«Шерлі шежіре аманаты»



Дата08.07.2016
өлшемі26.5 Kb.
#184477
«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ – ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖЕТІСТІКТЕР ЖОЛЫ» АТТЫ ҚҰЖАТТЫҚ КӨРМЕ
2015 жылдың 29 мамырында Орал қаласында «Шерлі шежіре аманаты»Халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының бастамасымен Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық мұрағат, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Батыс Қазақстан облысының тарихы – жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты құжаттық көрме ұйымдастырылады.

Құжаттық көрменің Батыс Қазақстанда өткізілуі өңірдің және оның бай тарихи мұрасын насихаттауға бағытталып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мерейтойы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы Батыс Қазақстан облысының ілгерілмелі дамуының негізгі шешуші белгісіне айналады. Көрмеде тұңғыш рет ұсынылатын бірегей мұрағат материалдары Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы аясындағы өткен заман оқиғаларына, серпінді қазіргі күніміз бен облыстың өркендеуінің жарқын болашағына оң көзқарас қалыптасыруға мүмкіндік береді.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты 1918–1998 жылдар аралығын қамтитын жүзден аса құжат ұсынып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты осы кезең құжаттарын өзінің қоймаларында сақтауда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Батыс Қазақстан облысы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жүргізген ішкі саясаттағы аймақтық жетістіктерінің үздік үлгісі бола алды.

Көрмені салтанатты түрде өзінің құттықтау сөздерімен Батыс Қазақстан облысы әкімі Н. А. Ноғаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі М. Х. Жақыпов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Е. Р. Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. И. Тарасенко, ҚР Президенті Мұрағатының директоры, профессор Б. Ә. Жапаров ашады.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет