Шемонаиха ауданының 2008 жылғы қаңтар қыркүйекке әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



жүктеу 45.45 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі45.45 Kb.
Шемонаиха ауданының 2008 жылғы қаңтар - қыркүйекке әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

А.ж. 9 айының қорытындысы бойынша жалпы мынадай көрсеткіштерді сипаттайды.


Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9 млрд. 529 млн.теңгені құрады (162% 2007 жылғы осыған ұқсас кезеңге), 112,7% физикалық көлемдегі индексте.
Есептілік кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі аудан тұрғындарының жан басына шаққанда 70% өсті және 192 мың теңгені құрады.
Өнеркәсіп салалары кескінінде:
1. Кен қазу өнеркәсібі:
Жалпы физикалық көлем индексі 112,9% құрады.
Оның ішінде ауданның негізгі өнеркәсіп кәсіпорындарында – мыс-химиялық комбинатта -112,9%, кен қазу салаларының басқа салаларында өндіріс көлемдері өсімі 32% өсті.
2.Өңдеу өнеркәсібі:
Жалпы физикалық көлем индексі 119,1% құрады.
Ет және ет өнімдерінің өндірісі 6,9% өсті, химиялық өнеркәсіп өндірісі (ЕРЗК ЖШС) 15,5% өсті, өсімдік және мал майының өндірісі 20,5 есе өсті, өнеркәсіп өндірісінің басқа салаларында 56,3%, бірақ сонымен қатар сүт өнімдерінің өндірісі 7,9% азайды.
3. Жылу энергиясы мен судың өндірісі және тарату:
Осы салада жылу энергиясының өнідірісі мен тарату 3,4% төмендеді, судың жиналу, тазалу және тарату көлемі 8,5% төмендеді, ыстық сумен жабдықтау 36,7% қысқартылды.
Шағын бизнес кәсіпорындарымен өнім өндіру 1 млрд. 35 млн.теңгеге, сонымен қатар физикалық көлем индексі 2,1 есеге өсті.

Инвестиция
А.ж. қаңтар – шілдеге негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 1133,435 млн.теңге немесе 2007 жылғы осы ұқсас кезеңге 113,7 % құрады. Инвестиция құрылымында кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары басым – 952,371 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 84 %. Пайдалану бағыты бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінетін қаражат 5 еседен артты, көлік және байланысты дамытуға инвестициялық салымдар айтарлықтай өсті. Ауданның екі кәсіпорнында инвестициялық жобаларды іске асырудың үлкен бөлігінің аяқталуына байланысты – «Ертіс химиялық- металлургиялық зауыты» АҚ, жоба - «Шығарылатын өнімдердің түрлілігін көбейту мақсатымен сирек металлдар өндірісін жетілдіру» және «Исток 1» ЖШС, жоба - «Сүтті неғұрлым тереңдете қайта өңдеу үшін жаңа технологияларды енгізу» өңдеу өнеркәсібіне бағытталған қаражаттар көлемі 36,3% дейін төмендеді.
«Даму» АҚ несие беру бюджеттік бағдарлама аясында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен 2 бизнес-жоба қаралды, олар бойынша бүгінгі күні мыналар жасалды:
1. «Сюзанна» ШҚ - БТА банкімен несие беру үшін қажетті құжаттар тізбесі берілді. Осы кезеңде «Сюзанна» ШҚ кепілдікке берілген мүлікті бағалауды «Өскемен-Консалтинг» ЖШС тәуелсіз бағалаушысы арқылы дербес жүргізуде.
2. Галяпин ШҚ - БТА банкімен несие беру үшін қажетті құжаттар тізбесі берілді. Осы кезеңде Галяпин ШҚ кепілдікке берілген мүлікті бағалауды «Өскемен-Консалтинг» ЖШС тәуелсіз бағалаушысы арқылы дербес жүргізуде.
3. ШығысАгроөнеркәсіпте қарыз мүлікті ресімдеу жүріп жатыр.
Ағымдағы жылы «Заря» шаруа қожалығымен екі сүт-тауарлық фермасының құрылысына бизнес-жоспар дайындалды.
А.ж. маусымда қажетті құжаттар пакеті қарастыруға жылына 4 пайыздан 300 млн. тенге, соның ішінде 230 млн. тенге – 80 бас мүйізді ірі қара малға екі СТФ құрылысына, 70 млн. тенге жабдыққа арналған бюджеттік қаржы бөлу үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша «КазАгроФинанс» АҚ берілді. Қарыз беру мерзімі 7 жыл. Содан кейін «КазАгроФинанс» АҚ кредиттік комитетіне қарауға берілді.
Екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен шағын бизнесті дамытуға 229,6 млн. теңге сомасында несиелер берілді.

Ауыл шаруашылығы
Қой мен ешкіден басқа малдардың басқа барлық түрлері бойынша азаю байқалуда:

  • ІҚМ - 3%, оның ішінде сиыр - 8%

  • Жылқы - 3%

  • Шошқа - 25%

  • Қой мен ешкі - 100%

Шаруашылықтар санаттарының кескінінде: тұрғындар шаруашылығында және шаруа қожалықтарында ІҚМ басы азайды, ауыл шаруашылық қалыптастықтарында 2% өсті, сиыр – ұқсас, жылқы басы – ұқсас, шошқа басы – ұқсас.
Ауданда а.ж. 9 айы қорытындысы бойынша 33,3 мың тонна сүт және 5,1 мың тонна ет өндірілді, бұл ұқсас кезең көрсеткіштерінен 10 және 4% сәйкес.
2008 жылғы астыққа егістік алаңы 125,0 мың га құрады, олардан 82 мың га дәнді дақылдар алып жатыр, 35,3 мың га күнбағыс, 16,6 мың га - жемдік дақылдар. Картоп және көкөністер 1,4 және 0,3 мың га алаңға сәйкестікте орналастырылды.
Ауданның ведомствоаралық комиссиясымен маусымның 10-нан 17-не дейінгі кезеңде өсімдік шаруашылығында жәрдем қаражат алуға сұраныс берген ауданның ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерден егістік қабылдау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына 78 мың дәнді дақылдардан 76,7 мың га астық жиналды. Жалпы өнім – 59 мың тонна, орта өнімділікте гектарынан 7,8 центнер. Аудан шаруашылықтары күнбағысты жинауға кірісті, 34 мың гектардың 3600 гектары жиналды, орта өнімділік гектарынан 10,4 центнер.

Бюджетті орындау
Аудан бюджетінің кіріс бөлігіне жалпы сомасы 547 млн.теңге салықтар мен төлемдер түсті. Жоспарлы көрсеткіштер 111% орындалды.
Жоспарлы көрсеткіштер заңды тұлғалар мүліктеріне салықтарды қоспағанда барлық кіріс көздерінің түрлері бойынша орындалды. Бұнын негізгі себебі «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрамына кіретін, «Мыс-химиялық комбинатынан» негізгі құралдарды Корпорация құрамына шығару нәтижесінде мүлікке салық бойынша төлемдердің азаюы болып табылады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетіне өз кірістерінің түсу динамикасы жақсы. Сонымен, жалпы салмағы жалпы көлемде 27% құрайтын, әлеуметтік салық ставкасының 30 пайызға азаюына қарамастан аудан бюджетінің өз кірістері 3% өсті. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салық төлемдері 10,9% өсті (2007 жылғы 9 айға – 105 млн.теңге, 2008 жылғы 9 айға – 117 млн.теңге).
А.ж. 1 қазанына бюджетке уақытында төленбеген салықтар 103,1 млн.теңгені құрады (тексеру нәтижесінде корпоративтік салық және басқа салық түрлері бойынша сомалар толық төлендірілген, қаржы полициясының тапсырмасымен Первомай к. Вантен ЖШС тексеру жүргізілді), бұл сомасыз уақытында төленбеген салық жыл басында 10,54 млн.теңге немесе 133% құрайды
жыл басында зейнетақы жинақ қорына берешек – 4,7 млн.теңге немесе 78%
жыл басында әлеуметтік аударымдар бойынша берешек – 0,264 млн.теңге немесе 73%.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 97,7% орындалды, жоспармен 1млрд.135 млн.теңге, шығындалғаны 1 млрд. 111 млн.теңге.
Мына бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері бойынша неғұрлым аз орындау:

  • кәсіпкерлік бөлімі - 91%

  • құрылыс бөлімі - 77%

  • сәулет және қала құрылысы бөлімі - 91%.

Жұмыспен қамту
Ағымдағы жылдың 9 айында ауданда жұмыспен қамтылғаны 12,3 мың адам, бұл ұқсас кезеңге 4,4% жоғары. Есептілік кезеңге ауданда жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған 170-тен 144 жаңа жұмыс орындары құрылды. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 370 жоспарланғаннан 301 жұмыссыздар қатысты. Жыл ағымында 50 жұмыссыз азаматтарды оқыту жоспарланды. Бүгінгі күні аудан бюджетінің есебінен 34 адам оқытылды, олар Вавилон және Верх-Уба округтерінің ауыл шаруашылық қалыптастықтарында жұмысқа орналасты. Қазанда 8 адам «электросварщик» мамандығы бойынша оқуын аяқтайды. Есеп беру күнінде жоспарланған 230-дың 187 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қабылданып жатқан шаралар табыстары кедейлік шегінен төмен тұрмысы төмен азаматтардың санын азайтуға мүмкіндік берді, жыл басымен салыстырғанда 11,5 пайызға, қазіргі уақытта олардың саны 1045 адам.

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет