Шеміршекті балықтар



бет2/2
Дата27.04.2023
өлшемі346.75 Kb.
#472886
1   2
Шеміршекті, сүйекті балықтар

Сүйекті балықтар. Сүйекті балықтарлың асқорыту жүйесі бір жоспармен құрылғанымен де, ол алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер ен алдымен қоректену сипатымен байланысты. Асқорыту жолы ауыз тесігінен басталады, онын орналасуы әртүрлі (113 сур.). Қорегін су түбінен ұстаса астыңғы ауыз дамиды; су бетінен ұстаса - үстіңгі ауыз, су қабатынан ұстаса -шеткі ауыз дамиды. Ауыз тесігі “еріндермен” қоршалған, кейде олар жуан әрі етті болып келеді (сазан, алабүға). Ауыз тесігі ауыз қуысына алып келеді, оның түбінде тіл орналасады. Сүйекті балықтарда нағыз тіл болмайды, себебі ауыз қуысына қиғаш еніп түрған тіласты доғасының копуласы тек сілемейлі қабықтың қатпарымен ғана жамылған, онда бұлшық ет болмайды. соған байланысты тіл өз бетінше қозғала алмайды. Ауыз қуысы білінбей жұғқыншақ аймағына өтеді, яғни балықтарда жалпы ауыз-жұткыншақ қуысы туралы айтуға болады. Сүйекті балықтарлың ауыз-жұтқыншағының эцителийі көпқабатты, ол сілемей бөлетін көптеген клеткалардан тұрады. Қалыптасқан ауыз бездері жоқ. Ерін мен ауыз куысының эпителий клеткаларының арасынла дәмсезгіш бүртікшелер (хемо-рецепторлар) орналасады. Көптеген балықтардың ауыз-жүтқыншақ қуысында тістер орналасатын жабынлы орталық (өре. таңдай, ҡанаттәрізі) және бүйірлік (жакаралық, үстіңгі жақ жәнс тіс) сүйектер дамиды. Тістер - конустәрізді. Бірақ қорегіне байланысты олар не өтпейтін қалың (моллюскалармен коректену), не болмаса өткір ұзын (жыртқыштарда), не өткір майда және көп (жайын) болуы мүмкін. Түқытәрізділердің жақтарында тістер болмайды. Бірақ өте күшті дамыған бесінші желбезек доғасында орналасқан не төменгі жұтқыншақ (сазан) не болмаса екінші, үшінші және төртінші желбезек доғаларының фарингобронхиалдарында орналасқан жоғарғы жұтқыншақ (шортан, алабұға) тістері болалы (114 сур.). Сазанда ауыз-жуткыншактын қақпағында жұткыншақ тістеріне қарсы жерде қатты мүйізді жастықша-диірмен орналасады, ол жерде қорек заттын үгітілуі жүреді. Екі бүйірінде бес тік орналасқан желбезек саңылаулары бар жұтқыншақ қалың қабырғалы қысқа түтік - өңешке жалғасады (115 сур.). Өңештін ішкі беті үзына бойы жатқан қатпарлармен жабылған, Өңештің сілемейлі қабығы жоғары үшында көптеген мукоциттері бар көпқабатты жалпақ эпителийден түрады. Бездерде асқорыту ферменттері жоқ, олар тек көрегін жұтуға женілдететін сілемей бөліп шығарады. Өңештің өте күшті бұлшык етті қабығы болады, ол коптеген балықтарда көлденең жолақты. Кейбір балықтарлың өңсшінін бастамасында дәмсезу бүртіктері кездеседі. Өңеш сырттан қарағанда анық шекарасы байқалмайтын, құрсақ қуысының аллыңғы жағында жататын қарынмен жалғасады. Қарын көректенуге мамандануына қарай, әртүрлі түрлерде пішіні мен молшері жағынан түрліше болады. Ол тік жеңіл созылатын түтіктәрізді (шортан), иемесе Ұ пішіндес иілген болуы мүмкін, Қарыннын қабырғалары қалың бұлшық етті, бірақ, біршама созылмалы. Өңештің ішкі бетіндегі ұзынша катпарлар қарынның ойлы-қырлы катпарларына алмасады. Қарынның сілемейлі қабығының қатпарлары біркабатты биік призматорізді эпителиймен төселген, оның клеткалары жоғары ұшында сілемейлі тығын құрайды. Гастральды көпклеткалы бездер қарапайым түтіктәрізді, тарамдалған түтіктәрізді және альвеолярлы болып келеді. Бір нсмссе скі без бір қарын сайшасына ашылады. Әрбір без бір типті пепсин мен тұз қышқылын бөлетін безді клеткалардан (оксинтопептикалық) түралы. Қорек заты қарынға түскен соң бездер қарында қышқылдықты тым көбейтетін тұз қышқылын (РН 6-дан 2,2-іе дейін) және қышқыл ортада белсенді тек белокты қорытатын пепсин бөледі. Кейбір балықтарда (тұқытәрізділер, танабалықтар, шапшарбалықтар және басқалары) карын болмайды: қысқа өңештен кейін бірден ішек баста лады. Өңеш пен ішектің арасындағы сілемейлі кабык. Біркабатты призматәрізді эпителиймен төсенген. Мұндай балықтарда пепсин өндірілмейлі және оның қызметін ашы ішектегі трипсин атқарады. Ішек қарынның артқы ұшынан басталады және онымен сфинктер (тарылтқыш) арқылы шектеледі. Шекті сыртынан бөлімдерге жіктеу қиын, себебі ол көзге көрінетіндей жуан емес, уыстын. екі алдынан артқа қарай біртіндеп тарыла береді. Қарыннан кейін жатқан кішкентай бөлімін 12-елі ішек деп атайды, оған от қапшығы мен үйқы безінің өзектері келіп ашылады. Асқорыту бездері ішек қуысына көптеген асқорыту ферменттерін - трипсин, эрипсин, липаза, мальтоза жоне басқаларын бөледі. Олардың барлығы ішекте пайда болатын сілтілі ортада тиімді әсер етеді. Сүйекті балықтарда спиральды қақпақша және клояка болмайды. Керісінше тұйық аяқталатын пилорикалық өсінділер болады, олар қарын маңынан ішектен шығады, ішектің асқорыту бетін ұлғайтады және спиральды қақпакшаның қызметін атқарады: оларға асқорыту ферменттері құйылып. корек заттары қорытылады әрі сіңіріледі. Пилорикатық өсінділердің саны 1-3-тен (копканаттылар, алабұғалар) 180-400-ге (албырттәрізділер) жетеді. Олар тұкытөрізділерде, жайынтәрізділерде; шортандарда және басқаларында болмайды. ішек эпителийі барлық жерде бірдей: бірқабатты, сілемей бөлетін мукоидты клеткалары бар призматөрізді жалған көпқатпарлы. Бірқалақты бауыр сол жакта, кейде кұрсақ қуысының алдыңғы жағында жатады. Бауырың үстіңгі жағында біршама үлкен жұка қабырғалы созылып жатқан қапшықтәрізді - өт қапшығы орналасады, оның артқы жағынан озек шығады. Оның өне бойына бауырдың затынан тікелей майла бауыр өзектері шығады. Көптеген сүйекті балықтарда болатын жинақты үйқы безі қарын мен ішектің арасында, ал кейбіреулерінде (алабүға) ол ішектің үзына бойына шашылып жатады. Тұқыторізділердің бауыры күрлелі құрылысты. Әдетге ол үш бөліктен түрады, олар- дың әркайсысында косымша өсінділер болады. Сонымен қатар, бауырдың құрамына ұйқы безінің ұлпасы да енеді және “гепатопанкреас” мүшесін түзейлі. Бекіретәрізділердің асқорыту жүйесі өзінін құрылысы жағынан шеміршекті жоне сүйекті балықтардың аралық жағдайынан орын алады. Ересек балықтардың тістері болмайды, олар тек дернәсіллерінде ғана болып, ересек түрлерінде мүйізді біліктермен алмасады. Асқорыту жолы сініру бетінің ауданын үлкейтетін екі бейімдеушіліктің болуымен сипатталады: бір жағынан ішек ұзарған және сүйекті балықтардағыдай тұзақ шумақтар жүйесін құрайды, екіншіден – ішектің орта тұсында шеміршекті балықтарға тән спиральді қақпақша сақталады. Клаока жоқ, жеке аналь және зәр жыныс тесіктері болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет