ШӘКӘрім атындағы семей мемлекеттік



жүктеу 0.87 Mb.
бет1/6
Дата27.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

3 -деңгейлі

СМЖ құжаты



ПОӘК




«Қазақ жазуының теориясы мен тарихы»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



№ 1 басылым орнына



ПОӘК 042-14-5-05.01.20.10/03.2011



5 В 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
«Қазақ жазуының теориясы мен тарихы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2011
Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Семинар сабақтары

4. ОСӨЖ

5. СӨЖ


6. Курс бойынша емтихан сұрақтары

7. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

8. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

9. Әдебиеттер

10. Өзгерістерді тіркеу парағы

11. Әріптестердің танысуы



1. ГЛОССАРИЙ
Графема – жазарманның санасында болатын, әріп арқылы әріптің жазутүрлері арқылы таңбаланатын жазба тілдің абстракті бірлігі.

Фонема тілтұтынушының санасында болатын, әріп арқылы әріптің жазутүрлері арқылы таңбаланатын, дыбыс арқылы айтылатын дыбыстық тілдің абстракті бірлігі.

Жазба тіл – жазылатын және оқылатын әліпбидегі таңбалар арқылы жарыққа шығатын өзіндік жүйесі мен құрылымы бар, тілдің қатынас формасы.

Ауызша тіл – дыбысталатын және естілетін, өзіндік жүйесі мен құрылымы бар, тілдің қатынас формасы.

Позиция –шеп– дыбыстардың сөйлеу барысында келетін орны.

Басқы, ортаңғы, аяққы позиция – сөздің басында, ортасында және аяғында келетін дыбыстардың айтылатын орны.

Әлді позиция – дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелсіз болатын шебі.

Әлсіз позиция – дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелді болатын шебі.

Тілдік жүйе – кез келген тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық деңгейлері арқылы жарыққа шығатын нормаланған инвариант жүйе.

Инвариант дыбыс (өздік реңк) – фонема, яғни дыбыс арқылы айтылатын, әріп арқылы жазылатын, тілдің парадигмалық жүйесіндегі дыбстың негізгі реңкі.

Вариант дыбыс (өзгелік реңк)– айтылу кезінде тілдегі басқа дыбысқа ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі.

Вариация (бөгде реңк) – айтылу кезінде тілде жоқ, бөгде тілдің дыбысына ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі.

Дыбыс қоры – бір фонеманың өздік, өзгелік, бөгде реңктерінің жиынтығы


2. ДӘРІСТЕР

Дәріс сабақтарының қысқаша мәтіні.
Дәріс - 1

Жазудың маңызы мен бүгінгі күн тұрғысынан қызметі

Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.

Үшінші мыңжылдықтағы жаңа технологиялар тасқыны, ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер, қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланысты ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы “Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман” деген. Сондықтан өркениет дамуын сипаттауда жазудың маңызынан бастап айту оның әлдеқайда жүйелi, күрделi, дербес құрылым болып қалыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта атқарар қызметін танытпақ. Мысалы, шумер елінде ДЖ-ның пайда болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне, сауданың өркендеуіне байланысты болды. Жазудың сол антикалық дәуірдегі қызметі бүгінгі әлемиет дәуірінде күшейіп, жазу мемлекеттілікке, заңнама, құжатнамаға қызмет етуде. Бүгінде ресми ісқағаздар адамдардың АТ-мен араласуынсыз-ақ өзара түсінісетін, құжаттар өзара “сөйлесетін” жүйе құрайды. Ресми ісқағаздар айқындылықтың, дәлелдіктің, аргумент, фактінің құжатына айналуда. Ендеше, жазудың бүгінгі күн тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңістік шегіндегі әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Жазудың келесі қызметі тiлдiң жүйелi құрылымға айналуына әсер етуi болып табылады. Жазу тiлдiң барлық потенциалды мүмкiндiктерiн ашып, пайдалануға әсерiн тигiзедi. Сондықтан да бүгінде жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің “өзі” деп түсіндіруге, түсінуге еш күмән қалмайтын болды. Жазу, сондай-ақ – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының, дәлiрек айтқанда творчестволық әрекетiнiң құралы.

Біз жазуды, ЖТ-ны ауызша сөйлеудің көшірмесі емес, тілді жарыққа шығаратын өзіндік дербес жүйе деп көрсетеміз, яғни жазу абстракті, инвариант жүйе – тілді АТ-мен қатар өзіндік тәсілдерімен бейнелей алады. Сонда жазу мен АТ қатынасы төмендегідей болады

жазу


Тiлдiк сана  тiл

ауызша сөйлеу



Сөйтіп, бүгінгі қоғамдағы жазудың қызметін былай танимыз: аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет); ойжасамдық қызмет; ойды таңбалаушы қызмет, ойды жарыққа шығару қызметі; жады қызметі; тілтанымдық қызмет; тілжүйелеушілік қызмет; тілді нормалаушылық қызмет; кумулятивтік қызмет (мәдениетті сақтайтын, жеткізетін қызмет); коммуникативтік қызмет.

Жазу типтері адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес пайда болып отырады. Алғашқы жазудың сурет, идеограмма, логограмма типті болғаны – АТ-ның сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті түрде қолданылуынан. Қай жазу, қанша ғасыр өмір сүрді немесе жаңа жазу типі қашан пайда болды дегенде ол өндірістің, экономиканың дамуымен бірге, қоғамдық, экономикалық қатынастардың жетілу дәрежесіне байланысты екенін айтқан жөн. Сондықтан ДЖ-ның шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетілген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқтаждықтарды өтей алу қабілетінің күшеюіне байланысты болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені белгілі.

Сурет жазу мен дыбыс жазу аралығында сөз жазу, оның алдында ребус жазуы болғанын, ал сөз жазу жалпы ұғымнан гөрі, ауызша айтылғанды сөзбе-сөз түсіріп отырғанын білсек, оның бер жағында дыбыстық ребустың да өмір сүргенін аңдасақ, алфавиттік жазуға эволюциялық кезеңдерді бастан өткеріп барып жеткенін көреміз.

Бүгінгі күн тұрғысынан жазу белгілі бір тілде жазылатын-оқылатын әріптік таңбалардың жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың, ақпарат алмасудың жүйесі болып табылады. Жазу – АТ-дан кейін пайда болған адамзат ойлауының саналы жемісі болса да, бүгінде АТ-ға қарағанда басымдық сипат алған мемлекеттік құрылыстың күшеюімен байланысты қоғамдық функциясы артқан, коммуникация, ақпарат алмасу, ойжасам, эмоциялық, индикаторлық қызметтерінен бөтен дәлел, аргумент бола алатын “бекітушілік”, “растаушылық” сипаты маңызданған, ойды жарыққа шығарудың жүйесі.

Қазір адамдар бір уақыт пен кеңістік шегінде өмір сүріп жатса да, бір-бірімен пікір алмасуына, бірінің ойын бірі толық білуіне (тыңдау арқылы ойын білуге) мүмкіндігі (уақыты) жоқ. Осыған орай адамдар тілді екі бағытта қолдануға қалыптанған сыңайлы. Бірі қауым болып өмір сүруіне қызмет етуші тілдің коммуникациялығы, екіншісі саналы ойын жарыққа шығару, ойын жүйелеу, бекітуге қызмет етуші тілдің ойжасамдық бағытында. Екінші бағыттың ерекшелігі саналы ойдың “қағазға түсіп” реалдануында жатыр. Тілдің ойжасамдық қызметі жазу арқылы орындалатыны бірден бола қойған жоқ. Көркем сөз (көркем әдебиет), шешендік сөз (публицистика), даналық сөз (ғылым) түрлері арқылы әсіресе монологтік, сосын диалогтік сипатта адам ойы ауызша түрде жүйеленіп, бекітіліп отырды. Бірақ ДЖ пайда болғалы тілдің ойды жасау қызметін ЖТ атқарады. Ең болмаса айтылатын ой немесе айтылған ой қағазға түсіріліп жүйеленбесе, ол “жел сөз” болып қалатынды шығарды. Бұл әсіресе үлкен аудиторияға ақпарат таратуда (радио, теледидар хабарлары, шаршы топ алдындағы сөз, дәріс) айқын көрінеді.

Жазудың АТ-ға қарағанда екіншілігі туралы, ол адам санасына АТ арқылы ғана байланысатыны бүгінде ақиқат саналады. Бірақ А.Р.Лурияның “Письмо является новым, мощным орудием мышления имеющим нередко значительно больше возможности чем устная речь” [8, с.544] дегеніндей, жазу дербестігі күшейгенде ой-тіл-жазу қатынасы, ой-жазу қатынасына көшеді.

“Письменнный язык выступает сам как непосредственная действительность мысли, тем самым конституируя в глобальном процессе языкового общения вполне цельноданный вид коммуникации” [9, с.13]. Әрине, уәж арқылы туған ойдың ішкі сөйлеуде предикаттық қатынасқа ұйымдасуы, айтылымның логикалық құрылымының түзілуі, одан келіп сыртқы тілдің синтаксистік құрылымына айналуында АТ-ның делдалдық қызметін жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі адамның санасы сөз мағынасын оның қалай естілетініне қарамастан, графикалық портретін елестетіп барып қабылдайды, түсінеді. Көз жазба мәтінді көріп, ол тілдік санадағы графемамен, графикалық портреттермен ассоциация жасайды. Сөздің адам санасында бейнеленген графикалық портреттері, синтаксистік, пунктуациялық белгілер арқылы үстіңгі синтаксистік құрылымға көшіріледі. Сосын астыңғы синтаксистік құрылымға көшіріліп, сөйлем мәні екшеледі. Өйткені жазба мәтін жасалғанда жазудың қайта жөнделу, редакторлану мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен үстіңгі мәтіндік құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мән белгісіз, тереңдікте жасырын қалады. Сондықтан үстіңгі құрылымды астыңғы құрылымға көшірудің мәні зор.

ЖТ-ны түсінуде (яғни жазу–ой процесін көрсетуде) мәтіннің графикалық өмірінің мәні бар. Өйткені көз қармап көру үшін графикалық кеңістіктің үйреншікті болуы, стандарттылығы, әсерлілігі маңызды. Көз мәтінді көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық мәнмәтінде (контексте) алып оқиды. Сөздің графикалық кеңістіктегі орны (азатжол, парақ басы, соңы, жол басы), мазмұны (бас әріп, кіші әріп), дыбыстық мағынасы (әріп түрлері), мәні (қарайтылған, асты сызылған, жазба әріптер), тыныс белгілер арқылы мәтін мазмұны графикалық портретімен қоса адам санасына қабылданады. Ішкі сөйлеу ЖТ-дагі синтаксистік құрылымды АТ-ның синтаксистік құрылымына айналдыруды қажетсінбей-ақ, санасында орналасқан сауатты адамның елесіне сәйкес жайылма сөйлемді, ықшамдап, екшеп, предикаттық қатынасқа түсіреді. Сөйтіп, жазылған сөйлемнің мазмұнын ойға көшіреді. Белгілі мотивтен пайда болған ой (ойлау) сыртқа шығатын мақсаты айқындалғанда (ішкі сөйлеу) және ол жазу арқылы таңбаға айналатынында (сыртқы сөйлеу), алдымен, әрине, АТ-ның грамматикалық құрылымына келтіріліп алады. ЖТ аудиториясының көмескілігі, вербалды емес коммуникативтік құралдардың жоқтығы, мәтінді қайталап оқығандағы ЖТ әсерінің аздығы, ЖТ грамматикалық құрылымына қоса өзге мағыналық реңк алады. Бұл кейде ішкі сөйлеу мазмұнын дәл ашса, кейде одан тереңдеп, негізін айқындайды.

Сонда ойлау мен жазу арасы ойлау (бейне, схема, ұғым, түсінік, себеп) < ішкі сөйлеу (предикаттық қатынастағы аморфты тіркестер, айтылатын ойдың негізгі тақырыбы, қалай айтатыны, сөздің грамматикалық құрылымы) < сыртқы тіл (логикалық синтаксистің граматикалық синтаксиске айналуы, сөйлеу бірліктерін екшеуі, фонемалық код) < дыбыстық тіл (фонеманың дыбысқа айналуы, АТ жүйесі) < графикалық тіл (фонеманың әріпке айналуы, ЖТ жүйесі, орфография, шрифт, мәтін) қатынасында болады.

Жазу теориясының пәнін анықтау үшін алдымен жазу дегеніміз не, оның тілге қатысы қандай, жазу ауызша сөйлеу тілінің көшірмесі ме, әлде одан өзгеше, дербес жүйе ме, ЖТ мен тілдің, жазу мен ойлаудың арасында қандай байланыс бар деген мәселелерге арнайы тоқталу керек болды. Өйткені жазу – тілдің жазба жүйесі немесе тіл өмір сүруінің бір формасы деген қазірде қалыптасып қалған екі түсінік және екі бағыт - жазудың бүгіні мен болашағын айқындайтын, жазу монополиясының сипатын саралайтын бағыттар болып табылады. Осыған байланысты 1.4Жазу тілдің жазба жүйесі ме, әлде жазба формасы ма?” деген тараушада шетелдік және кеңестік ғалымдар мен зерттеушілер Фердинанд де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер, Л.В.Щерба, А.А.Волков, А.В.Волков, Т.М.Николаева, Т.А.Амирова, Т.А.Кузьмина, Л.Б.Селезнева, И.Вахек, Ф.Хаусхальдер, Макинтош, Н.Н.Соколов, З.Волоцкая, Т.Молошная, Жак Деррида, В.Мотш, Умберто Эко, А.Н.Морозова, И.Е.Гельб, А.Артимович, Ж.Ж.Руссо, Л.Ельмслев, А.Мартине, А.Кашеварова, Л.Заводовский, В.Хаас, А.М.Кондратьев, О.Сүлейменовтердің еңбектеріне шолу жасап, көзқарастарын екшеуге тырыстық. Сонда ғалымдардың жазуды тілдің өмір сүру формасы, АТ-ның көшірмесі деп анықтаған сайын ЖТ-ның дербестігін екшей бастағанына көз жеткіздік. Кеңестік ғалымдар ішінен ЖТ-ның автономды жүйелілігін айқындаған Т.А.Амирова болды. Ғалым жазу туралы ғылымды графикалық лингвистика деп, графикалық лингвистиканың табан тірейтін тұсы ЖТ-ның дербестігі, оның ДТ-дің көшірмесі еместігін мойындау [10, 52б.] деді.

Алайда жазуды тілдік жүйе деп тапқаннан кейін оның маңайында туындайтын мына сұрақтарға жауап іздеу керек болатын: ойлау мен жазудың байланысы; ЖТ-ның өзіндік ерекшеліктері; ЖТ-дагі фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік тіл деңгейлерінің АТ-дан өзгешеліктері; ЖТ-ның болашағы үшін жазу тұрақтылығының маңызы т.б.

Дәріс –2

Жазба тіл мен тілдік жүйе арасындағы қатынас. Жазудың негізгі категориялары.

Жазудың ойжасам қызметі, жазу арқылы ойлау ЖТ-ның жүйесі жалпы тілдің жүйесі мен құрылымына әсер еткені сөзсіз. Сондықтан бүгінгі күн тұрғысынан ЖТ-ны меңгерген/меңгермеген коммуниканттардың АТ-дағы жүйелілік дәрежесін анықтаудың қажеттігі бар деп ойлаймыз. Бұл арқылы абстракті, инвариант, парадигмалық сипаттағы тіл жүйесінің негізделетін тұғыры айқындалады. Осыған орай 5 кластық білімі бар, жазылғанды ежіктеп оқи алатын, ата буын өкілі – 70 жастағы қарияның сөзі; екінші 11 сыныпты бітірген, көркем әдебиет, публицистикалық жазу стильдерін мүмкіндігенше меңгерген, санасында АТ жүйесінен гөрі ЖТ жүйесі басым, көпшілік ортада әдеби стильде сөйлеуді тіл нормасы деп түсінетін ЖОО-ның 1 курс студенттерінің сөзі және ЖТ-да ойын білдіруге төселген, жазуға машықтанған ЖТ “шешендерінің” ауызша мәтіндері талданды.

Мұндағы негізгі акцент – субъектілердің сөйлеу мәтініндегі айырмашылықтарды көрсете отырып, тілдің синтаксистік, морфологиялық, лексикалық, фонетикалық деңгейін коммуникация барысында немесе ойын жарыққа шығару үстінде қаншалықты жүйелі, орынды қолдана білетінін аңғару болды. Бұл арқылы ЖТ-ны төмен, орта, жоғары дәрежеде меңгерген субъектілердің қайсысында мәтін жүйелі құрылды, ол жүйелілік неден шықты – осы сауалдарға жауап іздеу көзделді. Сонда ЖТ-ның морфологиялық, лексикалық, синтаксистік жүйесіне машықтанып көрмеген, бірақ көпті көрген, ойын пайымдауға құруға тиісті қарияның сөзінде ауызекі тіл элементтері басым болды. Сөйлем құрылысы маңызды ақпаратты алдыңғы орында айтып, мәнсіз информацияны соңына қалдыратын АТ-ға тән: кедей шаруада, әкеміз үлкен сол, 5-те тұрып ап, сонша жыл істегенде. Шылау, көмекші сөздерді қолданбағандықтан екі сөйлем арасын байланыстыратын мәнсіз элементтерді пайдалану да АТ құрылымына тән еді. Мысалы, әкеміз үлкен сол, сол Зайсанда тұрдық, сол жұмыс. Мәтінде АТ-ға тән редукция да жиі. Мысалы, елдің бәрі (аш), сотталуын соттап (абақтыға айдады), сонда шешем жарықтық(тың бастамасы бойынша, елге қарай) қашпақшы болыппыз. Ақыры 1955 жылы (шегара ашылып, заңды түрде елге қарай өттік).

Мәтіннің логикалық құрылымы синтаксистік құрылымға сай емес, ой бар мазмұнымен толық ашылмайды. Осы қалпында таңбаланған мәтінді оқыған адресат мәтін мазмұнынан хабардар бола алмас еді. Алайда мәтін қарияның ауызша баяндау стилінде өз аудиториясына түсінікті еді. Оған ешкім “бұл не деп отыр, қалай-қалай сөйлеп кетті?” деген жоқ, қайта қоштап, мақұлдасып отырған еді. Ал ЖТ-ға келгенде, мәтін құрылысын ЖТ-ның жүйесіне кодтау керек болады.

Сөйтіп, ЖТ-ны төмен дәрежеде білетін адамның сөзінде тілдік тәсілдер қоры аз, сөйленімі жүйесіз, ал ЖТ-ны орта дәрежеде меңгерген адамның сөзінде уәжсіз түрде ЖТ-ның жүйесі де, АТ-ның элементтері де қолданылады. Сөйлемдер қысқа емес, толымды келгенмен синтаксистік байланыс сөйлем аяғына дейін жетпейді. Ал ЖТ-ның елесі мен АТ елесі қатар, тіпті алдыңғысы басым орналасқан саналы адамның сөзінде жүйе болады, басы артық сөйленістер болмайды, логикалық жүйе мен синтаксистік жүйе сәйкес келеді деген қорытындыға келдік.

Жазудың негізгі категориялары. Жазудың негізгі категорияларының ішінде қазақ жазуы үшін графика терминінің мағынасы екіұшты. Біздің ойымызша, графика бiр фонеманы екi, не үш әрiп тiркесi арқылы таңбалайтын ағылшын, немiс, орыс сияқты тiлдердiң сипатына байланысты шыққан. Мысалы, француз тiлiнде <е> фонемасының ашық, жабық, жартылай ашық түрлерін беретін әріп алфавитте жоқ, бірақ графикасында бар. Сол сияқты <а> фонемасын беретін графикалық таңбалар жиі қолданылады. Немiс тiлiнде сh, sch деген диграмма, триграммалар бар. Қазақ ЖТ-дагі графика ұғымы әлiпби қабылдағанда, жазудың алғашқы тәжiрибелерiнде, алғаш сауат ашу iсiнде көрiнедi. Сонда графика дегенiмiз әлiпбидегi әрiптердiң жазылу тұрпаты, белгiлi бiр фонемаларды таңбалауын ұйымдастыру болып шығады.
Дәріс –3

Әліпби және әліпбидегі әріп пен фонема қатынасы

Жұмыста ашық, жабық әліпби түрлері ретінде француз, неміс, түрік, парсы, араб, жапон жазулары салыстырыла келе, ашық жазу түрі әріп саны фонема санынан әлдеқайда кем, жазу-оқу процесі біршама қиындық тудыратын, жазу экономиясы нашар әліпби жасайды деген ойға тоқталдық. Ал жабық жазу түрлері тілдің дыбыстық негізінен шығатын, АТ жүйесіне жақын, әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санына сәйкес келетін немесе алдыңғысы сәл кем болатын жазу болып табылады дейміз. Зерттеушілер әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санымен қандай қатынаста болу керек; әріп саны фонемамен тең әліпби жетілген бе, әлде әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген бе деген сауал айналасында пікір таласып келеді. Бұл жазуды АТ-ның дәл көшірмесі, тіл өмір сүруінің бір формасы деп немесе жазуды өз алдына дербес жүйе деп қарау тұрғысынан екіге айырылады. Әліпбидегі әріп саны фонема санынан аз болып келетін ағылшын, француз, неміс әліпбилері жазуды тілдік дербес жүйе бағытында айқындайды. Ал фонема мен әріп саны тең дәрежедегі жазу ЖТ-ны АТ-ның көшірмесі дейтін түсініктен шығады. АТ-ның ең кіші мағыналық бірлігі – фонема – абстракті, санада ғана өмір сүретін единица болса, ЖТ-ның кіші единицасы абстракті бірлік – графема санада өмір сүріп, әріп арқылы реализацияланады. Сөйтіп, графеманың әріп тұрпаттары белгілі бір тәртіппен орналасқан, белгілі саны бар жиынтық ретінде ЖТ-ның код жүйесі- әліпбиге ұйымдасады.


Дәріс – 4

Көне түркі жазуының әліпбиі, графикасы, орфографиялық ерекшеліктері, кейбір дыбыстардың таңбалану жүйесі

КТЖ-ның графикасында <а-е (э~ә)>фонемасын белгілейтін таңбаның сөз ішінде және сөз басында берілмеуі, керісінше, <о-ө> фонемасының сөз басында және ортасында таңбалану жүйесі назар аудартады: а графемасы басқа <ы>, <о>, <ө> инварианттарының таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отырған. Мысалы, дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ), тғ (тағ), ттбы (татабы), ығч (ығач). Ал сөз соңында жүйелі таңбаланады: бунча, йзқа (йазықа), буқа (бұқа), білге, йме (йеме), кче (кече) [12, 17б.]. Сонда таңбаланған дыбыс ашық езулік (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған және рунист ғалымдар қалай топшылаған? Ол, біріншіден, біздің ойымызша, өзге үш дауысты фонеманың КТЕ-де белгілену маркерлігімен өлшенеді. Өйткені <> дауыстысынан басқа <>, <>, <> гиперфонемалары инициал позицияда да, І-буында да жүйелі таңбаланып отырса, ( ыдқ (ыдуқ), ыт (ыт), ырқ (ырақ), од (өд), өз (өз), өлглі (өлгелі), үч, үчн (үчүн)), <ү>, <у> фонемалары барлық позицияда беріледі [13]. Сонда , , графемалары таңбаланып, оған сәйкес фонемасы және дыбыс реңктері оқылады, ал бұл әріптер жазылмағанда <> фонемасы дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелігіне қарай не [а], не [е], [ә], [э] болып оқылады. КТЖ-ға қатысты зерттеулерде және КТЖ-ның оқылуына қатысты еңбектерде ө-ү графемасының қандай белгіге сүйеніп, <ө> не <ү> болып оқылатыны айтылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті байқауға болады. Ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө> фонемасын бергенде сөз басында және І буында ғана жазылған [13, 20б.], ал <у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясында кездескен. Мысалы, чөлг (шөлдік), күнтүз (күндіз), дгү (едгү) [13]. Сонда І буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейінгі буынды еріндікке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемаларынан кейінгі буында <ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады? Жалпы, КТЖ зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан еріндік қатар келе беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін мақұлдайды (көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров КТЖ-да <о> фонемасы кейінгі буында <а> <у> фонемасына сәйкессе, <ө> - <ү> - ге, <е>-ге сәйкесетінін көрсеткен [13, 50б.], яғни еріндік сапасының күштілігі ө→ү→о→ұ қатынасында. Тарауша соңында КТЖ-ның графикасына қатысты шешілуге тиіс проблемалар көрсетілді.

ХVIII-ХІХғғ. араб жазулы ескерткіштердің әліпбиі мен орфографиясына зерттеу жүргізген Г.Мамырбекованың диссертациялық жұмысының барлығы ескеріліп, араб графикасына негізделген қазақ жазуының (ары қарай АГнҚЖ) кейбір ерекшеліктеріне ғана пікірімізді білдірдік. Мысалы, АГнҚЖ-нда сөз басында <е> фонемасы жүйелі түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>дыбыстарымен қатар /һа/ арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісі қойылып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың жазуда белгіленбейтін фонематикалық сипатына сәйкес келді. Ал <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ортасында бірде /ба/, бірде /пе/-мен берілу [14] жүйесінен сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бірге /ве/-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын білдіруі деп түсінуге болады.



Дәріс – 5

Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері, жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылықтары

АГнҚЖ-нда сөз басында <е> фонемасы жүйелі түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>дыбыстарымен қатар /һа/ арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісі қойылып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың жазуда белгіленбейтін фонематикалық сипатына сәйкес келді. Ал <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ортасында бірде /ба/, бірде /пе/-мен берілу [14] жүйесінен сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бірге /ве/-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын білдіруі деп түсінуге болады.

  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет