Шәкірттерге ата-бабамыздан қалған шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым мен тиым сөздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаты жоспарын ұсынып отырмыз. Тақырыбы


Сапар: Рахман, сен қателесесің.Кока-кола адам денсаулығына зиян.Коланың құрамында неше түрлі химиялық қоспалар бар Рахман



бет4/4
Дата17.06.2024
өлшемі105.1 Kb.
#502635
1   2   3   4
Тәрбие сағаты

Сапар: Рахман, сен қателесесің.Кока-кола адам денсаулығына зиян.Коланың құрамында неше түрлі химиялық қоспалар бар
Рахман: Ей, қойшы, сен де ақылды болады да жүреді екенсің.Өзімнің Колама ешқандай сусын жетпейді.
Даурен: Шынымен де қазір көп балалар «Қандай сусынды жақсы көресің?» деп сұрасаң, Кола, Пепси, Спрайт деп жауап береді.Ал Кока-коланың адам ағзасына зиян екендігін білмейді. Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі.
Ал, қымыз — ауруға ем.Қымызбен туберкулез ауруын емдеген, әрі адам ағзасына жақсы әсер етеді.Дәрумені мол. Қымыздың құрамында: А және С, Д, Е , Ғ, В 1,В 12 дәрумендері бар.
Жүргізуші: Рахмет айтамыз саған Даурен. Сен бізге көп мәлімет бердің. Ендеше, жоғарыда көрсетілген «Кока – Кола мен Қымыз» сусынының пайдасы мен зиянын ажырату балалар мен ата-аналардың таңдауында.
Жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті — әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.«Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз. Думанымыздың келесі айдары «Ән думан». «Ән думанның» қонақтары Айдана мен Нұрғанымды қарсы алайық.
Айдана:Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Домбыраны қастерлеп әр үйдің төріне іліп қойған.
Домбырамен орындалатын күй – арқаны қоздырып, рух беретін, бірде сайын даланы шарлатса, енді бірде сағыныш лебі ескен самалдай болады.
Жүргізуші: Нағыз қазақтығымызды танытатын керемет бір күй шертіп берсеңіз.
Айдана: Мен сіздерге «Келіншек» күйін орындап берейін. Қабыл алыңыздар.
Қорытынды
Мұғалім: Міне, балалар біз тәрбие алатын ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері өте көп. Олардың барлығын бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес. Әлі де оқып білмегенімізді толықтырамыз! ХХІ ғасыр азаматының бойында өркениетті өмірге талпынатын, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін, үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті, дені сау азамат және азаматша болып өсулеріне тілектеспін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет