Шемонаиха ауданының 2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы



Дата24.02.2016
өлшемі95.22 Kb.
#14289


Шемонаиха ауданының 2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы



  1. Өнеркәсіп

2013 жылдың қаңтар-маусым айларында ауданда 14,9 млрд.теңге сомаға өнеркәсіп өнімдері өнірілді, ол өткен жылғы деңгейде 116,2 пайызды құрайды. Табиғи көлем индексі 85,0 пайызды құрады.

Аудандағы өнеркәсіптің негізгі үлесін тау-кен өнеркәсібінің саласы құрайды (59,1 пайыз), өткен кезеңде 8,8 млрд.теңге сомаға өнімдер өндірілген, 2012 жылдың сәйкес кезеңінен 3,1 пайызға кем. Табиғи көлем индексі қолданыстағы баға бойынша 77,6 пайызды құрады. 2013 жылдың 6 айында өндірілген өнімдер: мыс концентраты – 35,6 мың тонна (өткен жылғы ұқсас кезеңде 80,2 пайыз), мыс концентратындағы мыс – 7,4 мың тонна (өткен жылғы ұқсас кезеңде 74,7 пайыз), қорғасын концентраты – 8,0 мың тонна (77,7 пайыз), қорғасын концентратындағы қорғасын – 2,2 мың тонна (68,8 пайыз), мырыш концентраты – 39,0 мың тонна (69,5 пайыз), мырыш концентратындағы мырыш – 16,8 мың тонна (69,4 пайыз), қорғасын-мырыш кені – 775,4 мың тонна (өткен жылғы ұқсас кезеңде 98,9 пайыз).

Усть-Таловка тау-кен өнеркәсібі алаңы көлемдерінің төмендеуі төмендегідей:


  1. Николаевский карьер заңмен тоқтатылған (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап техникалық себептерге байланысты Николаевский карьерінде полиметалл рудаларының қазбасы).

  2. Николаевский кен байыту фабрикасын қайта құру жүргізілуде.

Қайта құру металлдар қазуға, полиметалл рудаларын өңдеуге, өндіріс көлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 37,2 пайызын құрайды. Салада 5,53 млрд теңге сомаға өнеркәсіп өнімдері өндірілген, ол 2012 жылғы деңгейде 161,3 пайызды құрады. Саланың ТКИ – 117,5 пайызды құрады. Оның ішінде 4,3 млрд.теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді, ол өткен жылғы кезеңде 165,2 пайызды құрады. Табиғи көлем индексі 107,5 пайызды құрады.

Аудан экономикасының негізі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістері болып табылады.


  1. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3192,5 млн.теңгені құрады, Табиғи көлем индексі – 102,8 пайыз.

Таза салмағында 3024,1 мың тонна ет (105,3 пайыз), 20983,1 мың тонна сүт (100,7 пайыз), 3896,0 мың дана жұмыртқа (102,6 пайыз) өндірілді.

ІҚМ бастары 30347 мың басты құрады (96,9 пайыз), қой және ешкі – 15466 мың бас (100,0 пайыз), шошқалар – 23603 мың бас (100,1 пайыз), жылқылар – 3664 мың бас (100,0 пайыз), құстар – 87300 мың бас (101,8 пайыз).

«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау» бағдарламасы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы
құрылымдарымен 2013 жылдың 1 жартыжылдығында мал шаруашылығының өнімдерін (ет, сүт) іске асыруға жалпы сомасы 144,266 млн.теңге субсидия алынған.

Ағымдағы жылдың 1 шілдедегі жағдайда ауданда 350 шаруа қожалықтары 42 ЖШС, 1 КС, 1 ӨК (1.01.2013 жылда 401 ШҚ, 41 ЖШС, 1 КС, 2 ӨК), тіркелген, ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің саны 51 бірлікке азайған.

Ауданда 221,7 мың гектар ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлері бар, оның ішінде 139,4 мың гектары жыртылған жер, 64,6 мың гектары жайылым және 17,8 мың гектары табиғи шабындықтар.

Барлық ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер мақсатты пайдаланылуда, түгендеу барысында иесіз қалған және бос жерлер анықталмады.

Барлық жоспарланған егістік алаңы толық көлемде себілді. 135,9 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары себілген; 28,4 мың га шемішке, 1,5 мың га рапс, 7,3 мың га бұршақ, 20,5 мың га арпа, 4,4 мың га сұлы, 8,0 мың га қарақұмық, 46,5 мың га бидай, 4,5 мың га жүгері, 2,0 мың га картоп және көкөніс, 4,5 мың га бір жылдық шөптер, 5,1 мың га көп жылдық шөптер егілді, 3,5 мың га буланған.

3,2 мың га күздік астық дақылдары себілді (1,1 мың га күздік бидай, 2,1 мың га- күздік қара бидай).

Кешенді көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2760 тонна (100 пайыз) жеңілдікті дизель отыны бөлінді. 7,0 млн.теңгеге өсімдіктерді арамшөптерден қорғау үшін гербидцидтер сатып алуға және ЖЖС арзандатуға және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға 206,7 млн.теңгеге субсидия квотасы жеткізілген.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында 54,8 млн.теңгеге 1355 тонна минералды тыңайтқышқа субсидия беру, оның ішінде 1034 тонна аммофосқа, 193 тонна аммиактық селитраға, 128 тонна суперфосфат алынған.

Мал шаруашылығындағы келешегі мол саланың бірі аудандағы ормарта шаруашылығы болып табылады, оған қажетті барлық жағдайлар жасалған. 2013 жылғы 10 шілдедегі жағдайда ауданда 7,4 мың омарта бар, ол өткен жылғы кезеңнен 17,5 пайызға артық (+1,1 мың омарта). 2013 жылы орташа алғанда 126 тонна бал өндірілген. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағытының аясында маусым айында карпат тұқымды омарта шаруашылығын ұлғайтуға 100 ара омартасын және стационарлық жабдықтар сатып алуға 3,0 млн.теңге шағын несие берілді.
3. Шағын бизнес

Ауданда 221 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2012 жылғы деңгейге 100 пайыз (221 бірлік).

Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 140, (2012 жылғы деңгейге – 63,3 пайыз, жалдпы санынан – 97,2 пайыз (144 бірлік). Оның ішінде белсенділер саны – 133 бірлік ( 2012 жылғы деңгейге 103,1 пайыз). Жұмыс істейтін кәсіпорындар санының жалпы көлемінен белсенді жұмыс істейтіндері 95 пайыз.


4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешендер
Бағалауды есепке алғанда негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 7142,1 млн.теңге өткен жылғы ұқсас кезеңде 3,2 есе.

Құрылым-монтаждау жұмыстарының көлемі – 1601,1 млн.теңге, 2012 жылғы ұқсас кезеңде 2,4 есе.



Тұрғын үйді қолданысқа енгізу есептік кезеңде жалпы ауданы 4696 шаршы метрді құрайды (өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 68,3 пайыз).


  1. Бюджет

2013 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан бюджеті меншік табыспен 103,1 пайызға орындалды, жоспар кезінде 562,6 млн.теңге, түскені 579,9 млн.теңге, өткен жылғы кезеңде 107,4 пайыз (539,9 млн.теңге).

2013 жылдың 1 шілдесінде аудан бюджеті бойынша толық төленбеген салықтар 0,8 млн.теңгені құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,9 млн.теңге төмен (2012 жыл – 1,7 млн.теңге).

2013 жылдың 1 шілдесінде Алгоритм аясында аудан бюджетіне қосымша 19,9 млн. теңге түсім түсті, өткен жылғы кезеңге 3,9 есе (2012 жылы – 5,0 млн.теңге).

Бюджеттің шығындар бөлігі 98,7 пайыз жоспар кезінде 1741,9 млн.теңге, нақты игерілгені 1719,7 млн.теңге, шоттардағы қалдықтар 22,2 млн.теңгені құрады.

.
6. Халықты жұмыспен қамту


2013 жылдың қаңтар-маусым айларында орташа айлық номиналды еңбекақы төлемі 13,4 пайызға өскен және 85051 теңгені құрады. Ірі және орта кәсіпорындардағы номиналды орташа айлық ақы 88117 теңге, 2012 жылғы ұқсас кезеңге 114,6 пайызды құрады.

Шағын қамтылған азаматтар саны есептік кезеңде 826 адамды құрады (2013 жылдың 1 қаңтарына 840 адам).

2013 жылдың қаңтар-маусым айларында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 206 адамды құрады, ол 2012 жылғы деңгейден 11,6 пайызға төмен (233 адам). Талданып отырған кезеңде 193 жаңа жұмыс орындары құрылды, ол 2012 жылғы деңгейден 3,8 пайызға артық (186 жұмыс орындары).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 10,1 пайызға (2013 жылы – 218 адам, 2012 жылы – 238 адам), тұрғын үй көмегі – 33,0 пайыз (2013 жылы – 475 адам, 2012 жылы – 705 адам), балалар жәрдемақысы – 19,0 пайызға (2013 жылы – 156 адам, 2012 жылы – 192 адам) азайған.



2013 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан халқын жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» аясында іс-шаралар іске асырылуда:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 58 жоспар кезінде 25 адам, оның 18 жастар;

  • жастар тәжірибесіне – 18 адам жоспар бойынша 30 адам;

  • жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға 15 адам жоспар кезінде 15, оның 15 оқуды аяқтады, оның ішінде жастар 2 адам;

  • біліктілігін арттыруға – 10 адам жоспар кезінде 10 адам, оның 10 оқуды аяқтады, оның ішінде жастар 5 адам;

  • 3 айлық курсқа кадрларды дайындауға – 20 адам, жоспар кезінде 20, оның 8 адамы жастар.

Аумақты дамыту бағдарламасы аясында:

  • әлеуметтік жұмыс орындары – 18 адам;

  • жастар тәжірибесіне 6 адам;

Қоғамдық ақылы жұмыстарға 191 адам қатысты.ауданның 41 жұмыссыз азаматтары кәсіби даярлауға жіберілді, оның ішінде: ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинист тобы (21 адам) және аспазшылар тобы (10 адам) және тігіншілер тобы (10 адам) оқытылуда. Оның тракторист-машинист тобы (21 адам) даярлық курсын аяқтады.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша аудан тұрғындарымен 234 млн.теңгеге 79 өтініш түсті.

2013 жылдың 10 шілдесіндегі жағдайда шағын несиелік ұйымдармен 120,0 млн.теңге сомадағы 42 өтініш қаралып, мақұлданды, оның ішінде:


  • 65,0 млн.теңге сомаға мал шаруашылығының саласына арналған 23 өтініш;

  • 18 млн.теңге сомаға жолаушылар, жүк тасымалдау, такси қызметтеріне арналған 6 өтініш;

  • 6 млн.теңге сомаға шашатараз және косметикалық салонға арналған 2 өтініш;

  • 3 млн.теңге сомаға омартаға арналған 1 өтініш;

  • 6,0 млн.теңге сомаға техникалық қызметтер көрсетуге арналған 2 өтініш;

  • 10,0 млн.теңге сомаға жиһаз жасауға арналған 4 өтініш;

  • 6,0 млн.теңге сомаға өсімдік шаруашылығына арналған 2 өтініш;

  • 6,0 млн.теңге сомаға проф беттерін дайындау және кесуге арналған 2 өтініш;

2013 жылдың 10 шілдесіндегі жағдайда шағын несиелеуге арналған шағын несиелеу ұйымдарын таңдау жөніндегі конкурсты «КТ Уба Кредит» ЖШС, «КТ Фермер» ЖШС жеңіп алды, 108,0 млн.теңге және тиісті 12,0 млн.теңге несиелерін алды.

Қалған өтініштер несие алуға арналған кепілдеме және бизнес-жоспарға сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін шағын несиелеу ұйымдарының қарауында.



Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының «Еңбек ресурстарын мобильдендіру» пилоттық жобасының аясында: 31 тұрғын үй салу жоспарланған, оның ішінде Камышинка а. – 11 үй, Пруггерево а. – 3 үй, Октябрьский а. – 7 үй, Верх-Уба а. – 5 үй, Убинка а. – 5 үй. 2013 жылғы 10 маусымдағы жағдайда:

Октябрьский және Верх-Уба ауылдары бойынша – топографиялық жұмыстар орындалды, жер телімінің инженерлік-геологиялық шарттары туралы қорытынды, дозиметриялық бақылау хаттамасы алынды, жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға келісім-шарт жасалды, жобалауға тапсырма берілді, жер телімін таңдау актісі келісілді және жер комиссиясына жолданды, жерге орналастыру жұмыстарын орындауға шарт жасалды, жер телімін сәйкестендіру құжаттарын дайындаумен қатар сәулеттік-жобалау тапсырмалары ресімделуде;



  • Камышинка ауылы бойынша – жобалау-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптама сатысында;

  • Убинка жіне Пруггерево ауылдары бойынша – үйлерге бағалау құны дайындалуда.

Ауыл шаруашылығында жұмыс істеу үшін жастарды тарту мақсатында жалдамалы үйлер беру жөніндегі жұмыс жалғасуда.


7. Білім беру
Ауданда 5124 оқушыны қамтитын 25 жалпы білім беретін орта мектептері, 1574 балаларды қамтитын 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді, ол жалпы оқушылар санынан 30,5 пайызды құрайды (2011 жылы – 30 пайыз), 852 мектепке дейінгі баламен қамтылған 3 балабақша, 355 мектепке дейінгі балалар қамтылған 5 «Мектеп-балабақша» кешені, 664 бітірушілермен қамтылған 15 шағын-орталықтар, балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 91,9% құрайды (2012 жылы – 89,1%), 531 тәрбиеленушіні қамтыған 36 мектеп алды сыныптары немесе өткен жылғы деңгейде 116,0% (2012 жылы – 458 бала).

2012-2013 оқу жылдарындағы барлық оқу бітіруші 232 оқушының 64 бітірушісі ғана ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, 44 оқушы денсаулық жағдайларына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылды, 124 – дәстүрлі емтихан тапсырды. 2013 жылдағы ҰБТ орташа балы 70,2 балды құрады (2012 жылы – 76,3).

Аудандағы білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 55,6 млн.теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,3 млн.теңге, облыстық бюджеттен 3,0 млн.теңге, аудандық бюджеттен 44,3 млн.теңге бөлінген.

2013 жылдың 15 шілдесіне білім беру мекемелерімен республикалық бюджеттен 0,13 млн.теңге сомаға балабақша ойыншықтары сатып алынды, 3,0 млн.теңге облыстық бюджеттен арнайы шаңғы жиындары, клюшкалар сатып алынды; аудандық бюджеттен – 5,2 млн.теңгеге электрлі сорғысы және қазандық, музыкалық аспаптар, компьютер жабдықтары, спорттық және шаруашылық құралдары, офистік жиһаз сатып алынған.

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде:


  • Пруггерово а. 80 орынға арналған мектепте – спортзалын бұзу жұмыстары аяқталды, жер жұмыстары жасалуда, Октябрьское а. 180 орынға арналған мектепте – тіреуіш бағаналарын бұзу жұмыстары аяқталды, Медведка а. 120 орынға арналған мектепте тіреуіш бағандарын орнату жұмыстары жүргізілуде;

  • Шемонаиха қ. 280 орынға арналған балабақшада – жер жұмыстары орындалды, іргетасын құю жұмыстары аяқталуда.

Зевакино а. мектеп ғимаратының бір бөлігін 2 топқа арналған балабақшаға қайта салу жұмыстары аяқталды, мердігері «ЖармаҚұрылысГаз» ЖШС. Белгіленген заңнама тәртібімен ресімделген мемлекеттік қабылдау комиссиясының кешенді тексеру жөніндегі қорытындысын беру үшін жұмыс комиссиясы өткізілді.

Шемонаиха қ. ғимаратты 35 орындық 2 топқа арналған меншік балабақшаға қайта салуда.

«Медведка а. 120 орынға арналған мектеп салу» объектісі бойынша «Dakar group» ЖШС мердігер болып белгіленді. Объектіні салу сот рәсімдеріне байланысты кейінге қалдырылды.

Білім беру ұйымдарының барлық 728 мұғалімдерінің (2011 жылы – 658), 111 мұғалімінде жоғары санаттары бар, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 5,7 пайызға өскен (105 мұғалім), 224 – бірінші санаттағылар (+4,7 пайыз, 214 мұғалім), 206-екінші санаттағылар (+13,8 пайыз, 181 мұғалім), 187 – санаттары жоқ (+23,8 пайыз, 158 мұғалім). 2013 жылы 123 педагогтар біліктілігін арттыру курсынан өтті, 18 педагогтар үш күндік жаңа формат крусынан өтті, оның 16 оқытушысы сертификат алған.


8. Денсаулық сақтау
Аудан халқына медицникалық көмектерді 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық ауруханалар, 9 амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдар, 4 фельдшерлік-акушерлік пунктері, 14 медициналық пунктер мен жеке жайлары жоқ 3 медициналық қызметкер көрсетеді.

2013 жылдың қаңтар-наурызында ауданда 163 сәби туылған, 2012 жылы керісініше 161 сәби туылған (+2 адам), 221 адам қайтыс болған керісінше 2012 жылдың қаңтар-наурызында 210 адам (+11 адам).

2013 жылдың талданып отырған кезеңінде туберкулезбен науқастану көрсеткіші өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 6 жағдайға төмендеген және 17 жағдайды құрады, (2012 жылдың 6 айында – 23 жағдай); 100 мың тұрғынға шаққанда 157,9 (74 жағдай), (2012 жылдың қаңтар-маусым айларында – 168,6 (79 жағдай)). Туберкулезден қайтыс болғандар 3 жағдай (100 мың адамға шаққанда 6,4), (2012 жылдың қаңтар-маусым айларында – 3 жағдай (100 мың адамға шаққанда 6,3 жағдай).

2013 жылдың қаңтар-маусымдағы сәби өлімі – 4 жағдай, 2012 жылдың қаңтар-маусымында – 3 жағдай.

Ауданда тиісті кезеңде аналар өлімінің жағдайлары тіркелмеді.


9. Құқықтық тәртіпті сақтау

2013 жылдың қаңтар-маусымында аудан аумағында 301 қылмыс тіркелген, 2012 жылғы ұқсас кезеңнен 18,5 пайызға артық (2012 жылдың қаңтар-маусымында-254). Кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыстар саны – 17, 2012 жылдың қаңтар-маусымында керісінше 19.



Қылмыстарды ашу 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы деңгейден 12,2 пайыздық деңгейге төмен және 64,9 пайыз.
А. Самойлова




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет