Шермахан Баян Саматқызы «ТҰздар гидролизі» тақырыбын дамыта оқыту әдістемесі 6В01540- химия білім беру бағдарламасы


Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясының гидролиз процесіндегі ролін анықтау



бет7/20
Дата28.03.2023
өлшемі268.11 Kb.
#471278
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
18 мартта Баян 23жылы

1.3 Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясының гидролиз процесіндегі ролін анықтау

Бренстед-Лоури теориясы бұл түсініктерді кеңейтуге мүмкіндік береді және қышқыл-негіздік тепе-теңдікті санмен сипаттауда да өте маңызды, сонымен қатар суды еріткіш ретінеде қолданғанда бұл есептеулер Аррениус теориясымен сәйкес келеді. Сондықтан, Бренстед-Лоури теориясына кеңінен тоқталамыз.Ерітіндіде Н+ протондары жүруі мүмкін еместігін атап өту керек. Протондардың қаншалық кішкентай болса (10-15м), оларға жақын электрлік өріс соншалықты үлкен болады, сонықтан олар бөлінбеген электрон жұптарын құраушы кез келген молекуланы тартады. Мысалы, сулы ерітіндіде гидроксони ионы (Н3О+) болады, ол мынадай реакциямен түзіледі:


Н+ + Н2О = Н3О+
Бұл реакция жылу бөліну арқылы жүреді, демек гидратталмаған протонның болуы мүмкін еместігін дәлелдейді. Гидроксони ионы кейбір қышқылдардың кристалдық торларына катион ретінде қатысады. Гидроксони ионына барлық үш протонда эквивалентті. Сулы ерітіндіде Н3О+ бөлшегі әрі қарай күрделірек иондар түзіп гидратталуға қабілетті, мысалы Н9О4+. Сулы емес ерітінділерде протон ассоциаттар түрінде болады, аммиакта - NH4+, этанолда - C2H5OH2+.

. Демек сулы ортада рН-қа тәуелді болғанда әртүрлі қышқыл-егіздік тепе-теңдіктер басым болады. Суретте ортофосфор қышқылының әртүрлі иондарының мәні келтірілген. Мысалы:

рН төмен болғада РО43- ионының үлесі аз болады, бірақ ион  басым болуға әрекет жасайды.Негіздік константасы (Kb) қышқылдық константасы арқылы есептелінеді:
В + H2O ↔ A + OH-

Қышқылды сілтіден айыру үшін индикаторлар көмегіне сүйенеміз. Бүгінде заттың ортасын анықтау үшін қолданылатын индикаторлар жеткілікті. Индикаторлар ешқандай реакцияға түспейді. Олар тек түсін өзгертеді. Оның себебі, қышқылдық және негіздік ортада индикатор молекулаларының құрылысы құбылып отырады[34,39].
Әртүрлі индикаторлар әртүрлі рН мәндерінде түсін өзгертеді.(кесте 5). Иондық теңдіктің және оған сәйкес индикатордың құрылысының өзгеруімен анықталады.Мысалы, фенолфталеинді қарастырсақ: бұл құрылымдық өзгерістер рН=8-10 тең болғанда байқалады. Жиі қолданылатын индикаторлардың бірі – метил қызыл сарысы (метилоранж):Сілтілік ортада сары, ал қышқыл ортада қызыл сары түсті, түсінің ауысу интервалы рН = 3,2 – 4,4 аралығында жатады. Ал, фенолфталеин түсінің ауысу интервалы рН = 9±1, демек 8 - 10 аралығында болады. Егер индикатордың KНInd = 10-4, онда рН = 4±1, демек 3 - 5 аралығында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет