден, шежірелердің авторлары туралы толық түсінік қалыптастыруымыз қажет, үшіншіден, шежірелердің деректері қандай мақсат көздеп, қандай міндетті атқаруға жұмсалу ниетінен пайда болғаны туралы ойлау маңызды.
Шежірелер тек ұрпақтардың таксономиялық деңгейлерін көрсететін жиынтық қана емес, сонымен бірге қазақтың өміріндегі отбасы мен неке, енші беру, туыстық реті мен басқа да қоғамдық қатынастарын реттеуші әлеуметтік- нормативті құрал [29, 7 б.]. Социумның мұндай тарихи-генеалогиялық модельдерін дәстүрлі қоғам жағдайында нақты бір әлеуметтік топтардың өкілдері қалыптастырғаны сол шежірелердің мер басылып қол қоюымен бекітілгендігі көрсетеді. Қазақ шежірелерінің деректерін арнайы зерттеп, мәліметтерін қазақ тарихы деректануына қосқан еңбектер өте аз екені белгілі.
Қазақтың кең байтақ жерлерінің түпкір-түпкірінде әртүрлі уақыттарда өткен атақты адамдары, рулардың қасиет тұтқан, бойына құт дарыған тарихи тұлғалары, әулиелері, дәулет бітіп алдына мыңдаған жылқы салған елдің берекелі байлары мен аузы дуалы қадірлі ақсақалдары, аты ұранға айналған батырлары мен тілге шешен дана билері, туралы тарихи деректерді тек осы қазақ шежірелерінің мәліметтеріне сүйеніп жазуға болады.
Күрделі мәселелердің бірі авторлар,авторлық туралы мәселе.Авторлар дегеніміз шығарма жасаушылар болса, шежірелер дерегі төңірегінде екі –үш түрлі авторлық позиция жасырылғанын айтуымыз керек: бірі, шежірелерді жасаушылар, қария сөз үлгілерін жинаушылар, оларды топтастырып тұтас зертханалық шығарма жазушылар; ал, екіншілері, шежірелік тарихнама туындысының авторына мәлімет берушілер. Десек те, нақты тарихи деректердің авторлары болып табылатын субъектілер солар. Тарихнамалық туындыға айналған, мазмұны тұтас шежірелік шығармалардың авторлары белгілі болғанымен, мәселен, «Шыңғыс наманың» авторы Өтеміс Қажы дегендей, сол сияқты «Шыңғыс наманың» мазмұны тек қана бір автордың, нақты Өтеміс Қажының еңбегінен тұс, бізге беймәлім қалып отырған біршама «авторлардың» еңбегін сақтайды. Олар «Шыңғыс наманың» нақты авторы Өтеміс Қажыға дерек берген ауызша тарих айтушылар, яғни «қария сөздердің», тарихи –ақпараттық мәліметтердің, қысқаша қысқаша айтылған тарихын баяндаған бір әңгіменің авторы. Жыр дәстүрін зерттеу жұмыстарында Ә.Х. Марғұлан сол жырға байланысты аңыз сюжеттерін сақтап жеткізуші қариялардың есімдерін нақты атайды. Олардың бірі халық ортасынан шыққан шежіреші –қариялар болса, бірі төре мен қожа тұқымдары болған. «Қорқыттың аңыздарын,оның нақыл сөздерін аса жүйрік білетін қазақтың қария даналарының еі атақтысы Базар жырау (1842-1911), шежірені жүйрік білген атақты қария,өзі қазалылық, Мқдайжан Шантайұлы(1846-1927), қадірлі шежіре қарт Мұса Өтешұлы(1866-1960) ақын Ерденбек Көлденбекұлы(1844-1919), жырау Тұрымбет Салқынбайұлы(1873-1934), жалағаштық атақты жырау, Қорқыт аңызы жүйрік білген Сарыбай Құлназарұлы(1858-1919), тамдылық қария Ахмет Назарұлы(1882-1966), ырғыздық қария Жақсылық(1883-1961)» - деп жазды[48, 144-145б.].
Бір шежірелерде: Қарияның күні тіып, еңбегі жанар//Мәңгілік сөз жоғалмай анық тұрар//Шежіре түп шығысын жазып келем //Айырдым шекарасын әрбір елдің //Қазақтарды бауырлар салыстырып //Демеңдер көрмей жатып қайдан білдің //Мақсатты көңілдегі айту болды //Мәнісін баяндаған келген жолды // Қонақты риза қылып аттандыру //Ғадетін қазақ елі бұрын-соңды,-десе [308], енді бір шежірелерде қариялар туралы: «”Ұрпақтың есінде қалсын деп, астарына адалдық, мал бастарына амандық берсін. Әумин!” –деп әңгімелейді шежіре шерткен қариялар.Олар көп жасаған, көпті көрген, көнекөз қариялар Кәрі құлақтың айтуына қарағанда, осы қол жазбаны дәлелді болу үшін жазды тіршілігінде айтқанынан есте қалған ақсақалдар: Жанұзақ молла,Түсіпбек. Есжанұлы Бөкей, Қыдырбайұлы Сәду, Қожаұлы Байке, Ертісбайұлы Алһим, Ошанұлы Исқақ, Әбдікәрімұлы Тоғай, Қожан Қажыұлы Оқап ұста Шопайұлы Алтынбек, Әбілдәұлы Тұмарбек, Сүлейменұлы Омарбек, Бәкейұлы Құсбек, айдарбекұлы Смақ(бұл Бәшерденнің батырларының бірі), Саттығұлұлы Жапа, Әбілғазыұлы Дәулетбек(үлкен молла болған адым), Айсиұлы Рақымжан,Сыздықұлы Рапық, Әбдікәрімұлы Нығыметола(молла болған адам), Молдабайұлы Төлеп ақсақал, Нұрмағамбетұлы Асқар, Тұлақұлы Амин, Сыздықұлы Ибраһим, Исаұлы мақұл, Жапаұлы Оқап, Қасым Ишан ұлы Ғабдулжалел(елде Шәмән әулие деген атымен белгілі),Жәпек ұлы Шәріп,Омарқасұлы Мәлетай. Осы аталған көнекөз қариялардан ұққанымды,кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болсын –деп қағаз бетіне жазып түсіріп отырмын» -деп баяндайды бір шежіре[30].
Көшпелі тұрмыс көшкен қазақ адамдары ұшін сапар шегу мәселесі отырықшы халықтардың ортасындағыдай онша үлкен мәселе емес. Қазақтың Арқа өңірінен Мекке мен Мәдина шағарларына қажылық сапар шегуі М.Ж. Көпейұлы шежірелерінде көрсетілгендей ХІХ ғасырда Нұрке байдан кейін үлкен дәстүрге айнала бастайды.
Қазақтың әрбәр аймақтарында шежіре адамдары, қария адамдары көп болған. Өкінішке орай олардың ескі сөздері толық хатқа түскен аз. Шежіренің және шежіре жинап, оны сақтаған адамдардың, қазақ қарияларының әлеуметтік – мәдени мәндегі қызметі зор. Ол ішкі этникалық тұтастықты, ынтымақтастықты сақтауға бағытталған. Қазақ шежіресінің қазақ ұлтын әлеуметтік тұрғыдан да, мәдени тұрғыдан да,саяси тұрғыдан да тұтас қарастыратыны ерекше байқалады. Бұл ұлттық тұтастық идеяны «қазақ жұрты», «алаш жұрты», алты алаш», «алты баласы», «қазақтың түбі» дегендей терең мағынадағы ұғым астарында сақтайды.
Ескі заманның шежірешілері көбінесе жергілікті, нақты бір ортаның тарихы жайында баяндайды.Дегенмен де, көпшілік мәдениетті отырықшы халықтардың дәстүрімен, мәдениетімен салыстыра қарастырғанда бір артықшылығын көруге болады. Бұл артықшылық дала адамдарының, әсіресе қария, ділмарларының үнемі ұозғалыс үстінде болғандығында. Әртүрлі тарихи жерлер шежіресі болсын, жыршы болсын, әрдайым оның көз алдында тұрады, өйткені ол жерлер оған нақты таныс. Ол сол жерлерде болғандықтан, көргендіктен тиянақты дерек береді. Мысалы: М.Ж. Көпейұлы шежірелерінде бір нұсқа сөз осының дәлелі бола алды: Бұл Ауған жұрты әр рудан құралған жұрт болған ел. Біз білгендей Жиделі Байсын атына қызығып Асан Қайғы барған. Оның соңынан Қазтуған барған. Орақ Мамай барған, Телағыс барды, тама шора батыр барған. Кіші жүзден шыққан Әз Едіге барған. Жиделі –өз аты, Байсын –тау аты. Тау болғанда тамаша тау. Ел қай жерінде, мал қай жерінде жүргенін жан білмейді. Ел жұртының көбі қазақ. Байсын қоңыраты атанады. Шаһарлары –Балық Бадаһшан, Құндыз, Талқанда. Елін ақсақалдар билейді. Осы қария сөзде қысқа болса да бірнеше түрлі сипаттау үлгі көрсетілген. Жер жайында, оның орналасуы жайында, кімдер барғаны жайында, кімдер қоныстайтыны жайында, аталу себебі жайында, қалалары жайында, этникалық құрамы жайында, билік тәртібі жайында. Бұл ауызша дәстүрге лайық ой-сана түбінен түйінделіп шыққан сөз, өте толымды, жанжақты және нақтылы. Далалық мәдениет ортасында қалыптасқан ауызекі айтылатын шежірелік дәстүр бойынша тарихты баяндаушының назарында үлкен географиялық кеңістіктер жатады. Қазақтың “көп жасағаннан сұрама , көпті көргеннен сұра” деген мақалдың мазмұн мәні осы тұста ашыла түседі. Расында да,қойшының көргенінен гөрі жылқышының көргені артық болады.
Сондай-ақ, қазақ жүздері қытай тарихнамасында оң қол және сол қол принциптерімен аталады [28]. Қытай қазақтарының шежірелік дәстүрін зерттеген Су Бйхай «қазақ руларының, тайпаларының және жүздерінің өз шежіресі бар» деп тұжырымдаған [27, 177-178 б.]. Шежірелерді қауымдық қатынастарды инстут тұрғысынан зерттеп отырған Н. Әлімбайдың пікірінше, шежірелердің жүйесі «алаш немесе жалпыэтникалық шежіре(лер) және жүздер (Ұлы, Орта, Кіші), тайпалар (үйсін, қыпшақ, коңырат, қаңлы, жалайыр, арғын, адай, жағалбайлы және т.б.), рулар (ұзын қыпшақ, көлденең қыпшақ, торы қыпшақ, қызылбөрік албан, коңырбөрік албан, т.б.), сословиелік (төре, кожа т.с.с.), сияқты ірі этникалық құрылымдардың шежірелері» - деп түйіндеген [26, 163 б.]. Сондай-ақ шежірелер деректік сыныптау тұрғысынан бір жүйеге түсірілмеген дерек ретінде қабылдауға байланысты қалыптасқан көзқарас даулы болып тұр, біржақтылық жоқ.
Зерттеушілерді бір тобы шежірелерді қазақтардың ерте, ортағасыр және жаңа дәуір тарихына қатысты деректің бір түрі деп бағалайды. Басқа зерттеушілер шежірелерді ауызша тарихи білімнің ерекше формасы ретінде, историология, яғни, көбінесе деректанудың емес, тарихнаманың тарауы деп қабылдауды ұсынады. Мұндай жағдайда шежірелерді зерттеудегі әдіс-тәсілдер де өзгере түседі. Сонымен бірге, қазақтардың рухани мұрасының осындай ерекше кешені болып табылатын шежіреге байланысты мәселеде, шежірелер XIX ғасырға дейін ауызша күйінде болғанын, тек қана XIX ғасырдан бері бұл деректердің жазба үлгілері қалыптаса бастағанын ескеру керек» - дей келе шежірелерді ауызша халық шығармашылығына жатқызуды ұсынады [25, 60-61 б.]
Сонымен сыныптауға (классификациялауға) қатысты үш түрлі негізгі тұрғы, яғни талап көрініс табады: бірншісі - әдеби-фольклорық сыныптау; екіншісі - генеалогиялық элементтері бар тарихи-этнографиялық тұрғы; үшіншісі - тарихи-деректік тұрғыдағы генеалогиялық элементті ескеретін сыныптау.
Шежірелерді жүз, ру, принциптері негізінде сыныптаудың табиғаты шежірелердің ішкі ұйымдасуының ізімен жүруден туындаса, хронологиялық және тарихилық белгілері негізінде жүйелеу тарихи таным принциптерінен қалыптасқан сыныптау болып табылады. Этногенеалогиялық тұрғыдағы сыныптауда Н. Әлімбай білдірген пікір шекірелердің ішкі ұйымдасуын жақсы суреттейді. Ол: «Шежірелерді олардың этностың әр деңгейіндегі және сегментгеріндегі алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай шартты түрде Ұлы шежіре (жалпыэтникалық), шежіре (жүздік), орта шежіре (тайпалық), кіші шежіре (рулық немесе ық), осы кіші шежіренің құрамдас бөлігі – әулеттік шежіре (немесе үлкен шежіресі) және сословиелік шежіре (хандар, төрелер, кожалар) деп бөлуге болады» [24, 163-164 бб.]. Шындығында бұл шежірелердің деректік ағындары олардың тіркелуінен ғана шыққан мәселе және ол толықтай объектівті заңдылықтарға бағынған үрдіс. Өйткені табиғаты жағынан шежірелердің жүз, ру, ата негіздерінен басқа құралу жолдары да жоқ.
Сайып келгенде шежіре төңірегіндегі сыныптаудың ең басты мәселесі «шежіре» ұғымының табиғатынан шығады. Егер ғылымда осы күні қалыптасып «шежіре-шаджара»=«шежіре-генеалогия» деп қана қабылдасак, бұл кезде шежірелерді генеалогиялық құбылыс ретінде сыныптау қажет. Демек, Н. Әлімбайдың айтқанындай «әрбір шежіреші шежіре тарату дәстүрінің әріден қалыптасқан ілкімді қағидасын қатаң ұстанып отырған, яғни, кіші шежірені тарату үрдісі ұлы, үлкен, орта шежірелердің принциптері мен нормаларына «ата-баба жолына») негізделініп отырды» - деген позицияны да ұстануға балады [23, 164 б.]. «біз шежірелерді деректердің ерекше түрі деп бағалаймыз, біздің ойымызша, ол «ауызекі халық шығармашылығы» деп аталатын деректік топқа табиғи толық сәйкес келеді» - деген де пікір бар екені ескере отырып, [22, 61 б.] оны халық шығармашылығы ретінде қабылдасақ, шежірелерді фольклорлық сыныптау принциптері негізінде қалдыруға мәжбүрміз. Бірақ, меніңше, бұл жерде мәселені күрделендірудің жөні де жоқ. Ең алдымен генеалогиялық білім және оның жүйесі қандай нақты өмір шындығының талабынан шыққанын ескеру керек. Олай болатын болса жоғарыда талдап кәрсеткеніміздей (және бұл көзқарас алғашқы рет 1999 жылы автордың диссертациялық еңбегінде этимологиялық талдау жасалынып, жария етілген), «шежіре» ұғымының түпкі этимологиясы «жады» сөзінің семантикалық мәнінен туындағандықтан сол түпкі мәніне орай қарастыру керек. Демек бұл жерде жанрлық және стиль ерекшеліктерін ең алдымен «жадыға» қызмет етудегі функционалдық мағынасынан қарастыруды міндеттейді. Сондықтан шежірелерді «генеалогия», әлде «генеалогиялық жылнамалар» (бұл башқұрт ғалымдарының анықтамасы), немесе «тарихи фольклор», «халық этногониясы» дегендей анықтамалардан гөрі «халықтың тарихи жады», «тарихи жадыға сүйенетін тарихи ой-сана» тұрғысынан қарастырған әлде-қайда объективті және шыншыл болады. Өйткені ән, әуен, жыр, өлең - бұлар шежірелік деректі сақтау қызметін атқарушы дәстүр тасымалдашуының (жырау, қария, шешен, ақын) кажетті мнемоникалық құралы болып табылады.
Шежірелер даму үрдісі жағынан ауызша тарихи дәстүр ретінде қалыптасып, даланың бүкілдей маңызды әлеуметтік-мәдени мағлұматын ауызша күйінде жеткізгенімен, шежірелердің сондай-ақ үздік үлгілері тарихтың ғылыми заңдылықтары мен тарихи таным талаптарына сай келіп, толықтай және тұтас дайындалған тарихнамалық шығармалар қатарына қосылған түрлері бар. Құрылымдық жағынан ондай тарихнамалық шығармаларды нақты белгіленген пәні, танымдық логикасы және алға қойған айқын мақсаты болады.
Жалпы, шежірелер ауызша дәстүр аясында дамып, айтылумен жалғасса да, көп жерлер хатқа түсіп, тіркеуге алынып, шежірелер қолжазбалары әкеден балаға мирас етіп беріліп отырған, ал кейбірі ел ақсақалдарының қолында қалған. «Насаб-нама Қазақ» ескілікті шежіре сызбасы ХШ ғ. бастап XVIII ғ. дейін орын алған тарихи оқиғаларды баяндайды. Ал «Көшен Қарауыл шежірелері» жазбасы ескі жазудан көшірілген. Демек, қазақтың халық ортасында қариялардың айтуыменең бірдін-бірге, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғанымен, қазақта жазу дәстүрі болмады деген емес, яғни жаңаша қарауға бет алу қажет. Бұқар Қалқаманұлы: Ақтан танытқан //Дәуіт пенен қаламды айт //Сөйлеу үшін жаратқан //Сөз анасы салемді айт, - дейді [21], Иә, сия мен дәуітті (сиясауыт - чернильница), қаламды білген жырауды жазбады деуге келе ме?! Мәселен қазақ шежірелеріңдегі Ахмет ханның Алашы атануы туралы деректерді қария сөздерден ауызекі күйінде кездестірсек, сол қалпында бұл дерек Захириддин Қабірдің жазбаларында да бар. Осылайша ауызекі тарих айту дәстүрі мен жазба тарихнамалық дәстүрі өзара ұштасып жатады. Бұл турасында жазылған шежіре нұсқалары көп, біз болсақ Абай Құнанбайұлының жазғанына да назар аудардық. Абай: «Ахмет хан қалмақты көп жауапты, көп қырыпты. Қалмақ рақымсыздығына қарай «мынау бір алашы болды ғой» депті, жан алушы болды дегеннің орнына, Сондықтан ол кісі Алашы хан атаныпты. «Бабырнамада» сатай жазылған. Сонан соң хан бұл атты қалмақ қорыққанынан қойды ғой, енді сіздер шапқан уақытта «алашы-алашы» деп, ұран сүрен салыңыз деп бұйырып, бұларға айғай салғанда көп жанның айғайымен «алаш-алаш» деп кетіпті. Сондықтан «алаш-алаш» болғанда, Алашахан болғанда, қалмаққа не қылмап едік деп, алаш ұранды қазақ атанған себебі сол екен» - деп жазды [55, 312 б.]. Абай келтіріп отырған шежірелік мәтін үлгісі қолжазба қорында сақтаулы шежірелік мәндердің көбісінде жиі кездеседі.
XIV-XVI ғасырлар аралығындағы Моғолстан тарихы туралы зерттеу еңбегін жазған ғалым К.А. Пищулина ортағасырдағы ортаазиялық тарихнама туындыларының деректеріне төмендегідей баға берген болатын: «Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтары жайында мәлімет беретін, Моғолстан құрамына енуі туралы тарихи шығармалар көп деп ойласақ та, жалпы қарағанда мұндай материалдар онша көп емес. Ондай мәліметтер, сондай-ақ жалпы ортағасырдағы Қазақстан тарихы туралы деректер үзік-үзік, біржақты және дәл емес. Бұл шығармаларда әсіресе ішкі ахуал, шаруашылық, алеуметтік қатынастар, көршілес аудандармен болған бейбіт түрдегі мәдени-экономикалық байланыстар туралы аз айтылады» [44, 31- 32 б.]. «Хандар шежіресі» атты колжазба Ұлттық кітапхана қорына 1964 жылы Ресейдің Челябинск облысынан Кулбосинов деген азаматган келіп түскен болатын. Қолжазба орама түрінде жазылған, ұзіндығы 3 ментр ені 15 см. Ғалыпдардың пайымдауынша бұл жазба XVII-XVIII ғасыр ескерткіші. Мәтін мазмұнына орай «Хандар шежіресі» деп аталған. Шежіренің мазмұнында үш бөлім байқалады, бірінші бөлімде - Адам ата пайғамбардан Мұхаммед пайғамбарға дейінгі пайғамбарлар шежірелері; екінші бөлімде араб халифтері мен парсы шахтарының шежірелері; үшінші бөлімде - түрік-монғол заманындағы хандар шежіресі қамтылған [56, 8 б.]. «Пайғамбарлар шежіресі» ерте дәуірдегі пайғамбарлардан басталып бергідегі қожалар шежіресімен аяқталады. Қолжазба орама түріндегі кағазға жазылған, оның ұзындығы үш метр, ені - жиырма бір сантиметр. Тілі шағатайша. 1863 жылы жазылған деген дерек бар. Қолжазбаның соңында төрт мөр басылған, екеуі үшбұрышты, біреуі төртбұрышты және дөңгелек мөр.
Төртбұрышты мөрде «Мұхаммед қожа бин Сейд Ахмет қожа» деген жазу жазылған. «Шыңғысхан шежіресі» 1906 жылы Қазан қаласында араб әрпімен басылып шыққан кітап. Кітапты мазмұнына қарай үш бөлімге белуге болады: бірінші бөлімде Шыңғыс ханның өзі және ата-бабалары туралы жазылған; екінші бөлімде - Жошы ханның әулеттері және Темірлан династиясы туралы жазылған [57]; үшінші бөлімде - Дәшті Қыпшақ, Қазан, Қырым хандары туралы әңгімеленеді. Ибрагим Халфиннің «Ахуале Шыңғыс хан ва Ақсақ Темір» атты кітабы Қазан қаласынан 1822 жылы басылып шыққан [58]. Бұл кітапта Шыңғыс хан шежіресі мен Едіге би шежіресі берілген. Әбілғазының 1891 жылы Қазан каласында шыққан «Тарих шежіре - H. Наушабайұлының 1903 жылы Қазанда шыққан кітабында қоңырат, керей, уақ, арғын руларының таралуы өлеңмен жазылған. Сондай-ақ қыпшақ, қоңырат руларының шежіресі туралы Жинаған Ә. Диваевтың материалдары Орталық Ғылыми кітапхана қорында сақтаулы. «Рисала-и канун» шежіре кітабы Бөкей ордасының қазақтары туралы рисала. Кітап Қазан қаласынан 1906 жылы басылып шыққан. Мұнда пайғамбарлар дәуірі баяндалған.
Қадырғали би Қосымұлы Жалаиридің «Джами' ат-тауарих» атты шежірелер жинағы, Алтын орда, Қырым және қазақ хандарынан мәлімет беретін еңбегінің көшірмесі. Құрбанғали Халидтің 1910 жылы Қазан қаласынан басылып шыққан. «Тауарих хамса» атты еңбектері бар. Тауарихамса да түркі халықтарының шежіресі, қазақ баяны, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздердің шығу шежіресін баяндайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911 жылы Орынборда шыққан «Түрік, қыргыз, қазақ һәм хандар шежіресі». Қазақ руларының шежіресі түгелімен берілген. 1913 жылы «Айқап» жорналының 20 санында басылған Қарасартұлы Шардайдың «Қазаққа алалық қайдан келді?» атты мақаласында шежірелік деректер молынан берілген. Мұндағы мақалада шежіремен қоса Екатерина II патшаның қазак халқын қалай бұгауда ұстау туралы шығарған заңы да баяндалады. Сондай-ақ Кіші жүз үш ата баласы. Алты аталы Әлімұлы, Он екі аталы Байұлы, Жеті аталы Жеті ру тарихы тиянақты айтылады. «Шора» журналы 1908, 1909, 1911 жылдарда шыккан сандарының алғашқы беттерін тарихына арнаған. Онда Шыңғыс ханнан бастап, Бату хан, Жошы хан қасым хан, Өзбек хан туралы шежірелер берілген, Мысалы 1946 жылы сырым батыр туралы аңыз нұскасын карастырады. Оны жазып алған адамды сырым Марғұлан Ишмухамедов деген адамның Орынбор өлкесінен жазып алған айтып, колжазбанын бір бұрышына: «Легенда записана н Буртинской волости Оренбургской губернии Ишмухаметовым и я приношу благодарность данный материал. Здесь она приводится в вольном беллетристическом изложение как устная легенда, она много грешит против исторических событий По данным Срым не был в действительности таким героем, каким описывает легенда. Его роль в политической жизни Киргизии вряд ли отличалась от роди казанских ханов, его популярность можно объяснить лишь путанием певцов киргизский эпоха» - деп, өз пікірін қалдырған [18].
Қазақ руларына байланысты тарихи деректерді Ә.Х. Марғұлан басқа да тарихи деректермен қатар фактілерді тольқ дәлелдеу үшін орынды пайдаланады. Бұл қолданысқа еңген аңыздар, әрине, ең біріншіден қазақ руларының шығу тарихына байланысты болды Қазақтың канлы мен найман рулары туралы жазылған зерттеу мәліметтерін мысал ретінде келтіруге болады. Қаңлы туралы Ә.Х. Марғұлан: «естественно, что исторические предания о повозке «канк» больше всего сохранилось у племени канглы, местом пребывания которого в наше время являются район Келесской степи и предгорья Таласского Алатау. B преданиях неизменно подчеркивается привелегированное положение племени канглы по отношению к другим племенам: «Қаңлы елінде хан бар, кәделі елде қаңлы бар», «хан жоқ болса қаңлыдан хан көтер» - деп жазды [17, 39-40 б.].
Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы №198 бумада «Марғұлан Әлкейдің жинаған әртүрлі еретегілері» бар. Олардың біразы «Киргизская степная газета» басылымынан 1939 жылы көшіріп алынған, барлығы жиырма бес тарихи-этнографиялық мазмұндағы қазақтың ертегі үлгісіндегі шежірелер. Бұлардың біршамасы өткен ғасырдың 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында Y. Сұбханбердинаның дайындауымен «Дала уалаяты газеті» топтамасында жарияланды. Алайда, кейбіреулері ол жинақта жоқ. Мысалы қолжазбалар қорында сақтаулы Ә.Х. Марғұланның дәптерінде «Дала уалаяты газетінен» жинақталып келтірілген жиырма бес тарихи аңыз бен ертегілерге сюжет жүйсіне орай сипат беріліп, аңыздардың мазмұнына қарай шартты түрде жүйелі түрде топталған. Қазақ шежіресінің жазылған нұсқаларының ішінде Жағыпар Нұрмұхаммедұлының «Шежіре жайында кейбір деректер мен қазақ, қалмақ, моңғол арасында болған ұрыстар…» деп аталатын қолжазбасына берілген пікірінде, ол: «О рукописи Ж. Ирмухамедова «Родословная казахов Среднего жуза»: это огромный фолиант рукописи состоящий из сорока четырех родословных таблиц казахов Среднего жуза, оформленный аккуратным почерком (насталик) арабского письма на бумаге средней плотности. Автор родословных таблиц провел огромную работу по созданию полных родословных шеджре казахов Среднего жуза. Он является наследственным потомком отца, одного из собирателей казахских шежре». Следуя традиции своего отца он тщательно внес и шеджре все наименования, которые были известны казахскому народу по их историческим преданиям и по рукописным данным. Шеджре, сотавленные Ж. Ирмухамедовым является одним из наиболее ценных. Пройдет время и его рукопись станет одним из уникальных истовником по истории казахскому народу» - деп жазады [56, 9б]. Ғалымның бұл пікірінен шежіре мәліметтері қазақ халқының тарихын зерттеу ісінде қаншалықты құнды екенін байқауымызға болады. Аталмыш шежіре нұсқаларында, біздің байқауымызша, көптеген тарихи деректерге қайшы келетін, тіпті тарихтағы белгілі деректерді бұрмалап көрсететін тұстары бар екенін көреміз. Дегенмен Ә.Х. Марғұлан бұл жазба шежіре нұсқасының құндылығын баса айтады, себебі кез келген жазба үлгісіндегі шежіре ғалымға қажетті. Зерттеуші соларды тиімді ғылыми зерттеу әдісін қолдана отырып, салыстырмалы жолмен ақпарттың ақиқаты мен жалған тұстарын асыруы тиіс, соңда ғана зерттеушінің ғылыми талдауынан өткен тарихи мұра ғылыми айналымға енгізілуі мүмкін.
М. Ж. Көпейұлы қолжазбаларының басым көпшілігі Алматыдағы Орталық Ғылыми кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы 149, 215, 348, 378, 380, 657, 829, 1080, 1125, 1170, 1171, 1173, 1175, 1176, 1177, 1178, 1327, 1330, 1645 бумаларында сақталған. № 1176 бумада (100 (94; 51) - 102 (96; 52) беттер), № 1177 бумада (222 (265)-224 (267) беттер), № 1173 бумада (394-397 беттер) М.Ж. Көпейұлы қолжазбаларындағы Адамзат тарихы екі кезеңге: Адам Атадан топан су тасқынына дейінгі кезең мен Нұх пайғамбардан Ел ханға дейінгі кезеңді бөліп қарастырады. Шежірелік малімдеулерге қоса М.Ж. Көпейұлы Нұх пен топан суы туралы аңыз -әңгімелерді де келтіріп отырады [57, 28 б.].
Қостанай өлкесінде шежіре үлгілерін жинаушылардың бірі Құлмұхамед Байғұлыұлы (1863-1918) болған. Ол шежіре үлгілерін 1889 жылдардан бастап жинап, арнайы дәптерлерге түсіріп отырған оқымысты болды. Шежірелерден басқа ауыз әдебиеті үлгілері қатарында Құлмұхаммед Байғұлыұлы түрлі дастан, толғау, мақал-мәтел, назым-нақылия сөздерді хаттаған. Оның мұрасын сақтағандардың бірі Тәшбайұлы Асылбек мұғалім Әдебиет және өнер институтының қорына өткізген [58, 106 б.].
Орталық Ғылыми кітапханада өлеңмен жазылған шежірелердің төмендегідей нұсқалары бар: «Адам ата заманынан бергі насабнама», «Қазақтың үш жүзге бөлінуі туралы», «Кіші жүздің шежіресі». Сондай-ақ дерек берушілердің мынадай есімдері аталады: Мейрман (1947), араб жазуы; Төлепов Жақсылық; Жапсарбаев Қалқа, (1938), араб жазуы; Сәбенов Ғұлама, (1946); Орал кария, араб жазуы; Ермаганбетов Тайкара; Қалдыбайұлы, Байболұлы, араб жазуы; Қоржынұлы Қанат және «Айқап» жорналынаның 1911 ж. № 3 көшіруші Батырбек Тайжан. Қазақ шежірелері», сонымен қатар қазан теңкерісіне дейінгі шыққан мерзімді басылымдарда жарияланып та отырылды. Мысалы: «Қазақ» газетінің 1913 жылы №34 санында шыққан Арысұлының «Абақ керей» атауының қалай пайда болғаны жайлы жазған мақаласы, «Айқап» жорналының 1912 жылғы №11 санында жарық көрген Қашқынбайдың Досмайлының «Қазақ халқының тарихы және шежіресін сұраушыларға» атты мақаласында қазақтың түп атасы қайдан шыққандығы жайлы біле алады. 1914 жылы Уфадан шыққан Сыдыков «Тарих-е қырғыз шадамания» кітабында Шапырашты шежіресі берілген. Сонымен қатар кітапхана қорында М.Ж. Көпейұлының шежірелері, «Қазақтың үш жүзге бөліну тарихы» сақтаулы. Бекмұхаммедұлы Мақаштың «Үш жүздің статусы» шежіресінде Кіші жүздің тарихы баяндалған. Х. Марғұлан жинап тапсырған «Қазақтың асыл түбі қайдан шыққан» қолжазбасы. 1939 жылы Кіші жүз Әлім шежіресі Қоңыратбаев жинаған, түрінде берілген қолжазбалары сақтаулы тұр. Шежіре жинаушылардың қатарында төмендегідей мұрағаттанушылардың есімдері аталады: Әбубәкір Диваев, Әлкей Марғұлан, Б. Белослюдов, Әуелбек Коныратбаев, Мұхамедәлі Толыбаев, Жұбаныш Аралбаев, Сатыбалды Аймағаңов, Салық Жаяу Мұсаұлы, Болтай Жақыпбаев, Әбілқасым Дилебаев, Мағзұм Ахметов, Табылды Ережепов, Әбдірахым Ыбыраев, Мәди Болатов, Қараман Сұлтанұлы, Әлкуат Кайнарбаев, Кенбай Сейсенбаев, Жағыпар Ермуханбетов. Әсіресе «Мұхамедәлі Толыбаев жинаған «Қазақтың шығу тарихы», арғын, найман, керей, уақ рулары туралы шежіресі біздің кітапханада сақталғанын біз мақтаныш етеміз» - дейді ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қор сақтаушы мамандары [16, 9 б.]
Шежірелерді, жалпы халық даналығы мұраларын жинаушылардың ішінде әзіл туралы өмірбаян деректерін, мұрағаттану, шежірелер жинау ісіне келген жолдары туралы баяндағандар бар. Мысалы, Ережепұлы Табылды өзі туралы тамендегідей мәлімдейді: «Табылды Ережепов 1911 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысының Жаңажол колхозында туды. Руы Баже. Ата-тегі диханшы болған Жас кезінде ауылдағы мектепті оқып бітірді. 1927 жылы Казпедтехникумында оқыды. үшінші курсын бітіріп ауру болғандықтан ең соңғы курсын бітірмей шығып кетті. 1930 жылдары жас кезінде ақын бала атанды. Сол кезде атақты ақын қоңырат руынан Алтыбай ақыннан үлгі алды. Әсіресе Майлықожа, Мәделіқожа, Жүсіпқожа, Нұралы ақынның өлеңдерін жаттап алып, кезінде өзі де өлең шығарды» дей келе осында араб әрпінен терілген Даниярұлы Қолдаштың өлеңдері өлеңмен жазылған шежіреден бір үзінді жазған: Дерегін Есенбайдан Айтқұл, Төлеп алғандығын: Жері екен бұлақ басы еткен кеңес… //Барлығын көп өлеңмен алдым теріп //Қылғанда бала сөзімен маған егес //Еламан сол Айтқұлдан тарайды //Бұлар да жеті ата боп санайды //Болғанда ылақ шора, мырза дейді» - деп, деректі қалай, қай жерде алғанын да атап өтеді [15].
Мағзұм қария Ахметұлының жинақтап жазған тарихи-фольклорлық материалдары (ертегілер, жыр-қисса, дастандар, шежіре, шешендік сөздер, билердің сөзі, аңыз, қария сөз, жұмбақ, тақпақ, мақал-мәтелдер т.б.) Ғылым Академиясының кітапханасының қолжазбалар қорына өткізілген, көбісі «Шешендік сөздер» жинақтарында да жарияланған. Мағзұм Ахметұлының Алматыға келу себебі, Алматыда ол кезде ғылым жағынан қазақтың фольклорлық үлгілерін жинақтауға ден қойған бір уақыт еді. Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның Ғылым мекемесіне басшылық ету қызметіне келген уақыттан-ақ, яғни 1934 жылдан бастап фольклорлық экспедициялар ұйымдастырылды. Қаныш Сәтбаев Мағзұм Ахметұлының ескілікті әңгімелерді мол білетін адамдардың бірі екенін ескерген. Бұл турасында деректер Мағзұм қарияның өз қолжазбаларында сақталған: «1920-21 жылдары болисполком болып жүргенімде . Қаныш Сәтбаев жолдастың жас кезі еді. Осы Баянауылда сот болып қызмет атқарды. Қазақтың ескі мақал-мәтел, тақпақ, әңгімелерін айтатынымды ұнатып, көп тыңдап жүріп: «осы сөздеріңізді жинақтап ұстаңыз, түбінде мұның керектігі болады» деп ескерткен соң, жинағын молайтып, сөз білерлік басқалардан естігенім болсын, өз ойымды болсын, жинап жаза беретін болдым», - деп жазады [59].
Қорыта айтқанда, шежіре деген ол тарихи жыр, дастан, қария сөз, ескі сөз - мұның барлығы қазақ халқының тарихи дерек көзі болып табылады. Тарихи зерттеулерде деректердің маңызы зор, орны ерекше болғаны өз алдына, сондай-ақ деректерді сыныптау, жүйелеу мәселесі күрделі болып табылатыны белгілі. Шежірелер туралы ой түю алдымен олардың қалыптасуының алғышарттарын, дамуын, оның формаларын, жасаушылары мен мәнін, мағынасын және қызметіне тән мәселелеріне ерекше зер салып, деректемелік әрі тарихнамалық талдау мен құрау амалдарын жасауға жетелейді.
Яғни біз жоғарыда көшпелі өркениеттің көне кездегі шежіресіне сипаттама берсек, бұл бөлімде орта ғасыр Қазақстан рулары мен жүздеріннің шежіресіне тың деректерді қозғап оған сипаттама беріп өттік.
2. Қазақстан шежірелерін тарихи дерек ретінде зерделеу
2.1 Қазақ шежіреснің жазылу тарихы және деректік құндылығы
Отан тарихының өн бойында «талай өліп, талай тірілген» халқымыздың соңғы ғасырлар бедерінде-де аласапыран азаптар мен тауқыметтерді бастан молынан кешкенін соңғы жылдарда ғана тәуелсіздік алғалы ашық айтуға мүмкіндік алдық.
Қазақ тарихында «жабулы қазан» күйінде қалып келген салалардың бірі-шежіре тарқату еді. Қазақ арасында ежелден жалғасқан үлгісі бар бұл дәстүрге патша үкіметі қазақ жерін жаулап алысымен-ақ айырықша көңіл аударып, отарлауға көмегі тиеді деген ниетпен оны жинау үшін жер-жерге экспедициялар аттандырған. Орыс зерттеушілері: А.Левшин, В.Вельяминов-Зернов, Н.Аристов, А.Харузин, Т. Е.Грумм-Гржимайлолар жазып алған қазақ шежірелері бірталай ғылыми тұрғыда құндылығынан басқа-түптің түбінде алысты көздеген пиғыл, кімнің қай руға жататындығын анықтау арқылы оларды бір-біріне айдап салу, сөйтіп отаршылдықтың «бөлшекте-де, билей бер» дейтін сынынан өткен ұранын жүзеге асыруға бағытталған саясат үшін керек болған сияқты. Осы орайда қысқаша болса да «шежіре» сөзінің шығу төркініне тоқтала кетсек, бұл ретте шежіре-де басқа атаулар секілді екі бағытта төркіндетіледі. Оның бірі-халықтық этимология. Бұл бойынша, шежіре -»шеш» және «іре» деген екі сөзден құралып, халықтың шығу тегін тарата шешіп, бөлшектей саралайтын атауды жасаған секілді. Ал, кейін шежіре айтылуы, естілу заңдылықтарына қарай «шежіреге» айналғанға ұқсайды.
Екіншісі-ғылыми тұжырым. Ол бойынша, «шежіре» сөзінің шығу төркіні арабтың-бұтақ, тармақ деген мағана беретін «шат-жарат» дейтін көрінеді.
Жалпы, шежіре қазақ қоғамында белгілі бір функционалды қызмет атқаратын көшпелілер қатынасының институты деп білеміз. Осыны дәлелдеу үшін, «шежіре» ұғымының мағанасын анықтау керек.
«Шежіре» сөзі дұрыс түсінілмейтін тәрізді. Ғылымда осы жөнінде екі-үш түрлі пікір бар. Басым көпшілігі, «шежіре» араб тіліндегі «шат-жарат», яғни, «ағаш» сөзінен шыққан, арабтарда «ата-тек, ағашы» және «іре» сөздерінің бірігуінен пайда болған сөз дейді [60, 18 б.]. «Шежіре» сөзінің семантикалық мағанасын анықтап, терминологиялық тұрғыдан бекітуде үлкен мән бар. Қазақ халқында қолданылатын шежіре арабтарда шартты түрде екі сөздің изафеттік тіркес түрінде «аш-шаджарат аннысб «деп қолданылады.
«Шежіре» сөзі — қазақ, қалмақ, татар, башқұрт, ноғай, алтайлық, көшпелі өзбектер және басқа көшпелі халықтарға ортақ. Осы халықтардың сөздіктеріне сәйкес, «шежіре» монғол, тува, алтай, қалмақ, ұйғыр, көне түркі тілдерінде «кеуде», «жад», «жадында сақтау», «есте сақтау», «шығарма» мағыналарында қолданылатыны белгілі. Бұл сөз көрсетілген этностардың тіл ерекшелігіне байланысты өзгешелеу айтылса да, сөз түбірі бар. Салыстырсақ, «шежіре», «цээжер», «шээжиллээр», «шасар», «чээджер дасх» деген түрлі атаулар шығады. Моңғол, қалмақ тілдерінде «цээж»- кеуде, жад деген мағынаны білдіреді. М. Ж. Көпейұлы өз сөзінде:
«Біздің бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ. «Оқуға сенген ұмытшақ» деп оқуды керек қылмаған„ Жазуға сенген жаңылшақ» деп жазуды керек қылмаған. Оқу мен жазудың жоқтығынан жазылған шежіре болмаған. Естігенін ұмытпайтұғын құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені, көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдырған“ деуі көшпелі халықтардың ұғымында адамның кеудесі, ақпарат жиылатын құбылыс ретінде көрсетіледі [61, 72 б.].
Бірақ, ең бастысы, М.Ж.Көпейұлы өзінің тарихи шығармашылығында шежіре сөзін тек бір жұқа генеологиялық тізбе ретінде көрсетпей „шежіре“ ұғымының астарында „тарих“ ұғымына жататынын көрсетеді. Шежіре-ерекше этномәдениеттік құбылыс, ол көшпелі қоғамда өзіндік институционалды және функционалды қызмет атқаратын, көшпелі этностардың қоғамдық-саяси жүйесінің қажетті бөлігі.
ХХғ. зиялыларымыздың бірі — А.Байтұрсынов: «Шежіре-өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады» -дейді [62, 48 б.].
Халқымыздың белгілі қайраткерлерінің бірі, тарихшы М.Тынышбаев: «Қазақ халқының әрбір руының генеологиясын алдын ала зерттемей, сондай-ақ, оның қай кезде, кіммен қақтығысқанын анықтап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес» деп, ол әрбір рудың генеологиясына хронологиялық ретпен қысқаша түрде тоқталып өтеді [63, 44б.].
Осындай тұжырымға келген ол қазақтың шежіресі туралы қазақтың өзінен артық ешкім білмейді деген ой қорытады. Өйткені шежіре-халықтың атадан қалған асыл мұрасы, қасиетті тарихы. «Шежіре» (шад-жарат-бұтақ, тармақ)-халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Шежіренің мақсаты-лек-легімен «дүниеге келіп жатқан ұрпақтарымыздың: «Біз кімбіз, қайдан келдік, ата-тегіміз кім, олар қандай жерді мекендеген, қандай ел болған? Қандай мемлекет құрған немесе қандай мемлекеттің құрамында болды? Бабаларымыз адамзат тірлігіне қандай үлес қосқан, дүниежүзіне мәшһүр ғылым, жауынгер-жаһангер, жаһанкез бабаларымыз болды ма?» деген сауалдарға жауап іздейді [64, 66 б.].
Бұл деректерге қарағанда, қазақтың абыздары ескі замандағы оқымысты бақсылардың дәстүрін соңғы заманға дейін сақтап келген, солардың қалдығы деуге болады» деп Ә.Марғұлан жазады [65, 12 б.].
Ауызша тарих айту дәстүріне байланысты терминдердің этимологиясын талдау — шежіре зерттеуде қолданылатын категориялардың түркі шығу тегін анықтаумен байланысты, шежіре, шежіреші, шешен, қария, абыз деген дей сөздердің семантикасына қатысты. Абыз сөзінің этимологиясын талдайтын болсақ, ол арабтың хафиз, яғни сақтаушы мағынасындағы сөзден шыққан болса керек. Осы мағынада ол қазақтың шежіреші деген сөзімен пара-пар. Ал, шежіре сөзінің семантикасын талдасақ, алғашқы жазба деректерде бұл сөзді Махмуд Қашқаридың сөздігінен кездестіреміз. «Диуани-лұғат-түрік» еңбегін жазуда түрлі түрік тайпаларының ортасында сапар шеккен Қашқари, сөздік құрастыруда сежірелерді қолданғандығын айтады. Демек, бұл оғыз тілі ерекшелігімен сежі, сежіле деп айтылып тұрған сөз.
М.Қашқари: «Мен бұл кітапты хикмәт сөздер, сежілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез және нәсір секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен түзіп шықтым» деп жазады [66, 17 б.].
Шежірешілер өздерінің аса орнықты қалыптағы есте сақтай білу қабілеттеріне сәйкес мол тарихи мирасты келесі ұрпаққа жеткізушілер және өздері ғұмыр сүріп отырған кеңістікте баршаның зердесіне жеткізушілер. Қазақтың әрбір ру-тайпасының, әрбір жүздің өз шежіресі болды. Бұл шежірешілер қазақтың байырғы күнтізбесін ай, күн есептерінде, әдет-ғұрып, салт-сана заңдарын да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауызекі тарих-шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, ру басылары мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталатын болған. Мұны жинақтап, зерттеген және бастырғандар: Нұржан Наушабаев, Ш.Құдайбердіұлы, М. Тынышбаев, М.Ж.Көпеевтер болды [67, 19 б.].
Қазақтар ішінде әрбір отбасының өз шежіресі болуымен бірге, әр ру, тайпа және жүздің өз шежірешілері болды. Қазақ ру-тайпаларының шежірелері ерте заманда ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырды.» Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса, әр рудың өз шежіресі болған [68].
Зерттеушілердің айтуынша, жалпы алғанда қазақ шежірелері VІІ ғасырдан бастап, ХХ ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды [69, 24 б.]. Бұл шежірелерде белгілі жүз, тайпа, бұдан тараған аталар таратылып айтумен қатар, осы аталардың заманындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, ірі тарихи оқиғалар, сол замандағы тарихи адамдар есімдері сақталды.
VІІ ғасырдан деп басталуына келтіретін бір мысал осы кезеңде өмір сүрген түрік қағанаттарынан белгілі қағандары Тоныкөк пен Білге қағандардың құрметіне қойылған «Күлтегін» ескерткішінің «Үлкен жазуында» мынадай үзінділер бар: «Жоғарыда көк Тәңірі, төменде Қаражер жаралғанда, екі арасында кісі оғлы жаралған екен. О кісі оғлының үстінен билік жүргізуге менің арқы бабаларым Бұмын қаған, Естеме қаған таққа отырған екен» делінген [70, 32 б.]. Бұдан көретініміз — Түрік қағанатының негізін қалаушылар тіпті әлемнің жаралуын өздерінен бастайды.
Тоныкөк ескерткішінде мынадай сөздер бар: «Ілтеріс қаған ерлікпен күреспесе, мен өзім ерлікпен күреспесем, ел-де, халық та жоқ болар еді. Ерлікпен күрескеніміз үшін, өзім ерлікпен күрескенім үшін, ел және ел болды, халық және халық болды» дейді. Мұндағы жазулар арқылы баяндайтын ежелгі түрк тайпалары өздерінің өмірбаяндарын тасқа қашап қалдырды. Орта ғасырда Орта Азия өңірінен шыққан жазушы, тарихшы, тағы басқа қайраткерлерде осы шежіре деректерін жинады және өз еңбектерінде пайдаланды. Бұл шежіре деректерінің ерте кезде жазбаға түскендері: Іле алқабындағы Алмалық қаласынан шыққан тарихшы Жамал Қаршидың (1230–1315жж) қаңлы, дулат, оғыз, қыпшақ және қарақан шежіресі, М. Х. Дулатидің Жетісудағы тайпалар жайындағы шежіресі, Қ.Жалайырдың «Жылнамалар жинағы» т.б. [70, 38 б.].
Қазақ хандығы тұсында көп қолданылатын шежірелердің бір тобы: «Нисабнама Шыңғыс» («Шыңғыс шежіресі»), «Нисабнама қазақ» («Қазақ шежіресі»), «Махмуд Собық шежіресі», Бейбарыс пен Ибн Халдун жинаған» Қыпшақ шежіресі» және «Жаһаннама», («Оғыз-Қарахан шежіресі») тағы басқалар. Ескі шежіре-жазбалардың ішіндегі деректері толық шежіренің бірі — «Нисабнама-қазақ», мұнда баяндалған тарихи деректер ХІІІ ғасырдан ХVІІІ ғасырға алғашқы жартысына дейінгі мезгілді қамтиды. Шоқан Уәлихановтың айтуынша, ескі шежірелер: Есім ханның, Тәуке ханның, Сәмекенің, Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталып келген. Ондай шежірелер Абылайда, оның балалары Уәлиде, Сұйықтөреде, Әбілқайырда, оның балалары Нұралы, Айшуақта, ұрпақтары Жәңгір ханда, Дәулеткерейде болған. Абылайдың шежіресі оның ұрпақтары арқылы белгілі. Абылайдың шежіресі оның ұрпақтары арқылы кейін капитан Андреевке, Н. И. Гродековтың қолына өткен. Әбілқайырдың шежіресі толығымен М.Тевкелевтің, П. Н. Рычковтың қолына өткен. Қазақ шежіресінің көптеген қолжазбалары осы күнге дейін орыс архивтерінде сақтаулы.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар жазбаға түсірілген. Олар «Көшен Қарауыл шежіресі» (ХVІІІ ғ.), «Жәңгірдің шежіресі» (1835), Ш.Уәлихановтың жазып алған «Ұлы Жүз шежіресі», Абдулла Ниязұлы жинаған «Үш жүздің шежіресі», Ахмет Жантөриннің шежіресі, Г. Н. Потаниннің жазып алған Мұса Шорманұлының шежіресі, Қорғанбек Бітімжанұлының бастауымен 1894 жылы жинақталған» Орта Жүз және Кіші жүз шежіресі», қазақ шежірешілері Торғай қаласында бас қосып құрастырған» Ғажайып шежіре», «Шыңғыснама», «нисабнама Шыңғыс» (Шыңғыс шежіресі), Торғай би жинаған «Үш жүздің шежіресі», Диқанбайдың «Ұлы жүз шежіресі» т.б сақталған. ХVІІІ ғасырда билеген Ежен ханның қызметкерлері қазақ арасынан қазақтың көптеген шежірелік деректерін жинап, маньчжур тілінде жазбаға түсірген екен. Бұл жазбалар қазіргі Пекиндегі хан сарайы музейінде сақтаулы.
Қазақтың шежіре жинақтарының бірсыпырасы ХХ ғасырдың басында жинақталып басылған. Бұлар: Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ шежіресі», «бұл қазақ қай кезде үш жүз аталған», Н.Наушабайұлының «Қазақ пен түрікпен шежіресі», М.Тынышпайұлының «Қазақ шежіресі» т.б. Орыс тарихшыларының қазақ шежіресін зерттеп жазудағы өзіндік мақсат-міндеттері болады. Солардың бірі Н.Аристовтың шежіреге байланысты мынадай пікірі бар: «Қазақ шежіресі маған қазақ тайпасының тарихын зерттеп жазуда көп пайдасын тигізеді. Сондықтанда мен қазақтың тарамданып өсу жолындағы генеологиясына тоқтамай кете алмадым, онсыз маған қазақ тайпасының өткен өмірін зерттеп білу қиын болар еді» [69, 125 б.].
ХІХ ғасырда Қазақ жеріне саяхат жасаған кейбір ғалымдар шежіренің болғандығы жөнінде сыр шертеді. Мәселен, А.Янушкевич 1846 ж. «Өзінің арғы тегі болып есептелетін сұлтандардың шежіресін-генеологиясын әкеліп, Барақ бізге оқып берді. Бұл шежіре Тұрсындікінде сақталған үлкен қолжазба кітаптан көшірілген. Ол Тұрсынға Түркиядан жіберілген деседі» - деп жазады [67, 126 б.].
ХVІІІ ғасырдағы тарихи оқиғалар, сол дәуірде өмір сүрген атақты тұлғалар, заман туралы деректер ХІХ ғасырда ғана хатқа түсе бастады. Ш.Уәлиханов «Киргизское родословие» (қазақтың шығу тегі) деген мақаласында ХVІІІғасырда жасалған ұлы шежірелердің бірі туралы сөз етеді. Ғалымның айтуынша, ол жыр-шежірені құрастырған — Шал, ақын. Ол Құлеке батырдың ұлы, руы-арғын ішіндегі - Атығай.
Шоқан Шалды Абылайдың замандасы дейді, яғни ол кем дегенде ХУІІІ ғасырда екінші жартысында өмір сүрсе керек. Шал өз шежіресінде тарихи, аңыздарды жинап, қазақтың түп-төркіні Алашадан бастап, өз атасы Құдайбердіге дейін таратқан. Бұл шежірені білушілер Шоқан тұсында да сирек болған, ғалымның өзі тыңдай алмағанына үлкен өкініш білдіреді [68, 130 б.]. Бұдан шығатын қорытынды ХІХ ғасырдың ортасына дейін шежірені хатқа түсіру дәстүрі тамырын терең жая қоймаған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басы қазақ жазба шежіресі дәстүрінің қалыптасу уақыты болды. Қазақтардың ауызекі шежіресінің жазбаша библиографиялық нысанға көшуі М.Ж.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, Н.Наушабаев, Қ.Халид, М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов сияқты ғалымдардың ыждаһатты шығармашылық қызметі арқасында жүзеге асты.
Бұл адамдардың ауызша деректі жазбаша түрде көрсетуге ұмтылысын ұзақ уақыт бойы атадан балаға беріліп келген қазақ шежіресінің ғылыми маңызы зор екендігімен түсіндіруге болатын сияқты. М.Тынышбаев былай деп жазады: «Қазақ халқының әрбір жекелеген руының генеологиясын алдын ала зерттемейінше, сондай-ақ оның кімдермен және қандай уақытта тоқайласқанын анықтамайынша, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы көрінісін көзге елестету мүмкін емес [69, 132 б.].
Қазақ шежіресінің жазылу тарихына байланысты жоғарыдағы көрсетілген мәселелерді жинақтап түйіндей келе, шежіренің жазылу тарихы сан ғасырлық баспалдақтардан өтіп, ауыздан-ауызға тарағанымен қатар, қағаз бетіне түсе бастағанын көреміз. Шежіренің жазылу тарихы туралы тарихшы ғалымдардың көзқарастары бір арнаға тоғыспаған. Егер шежіре деректерін таразылап, талдар болсақ, оның жазылуы, дәуірлеуі көне замандарға барып тірелетінін, аңғаруға болады.
Әлемдегі көптеген халықтар өзінің шығу тегін арғыдағы бір атасының есімімен байланыстыруы-толық қалыптасқан генеологиялық дәстүр. Қазақ шежіресінің ең көне деректемелерінің қатарына түркі жазуларын жатқыза аламыз. Түбегейлеп келгенде түркі тайпарының арасында кең тараған «руникалық» жазу — қазақ халқының шығуы туралы дерек көзі. Ш.Уәлиханов ежелгі қазақ халқының тарихын зерттеуде рхеологиялық және архитектуралық ескерткіштерді маңызды дерек деп есептейді. Оның ойынша, көшпенділер қаланың қираған орны, қоныс қалдықтары сияқты материалдық мәдениеттің елеулі қалдықтарын қалдыра алмады [70, 182 б.]. Сондықтан бар мәдени мұрамызды сақтай отырып, қазақ тарихын жазуда құнды мәліметтер беретін археологиялық, этнографиялық, жазба деректерді зерттеу барысында бір-бірінен дербес қарастырмай, алынған, ақпарат-дерек көздерін ұштастыра отырып, ақиқатына жеткен абзал, сонда ғана қазақтың болашақ тарихы әлмдік қауымдастық алдында іргесі берік алынбайтын қамалға айналары айдан анық.
Қорытындылап айтар болсам, қазақ — шежіресінің мәліметтері қазақ ру-тайпаларының тарихы ғана емес, қазақ халқының тарихынан көп дерек беретін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Шежіре арқылы қазақ халқының түп-тамырын, қазақ мемлекеттілігін, қазақ қоғамын біле аламыз.
2.2 Қазақ рулары, ата тегін тарату туралы деректер
Генеалогиялық білімнің қалыптасуы қоғами талаптардан туындағаны белгілі. Әр халық, қауым генеалогиялық білім мөлшері, көлемі жағынан, оның мазмұндық ерекшеліктерін де өзінің қажетіне қарай қалыптастырған. Көбінесе ондай генеалогиялық білімнің өзі халықтың белгілі бір әулеттері мен әлеуметтік топтарына пайдасы артығырақ тигені белгілі.
Әрине дәстүрлі қоғам жағдайында генеалогиялық білімнің қолдану мақсаты, ондағы шаруашылық-тұрмыстық ұйымның ерекшеліктеріне, кәсіптік-қауымдық қатынастардың жағдайына орайлас болды. Мал шаруашылығын тұрмыс негізіне айналдырған халықтар мен шаһар болып қалалық мәдениет қалыптастырған халықтарда, егіншілікті кәсіп етіп, сауда-саттық және айырбаспен айналысқан әлеумет пен сахаралық көшпелі жұрт ортасындағы генеалогиялық білім мен тәжірибе дәстүрі әртүрлі мәнге ие болды. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының іргесінде жиі кездесіп жүретін маманның бірі Сафар Абдуллаев бірде кездесіп қалғанымда қойған сауалым былай болды: «осы иран халықтарының ортасында ата тарату, ата өрбіту, генеалогиялық білім жинау дәстүрі қаншалықты дамыған?». Сонда Сафар Абдуллаев: «негізінен, генеалогияға ерекше мән беріп ата-тек туралы білім сақтауға құштар болып келетіндері мал баққан, мал шаруашылығымен айналысқан халық өкілдері, Ирандағы парсылардың ортасында генеалогияны осындай бақташылық шаруашылығымен жүрген халықтар сақтайды», - деп жауап берді. Сондай-ақ өзінің тегін ақсүйек әулеті етіп жариялаған діни және төрелік аристократия үшін шежірелік генеалогияның маңызы саяси-құқықтық институт дәрежесіне көтерілгені де әбден белгілі, Генеалогиялық білімнің функционалдық қажеттілігі өз алдыңа, сондай-ақ генеалогиялардың баяндалу тәртібі, шежірелердің формалары да өзінше. Өзінің этникалық менталитет белгілері мен наным-сенім, ырым, космологиялық түсініктерін сақтау жағынан архаикалық қасиеттері артық түрік халықтарының ортасында, әсіресе қазақ халқында, генеалогиялық білімнің жүйесі аруақты құрметтеу, мифология, тарихи білім мен тұрмыс тәжірибесі, ұлттық салт-дәстүр, әдеп, әдет, сондай-ақ қожалар дәріптеген сахабалар рауаяттары мен мұсылмандық мифология да біте қайнасқан. Түрік-моңғол жұртында генеалогиялық білім жүйесі ертеден сақталып келе жатқан аруаққа құрмет ету дәстүріне қызмет етуден басқа да көпфункционалдық мәнге ие болғаны белгілі болып отыр. Шежірелер көшпелі тұрмыс пен жылқы шаруашылығы экоантропологиялық жағдайында өзінің қажетті қызметін жақсы атқарды. Дәстүрлі қазақ қоғамының қатынастары тәртібінде міндетті түрде нақты бір рудың мүшесі болуымен ғана азаматтық құқыққа қол жеткізудің ең басты шарттың бірі болғаны белгілі. Қазақ руының құрамында болу елдің қатарына кірудің бірден бір жолы болса, рудан тыс болғандары тек төлеңгіт, яғни жеке құқығы жоқ қызметші, құл ғана бола алатын. Көшпелінің жеке және қоғамдық қарапайым өмірі ру құрамында басталып, ру құрамында аяқталатын. Рудан тыс ол ешкім емес еді. Рудың ішіндегі билік ру ақсақалының қолында еді, олар патриарх, старейшин еді. Билері билік айтып, батырларының ерлігі зор сарбаз еді, - деп кезінде П.П. Румянцев жазған [7].
Генеалогиялық туыстық қатынастар негізінде құралған көшпелі тұрмыс
кешкен қазақ қоғамы өзінің әлеуметтік-саяси өмірін генеалогиялық тұрғыдан
реттеу принципін ұстанған. Бұл туралы қазақтарды зерттеген білгір ғалым Су
Бйхай: «Жоғарғы жақ үстемдік жүргізуші топтар, осы шежірелерге сай руларға, тайпаларға жайылым бөліп береді. Аламан-салық және сарбаз жыйнайды. Сондай-ақ тайпалар арадағы шараларды т.с.с. істерді бітірді. Сондықтан шежіре
үстемдік жүргізуші топтар жөнінен алғанда, неде болса орны өгейситін орында
тұрды. Ал халық бұқарасы жөнінен алғанда, қазақтарда жеті ата араламайынша бір-бірінен некелеспеуді шарт ететіндіктен, шежірені білу қандас -қарындастардың бір-бірімен үйленбеуіне мүмкіндіктер берді» - деп тиянақтап жазған [54, 177-178 б.]. Орыс зерттеушісі Б. Юзефович «қазақтар өзінен жоғары он төртке жуық атасының атын біледі, тіпті, біршама толық қазақ генеалогияларын жинап құрастыруға болады. Өйткені олардың әрбір қазағы өзінің ата-бабалары жайын неміс ақсүйек барондары сияқты жақсы біледі және өзінің тектілігін мақтан тұтады» - деп жазған болса [50, 802-803 б.], қытай ғалымы Су Бйхай «әдетте, әрбір қазақ азаматы өзінен бастап жеті атасының атын жатқа айта алады. Тек ата-анасынан жастай айырылған жетімдер ғана ата-бабасының атын білмейді. Қазақ арасында «Жеті атасын білмеген жетімсіздіктің салдары» деген мақал осындайдан қалған» - деп ескертеді [15,
177 б.]. Генеалогия - уақыт сипатын білдіретін таным және өлшем категориясы болса, тарих - хроника, уақыт мағынасымен өзектес ұғым. Осы жерде тарих пен генеалогияның өзара байланысатын тұстарын анғарамыз. Жалпы Қытайдағы қазақтар шежірелерінің баспадан шыққан бірнеше нұсқалары бар [14, 36-42б.].
Генеалогиялық уақыт отбасы уақыты мен ру уақытынан және халықтық уақыттан құралады. Сонымен бірге, генеалогия – ұрпаққа берілетін білім жиынтығы, ата мұрасы болып табылады. Генеалогиялық мұра – қалыптасқан әлеуметтік әлемнің моделін келесі ұрпаққа жалғастырып беру жолы болып табылады. «Қазақтар шежірені жырдай анық айтады. Ал кейбіреулері тіпті бүкіл қазақтың үш шежіресімен жетпіс-жеті атасын жатка біледі» - дейді [13, 178 6,]. Өткен ғасырдың басындағы қазақ даласына келген кажетті элеуметтік инстуттарды енгізу үшін бұрынғы әлеуметтік институттарды жою тиіс болды, Сондықтан аннексияны максат тұтқан сырт күштер үшін олардың бұларлық жіктерін жақсы білу тиімді болғаны белгілі. Шежірелерді казакка ұмыттыруға тырысты. Сонымен бірге қазақтың да емірлік шынайылығын өз ырқына карай бұрып, казактың ру-туыстық кауымлык жүйесіне негізделген ұлттық әлеуметтік моделді жоюға бет бурды. Шежірелік деректер келесі ұрпақтарға жалғасатын білім мен тәжірибе жиынтығының түп казыгы элеуметтік болуы тиіс, элеумет-тарихи жалынын құрайды, Барлық манызлы әлеуметтік деректер көшпелілер ортақ конструкциясына орайлас, соя жүйенің жігіне тыгыз байланыстырылалы, Генсалогия тарихи угкыт категория кызметін де, кеністік категория кызметін де атқарады. Генеалогия адамның өмір бастауларын өмір бастауларын тарихи терен дауірлерге, аты айналған ұлы балалардың өмір замандар бойлаткан, барлығына ортақ бір үлкен биография. Шекіре этимологиялық мағынасы, семантикасы «жолы» ұғымы болуы кездейсоқ емес, Өйткені өткен оқиғаларға байланысты түрік-монғол жұртының жағынан күрделі көшпелілік қауымдастығының құрамында болып, сондағы әлеуметтену процесіне барлық ру-тайпалар мен әртүрлі ел кауымдарынын барлығын біріктіретін ортақ бір»тарихи жады» калыптастыруы керек болды, Соның нәтижелерінде «Алты алаш шежіресіп, «Казак шежіресіп, «Қарақалпақ шекіресіп, «Қырғыз шежіресі»
[12], «Түркмен сияқты әртүрлі кауымдар мен ұлт-ұлыстардың шежірелері калыптасып отырған, Генеалогиялық білім - ой қорыту, ой елегінен өткізу амалдары жолымен өзінің әлеуметтік кеністікте, әлеуметтік иерархияда орыны барлығын көрсетеді және өзіндік биографиясы мен оның барлық сатыларынай өтуі арқылы биографияға субъективті бір мағына беретіндей мәнге ие болуы тиіс, Сондықтан генеалогиялық білім үнемі қозғалыс үстіндегі үрдісі, яғни шежірелер «ел жадында өмір сүретін, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мирас ретінде үздіксіз ауысып, соның барысында ылғи өзгеріп, жаңғырып, жаңаланып отыратын жанды құбылыс» [11, 386-387 б.]. «Көшпелі тұрмыс рулық және тайпалық жүйеге динамикалық қасиеттерді берді, соның арқасында ғана олар өмірдің, саясат пен биліктің үнемі өзгеріс жағдайына икемделе білді. Бұл динамикалық қасиетті рулар мен тайпалар аннексиядан кейін жоғалтып, отырықшы, жатақ тұрмысқа өтіп, рулар мен тайпалар өз қызметін токтатаканнаи кейін олар тек генеалогиялық бірлік ретінде қабылданатын болды» [1, 27 б.], Тоғыз атада би болу жолы, сол хандық қызметке пісіп жетілудің кепілі ретінде, тектілік қасиеттерді өз бойына жинау мақсатында болған
Қазақтың рулары мен тайпаларының құрылымдары белгілі дәрежеде дәстүрлі шынайылық пен қазақ халқының тарихи этникалық тұтастығын анықтауға болады. Тарихи-генеалогиялық фактілер - шежірелердің негізгі мазмұнын, құрайтын тарихи айғақтар болып табылады. Факт – объективті шындық және шындықтың нақты көрінісі екені белгілі, Фактілер – шындықтың тетіктері болып табылады. Шежірелердегі тарихи-генеалогиялық фактілерді нақты тарихта орын алған оқиғалар деп қабылданатын тұстар да аз емес. Бірақ
шежірелердегі айтылған фактілер уақыт өлшемі жағынан қаншалықты ертеде өткен және көне болғанын, қоғамда оның рас орын алғанын, айтылған деректің
шындыққа сәйкес немесе сәйкес емес болуын көрсетуі зерттеу әдістерінің жетік болуына байланысты. Тарихи фактілер өткен тарих жайында баяндау үшін және айтылған ойларды фактілермен суреттеп дәлелдеу үшін керек, Тарихи айғақ фактілік шындықты сипаттап отырған дерек авторының айтып отырған өз
сөзі. Қ. Халид еңбегінде берілген деректер ауызекі айтылған сөз екендігі көрсетіліп, нақты айтушы адамның есімі келтіріледі де, оның айтқан сөзін сол
қалпында жазады. Сөйтіп Қ. Халидтің шежірелерінің өзінің әкесі Халидтін, Ахмад шайх, Хамид қария Марғұлани, Миан Солих хазірет, Ыскак кария Наманғани және т.б ауызша дерек бсруші қария тұлғалардың есімі айтылады. Немесе, бұл әңгіме жазушының әкесінің аузынан алынған деп Кұрбанғали Халид ескертіп кетеді. Мысалы: «Қари Хамид Марғұлан былай дейді: «Бірде
намазға дайындалып жатқанбыз, азаншының «кырыңдар, өлтіріндер» деген айғайынан шошып жүгіре шықсақ, көшелердегі кісі қырғынынан жан түршігерлік... Шынында Шерәлі ханның 1856 жылға дейінгі 15 жылдық билігінде қырғыз бен қыпшак үстемдік ететін әр қала әкімі: Нармұхаммед датқа, Жұмабай датқа, Мырзат датқа, Хал Мұхаммед датқа, Өтенбай фарманачи
(әскер басы) - бұлардың әрбір калада қара чиғанға (қыстақтары қара халық) билік еткендер еді. Нәтижесінде бұлардың барлығы жазаға тартылды. Бұл оқиға
тарихта «қыпшақ заманасы» деген атпен қалды» - дейді. Шежіре баяндаушы субъект туралы Құрбанғали Халид өз дерегінде осылайша көрсетеді. Барлық шежірелерді осындай дәрежеде айқын, нақты сілтемелері көрсетілген деректік туындылар дей алмаймыз. Шежірелердің субъективті тұстары әлде қайда молырақ және ол заңды да құбылыс. Өйткені шежірелердегі нақты айтылған дерек, мағынасы мен табиғаты жағынан нақты бір тарихи оқиғаның нәтижесі тұрғысынан объективті сипатта болғанымен, бұл деректі айтушы адам қайткенмен жеке пенде, яғни тарихи сөз сол жеке пенденің пікірі, ой тұжырымы, өз ойының қорытындысы ретінде дүниеге келген, әрине сондықтан ол шартты түрде қалың әлеумет қауымның бір өкілі болып табылып, немесе өзіндік психологиялық түсініктері тұрғысынан сөйлейді. Бұл жағдай субъективті құбылыс болып табылады. Мұндай субъективтілік факторды игеру
үшін, ол қария сөз деректерін, тарихи шындықтың басқа да тарихи фактілерімен салыстыра талдауы қажет. Сөйтіп дерек фактілері мен шындық фактілердің жігін ашу зерттеушілердің басты міндеті соған жол жеткізген уақытта шежірелік дерек фактісі ғылыми-тарихи фактілерге айналып, факт – білім жүйесі айналымына енеді.
Шежіредегі ру-тайпалардың рулық негіздегі туыстық тарихи болып берілген. Категориялардың әр рудың езінше әл-қуаты әсер еткен. Осы жағдайды сипаттайтын көптеген мысалдар шежірелерде де, тұрмыстық фольклюрда да халық шығармашылығында да бар.
Қазақтың туыстық және рулық катынастарын сипаттаған П.П. Румянцев төмендегідей пікір білдірген. «Қазақтардың мәдени дамуында жеткен дәрежесін социология жагынан патриархалдық-рулық тұрмыс деп атаймыз.
Бұқарахалық халық феодалдық дәуірге тән сословислерге бөлінген, бірак
дәуірдің таптарына рулардан құралған, ру бір рубасынын ұрпағы болған өзара туыстық катыласы бар азды-күні бір топтың және, ең маңыздысы, олар қаны бір туысқан екендігін біледі. Басқа рулардың осындай бір атадан тарағанымен, ортақ ру таңбасы, құрамы бір болуымен, рулық туыстық сана бара-бара, уақыт өте келе рудың ішіне өз еркімен немесе еріксіз кірген адамларғаза тарайды. Сырттан келген кірмелередің үлесі олардың есіміне және одан да кірпі ру топтарының пайда болуына орай түскені сөзсіз, Сонымен, қаны жағынан туыстык қатынастардың мәні жоғалса да, рулық ынтымақ бұзылмаған, алсіреметен, ол әлеуметтік ұйымның өте принципіне айналып, ортасында осы күнге дейін жалғасып келеді [3, 35-38 6.].
Бұрынғы хандар мүндай барганда косыпды үш балық кылады екен, Бір бөлігі кезуілші деп оқшау бөлек алдында жүргізеді екен, Бір бөлігін тосқауылшы деп ханды ортасына алып, орта буында жүреді сен, Бір белігін салықшы деп занас кейін арттарында ұстайды екен. Көшпелі қауым жағдайында әлеуметтік және тарихи контексте өзінің орнын табу үшін нақты индивидуум өз генеалогиясын білуі болды [2,83 6.]
Түркмендердің ру-тайпаларының аттарында түркмен халқының құрамына
кейін неге этникалық компоненттер де кездеседі. Олардың көбісі казак, карақалтак, өзбек, қырғыз сияқты коңсылас түркі халықтардың рулары мен тайпаларына тән этнонимдерде де кездеседі: Тана руы текелерде, жоуміттерде, ерсары қазақтарда, қырғыздарда бар; Саят руы салырларда, ерсарыларда және бектерде; барак руы жауміттерде, Нұрата ортасында, қазақтарда, қырғыздарда; жәнібек пен едіұрық сарықтарда, қазақтарда, кырғыздарда және тағы басқаларында; Кенегес пен шағатай сақарларда; қыпшақ әлиелі, қарлық арабашыларда; калмақлы ерсарыларда, тибет сарықатарда; мугол (қазақ ортасында да мұғал деген ру кездеседі - М.А.) Шәржау салорларында; қарамугол аландарды және басқаларының ортасында [4, 2-3 6.].
Ортағасырдарда орын алған анық этникалық байланыстары негізінде түркмендер Сүйін хан (Сайын хан) мен Есен хан сияқты екі адамның ұрпағы болып есептеледі, XVI ғасырда Есен ханды түркмендердн құрамына арабашы,
абдалы, шәудір, иғдыр, гөклен және т.б. тайпалар кірген. Ал сүйнхандық түрікмендердің құрамына солор, сарық, жәуміт және сыртқы ерсары сорларлары кірген.
Қазақтың шыгу теті туралы Рахметола Ш: «қазақ деп дәл калай аталғаны туралы дәл байлам жоқ. Елімізде жаралы қалған қанша батыр деген батыр жігітке аспаннан аққу, қаз (пері) келіп су тамызған. Жігіт сол пері қызымен некелесіп, солардан туған баланы қазақ деп атаған дейтін аңыз бар. біреулер айтады үнемі қаздай тізіліп көшіп жүретін болғандықтан қазақ атанған деп, енді біреулер ежелгі қазақ жерін мекендеген Саққ, Қаз, Каспи сияқты аз тайпалары бар тайпадан калыптасқан деп, және біреулен ежелгі түркі сөздігінен ұсынады әеркін көшіп жүрген адамдар» деп, ал енді данышпан Абай Құнанбайлы «Арабтар ортаазиядағы көшпелілер халлықтарды «Хұзақи» деп атаған дейді [5, 57-58 б.].
Шежірелердің жоғарғы генеалогиялық казак мейлі аскери, мейлі шаруашылық принцпитсрімен ла, бірден-бір анық нәрсе кез келген тарихи-мәдени ақпарат генеалогиялық принциптері негізінде түзілген, «Егер осы шежірені этностың, тайпаның, рудың, тіпті белгілі адамдардың тек-тамырын тарататын жанан схемалар түрінде ғана емес, сол генеалогиялық схемаларды түсіндірстін, әрі негіздейтін қою мазмұнды әңгіме, хикаят, әпсана, аңыз, тіпті мифтік құрылым ретінде де қарастыратын болсак, онда онын фольклорлық дәстүрдің іргелі заңдылықтарына толық сәйкес этномәдени қызмет атқарғандығына каз жеткізуге болады, яғни, шежіренің сюжет элементтерінің
(мотивтерін) шарттылығы (условность), вариативтілігі және т.б.» - дейді Н. Әлімбай [6, 162-163 бб.] Қазақтың генеалогиялық құрылымы туралы ой қозғаған орыс зерттеушісі Л. Леваневский былай жазады: «Шыңғыс хан күйреткен Анас ұрпағынан барған үш жүз әскері монғолдардың тұтқынына түсті: олар өз жұртына оралмай, Қытайда тұрса да дінін тұтып, монғолдармен бірте-бірте араласып кетті; міне сондықтан қырғыздарды (қазақтарды) арабтардың ұрпағы демей, монғолдардың үрім-бұтағы деп көбі есентейді. Бұлар өсіп-өніп бірте-бірте өзіне «үш жүз баласы қазақ» деп аталған. «Қазақ» деген сөз көне парсы тілінен шыққан, оның мағынасы «қарауыл» деген сөз. Қытайда бұратана халық ретінде кутын көрген қазақтар, басқаша айтқанда қырғыздар, ол жерлерден Әбіш Әбілқайырдың бастауымен батысқа қарай жылжып Сыр дәрия, Қара төбе және халық жүздерінің құралуы генеалогиялық аңыздарға саяси әсерін принциптер негізінде қалыптасқаны түсіндірілсе, ғылыми зерттеулерде оныңқалыптасуы геоэкономикалық себептері жағынан басып түсіндіріліп келді.Жүзді тайпалық одақ ретінде де қабылдауға болады. Оның ұйытқысы ірі тайпалар болды. Мысалы, ұлы жүздің –Үйсін, Орта жүздің –Арғын, кіші жүздің –Алшын атауы да осындай болса керек.Қазақ шежірелерін зерттеу тәжірибесінен сайып келгенде қазақ жүздерінің рулық негізі мен әлеуметтің тұрғыда тығыз байланыстар барлығын олар нақты көрсететін тарих.Үш жүз ұғымының аумалы мағынасының бірі үш жұрт туралы ұғыммен де байланысты болғаны байқалады. Әр жүздің ішінде озық рулары болған, оларға шежірелерде халықтың тарихи санасы тарапына баға берілген. Мысалы:Бұрынғылар айтқан сөз дейді: Алшын болсаң Адай бол, арғын болсаң Алтай бол, үйсін болсаң Сиқым, Жаныс, Ботбай бол, Найман болсаң Қаракерей,Садыр,Матай бол ... Тышқанның да сәуірі болады деседі. Алтай –арғынның сәуірі болған екен. Алтайдың бай бейбішесі қанжығалы Піспекбайдың қызы Бейбике. Қазақтың дәстүрлі шежірелік санасында әлеуметтік сеністік үш түрлі негізгі сегменттен құралған:өз жұрыт, нағашы жұрт,қайын жұрт. Күйеу жүз жылдық, құда мыңжылдық деген мақылдың астарында терең тарихи-әлеуметтік мән жасырылған.Сондай-ақ, құдық түбі шыммен бекіп, бітеледі, дау аяғы қызбен бітеді деген шежірелік ұғым әлеуметтікарақатынастардың бір қырын көрсетеді. Шежірелік деректердің біршама мәліметтері ішкі мәні жағынан рулардың өзара үшжұрттық қатынастарын қамти сөйлейді.Осыларды қысқаша ғана төмендегідей мысалдармен суреттеуге болады: Жансарының бейбішесі Қарауыл қаражігіт бидің қызы екен//Түменбайдың әйелі Қуандық 12 мың жылқысы бар Сапақ байдың қызы екен аты –Ақбет, әйелдерге болыс енем атанған //Жарылғаптың әйелі Қуандық Тілеш –Тілеуұлы бидің қызы, аты –Ұлжан //Бесімнің бейбішесінің аты Бөктік Қыпшақ Қатықолақ мергеннің қызы екен // Шындығында Әбілқайыр Шыңғыс әулетіне жиен. Атап айтқанда Өзбек ханның үлкен қызы Үриябанудан туған. Үриябану Қорасан әміршісі Гилауыз Шайбанидің әйелі болған.
«Тайтеке Қаржас Анайға қызын бергенде қалың малға осы Ақбет таудан жар алып көшіп келіпті» //»Телеуден үш жігіт Өтебай деген байға жиен болып келген. Солардың біреуі Өтебайдын қызын алып, содан қайтып келіп «нагашыларымды тап» деп, Телеу жаққа кеткен. Әйел үш баласын осы шаққа
жіберген. Содан олар осы қаржас жеріне келіп өніп өсті» //»Қуандықтың алты баласы ат арқасына мініп, соңына еріп, жасаққа жарағанда Сүйіндіктің отауы сонда түріліпті, қатыны Үлы жүз - үйсін Өгіз бидің қызы екен дейді // Сол сияқты әлеуметтік деректер тарихи географиялық сипаттағы деректермен де ұласып жатады: «Қаздауысты Қазыбекте төрт ұл, жалғыз қыз болыпты. Мәнкен деген бір қызы болыпты. Мәнкен Жалаңтөске тұрмысқа шыққан. Қаздауысты Қазыбек Жалаңтес батырдан 29 жас үлкен екен. Кіші әйелі, аты Ақсұлу деген, қалмақтың ханының, батырының қызы екен. Сол Ақсұлуға қалмақпен соғысып жүргенде, көзіне садақтың оғы тиген дейді. Сонда сарбаздарына «оқты жұлып ал» дегенде, сарбаздары ала алмапты. Ақыры Аксұлу қыз сол оқты өзі алған. Сонда оқ көздің шарасымен бірген түскен дейді. Кейін Ақсұлу Қарағандының бойындағы бір өзеннің маңында жерленген, сол өзен кейіннен «Соқыр өзені» деп аталып кетті» //»Қазақтың бетімен жайылған койдай емін-еркін, өз тізгіні өзінде жүрген күндерінде қатын керек болса, ноғайлықтардың қызын еріксіз, сұраусыз алып кете бергендіктен ноғай халқы қазақты бұл күнге шейін жек көріп кеткені сол, қалмақ ежелден атасының асындай болған. Онан олжаға ұл түссе «құл», қыз түссе «күн» дейді». Осы мысалдардан байқап отырғанымыздай шежірелердің руларға қатысты деректері ең алдымен руаралық үш жұртты әлеуметтік байланыстыру ретімен сәйкес келеді. Үш жүздің қалыптасуы туралы деректер шежірелерде әрдайым үш түрлі негізгі ру атымен байланысты: Үйсін, Арғын және Алшын. Шежіреде төмендегідей генеалогиялық жүйе бойымен айтылады: «Қазақтың төрт баласы болғанын айтып өткенбіз. Оның үлкен баласы Көзелдің тұқымынан дерек жоқ, Қазақтың екінші баласы Ақарыстан, оның тұқымы Ұлы жүз Үйсін, Үшінші баласы Бекарыс, орта жүз арғын, найман, төртінші баласы Жанарыс, Кіші жүз Алшын» [8] // «Ата тарихы. Қазақтан үш бала: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Ақарыстан сегіз бала: Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс, Қаңлы, Манас, Ошақты, Жалайыр. Жанарыстан алты бала: Қарақожа, Дарақожа, Аққожа, Ақтанқожа, Есімқожа, Қасымқожа: Қара-қожадан - арғын; Дарақожадан - найман; Аққожадан - уақ; Ақтанқожадан - тарақты; Есімқожадан - қыпшақ; Қасымқожадан керей. Бекарыстан үш бала: Қадырсиық, Солтансиық, Бақтысиық» [9]. Кіші жүзді шежірелерде «жиырма бес таңбалы Алшын» деп атайды. Яғни Кіші жүздің құрамы жиырма бес түрлі рулардан құралғанын көрсетеді [10]. Қазақ рулары әртүрлі тарихи жағдайларда өз ретімен түзілсе де, шежірелерде олардың барлығы бір атаның баласы ретінде суреттеледі. Бірақ кейбір шежірелерде олардың бір жүз құрамынан басқа жүздің құрамына, тіпті алты алаш түріктен келіп қосылған тұстары туралы бейнелі дерек келтіріледі. Осыған байланысты шежірелерде әртүрлі дерек нұсқалары бар. Мысалы: «Төрт ата қарауыл бас қосып отырғанда бір жас жігіт кіріп келіп, айтады, «кім керек қылса осыған бала болайын» - деп. Сонда отырғандар «кім боласың?» дегенде, жігіт, «мен қатаған деген халықтан боламын» дейді. Отырғандар бұл жігітке Сен тақыр жігіт екенсің, қатаған халқы қазаққа қатты жау,сен қатағанмын деме, шанышқылымын де деп ұқтырып, шанышқылымын деген сөз жауыр жігіт қылып алады. Ондағы шанышқылы деген ел қатаған затынан болуға тиісті //Қарақалпақ ішінде төрт ағайынды жігіт батыр, мықты болп зорлықшыл, елге тізелері тиіп мейманасы асқан соң, ел жиылып кеңесіп, төртеуін бір күнде өлтіруге сөз байлағандарын естіп төртеуі қарақалпақтан қашып қазақ ішіне келіп үшке бөлініп кеткен екен. Олар мыналар: Назар, Қайназар, Өтеулі, Байназар, Өтеулі мен Байназар көшіп еліне келіп Өтеуліні Жазай жігіт қылып алған. Байназарды Есілбай алған, Өтеулі тұқымы: Сәрсембай, Темір,Асайын, Ұсайын, Уайыс, Ментекей, Жанқожалар. Байназар тұқымы: Қарықтай, Темешбай, Сүйіндік, Қажлар. Назар тұқымы: Дуылдақ ішінде Көшін балалары Тәтікей, Баянды. Бір ауыл Қайназар Тәнжіғалыға тоқатп Шеру, Тотая бір ауыл қарақалпақ бар дейді. //Ертеде үш жүздің мекендеген жері жиделі байсын елі екен. Сол уақытта Жиделі Байсын елінен жеті жігіт қашып шыққан. Мінгелдері желмая. Содан Асан Қайғы елінен Сарыарқаға келіпті. Қашып келген балалары –Ұлы жүз Үйсін батырдың үлесіне Қаңлы мен Шанышқылы тиіпті. Орта жүз Ақжол батырдың үлесіне Уақ пен Керей тиіпті. Кіші жүз алшан батырдың үлесіне табын мен Тілеу тиіпті //Ұлы жүз ішінде және қоңырат бар, ол басында Орта жүз елі еді, өкпелен көшіп барған. Мұны Әбілғазы Баһадүр хн маңғол ханы Елханның Қиян деген баласының нәсілінен Жорық мергеннің баласы Қоңырат деген кісінің нәсілі дейді //Арғынның үшінші әйелінен –Көбеш, жібіш, Мұғаш, Тағаш. Бұл төртеуінің ұрпағы аударыс төңкеріс уақытында Асан қайғымен Жиделі –Байсын еліне сіңіп кеткен. Бқл төртеуі Сарыарқаға келген жоқ. Сыр бойында қалған. Қабланнан –Бақтияр туды. Бақтиярдан –Ошақты туды, Орақты, Тарақты, ошақтыны Ұлы жүзге ноқта ағасы қылды. Орақтыны Кіші жүзге ноқта ағасы қылды //Қазақтан үш арыс туады –Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Ақарыстан –Ұлы жүз, Бекарыстан-Орта жүз, Жанарыстан –Кіші жүз. Ұлы жүзден-Үйсін, Дулат осы екі баладан тараған. Орта жүзден Қотанбай бабамыз жалғыз туған. Кіші жүзден Алшын,Жаппас, Шөмекей осы үш баладан тараған.
Ұлы жүз руларының деректері.
Шежірелердегі Ұлы жүз қазақтарының қоныстануы туралы деректер. Балқаш,яғни Теңіз көліне құятұрған Қаратал өзенінен Сырдария һәм Шыршық өзіне шейін қаңлы, дулат нәсілі. Ұлы жүздің шапырашты, ысты дегендері Алматыға қарайды. Сіргелі мен ошақты Сырдарияға жақын. Бұл төртеуі қаңлыдан шыққан. Шежірелердегі Ұлы жүз құрамы туралы деректер: Байтоқ ұранды Үйсін мен Сарыүйсін рулары; Бақтияр ұранды Дулат рулары: Ботбай, сәмен ұранды Ботбай рулары; Шымыр, Қойгелді ұранды Шымыр рулары; Сиқым, Рысбек ұранды Сиқым рулары; Жаныс, Төле ұранды Жаныс рулары; Райымбек ұранды Албан рулары; Байсуан ұранды Суан рулары; Қарасай ұранды Шапырашты рулары; Жауатар ұранды Ысты рулары; Бақтияр, Бөрібай ұранды Жалайыр рулары; Бақтияр ұранды Сіргелі рулары; «Байтерек», «Айырылмас» ұранды Қаңлы рулары; «Айырылмас» «Шаңышқылы» ұранды Шаңышқылы рулары. «Үйсіннен Абақ, Тарақ туды. Албан, Дулат содан туды. Тарақтан Жалайыр туды. Жалайырдан - Сырманақ, Шуманақ туды. Сырманақ еді. Шуманақ үшеу еді. Сырманақ үлкені Сіргелі, Балталы, Қайырлы, Арықтаным, Байшегір. Шуманақтан - Ахметқожадан Маңғытай, Барақ туды. Қанқожадан. Қарақожадан - Ақбұйым, Келфе, Сатай туды, Маңғытайдан алтау еді. Барақтақ біреу еді. Айырқұл. Сиырқұл, Седірқұл» [11] «Үлы жүз Ақарыстан Yücin, Дулат деген екі баласы болған. Үйсіннен төрт бала туған. 1. Жалайыр. 2. Қаңлы, 3. Ошақты. 4. Ергенек. Ал Дулаттан төрт бала туғаң, Ботбай. Шымыр. Сиқым. Жаныс. Ұлы жүзге қосылатын Бестаңбалы Бахтияр» [250]// «Үлы жүздің дулаттан соңғы көбі жалайыр болған. Оның рулары: андас, мырза, кара шапан, орақты, ақ бейім, қалпе, сыпатай, арықтыным, байшегір, сиыршы болғаны, қайшылы, күшік. Осы күшік деген біздің қалқаман нәсілі бола ма деп ойлаймын. Себебі осының түбі жалайыр емес дейді. Жалайыр бұрынғы уақытта бек көп ел болған»[11] І/»Ұлы жүз - Ағарыс. Ағарыстан - Үйсін, Үйсіннен - Майқы, Қоғам. Майқыдан Жансақал, Ақсақал тарайды. Жансақалдан - Жырманақ, Шырманақ. Бұлардан 12 ұл. Ақсақалдан Қараби. Қарабиден Дулат руына қосылып кеткен елдер тарайды. Жалымбеттен - Ошақты, Есті, Шапырашты. Байдібектен - Жарқышақ, Жарқышақтан Албан, Суан, Дулат» [13, 5-9 б.]. Сол дулаттың оңтүстік күнбатысына келген көп қаңлы және қаңлының шанышқылы деген табы. Ұлы жүздің ең көбі дулат болған. Оның ішінде ботбай, шымыр, сиқым, жаныс, албан, суан. Албаннан шыққандары: қызыл бөрік, қоңыр бөрік, айтбозым, сегіз сары, құрман, әлжан, қиыстық және Іле өзенінің солтүстік жағында ескі үйсін нәсілінен сарыүйсін бар. Оның рулары кұттымбет, жанай, жолай, танай, жан досай, құлыке, қырық деген» [11].
Орта жүз руларының деректері. Шежірелердегі Орта жүз қазақтарының
коныстануы туралы деректер: П.И. Рычковтың еңбегінде мынадай шежірелік дерек келтірілген: «Ал Арғын руы тоғыз атаға бөлінеді. 1-шісі Чакчат (Шақшақ - М.А.), 2) Чарджит (Сарыжетім - М.А.), 3) Тюртюул (Төртуыл - М.А.), 4) Караул (Қарауыл - М.А.), 5) Каракисяк (Қаракесек - М.А.), 6) Канджагалы (Қанжығалы - М.А.), 7) Атчай (Атығай - М.А.), 8) Тараклы (Тарақты - М.А.), 9) Кулчан-Аргинское (? - М.А.). Қыпшақтар бес буынға бөлінеді, нақты айтқанда: 1) Қыпшақтар, сосын 2) Кунделен (Көлденен - М.А.), 3) Узун (Ұзын - М.А.), 4) Та)абуга (Танабұга), 5) Карабалык-Кипчакское (Қара қыпшақ, Балық қыпшақ - М.А.). Бұл Орта жүз Кіші жүзбен салыстырғанда көбірек және дәулеттірек, әсіресе, бұларда жылқы кәсіп және Кіші жүздің жылқыларынан көп те, жақсы да, Бұлардың халқының турмысы да ауқатты; сол үшін азиялық көпестер мен саудагерлер Орынбор мен Троицк қамалдарына барар жолында керуендері Орта жүздің ұлыстарымен жүреді. Өйткені, айтушылардың сөзіне қарағанда, бұл жол қауіпсіздеу және ормандар да көп, әртүрлі адамы да мол. Осының барлығын тексерін салыстырам дегендер Императордың Ғылым Академиясында сақтаулы киргиз кайсак (қазақтар - М.А.) және башкирлер туралы №28, 29, 30 и 31 «Ескертпелерді» қарасын» [12, 80-81 б.]// «Шекті арғынның ата қонысы Торғай бойында, Қостанай жағында» [13] //»Көктіңұлы Тәшкент жағында (Нұрата, Мақтарал жағында болады)», //»Керей ел серкесі болған кісі екен, үш рет ел ауғанда екі рет те елін бастап Сарыарқаның сауырын мекендепті» [12, 6-7 6.]. Керейлер XII-XV ғасырларда Жетісу, Тарбағатай, Ертіс бойында, Жайсан көлінен Ом және Тобыл өзендеріне дейнгі өңірде, наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерді, арғындар Ертістен батысына қарай орталық Қазақстанды, ішінара Сырдария мен Батыс Жетісуды мекендеген. «Нам представляется несомненным, алтайское происхождение киргизской группы кыпчак, поскольку родовые деления внутри нее не имеют аналогии с родовым делением у тех же групп в составе узбеков, каракалпаков. Однако среди названий подразделений группы кыпчак у казахов (Средний жуз) мы находим идентичное кигизскому: Торуайгыр» [16]. Шежірелердегі Орта жүз қазақтарының құрамы туралы деректер. «Молла Мұса мен Бұдабай былай дейді: Тарақты ноқта ағасы, арғын ағасы //Болғанда найман жеңін, қыпшақ жаға Бұдабай енді бір сөзінде: Қыпшақ пен арғын бір анадан //Найман мен қоңырат бір анадан - дейді. Уақ, Керей арғын руына жақын көрінеді» [17]. Барлық қоғамдардағы ретсіздіктер бір реттілік тәртібіне келеді. Орта жүздің руларының құрамы төмендегідей; «Ақжол» ұранды Арғын рулары; «Қаптағай» ұранды Найман рулары; «Ойбас» ұранды Қыпшақ рулары; «Ошыбай» ұранды Керей рулары; «Жаубасар» ұранды Уақ рулары; «Алатау», «Мүкәмал» ұранды Қоңырат рулары. «Тарақтының ұраны - Байсары. Арғын ұраны Ақжол… Қыпшақ ұраны - Ойбас. Екінші ұл елдің жағасы. Қоқан заманында Түркістан қыпшақтары Құдияр Қоқанға қарсы көтеріліс жасап, қырғынға ұшырайды, Құдияр Мұсылманқұлға «Түркістан кезінде қыпшақтың Ойбасы дегенін естімейді, ойбайласам құдай да естімейді» деген екен. Найман ұраны қаптағай. Үшінші ұлы. Қоңырат ұраны Алатау» [68]. Арғын тараулары: Бес Мейрам, Жеті момын. Кіші жүздегі арғындар. М.Ж. Көпейұлы «Орта жүз тарақтымен қосылып жеті арыс ел аталған» - десе, сондай-ақ басқа шежірелерде: «Орта жүз - Жанарыстан тараған бес рулы ел: Тарақты. Арғын. Найман. Қыпшақ. Қоңырат. Керей. Қарақыпшақ Уақ» - деген деректі де кездестіреміз [65]» Арғын ағаның нәсілінен Қодан, оның баласы Дайырқожа, лақап аты Ақжол, оның бәйбішесінен Қарақожа, тоқалынан - Сомның, мұның екі баласы: Саржетім, Шақшақ. Олардың нәсілі Кіші жүзде тоқал арғын атанады» [11] // «Арғынның үшінші әйелінің аты Айнамкөз. Мұнан туатын бала екеу. Саржетім, Шақшақ дейді. Шақшақ табынан әкесінің аты Қошқар Жәнібек батыр, лақап аты қара палуан Жәнібек деп атайды.
Шақшақұлы Жәнібек, Қошқарұлы Жәнібек, қара палуан Жәнібек - барлығы бір адамның аты. Бұл қара палуан Жәнібек Абылайды Орта жүзге хан көтерген. Батырлығы да, кісілігі де толыққан кезі екен. Арғынның жоғарғы басшы адамы болуы керек» [18] // «Сарысопыдан Шаржертім, Шақшақ, Екі шекті, Қырықмылтық, Түлек, Ақташы, Тағашы, деген рулар тарайды деп айтады. Екі шектіні тоқал арғын деп айтады. Өйткені Сарысопы арғынның кіші әйелінен туған дейді. Шақшақтан Қошқар, одан Жәнібек деген кісі туады екен. Бұл кісі Орта жүздің белгілі биі болған дейді. Шекті арғынның ата қонысы Торғай бойында Қостанай жағында. Бұларды тоқал арғын дейді. Арғынның кіші әйелінен туған деп айтады.
Найман тараулары;
Біздің білуімізше, Орта жүздегі найман атасы -Софы мырза, оның Өкіреш, оның баласы: Домбауыл, Сүгірше, Саржомарт, Бомбауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан таңба басып Терістаңбалы атанды.Сүгіршенің баласы –Қытай, оның баласы –Төлегетай, оның төрт баласы-Қаракерей,Матай, Садыр, тортуал, Қаракерейдің екі баласы –Байторы, Ерторы, Байторының баласы – Байыс және асырап алғаны Ақнайман. Ерторының баласы- Байсиық және асырап алғаны Қарамолда, Байықтың бәйбішеден төрт баласы -Мәмбетқұл, Сыбанқұл,Ахмедқұл, Сары, Мәмбетқұл жаскүнінде өкпешіл болып, қыржиып отыра бергеннен Қыржай атанды.Сыбанқұл сыбан атанып, Ахмедқұл Ақымбет атанды. Байыстың тоқалынан екі баласы –Тума, Тоқбақ, және тоқал асыраған екі бала –Бошатчы, Байғана,және Байыстың Мақта апай деген бір қызы Тоқтар деген сартқа тиіп,Ержігіт,Байжігіт мұнда қалған. Жоғарыдағы Сарының ұатынының аты Мұрын екен, Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды;жоғарғы Байсиыұтың төрт баласы Жанғұлы, Меңлібай, Төбек, Ақбелбеу. Бұл төртеуіменен бірге асыранды Қарамолда нәсілі Семіз найман атанды. Жоғарғы Матайдың үш баласы: Аталық, Кенж, Қаптағай Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы Қызай атанды //Қазақтың жүздік жүйесінде Орта жүз құрамындағы найман рулары турасында Ә.Х. Марғұланның зерттеп көрсетуінше: Шыңғыс мемлекеті құрылмас бұрын наймандардың түрікше аты сегіз найман екен, екеу бір мағынада –сегіз ата. Оны Н.Аристов пен С. Мураяма да көрсеткен.Найманды сегіз деп бірінші жазған Жувейни Найманның Түркістанды билеген және Шыңғысқа қарсы тұрған алпауыт ханын Жамал Қарши әл-Кучлак ас-сегіз деп білдіреді. Найман орта жүзде маңызды роль атқарған үлкен ұлысты елдердің бірі. Найман, керей,меркіт елдері өсіп-өрбіп, әр-қайсысы бір-бір тайпа болып хандық құрған //Қарақожадан Нағанай, оның баласы Нығайлы. Момынқожадан Сағанай.
Қыпшақ тараулары: Қыпшақта неше түрлі руға бөлінеді. Дешті-қыпшақ, Қарақыпшақ, одан кейән әртүрлі Қосайдар қыпшақ, Сағал қыпшақ. Торайығар қыпшақ, Ұзын қыпшақ, Көкмұрын қыпшақ, Көлденең қыпшақ, Күрлеуіт қыпшақ, Желебе қыпшақ, Бұлтың қыпшақ. Бұл қыпшақ бірсыпыра халық болады.Біздің қазақ русияға бағынбай тұрған уақытта, қыпшақтан датқа сайланды. Өзбектің бектерінен. Ол уақытта қазақ біраз өзбекке бағынышты болған секілді. Сырдарияның бойындағы қыпшақтар Тұрсынбай датқа болып, өз қолымен дар құрып, өзіне жақпаған және қылмыс қылған адамдарды өз қолымен өлтіріп тұрыпты. Торғай датқа, Досбол датқа деген адамдар болыпты қыпшақта. Ұшы-қиыры жоқ тоқсан екі баулы қыпшақ деп атайды // Қазақтар қыпшақты Жанарыстан туатын алты қожа аталатындардан туғызады, одан Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалақ деген бес бала өрбітеді. Солай дей отыра кейінгі шежірелер тоқсан екі баулы қыпшақ деп те атайды.
«Бұл қаңлыдан бөлініп елсіз бос жерге кеткендікден қыпшақ атанған. Мағынасы – бос, шөл, елсіз деген сөз Шыңғыс ханнан көп бұрын Еділ-Жайық маңына барып, бір патшалы жұрт болып тұрғанда, Жошы хан алып қаратқан. Солардың атыменен ол жақ Дешті қыпшақ атанған. Қыпшақ руларын араб жазушысы Әмір Рукан-ад-дин былайша деген: тоқсоба, сапа,, боржоглы» [11].
Керей тараулары [21]:
«Керей өз алдына бір үлкен тайпа болып хандық құрған ел: аңыздарда жеті сары ұл бір тұғандай болып көрінетіндіктен сары Керей атанған. Енді бір аңызда Керей өң түсі қара кісі, би болған екен, сонан Қара би атаныпты. «Керей атасы Қараби» деген сөз содан қалған. Өзі бастаған зобалаң тұстарда Шыңғысхан бірде қереймен Одақтас, ынтымақтас болғансып, бірде күрең сабақ бала қалады екенде, ақыры керей хандығын жойып, елін өзіне бағынышты еткен. Осы тұста керейлермен жауласып жүрген татарлар Шыңғысханға болысып керейдің етегінен тартқан, - дейді. Керейдің ханын өлтіріп, басын әкелген адамға, сол кезде найман ханы қатты ренжіп «Қайран есіл жан-ай қадірлі басыңды қиды екен» деп аза тұтыпты. Сары керейден – Қараби, Ашамайлы, Абақ екеуі туады. Ашамайылының асыл аты Ақберді екен. Әкесі мінгзіп барып, әйел алып бергендіктен. Ашамайлы атаныпты. Ашамайлыдан – Балталы, балғалы, Сіргелі Найзалы, сабан осы бесеуі тарайды. Жалпы керейдің атақты тарихи тұлғалардың бірі – Құс жәнібек батыр Бердәулетұлы [22].
Уак тараулары:
«Уақ елі тегінен ағашшылдық өнерін жақсы игерген. жасап, Қазақтың әшекей үйлерін кебеже асадалдарын, ер ашамайларын жасап, даңқты алты алашқа кеткен екен. Осы Уақтың әулетін былай таратады – Уақтан изен. Изеннен, Туссан, Қосай. Қосайдан - Еркөкше. Еркөкшеден Бармақ, Бармақтан - Граждан; Алдаберген. Алдабергеннен; Айдархан. Айдарханнан - Қасым. (Бұл екі Уақ атанады), Бейімбет (бұның әулеті жаға уақ шады) тарайды. Ескі уақ аталған Қасымнан - Сары, Шанай, Комарт, Паганбай, Өтен, Ысқақ рулары тарайды. Жаңа уақ аталған Байымбеттен - Бердібай, Қалтай, Жөкей, Анда, Жолшора, алтауы тарайды. Жоғарыда атылған Ерқосай, Еркөкше, Шұға, Айдархан, Қамбархан, Байымбеттер де ел бастаған кесем, жұрт көндірген шешен, жауларын жойған батыр болыпты [23, 12-15 6.].
Қонырат тараулары:
«Қоңырат екі атаның баласы. Көк - Көтенші деген. Левшиннің сөзінше рузары: байлар, жаншар, оразгелді, құлшығаш, божбан, тоқболат, жаманбай, қаракесек, жетім, сансыз, көпеш. Менің ойымша, осы жетім дегендер тоқал арғын Сомдықтың Саржетім деген баласының нәсілі болар» [11] //»Қоңырат Руының өзі рулы ел. Көтенші. Көктіңұлы болып үлкен екі салаға бөлінеді. Көктіңұлы балалары: Бекашар (одан Қолай датқа шыққан), Заңдар (одан Саяқ датқа шыққан) құлыншақ деп бөледі.
Сонда-ақ, Қоңыраттың екі баласы болған, олар Қызыл Жанылғаннан туады, Нағанайдың бір өзінің ұлы болған. Сол уақытта Шыңғыс қан келіп Отырар шаһарын жаулап алады. Нағанай қашып Кар қаратаудың көшелі. Сонда Отырар жақ қарап кеткен. Орымбай дейтін баласы косыла алмай қалып қойған екен дейді. Сол Орымбайдан Малыби екен дейді. Малыба маңында өте озық туып, хан қатарында болған. сол үш жүздің баласына басшылық етіп сыртқы жаудан қорғануға аса ақылды, аса шебер болған адам дейді. Малыбидің екі әйелі болған. үлкен аты Құндыз, Кіші әйелінің Жезбике. Үлкен әйелінен туған Күнті. Күнтінін Сұпы, Бака Маңғытай, Сеңгіл. Бақидан Құдайберді. Бұдан төрт бада: Жаулыбай, Аманбай, Сүдембай, Сүйінбай. Кіші әйелін Түкі, бұдай Байкошкар, Аққошқар, Жаулыбай, бұдан Жанантай, Қоңыр, Шупаш, Сүттібай, бұдан Жанкараш. Сүдембайдан Қырығзалы. Бай ошқардың Ақболат. Аққошқардан Қайрақ, Божбан. Осылардан тарап өсіп - өніп әр руға бөлініп қонырат деген бір тапел болған» [24] //»Қоңыраттың - Нағанай, Мелде би. Наганайдан - Жағалы. Жағалыдан - Құлшығаш, Көктіңұлы, Көтенші. Кұлшығаштан - Елеулі, Тазсары, Тәртбас. Көтеншіден - Құлым, Божбан. Бұлардан - Ақназар, Кожаназар, Бекназар. Ақназардан - Қаркетер. Қожаназардан - Бәгелді. Бәйгелдіден - Бегімбет, Шөкен, Шуақ, Жанұзақ, Тоқтыбай, Жолдыбай. Бегімбеттен Тоғызбай, Айымбет, Тожан, Нәлібай. Тоғызбайдан - Ораз, одан - Ізтілеу. Айымбеттен - Баймырза, Жұманазар, Алдахан. Баймырзадан - Ережеп. Жұманазардан - Байболат, одан - Базар. Алдаханнан - Бахтыхан. Тожаннан - Бақтыбай. Бақтыбайдан - Айдар. Бекназардан - Әбілдалар» [26].
Тарақты тараулары:
Кіші жүз руларының деректері. Шежірелердегі Кіші жүзі қазақтарының қоныстануы туралы деректер. Шежірелердегі Кіші жүзі қазақтарының құрамы туралы деректер [27]. «Кіші жүз - Бекарыстан: Адай, Алшын, Жаппас, Шөмекей. Бұларға жеті рулы ел қосылады. Жағалбайлы, Тама, Тілеу, Табын, Кердей» [7] II»Ұлы жүзден Үйсін туды. Орта жүзден Арғын, Найман. Кіші жүзден бесеу еді: Жағалбайлы, Тілеу, Табын, Қоңырат туды» [5]. Алты Әлімұлы рулары: «Алдажар» ұранды Қарасақал рулары; «Ақбан» ұранды Қаракесек рулары; Қытай рулары; «Алдияр», «Айыртау» ұранды Төртқара рулары; Шөмекей рулары; Шекті рулары. Он екі ата Байұлы рулары: «Бекет», «Телеген» ұранды Адай рулары; «Баймұрат», «Бақтыбай» ұранды Жаппас рулары; «Байбарақ» ұранды Алаша рулары; «Дәуқара» ұранды Байбақты рулары; «Қаратай» ұранды Масқар рулары; «Ағатай» ұранды Беріш рулары; «Бақай» ұранды Таз рулары; «Баймұрат ұранды» Есентемір, Алтын рулары: шағырай ұрандары, шеркеш рулары; «Қарабұра» ұранды тана рулары; «Жиенбай» ұранды қызылқұрт рулары; Шайырғал.
Жетірудың жеті ру-тармағы «Серке», «Тостаған», «Алаш» ұранды Табын «Қарабұра» ұранды Тама рулары; «Ақсақал» Кердері рулары; Ақсақал» ұранды Керейіт рулары; «Малатау» Жағалбайлы рулары; «Тұлпар», «Арғымақ» ұранды Телеу рулары; «Дулат» ұрайды Рамадан. (және Ысык, Кете). Кіші жүз - Бекарыс. Бекарыстан - Алшын, Алшыннан - Әлімұлы, Байұлы, Әлімұлынан - Қарақиык, Килеу, Майлыбай, Бақытбай, Шүметай, Жекей. Байұлынан - Адай. Қара Алаша, Алшын, Жаппас, Ыскак, Серкеш, Байбақты, Есентемір, Қаңлык, Қарақесек, Нарын сияқты он екі ұл. Жеті рудан - Табын, Тама, Кердәлі, Керейт, Жағалбайлы, Қызылқұрт, Маскар. Сонымен Кіші жүз елін - алты Әлім, он екі ата Байұлы, жеті ру деп атайды. Жиырма бес таңбалы Алшын деп те атайды. Алшын оларға таңба үйлестіргенде Адайға таңба жетпеген екен, ол шешесіне жылап келгенде шешесі - «Соған да жылайма екен» деген. Сонымен ана кұты Адайға дарып басқа да, малға да барлам болып өркен жайған» [68, 6 б.]// «Қіші жүз (Жанарыс) - Қыдыр, Сиық. Қыдырдың - Алау, Арғымақ. Алаудан - Құдияр. Құдиярдан - Алшын.
Алшыннан - Байлы, Қаракесек. Қаракесектен - Кете, Әлім, Шәмен. Шәменнен, Шөмекей. Шөмекейден - Тоқа, Көнек, Аслан, Бозғыл. Бозғылдан -Қаратамыр, Сарыбай, Торыбай, Қайқы, Келдібай. Келдібайдан - Қожанкелді, Сөйін, Келменбет. Сартқасқа. Сартқасқадан - Алдаберген. Алдабергеннен -Есбол, Метей, Өтебай, Құдайғұл. Өтебайдан - Өстеміз, Жанғабыл, Құба, Тойқожа, Солтан, Адамзат. Жанғабылдан - Қопай, Үмбет, Назар, Меңлібай, Майлыбай. Үмбеттен - Орыс, Опан, Шопан, Болат, Айдынбай. Арғымақтан – 7 ру: Телеу, Табын, Керей, Кердері, Жағалбайлы, Тама, Рамадан» [6].
Қорытындылай келе, жалпы шежірелерді тарихи-генеалогиялық деректемелер тұрғысынан қарастыру мынадай тұжырымдар жасауға мәжбүрлейді: біріншіден, шежірелердің деректері нақты қалыптасқан генеалогиялық дәстір белгілерін көрсетеді; екіншіден - бұл генеалогиялық дәстүрдің ауызша және жазбаша дайындалған екі формасы барын көреміз; үшіншіден - шежірелердегі генеалогиялық деректердің өзі оларды жасаушы субъектілері тарапынан түзілген, яғни қалыптасқан; төртіншіден - шежірелердегі генеалогиялардың мамзұнында ақиқат пен ойдан құрастырылған элементтер қатар сақталған; бесіншіден - шежірелердегі тарихи генеалогиялардың жасалу принциптері элем халықтарының генеалогиялық дәстүріне ұқсас.
Шежіре - қазақ руларының тегі шыққан түрік жұртындағы дәстүрлі мәдениеті тудырған әлеуметтік, тарихи білім, генеалогиялық жады сабақтасығы болып табылады. Шежіре ұғымының астарында «тарихи-әлеуметтік жады» түсінігі сақталған, Шежіре дәстүрлі білім құбылысы ретінде табиғи түрде қалыптасып, сан ғасырлар бойы ауызекі мәдениет жағдайында әлеуметтік ұжымдық жалпы түрінде жалғасып, ұрпақтардың рухани құндылықтары мен халықтың біртұтас этникалық өмірбаянының жалғастығын қамтамасыз етіп, узак дәуір бойы ұлт тарихының жалғасу кепілі ретінде қызмет атқарды.
Шежіре, сондай-ақ қазақтың аса қадірлі ұлттық дәстүр. Шежіре құбылысының қасиетті жоғары статусын білдіретін түсініктің бірі атанған «жеті ата» ұғымының қасиетті болғандықтан бір халықтың тарихи санасында оның генеалогиялық біріне айналған, баяндалуы байқалады. Алайда, шын мәнінде дәстүрлі дәуір тарихын баяндаудағы генеалогиялық білім жүйесінің қызметін дұрыс түсіну қажет, яғни генологиялық принцип көшпелі тұрмыс тіршілігін кешіп, табиғи колотиялык ортаға лайықты малбақташылық шаруашылықпен айналысатын халықтың мәдениетінде соларға тән дәуірлерді, тарихи уақытты реттеуші принципке айналған деуге болады.
Қорытынды
Көшпелі елдің, оның ішінде ұдайы жан-жақтан жаутершілікке ұшырап, қырғындалып отырған қазақ халқының сол көшпелікке мәжбүрлеген де ғасырлар бойы әралуан сыртқы жаулардың отырықшылыққа ырық бермеуі. Отырықшы болып байыз таба алмаған казак халқының қазіргі кұрамындағы ру - тайпалар Еуразияның осы апайтөс даласында мол, динамо-жайлы болуына қарай бір өңірді қыстап, қысқы тебіні таусылып, оты азайған сон ерте көктем мен қар суынан бастап көктеулерге, одан күн ұзап, күн жылынған сайын қыстаудан таяу көктеуден ұзап арғы жол жайылымын жайлауына жылжып, малын қомдандырып, күз түсе көктемнен бергі өткен маусымдық өрістерді қайта басып, күзеуден ықтырмаға одан қыстауына кар беки ғана келіп оралған, отырған ғой. Қыстауларда екі-үш айдан артық отырмаған жұрт, орнықты мектеп, медресе де салып, салса да оның игілігін тұрақты көруге мұршасы да жоқ. Сондықтан сауат ашу, жазу сызу «аттың жолы, түйенің қомында, киіз үйдің ығында, қат еткен жерде оқу оқып, жазу жазды. Оқи алмағандарынан зердесі, жады ауызшамен жетілді. Ой пікірі пәк, адал ойлы жат жұрт, өзге ұл өкілдерінің озықтары қазақ халқын құраған үлт-ұлыстардан және келіп қазақ атты мемлекет-хандық та құрған қазіргі халықтың арғы заманда да, орта ғасырлар мен кейінгі заманда да жабайы көшпелі емес, ол көшпелілік өмірсүру мүддесінен, аман қалу, сақталу мүддесінен туған белгілі қонысы, көшіп-қону дағадары, қалыптасқан циклы, жүйесі бар өркениет екенін мойындап, бағалаған. Оның құндылығын қастерлей білген. Біз де оның өзіндік артықшылықтарын жас ұрпаққа айтып отыруға тиіспіз, Әйтпесе пиғылы бұзықтар оны жабайылық деп қасақана кемсіттіру, өзін өзіне кемсіттірмеу үшін бұрып сөйлей беруге бар. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тарихын жан-жақты зерттеген көптеген ғалымдар өз еңбектерінде тарихи фольклор деректерін пайдалана отыра, тарихи шежірелердің ғылыми, әлеуметтік мәні, оның ғылыми құндылығы мен маңыздылығы туралы сөз қозғады. Шежірелердің мазмұны мен мәнісі, мағынасы жағынан назарға алғанда көбінесе оның генеалогиялық сипаты турасында айтылатыны белгілі. Тарихи фольклор тұрғысынан талдап, оны ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеуге қолданған Е. Бекмаханұлы, М. Вяткин, Ж. Қасымбаев сияқты ғалымдар болды. Бұл еңбектерде қазақ тарихын зерттеу үшін, қазақтың дәстүрлі қоғамы мен мәдениетін танып білудің қажеттілігі мен шежіре деректерін қолданудың жайы айтылады. Далалық тарихи фольклорда қазақ халқының өткен жалпы тарихы халық санасында қалыптасқан, халық санасынан шыққан күйінде болды. Тарихи фольклор жүйесіндегі әлеуметтік-тарихи білім халықтың өзіндік төл түсініктері мен төл құндылықтары тұрғысынан қалыптасқан құбылыс болып табылады. Бұл тарихи-әлеуметтік ақпарат халық ортасында өзінің мәдени құндылықтар контекстінде бағаланды. Барлық өткен халықтың тарихи өмірі ауызша дәстүрдің сан-салалы жанрлар жүйесінде толық көрініс тапты. Тек қана тарихи аңыздар мен өлеңдерде ғана емес, сонымен қатар батырлық жырларда, ертегілерде, ескі сөз бен қария сөзде де көрінді. Мәселен, алғашқы болып Ш.Ш. Уәлиханов ерекше атаған атақты Абылай заманының тарихи өлеңдері хроникалық өлеңдер болып табылады. Дегенмен, түрлі объективті себептердің ықпалымен көптеген ғалымдар тарихи фольклор деректеріне тиесілі көңіл бөліп, толық түрде зерттей білді дей ала алмаймыз. Шежіре жайында жазылған ғылыми мақалалар мен кітаптар да аса көп емес. Әрине, көбінесе шежірелердің түрлі үлгілерін кітап күйінде жарыққа шығару, немесе баспа беттерінде жариялау ісі қарқында болғандығын кейінгі он он бес жыл шамасында көзге түседі. Демек мұның өзі шежірелердің авторлары және олардың тарихи шығарма жазудағы мақсаты, шежірелердің тарихи қалыптасу жағдайы мен олардың мазмұндық ерекшелігі, шежірелердегі тарихи деректердің сипаты және айтылу ерекшеліктері туралы жазылған еңбектерді тарихнамалық тұрғыда шолу қажет ететіні байқалады. Ауызша деректерді ғылыми тұрғыда зерттеген еңбектер көп кездесе қоймайды. Осы мәселеге орай, яғни шежірелер, ауызша дәстүр туралы жазылып жарыққа шыққан заманауи ғалымдардың зерттеу еңбектерінде орын алғанын барша ой-пікірлерді ескере отыра, оның кем-кетігін шежірелерді деректік тұрғыда нақтылы зерттеп орнына келтіруге болады.
Жалпы, қорытындылай келе, біздің зерттеп отырған бұл мәселе өте өзекті. Өйткені әлі де ашылмай қалған шежіреміз қаншама. Неге? Не себепті? Неліктен? Десек, өйткені біздің елде болған әртүрлі саяси факторлардың әсері деп жауап қайтуға болады. Бірақ тәуелсіздігімізді алғалы бері өз тарихымызды, шежіремізді жаңартып келе жатқан ғалымдарымыз қаншама. Сол өткен заманнан қалған тарихи деректер барысында оны саралап, талдап осындай зерттеу жұмысының аңқталуына септігін тигізді. Келешектегі диссертация тақырыбымды ары қарай осы мәселені зерттейтінім анық. Бұл келешек жастарға және барша қазақ елінің өз шежіресін таныстыру біз үшін өте қуанышты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Акинер Ш. Формиравание казахского самознания. От племени к нацианальному государству. – Алматы: Ғылым, 1998. – 136 с.
Дружинин Н. М. Воспоминания и мысли историка. - М., 1974.
Әбусейітова М. Түркі және парсы деректемелері // Қазақ тарихы. - 1995. 222-27 бб.
Өтеміс қажы. Шыңғыс нама / Факсимиле, транскрипциясы, мәтіннамалық ескертулер, зерттеу мақалалар B.П. Юдиндікі. Алғы сөзін жазған, түсіндірмелері мен көрсеткіштерін жасаған М. К.усейітова. - Алматы: Дайк-Пресс, 2005. - 400 б.
Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. - Алматы: Қазақстан, 1997. - 128 б.
Абуль-Гази-Багадур-Хан. Родословное древо тюрков. - М.-Т.-Б., 1996.
Шах Махмуд ибн мирза Фазил Чурас. Хроника. - М. Наука. 1976.
Валиханов Ч.Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. Алматы, 1984. - Т.1. - 432 с.
Көпеев М.Ж. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. Екі томдық. - А.: Ғылым, 1992. - 224 б.
Халид Қ. Тауарих хамса Шарқи. (Бес тарих) Ауд. Б. Төтенаев, А. Жолдасов. - Алматы: Қазақстан, 1992. - 304 б.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. - Алматы: «Ол-Жас Баспасы» ЖШС, 2004. - 80 б.
Наушабайұлы Н. Мәнзумат Қазақия. - Қазан, 1903. - 27б.
Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент. Вост. Отд. Кирг. Госуд. Изд. , 1925. - 64 с.
Бөкейхан Ә. Н. Таңдамалы /Ред. Р. Нұргалиев. - Алматы: «Қазақ энциклопедисы», 1995. - 478 б.
Дулатұлы М. Қазақ-қырғыз тарихы туралы // Қазақ ордасы. - 2003. - № 5-6. - Б. 3-8.
Тұрғанбай М. Шежіре // «Абай». - 1918. - № 1-2.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьили киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей ред. акад. М. К. Козыбаева). - Алматы: Санат, 1996. - 656 с.
Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о касимовских царях и царевичах. - СПб., 1864. - Ч.2. - 498 с.
Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности // Живая старина. - 1896. - Вып. 3-4. - С. 277 - 456 с.
Харузин Н.К вопросу о происхождении киргизского народа Этнографическое обозрение. - 1895. - № 3. - Кн. XXVI. - С. 49-92; Загряжский Г. Кара-киргизы // Туркестанские ведомости. - №45. 12 ноября 1874. -С. 178 - 179; Иностранцев К. Коркуд в истории и легенде // ЗВОРАО. - Т. ХХ. - 230 с. - C. 040-046.
Радлов В.В. Образцы нродной литературы тюрских племен. Киргизские наречия. – СПб., 1870. – Ч. Ш. – 712 с.
Остроумов Н. Песня – плач по Урманбет – беке // ЗВОРАО. – СПб., 1890 – Т.ІҮ. – 464 с. С. 279-289.
Нестеров А. Прошлое приаральских степей в преданиях киркизов Казалинского уезда // ЗВОРАО. – СПб., 1899. Т.ХІІ. – 217 с. С. 095-0105.
Алпысбес М.А. Қазақ түркі шежірелерінің зерттелуі // Қазақ тарихы. – 2004. - № 4. – б 30-34.
Рашид-ад Дин. Сборник летописей. - м/-Л.: Изд. АН СССР, 1952. - Т.1. 221 с.
Марғұлан Ә.Х. Шежіре. Қазақ шежіресі // ҚСЭ. - Алматы, 1978. - Т.12. 595 б.
Геродот. История в девяти книгах, - Л., 1972.
Дулатұлы М. Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы // Шолпан. 1923. № 3-5.
Байтұрсынұлы А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ, мақалалар және әдеби зерттеу/Құраст. Р. Нұрғалиев. - Алматы: Жалын, 1991. - 464 б.
Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов конец XIX - начало ХХ в./. - Алматы: Наука, 1968. - 256 с.
Бөкейхан Ә. (Түрік баласы) Қазақтың тарихы // Қазақ. - 1913. - № 9.
Самойлович А. Хивинская сатира на казак-киргизов. - СПб, 1910.
Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. - А.: «Жалын баспасы», 1998. - Т.1. - 390 с.
Кюнер Н.В. Введение в общую истории народов Центральной и Восточной Азии с древних времен до начала сложения их с новыми европейскими народами. – Владивосток, 1921; Кюнер И.В. Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. – М., 1961.
Таскин В.С. Материалы по итории сюнну (по китайском источником) – М., 1968 материалы по истории древних кочевых народов группы дунху / Введение, перевод и комменатрий В.СТаскина – М: Наука. – 1984. – 485 с.
Кононов А.Н. туркмен, Сочинение Абул-гази, хана хинннекого, - М.: Изд, АН СССР, 1958, - 195 с.
Зайончковский А. Старейшие хадисы о тюрках (VIII-XI вв.) к шестидесятилетию Андрея Николаевича Коновова. – М. Наука, 1966. – 276 с.
Акимушкин О, Ф. К вопросу о внешнеполитических связях Могольского государства с узбеками и казахми в 30-х п. XVI в.80-xi. XVII вв. Палестинский сборник, - 1970. - Вып, 21. (84).
Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы XIX века. A., 1947, фольклорные источники о восстании Кенесары Касымова. - В кн.: Бекмаханов в. Жеті томдық шығармалар жинағы. - Павлодар: ЭКО ғОФ, 2005. - 266 с.
Вяткин М. Батыр Срым. - А.: Санат, 1998. - 334 б.
Маргулан А.Х. Извлечения из арабо-персидских и китайских источников (1927-1928). - Павлодар, НИЦ ПГУ, 2004, - 98 с.
Марғұлан Ә.Х. Геройлық жыр тудырған бірінші дәуірі // Әдебиет және искусство, 1941, №1.; Марғұлан Ә.Х. Эпос-жыр тугызудағы тарихи мұралар // Халық мұғалімі, 1940, №4.; Марғұлан Ә.Х. Халық жырын туғызудағы мотивтер // Халық мұғалімі, 1938, №1; Марғұлан Ә.Х. Мұхаммед-Хайдар – қазақтың тұңғыш тарихшысы // Әдебиет және искусство, 1941, № 4.
Жақыпбеков С., Қойгелдиев М. Жырмен өрілген шежіре // Қазақ тарихы. 1994. - № 3. - 34-39 б.
Қойгелдиев М. Қадырғали Қосымұлының «Жылнамалар жинағы» мәдениет ескерткіші және тарихи дерек ретінде: Сб. науч. стат. «Вопросы истории и историографии культуры Казахстана». - Алматы, 1988.
Абусейтова М. Х., Баранова Ю. Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии ХШ-ХVIII вв.: (библиографические обзоры). - Алматы: Дайк-Пресс, 2001, - 426 с.
Муминов А. К. Ислам в Центральной Азии: особенности в кочевой среде В кн.: Урбанизация и номадизм в Центральной Азии: история и проблемы. - Алматы: Дайк-Пресс, 2004. - С. 108-116.
Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. - Алматы, 1957.
Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. Қазақ шежіресі / Араб жазуынан ауд. , ғыл. түсін. , баспаға әзірлеген Е.Қ. Жүсіпов. - Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2007. - 445 б.
История Казахстана: народы и культуры / Масанов и др.- Алматы: Дайк-Пресс, 2001. - 600 с.
Оразбаева А. И. Цивилизация Кочевников Евразийских степей. Алматы: Дайк-Пресс, 2005. - 310 б.
Едилханова С. А. Казахско-джунграские взаймоотношения в XVII - XVIII вв. Некоторые историографические аспекты проблемы. - Алматы: Дайк - Прес, 2005. - 162 с.
Қоңыртабаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 288 б.
Hudson, Alfred E. Kazak social structure. - London: Humphrey Milford, Oxford University Press, 1938. - 109 р.
Krader, Lawrence. Social of the Mongol-Turkic pastoral nomads. Indiana University Publication, 1963. Uralic and Altaic Series, - Vol. 20. Printed in the Netherlands. - 411 p.
Алпысбев М.А. Шежире: устная историческое традиция тюрко-монгольских народов // Этнография Алтая и сопредельных территорий материалы. науч. – практ.конф. – Барнаул, 2003. – Вып.5. – 324 с.
БҒМ ОҒК, Бума № 1719. Дәп. № 3. Маргулан А.Х. О рукописи Нурмухамедова. - Алматы, 1974. 26. 05.
Көпеев М.Ж. Дуанның пайдасы туралы. /Басп. әзір. Н. Қ. Жүсіпов Зерде. - 1995. - № 1. - Б.28.
Бірімжарова Р. Т. Орталық ғылыми кітапхан қорындағы қазақ шежірелеріне байланысты материалдар // Қазақ шежірелері және ұлттық таным мәселелері /Құраст. Р.Т.Бірімжарова, Г.Әбікова. Алматы: ОFK, 2005. - 167 б. 7 - 10 б.
Ошанов О. Ж. Билеуші әулеттер және олардың шежірелеріндегі ерекшеліктер (қазақ аңыз-шежірелері негізінде) // Қазақ шежірелері және ұлттық таным мәселелері / Құраст. Р. Т. Бірімжарова, Г. Әбдіков. Алматы: 2005. - 167 б. - 114-121 бб.
Абдакимов А. Қазақстан тарихы А., 1994ж.
Көпеев М.Ж Қазақ шежіресі, А, 1999ж.
Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы, А, 1994ж.
Гумилев Л.Н. Көне түріктер, А, 1992ж.
Журтбаев Т. Дулыға, А, 1994ж.
Көпеев М.Ж Қазақ шежіресі, А, 1999ж.
Дербісалин Ә. «ХV–XVIII ғ.ғ. қазақ поэзиясы» А,1992ж.
Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народы и сведения об их числен. 1897 // Қазақ тарихы журналы, 1999/2.
9. Уәлиханов Ш.Ш Таңдамалы екінші том, А, 1984ж. 24б
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. Орынбор 1911ж.
Моңғолдың құпия шежіресі. ХІІ-ХІІІ көшпелілер шежіресі Ауд. М.Сұлтанғазыұлы. А, 1998ж.
Уәлиханов Ш.Ш Таңдамалы екінші том, А, 1984ж.
Достарыңызбен бөлісу: |