Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы



Дата13.06.2016
өлшемі40.06 Kb.
#133540

Шәкен Айманов атындағы

«ҚАЗАҚФИЛЬМ»

акционерлік қоғамы




Акционерное общество

«КАЗАХФИЛЬМ»

имени Шакена Айманова

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
2014 жылы желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті күніне орай, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Н. Гумилёв атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер күндері өтеді.
«Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер апталығы 1 желтоқсанда Шәкен Айцманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Қазақстан жолы: Тәуелсіздік Хроникасы» циклінің екі бөлімі – «Мемлекет басшысы» және «Елбасы» фильмдерімен ашылады. Режиссері Рәшид Сүлейменов.

«Қазақстан жолы: Тәуелсіздік Хроникасы» атты көпсериалы деректі фильм елтарихындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоғам өмірінің бар саласында атқарған рөлін, сондай-ақ Мемлекет басшысының дүниежүзілік ауқымда ынтымақтастықты арттырудағы айрықша қызметін саралайды.


Сонымен қатар, аталмыш мәдени іс-шара барысында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған туындылар ұсынылады. Олар: «Шәкен Айманов: аңыз адам» (режиссері Болат Нүсімбеков), «Мың жылдық жолаушы» (режиссері Жаңабек Жетіруов), «Нұрлан Оразалин» (режиссері Данияр Саламат).
Көрсетілімдер фильмнің қоюшы режиссерлері мен шығармашылық топтың қатысуымен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің №5 «Студенттер үйі» кинотеатрында ( М. Жұмабаев көшесі 14/1) және Қазақ Ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы залында өтеді. Кіру тегін.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті арасында екіжақты меморандумға қол қойылып, елімізде алғаш рет студенттер кинотеатры ашылған болатын. Оның тұсаукесерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағын баяндайтын, 2011 жылдың құбылысына айналған – «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді. 


Көрсетілімдер кестесі:


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті

Күні

Уақыты

Фильм

1 желтоқсан (дүйсенбі)

12:00

«Қазақстан жолы: Тәуелсіздік Хроникасы»

«Мемлекет басшысы»



14:00

«Қазақстан жолы: Тәуелсіздік Хроникасы»

«Елбасы»


2 желтоқсан (сейсенбі)

12:00

«Шәкен Айманов: аңызға айналған адам»

18.30

«Мың жылдық жолаушы» (Мырзатай Жолдасбеков)

3 желтоқсан (сәрсенбі)

12:00

«Нұрлан Оразалин»







Қазақ Ұлттық өнер университеті

1 желтоқсан (дүйсенбі)

10:00

«Қазақстан жолы: Тәуелсіздік Хроникасы»

«Мемлекет басшысы»

«Қазақстан жолы: Тәуелсіздік Хроникасы»

«Елбасы»



2 желтоқсан (сейсенбі)

12:00

«Мың жылдық жолаушы» (Мырзатай Жолдасбеков)







«Нұрлан Оразалин»

3 желтоқсан (среда)

10:00

«Шәкен Айманов: аңызға айналған адам»



Анықтама: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеңде тұрған өнімдермен (оның ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияның өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм және «Ленфильм» киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеңінде отандық көркем фильмдердің 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы «Қазақфильм» атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияның көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.

Пресс-служба

АО «Казахфильм» им. Ш. Айманова

Казахстан, г. Алматы, ул. Аль-Фараби 176

Тел.: +7 (727) 313-11-32

www.kazakhfilmstudios.kz

press@kazakhfilmstudios.kz



Press-center

JSC "Kazakhfilm" Studio named after Sh. Aimanov

176 Al-Farabi Str., Almaty, Kazakhstan

Tel.: +7 (727) 313-11-32

www.kazakhfilmstudios.kz

press@kazakhfilmstudios.kz







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет