референттік қызметімен анықталады, ол әрқашан бізді қандай да бір шындыққа бағдарлайды: тұрмыстық, әлеуметтік, психологиялық, діни және т.б. Көркем мәтін бұл - басталуы, аяқталуы, шарықтау шегі және т.б. бар тілдің композициялық кеңістігі ғана емес, сонымен қатар сыртқы немесе ішкі әлемнің көрінісі. Шығармада бейнеленген тарихи шындықты түсінбеу және білмеу оқырманға сөздердің лексикалық немесе семиотикалық мағынасын білмеумен пара-пар. Мәтінде бұл деңгейлердің барлығы бір мағыналы элементте – сөзде қиылысады, сонымен бірге кейбір жағдайларда мәтінді лексикалық қайта құру, екіншісінде – семиотикалық, үшіншісінде – тарихи-мәдени жақтан жұмыстар жүргізу қажет, бұл нақты әдістемелік міндетке немесе білім беру жағдайына байланысты.
Шағын зерттеуіміздің соңында референттік деңгейде гипермәтіндік технологияны қолдану мысалын келтірейік. Ол үшін Шәкәрімнің сюжетті жанрларын арқау етейік. Мектеп бағдарламасында оқытылатын Еңлік-Кебек поэмасын оқушы жан-жақты қабылдап, дұрыс түсінуі үшін шығармада айтылатын барлық ономастикалық атаулардың тарихылығын, өмірден алынғандығын, қазақ тарихында бар өмір шындығының көркемдік шешімі екенін білу керек.
Еңлік-Кебек (видео-сілтеме)
Ту тіккен Тобықтының (мәтіндік сілтеме) қос басшысы -
Жуантаяқ Тоқтамыс (мәтіндік сілтеме) деген кісі.
Жамағайын жақыны сол кісінің
Бар екен Кебек (мәтіндік сілтеме) деген бір інісі.
Ол Кебек мықты болған жас басынан,
Тоқаң да тастамайды өз қасынан.
«Жасы бала болса да, жаны отты» деп,
Артық көріп не сабаз жолдасынан.
Он бесінде Кебектің аты шықты,
Атты жаяу бәріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.
Ел қамы үшін өлуге жанын салып,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.
Жауға батыл, жақынға және әдепті,
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.
Ол кезде балгер болған Нысан абыз (бейне-сілтеме),
Шын дәулескер бақсының өзі нағыз.
Жыны айта ма, кім білсін, шыны айта ма,
Айтқаны келеді деп қылады аңыз. (аудио-сілтеме)
Бұл гипер-сілтемелер оқушыға Тобықты руының ойдан шықпаған, Орта жүз Арғын тайпасының руы екенін, Тоқтамыс, Кебек пен Нысан абыздардың көркем бейне болумен қатар, тарихи тұлғалар екенін көрсетіп, оқушы алдында шығарманың құндылығына арттырады, онымен қоса білім алушының мәдени-тарихи дүниетаным көкжиегін арттырады.
Гипермәтіндік технологиялар мәтінді сызықтық деңгейде, яғни қатаң реттілікпен емес, оны жан-жақты (бейнелік, аудио, визуалды) қабылдап, субъекттің эмоционалды жағына бағытталған. Ал бұл шығарманы танудың, қабылдаудың ең ұтымды жолы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Лотман Ю.М. Пушкин. - СПб., 1995. - С. 414.
2. Шәкәрім тілінің лексикалық сипаты https://emle.kz/articles/300
3. Б. Момынова. Шәкәрім поэзиясының тілі. – Алматы, 2008 ж.
4.«Шәкәрім әлемінің» тілдік бейнесі https://anatili.kazgazeta.kz/news/45389
Достарыңызбен бөлісу: |